Қазақстандағы ғылыми кітаптар басылымының тарихы

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 16:03, научная работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі. Кітап мұрасы дүние жүзі халықтарының көпғасырлық мәдениеті мен тарихын, тілі, дәстүрі мен әдет-ғұрпын бейнелеп қана қоймай, ұжымдық естеліктің басты бөлігі болып есептеледі. Осы асыл мұраларға байланысты біз бүгін көп қырлы көп ғасырлық дүние жүзілік өркениеттің даму тарихын терең зерттеп, барлық адамзаттың пайдаланған таптырмас тәжірибесін пайдалана аламыз.

Файлы: 1 файл

Қазақстандағы ғылыми кітаптар басылымының тарихы.doc

— 262.00 Кб (Скачать)

Үшінші тарауға қорытынды жасасақ, қазақ зиялылары баспа ісін ұйымдастыруға үлкен үлес қосқан. Х.Досмқхамедов Республикадағы баспа ісі және ғылыми мекемелер жөніндегі мемлекетаралық комитет төрағасы ретінде ауқымды жұмыстар атқарды. Олар шеттен Москва, Санкт-Петербор, Омбы, Томск қалаларында алған жоғары білімдерін өз халқының ғылымы мен білімін, мәдениетін өркендетуге қолдануға тырысты. Көпшілігі Ресейдің ғылыми мектебінен өткен, үлкен ғылым иесі болды, көптеген шығармалары мен ғылыми еңбектерін дүниеге әкелді. Олардың қазіргі ғылымда да маңызы зор. А. Байтұрсыновтың «Әліппе таңбалар жұмбағы» еңбегіндегі тіл туралы пайымдамалары ғылыми негізде жазу үлгісін дәлелдесе, Ә. Бөкейхановтың қазақ тарихы, саясат туралы, М. Жұмабаевтың «Педагогика» еңбегі жаңа біліммен ескі білімнің сабақтастығын ашты. Ж. Аймауытовтың «Психология» еңбегі де ғылыми мәнін жоймаған мың жылдан аса тарихы бар Еуропа ғалымдарының еңбектерімен салыстырыла зерттелген еңбек, оған «Адам өзін танымаса , өзгені де танымайды » деген пайымы дәлел. Ғалым-баспагер Н. Төреқұловтың «Ұлт мәселесі және мектеп» тақырыбында 1925 ж. бірінші бүкілодақтық мұғалімдер сьезінде жасаған баяндамасының танымдық, адам ғибрат алатындай өнегелік әсері үлкен.

Қорытынды бөлімде зерттеудің нәтижелері және тарауларға сай негізгі түйіндер жасалды. ХХ ғ. 20-40-жж. баспа ісі өркениетті дәрежеде дами қойған жоқ. Өйткені 20-жж. басында полиграфиялық өндіріс толық қуатымен жұмыс істеген жоқ. Қағаз жетіспеді. Орталықтың өзінде 1920 ж. орташа есеппен алғанда айына 46 пұт (750 кг жуық) қағаз жұмсалған. Қағаздың тапшылығынан баспа ісіне қауіп төнді. Осы бағытта Кеңес өкіметі жедел шаралар қолданып, елде халық шаруашылығын қалпына келтіріп жатқан жағдайда, баспа ісін де қажетті құрал-жабдықтармен жабдықтап, жұмысын бір арнаға қою көзделді. Баспа бояуын жасау, қағаз шығару сияқты жұмыстар жүргізілді. Соның арқасында типография жабдықтары Қазақстанға да әкелінді.

