Қазақстандағы ғылыми кітаптар басылымының тарихы

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 16:03, научная работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі. Кітап мұрасы дүние жүзі халықтарының көпғасырлық мәдениеті мен тарихын, тілі, дәстүрі мен әдет-ғұрпын бейнелеп қана қоймай, ұжымдық естеліктің басты бөлігі болып есептеледі. Осы асыл мұраларға байланысты біз бүгін көп қырлы көп ғасырлық дүние жүзілік өркениеттің даму тарихын терең зерттеп, барлық адамзаттың пайдаланған таптырмас тәжірибесін пайдалана аламыз.

Файлы: 1 файл

Қазақстандағы ғылыми кітаптар басылымының тарихы.doc

— 262.00 Кб (Скачать)

Ғылыми басылым классикалық  шығармалар, құжаттар, мұрағат материалдарының түріне жатады. Ол мәтін мен жарияланымды ерекше дайындауды талап етеді. Ғылымның басты қызметі адамдардың практикалық іс-әрекетіне қызмет көрсету болып табылады. Жаратылыстану ғылымдары мен техника адамдардың өндірістік іс-әрекетімен байланысты болып, қоғамдық өндірістің дамуына теориялық негіз жасайды. Қоғамдық ғылымдар болса қоғамдық өмірді прогрестік тұрғыдан қайта құруға бағытталған адамдардың практикалық қызметін теориялық жағынан сипаттайды. Алайда теориялық қызмет басты қызмет болғанымен, бір нәрсе деп қарауға болмайды. Өйткені ғылым идеологиялық қызметті де атқарады. Ғылымға таптық тәсілді қолданған кезде ғылым идеологиялық жағынан бейтарап, объективті білімді жасап, барлық таптарға бірдей қызмет көрсетеді деп санады. Жаратылыстану, қоғамдық ғылымдар адамдарды идеологиялық жағынан тәрбиелеп, нақты дүниетанымын қалыптастырады.

20-жж. басында Қазақ АССР Оқу Халық Комиссариатында Академиялық орталық құрылды, екі секцияда жұмыс атқарды Мемлекеттік ғылыми секция ғылыми-саяси, ғылыми-техникалық, ғылыми-педагогикалық жұмыстарға жетекшілік етті, қазақ терминологиясы, жазу, алфавит, оқу әдебиеттері баспаға даярланды және ғылыми кітаптар қазақ тіліне аударылды. Осы жұмыс барысында жас ғалымдар, журналистер, баспагерлер бір-бірімен тығыз байланыс жасады. Осы кезде этнография, халық музыкасы, қазақтардың қолданбалы өнері туралы материалдар жинақталды. 1931 ж. Қазақ өлкелік партия комитеті Қазақстанда баспа ісін қайта құру туралы шешім қабылдады. Осы қаулыға сәйкес Қазақ баспасының редакциялары әдебиеттің түрлері бойынша маманданды. Сонымен бірге осы жылы өндірістік-техникалық әдебиеттерді шығару үшін «Қазақ техникалық баспасы» құрылды. Бұл ғылыми-техникалық прогрестің дамуымен байланысты кітаптар, кітапшалар шығаруға ықпал жасады.

30-жж. басында Қазақстанда ондаған ғылыми-зерттеу мекемелері мен тәжірибе станциялары жұмыс істеді. 1932 ж. наурыздың басында КСРО Ғылым Академиясының Қазақстандық базасы құрылды. Қазақстан ҒА базасының алғашқы «Еңбектері» 1934 ж. Ленинградта академик А.Н. Самойловичтің редакциясымен шығады. «Еңбектерде» Қарағанды зоология экспедициясының қорытынды жұмысы туралы мақала, Алтай-Ертіс ауданы мәселесін кешенді зерттеу және табиғи өндіргіш күштерін игеру жөніндегі материалдарды жинақтаған екінші шығарылымы жарияланады. 1934 жылы «КСРО Ғылым Академиясы Қазақстан филиалының Бюллетені» ғылыми-зерттеулер мен жаңалықтардың жаршысы болды. Бюллетеньде Қазақстан ҒА филиалы базасының екі жылдағы қызметі және республикада ғылыми-зерттеудің одан әрі дамуы сипатталады.