1923 ж. ортасында Халық  Комиссарлар кеңесі «Мемлекеттік  баспа туралы» Ережені бекітті.  Мембаспа саудалық өндіріс болып,  трес құқында жұмыс істеді. Елдегі саяси, шаруашылық, мәдени революция міндеттерін басшылыққа алды. 20-жж. басында жаңа мемлекеттік және партиялық баспалардың құрылуына байланысты Мембаспа әмбебап кітап өнімін жасаудан бас тартты. Көлемі шағын үгіт-насихат брошюраларды, әкімшілік басылымдарының орнына Мембаспа енді іргелі, көлемді еңбектерді шығара бастады.Сөйтіп, мемлекет және партия қайраткерлерінің еңбектері, марксизм-ленинизм классиктерінің еңбектері том-том болып шығып жатты. Мұндай істер Қазақстанда да кезек күттірмейтін міндет болды. Баспаның нығайған құрылымын іздеу мына бағытта жүрді: шоғырландыру, баспаны тұрпаттандыру, бір орталыққа бағынған басқарудың болуы. Баспа қызметкерлерінің 1928 ж. қаңтарда өткен алтыншы Бүкілодақтың съезі мына қаулыны қабылдады: кітап баспа ісін тиімділеу негізінде әдебиеттің түр- сипаты жағынан баспада тұрпаттандыру қағидасын ұстау. Тұрпаттандыру деп баспа желісін жоспарлы түрде құру, редакциялық-баспа жоспарында әмбебаптық пен қарама- қарсылықты жою. Сонымен КСРО кеңістігінде баспа ісі жоспарлы түрде дамыды. Ол қатаң бақылауда болды. Әдебиетте социалистік реализм әдісі қолданылды. Партиялық қағида сақталды. Сондықтан қазақ баспа ісі еркін дамыды деп айта алмаймыз. Ғалым бір шығармасын жазса, ойында басқа дүние тұрды. Ашық шындықты жаза алмады, бұл кеңестік дәуірдегі әдебиеттің бәріне тән жағдай болды.

«Орталық баспа» кешенді  баспа болды, ол бірқатар ұлт тілдерінде әліппелер, оқулықтар, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік, ауыл шаруашылық, көркемдік  т.б. әдебиеттерді шығарды. Тұрпатты «Экономбаспа» (1936), «Педагогика» (1937) т.б. баспалар жұмыс атқарды. Орталық баспа мен ұлттық баспалар қырық бес ұлтты әліппелер және оқулықтармен қамтамасыз етті. Әсіресе бастауыш мектепке оқулықтар көптеп шықты. «Сауатсыздықты жою жылдарында қазақ баспаларында да әліппелер, тіпті ересектер үшін әліппелер шыққан. Мектепке оқулық жазбаған ғалым, не баспагер қалған жоқ. Кезінде Ә. Марғұлан, Б. Майлин, Ғ. Мүсіреповтер де мектептің қамын ойлап, қазақ балаларының көзі ашық болғанын қалап, оқулықтар жазған. Алайда, басқа техникалық сала бойынша оқулықтар орысшадан аудару арқылы ғана жазылды. Мұндай құбылыс әлі күнге дейін кездеседі. Қазақ зиялылары көзқарастарының қалыптасып, қоғамдық-саяси қызметке араласуына Ресейдегі оқиғалар белгілі дәрежеде ықпал жасады. Ресейдегі бірінші буржуазиялық-демократиялық революция қазақ еңбекшілерінің саяси санасын өрістетті. Бұл оқиғаға Ресейдің өзіндегі түрлі топтардың қатынасы әрқалай болды. Өлкедегі әлеуметтік-саяси даму төмен болса да, төңкеріс кезінде жұмысшы қозғалысы жаңа сатыға көтеріліп, елдегі саяси-әлеуметтік оқиғаларға белсене араласты. Алғашқы баспаның сапалы жұмыс істеуіне А. Байтұрсынов үлкен үлес қосқан,жұмысын дұрыс жолға қойды. Жалпы қазақ зиялы қауымының еңбектері ғылымға, ғылыми сөзжасам негізіне бетбұрыс жасауға үйретеді.

Кеңестік жүйедегі кітап  ұжымдық ұйымдастырушы, үгітші, насихатшы, коммунистік идеологияны таратушы болды. Орталықта техникалық баспа  болғанымен Қазақстанда техникалық әдебиет шығару қарқынды бола қойған жоқ. Салалар бойынша, мысалы зоотехника жағынан жылқы малына қатысты азын-аулақ еңбектер ғана болды. Лениннің «Баспа туралы Декретінен» бастап, үкімет пен партия кітап ісі, кітапты тарату ісіне тұрақты түрде назар аударды. Партиялық, идеялық, бұқаралық, интернационалдық осының бәрі кеңестік кітапқа қойылған талап еді. 1923 ж. партиялық-кеңестік баспалар одағы «Кеңестік партия» баспасы құрылады. Оған 64 ірі өндірістер, Мембаспа да кірді. Бұл одақ кітап басылымдарының жоспарын реттеп отырды, кітаптардың идеялық-саяси мазмұнын, сапасын тексерді. Сонымен бірге полиграфия, кітап саудасы ісі, жоспарлау мәселесімен де айналысты. Ол Біріккен мемлекеттік баспаның негізін қалады.

Ұлттық баспаның қалыптасуына, оның нығаюына Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Нәзір Төреқұлов, Халел  Досмұхамедов, Әлихан Бөкейханов, Сәкен Сейфуллиндер т.б.зор үлес қосты.

 Сонымен қорыта  айтқанда, ХХ ғ. 20-40 жж қазақ халқы аса ірі тарихи, әлеуметтік оқиғаларды басынан кешірді, халықтың рухани өмірінде түбірлі өзгерістер болды. Ұлтты біріктіретін де, ұлтты айыратын да белгі ол ұлттық сана-сезім, біз өзімізді-өзіміз басқалар арқылы таныдық, «бізді» «олармен» салыстыру арқылы ұлттық сана қалыптасты.

Қазақстандағы аталған  кезеңдегі кітап баспа жұмыстарының негізгі ерекшелігінің бірі ғылымдардың  жіктелуі мен дамуының қарқындарын, ғылыми жетістіктерді енгізу ғана емес, ғылыми ұсыныстарды баспа бетінде түйіндеу болды. Баспа ісі Қазақстан ғылымының ролінің артуымен тығыз байланыста өсіп дамыды.

«Осы күнгі біздің көп мақтанышымыздың ең ірісі  ғылым», деп М. Әуезов айтқандай, ғылыми еңбектері мен мақалалары арқылы ғалымдар қоғам алдында атқарылған жұмыстары туралы есеп береді, ғылыми жетістіктерін паш етеді, кең оқырмандарға тарататыны ғылыми дәйекті талдаулар арқылы дәлелденді. Кітап тарихы – ғасырлар қойнауынан тамыр тартатын ата-бабаларымыздың тарихы, өткеннің сабағы, алдағының кейінгіге өнегесі, сондықтан кітап тұрпаттарының тарихы, даму үрдістері, кітап басу ісінің жекелеген аспектілері салыстырмалы түрде зерттелді.

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР МЕН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ

 