Қ.И. Сәтбаев Қазақстандағы  қоғамдық ғылымдар мәселесін шешуге тікелей араласқан. ХХ ғ. 40-жж. «Қазақ КСР тарихының» алғашқы екі томын даярлау комиссиясының төрағасы, М. Әуезовтың «Абай» романына «Қазақ өмірінің энциклопедиясы» ретінде баға берді. Қ.Сәтбаев Ш.Ш.Уәлихановтың толық шығармалар жинағын шығаруда редколегия мүшесі болды. 1927 жылы Қ. Сәтбаевтың Мәскеуде қазақ тілінде басылған «Ер Едіге» жыры және оған «Сөз басы» үлкен кіріспе-зерттеуі қазақ тарихына, көркем сөз тарихына, әдебиеттануға қосылған үлкен ғылыми үлес. 1935 жылы «Үлкен Жезқазған» атты ірі ұжымдық еңбек шығады. Оны шығаруға орталық ғылыми-зерттеу институттары, КСРО Мемлекеттік жоспарлау қызметкерлерімен бірге Түрлі-түсті металл басқармасы, Жезқазған комбинатының мамандары қатысады.

Қазақстан зерттеушілерінің монографиялық зерттеулері 1938 жылдан бастап жарық көрді. 1946 жылға дейін 40-қа жуық кітап шығады. Жыл сайын ғылыми зерттеулерге қорытынды жасаған реферативті журналдар шығып тұрды. 1939 жылы КСРО Ғылым Академиясы Қазақстан филиалының «Хабаршылары» шыға бастады. «Хабаршының» зоология сериясындағы «Редакциядан» деген кіріспесінде ғылыми зерттеу еңбектерін өз уақытында шығарып отыру қажеттігі айтылды. 1946 ж. «Хабаршының» тоғыз сериясы шығады. Мұның өзі ғылыми зерттеулердің шарықтап дамығанын дәлелдейді. 1934-1940 жж. Қазақстан базасының, кейіннен КСРО Ғылым Академиясы Қазақстан филиалының 20–ға жуық шығарылымы Москва мен Ленинградта жарық көрді. 1939 ж. «КСРО Ғылым Академиясы Қазақстан филиалының хабаршысы. Зоология сериясының» бірінші нөмірі, келесі жылы «КСРО ҒА Қазақстан филиалының Хабаршысы. Тарих сериясының» бірінші нөмірі жарық көрді.

С.Д. Асфендияровтың «Ежелгі  дүниеден бастап Қазақстан тарихының» І бөлімі, «Қазақстандағы 1916 жылғы  ұлт-азаттық көтеріліс» атты еңбектерінің шығуы Қазақстан тарихы ғылымы үшін жетістік еді. С.Д. Асфендияровтың редакциялауымен «Прошлое Казахстана в источниках и материалах» құжаттар жинағы шығады. Бұл да Қазақстан тарихының деректану бөлімін байытты. Ол ұлыдержавалық, ұлтшылдық көзқарастарды сынады. Осы жылдары А.Х. Диваев жинақтаған «Батырлар жыры» шығады.

20-30-жж. Алаш зиялыларының  да ғылыми еңбектері шығып,  Қазақстан ғылымына үлкен үлес  қосты. Соның бірі М. Тынышбаев. ХХ ғ. 20 жж. оның біраз еңбектері Қызылордада «Қазақстанды зерттеу қоғамы» баспасынан, Ташкентте Қырмембаспасының Шығыс бөлімі жариялап тұрды. Ол әйгілі шығыстанушы Бартольдтың ғылыми еңбектеріне үлкен ден қойып, қазақ тарихына қатысты деректеріне ерекше мән берген.