  1.  Дағдарыстан жаңару мен дамуға. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы // Айқын. – 2009. – 7 наурыз.
  2. Лихачев Н.П. Книгопечатание в Казани за первое 50-летие существование в этом городе типографии. Спб., 1895.– 10 с.
  3. Катанов Н.Ф. Восточная библиография // Деятель (журнал). - Казань, 1896–1904.
  4. Библиографический указатель материалов по истории Казахстана: Восточные источники, опубликованные до 1917 г. / Сост. Н. Сабитов. – Алма-Ата: Наука, 1947. – 40 с.
  5. Культура Советского Казахстана. Сб. статей. – Алма-Ата: Казгосиздат, 1957.– 237 с.
  6. Кереева-Канафиева К. Дореволюционная русская печать о Казахстане. – Алма-Ата: Казгосиздат, 1963. – 303 с.
  7. Советтік Қазақстанның кітаптары. Ретроспективті жинақталған библиографиялық көрсеткіш. – І том. 1917–1945. – Алматы: Қазмембас, 1962. - 444 б.
  8. Советтік Қазақстанның кітаптары. Библиографиялық көрсеткіш. - ІІ том. 1917–1945. – Алматы: Қазмембас, 1961. – 358 б.
  9. Жиреншин Ә. Қазақ кітаптары тарихынан. – Алматы: Қазақстан, 1977. – 180 б.
  10. Қазақ кітаптары. Библиографиялық көрсеткіш (1807–1917). / Құрастыр.: С.С. Есова, Ү. Субханбердина, Д.С. Сейфуллина. – Алматы: Мектеп, 1986. – 38 б.
  11. Бектемісов Ә. Жан азығы. – Алматы: Қазақстан, 1991. – 144 б.
  12. Каримуллин А.Г. Книги и люди. – Казань: Татарское книжное изд., 1985. – 304 с.
  13. Құдайбергенов Ә.Н. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының білім беру үдерісіндегі маңызы // Жоғары оқу жүйесін реформалау жағдайында жоғары оқу орындарының даму мәселелері мен келешегі Рес. ғылыми- тәжірибелік конф. материалдары. – Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, 2008.–139 б.
  14. Галиев В.З. Библиотечное дело в Казахстане // Вторая половина ХІХ – начало ХХ веков. – Алматы, 1998. – 160 с.
  15. Рахимжанова С. Из истории книги Казахстана. 1945–1960. – Алматы: М-Талант, 1998. – 152 с.
  16. Демешева Г.А. Казахстан в изданиях научных обществ. 1766–1955. Библиографический указатель. – Алматы: Центральная научная библиотека, 2000. – 398 с.
  17. Селкебаева А.Т. Қазақстанды зерттеу қоғамының ғылыми-ағартушылық қызметінің нәтижелері // ҚазҰУ хабаршысы: тарих сериясы, 2006. - №2(41).–86-89-бб.
  18. Бурханов К.Н., Мажитов С.Ф. Казахстанская дипломатия : диалог времен и уроки истории (О книге Т.А. Мансурова «Полпред Назир Тюрякулов. Дипломат, политик, гражданин ») // Отан тарихы . – 2006. – №3. – С.5-15.
  19. Государственное издательство Казахской АССР. – Кзыл-Орда: Казиздат, 1929. – 8 с.
  20. Рычков Н. Дневные записки путешествия в киргиз- кайсацкой степи - СПб., 1772. – 15 с.
  21. Мамажанов М. Еңбек еттім ел үшін. – Алматы : Қазақстан, 1999. – 474 б.
  22. Книга. Исследования и материалы. Сб. XLIII. – М.: Книга, 1981. – 240 с.
  23. Жұмалиев Қ., Марғұлан Ә. Қазақ әдебиеті. Фольклор. Орта мектептің VІІІ класы үшін. – Алматы: Қазбірмембас, 1941. – 160 б.

 

ДИССЕРТАЦИЯ МАЗМҰНЫ БОЙЫНША ЖАРИЯЛАНҒАН МАҚАЛАЛАР

 

1 Якупова Р.И., Шортанова А.А. Қазақстандағы балалар әдебиеті библиографиясының қалыптасуы мен дамуы (1917–1940 жж.) // Оңтүстік Қазақстан ғылымы мен білімі. – 1997. – № 5. – 114–117-бб.

2 Қазақ кітап баспа  ісінің шежіресі // Қазақ өркениеті:  Университет «Қайнар». – 2006. –  № 1. – 74–81-бб.

3 Қазақ зиялыларының  баспа ісін ұйымдастырудағы ролі // әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Хабаршысы. - Тарих сериясы. – 2006. – №1 (40). – 85–87-бб.

4 Кеңес өкіметінің  баспа ісі бойынша мемлекеттік  саясаты // Отан тарихы. –  2006. –  № 2. – 150–158-бб.

5 Қазақстандағы ғылыми  кітаптар мен мектеп оқу құралдарының  жарық көруі // «Орталық Азия  және Қазақстан: түркі өркениетінің  бастауы» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының еңбектері. – Тараз, 25–56 мамыр 2006 ж. – Тараз: МемПИ, 2006. – Т.2. – 247–250-бб.

6 XX ғ. 20–40 жж. Қазақстандағы  ғылыми баспалар // «Отандық және  әлемдік тарихтың маңызды мәселелерін  қазіргі көзқарас тұрғысынан талдау». Халықаралық Бекмаханов оқуларының материалдары. - Алматы, 25–26 мамыр, 2006. – Алматы: Қазақ университеті, 2006. – 275–278-бб.

7 Сталиндік саясат  және қазақ өнері мен басылымдарының  тағдыры // «Әлемдік мәдени және  білім беру кеңістігіндегі өнер» атты Т. Жүргенов атындағы ҚҰӨА Халықаралық ғылыми практикалық конференциясының материалдары. - Алматы, 19–20 сәуір, 2006. – Алматы, 2006. – 438–442-бб.

8 Еділ–Жайық бойындағы  кітап баспа ісі // Известия  НАН РК. - Серия общественных наук. – 2006. – № 4 (254) . – С. 15–17.

9 Якупова Р.И., Шортанова  А.А. Кітапханалық жарнама: теория  және практика: Оқу құралы. – Алматы: Издатмаркет, 2006. – 111 б. 

10 Қазақ ғылыми басылымның XX ғ. 30-жж. даму үрдісі // Қазақстан  Республикасы тәуелсіздігінің 15 жылдығына арналған халықаралық ғылыми–практикалық конференцияның материалдары. Шет тілдер және іскерлік карьера университеті. Ғылыми-педагогикалық журнал. – Алматы, 2006. – Т. ІІ. – 149–152-бб.


 

РЕЗЮМЕ

 

на автореферат диссертации  на соискание ученой степени кандидата исторических наук по специальности 07.00.02-Отечественная история

(история Республики  Казахстан)

 

ШОРТАНОВА АЛШАЙЫМ  АХЫЛБЕКОВНА

 

История издания  научных книг Казахстана ( 20-40 гг. ХХ в.)

 

Диссертационная работа посвящена проблеме издания научной книги в Казахстане в 20-40-е гг. ХХ в. В работе впервые разносторонне исследуется история издания научной литературы Казахстана рассматриваемого периода. Исследование имеет важное значение для отечественной истории, так как автор раскрывает влияние процесса издания научных книг на становление казахстанской науки, поскольку достижения науки Казахстана освещались в научных изданиях.

Целью исследования является отражение истории издания научных книг в Казахстане в 20-40-х гг. ХХ в. С учетом данной цели в работе были поставлены следующие задачи:

- охарактеризовать общее состояние издания научной книги в Казахстане до 1917 года;

- проанализировать государственную  политику Советского правительства  в области народного образования  и книгоиздания;

- обобщить этапы возникновения и развития издательского дела в Казахстане и его задачи;

- показать основные  направления издательской продукции  ;

- дать характеристику  учебников и учебных пособий;

- выявить и проанализировать  содержательный элемент научных  и научно-популярных изданий ;

- охарактеризовать издательскую  работу научных обществ по  изучению Казахстана и других  научных, научно-популярных организаций  и учреждений;

- осветить работу казахской  интеллигенции по изучению края в тесной связи с организацией издательского дела;

- оценить уровень развития  казахского научного книгоиздания  в 30-40 гг. ХХ в. 

Научная новизна  исследования определяется прежде всего тем, что оно является одной из первых попыток в отечественной истории исследовать проблему научного книгоиздания в Казахстане в 20-40-х гг. ХХ в.

- впервые в истории Казахстана систематизируется и комплексно исследуется история научной книги ;

- с новой точки зрения рассматриваются ранее известные сведения по деятельности издательств;


- доказывается, что изучение  реформаторского движения и наследия представителей казахской интелигенции является основой для исследования истории научной книги;

- определены познавательная  функция учебников 20-40 гг. ХХ в.  и их соответствие требованиям по написанию учебников.

Положения выносимые на защиту:

- история научной книги  20-40-гг. ХХ в. требует своей систематизации  на основе общенаучных методов;

- в связи с тем,  что в 20-30-гг. представители казахской  интеллигенции работали в издательствах,  публиковалась в основном национальная  и переводная научная литература;

- необходимо исследовать  историю процесса создания и  публикации научных книг Казахстана  на основе деятельности и наследия  казахской интеллигенции;

- образование Книжной  палаты повлияло на развитие  в стране книжного дела, выпуску ежегодников, летописей и указателей печати. Эти указатели дают возможность сделать анализ научных изданий;

Информация о работе Қазақстандағы ғылыми кітаптар басылымының тарихы