Мемлекеттік библиографияның  дамуы Қазақстандағы баспа ісінің дамуымен тікелей байланысты. 1918-1920 жж. жыл сайын Қазақстанда 6-8 атаулы кітап аздаған тиражбен шығатын. Қырмембаспаның құрылуымен 1922 ж. үш мың данамен 47 атау кітап шыққан. 1937 ж. Қазақстанда 400 кітаптың жалпы тиражы 5 316 мың дана болған. 1934 ж. жазда Қазақстан Өлкелік партия комитеті «Марксизм-ленинизм классиктері шығармаларын қазақ тіліне аударып, бастыруды ұйымдастыру туралы» қаулы қабылдайды. Осы жылы көлемі 270 баспа табақтай 28 атау кітап шығару белгіленеді. Өлкелік партия комитетінің 1934 жылы 11 сәуірдегі қаулысы бойынша Қазақтың ғылыми-зерттеу марксизм-ленинизм институты мен Өлкелік партия комитетінің партия тарихы институтын біріктіріп, Қазақстанның Маркс-Энгельс-Ленин институтын ашамыз деп шешіп, оның алдына төмендегі міндеттерді қояды: а) Маркс, Энгельс, Ленин еңбектерін қазақ тіліне аудару; ә) Қазақстан партия ұйымдарының, Қазан төңкерісі мен революциялық қозғалыстардың тарихы жөніндегі құжаттарды, материалдар мен ғылыми-зерттеу жұмыстарын дайындап, бастырту. Мембаспа білім деңгейі әр түрлі оқырмандар үшін ғылыми-көпшілік сериясын шығарады. Сауаты бар жұмысшылар мен шаруалар үшін «Ғылым бәріне» сериясы шығады, ал «Көпшілік ғылыми кітапхана» өте маңызды әдебиеттерді шығарды. ХХ ғ. басында Қазақстан тарих ғылымында ғылыми қоғамдар үлкен роль атқарды. ХХ ғ. 20-30 жж. Семей мен Орынборда құрылған ғылыми қоғамдар «Қырғыз өлкесін зерттеу қоғамы» (1920 ж.), кейіннен ол «Қазақстанды зерттеу қоғамы» (1920 ж.) деп аталды. «Қазақстанды зерттеу қоғамының Семей бөлімі» (1929 ж.), «Қырғыз өлкесін зерттеудегі Орынбор қоғамы» (1920 ж.), «Сырдария статистикалық комитеті» (1920 ж.), Императорлық Орыс Географиялық қоғамының Түркістан бөлімі, Императорлық Орыс Географиялық қоғамының Батыс Қазақстан бөлімі т.б. Қазақстанды зерттей бастады. Қысқа мерзім ішінде бұл қоғамдар көп жұмыс тындырған. Ғылыми экспедициялар ұйымдастырды, қоғам баспаларында еңбектерде, жазбаларда, ескерткіш кітаптарда, мекен-жай күнтізбелерде ғылыми материалдар жариялады, мұражайлар мен кітапханалар ашты.

1924 ж. 27 қарашада Өзбекстандағы  ғылыми қоғамдар мен мекемелердің  конференциясына Орыс Географиялық қоғамы Түркістан бөлімінің 108 мүшесінен Археология және Этнография секциясының төрағасы А.А. Семенов және М. Тынышбаев екеуі ғана сайланады. М. Тынышбаев конференция тапсырмасы бойынша кейіннен ұйымдастыру комитетіне хат жазады. Конференция материалдары жинақ болып шықса, қысқаша «Қазақ тарихын» жазып беруге әзір екенін жазады. Сөйтіп, «Қырғыз-қазақтар ХVІІ-ХVІІІ ғасырларда (Қырғыз-қазақ халқының тарихи материалдарына қосымша)» атты еңбегі осылай жазылған еді.

«А. Байтұрсыновтың ғылыми қызметі» атты І. Омаровтың мақаласын осы қоғамның жариялауы назар аудартады деуге болады. Мақала Еңбектердің 7-16 беттерінде 1922 ж. ІІІ шығарылымында жарық көрді. Автор ақын, публицист, педагог, қоғам қайраткері А. Байтұрсыновтың қазақ грамматикасы саласындағы жаңалықтарын талдаған. 1923 ж. М. Тынышбаевтың «Түркі-Монғол тарихы» еңбегі, Мағжан Жұмабаевтың «Педагогикасы» жарық көріп, мектептерде кеңінен қолданыла бастады. 1924 ж. Міржақып Дулатовтың Орынборда «Қирағат кітабы», Қызылордада «Есеп құралының» жаңа басылымы жарық көрді. Орыс Географиялық қоғамы Батыс Сібір бөлімі Семей бөлімшесінің 1922 жылғы есебі «Еңбектердің» 1922 ж. ІІІ шығарылымында (195-213бб) жарық көреді. Аталмыш қоғам өздерінің іс-әрекетін таразыға салып, пайымдамаларын «Есептерінде» жариялап отырған. Мысалы, 1922-1923 жж. есептері бар. «1922 ж. Қырғыз өлкесін зерттеу қоғамының есебі, Қырғыз өлкесін зерттеу қоғамы мүшелерінің 1923 ж. тізімі берілген есеп 1922 ж. «Еңбектердің» ІІІ шығарылымының 183-194 беттерінде жарияланады [16, 237-б.]. Осы сияқты қоғамның 1923 жылғы есебі де 1924 ж. «Еңбектердің» VІ шығарылымында көлемі алты бетпен шыққан.

Қорыта айтқанда, ғылыми және ғылыми-көпшілік әдебиеттердің баспадан жарық көруі Қазақстанда да едәуір жетістікке жетті деп есептейміз. Ал Қазақстанда техникалық, экономикалық әдебиеттер басылымының саны дегенмен де бұл кезде аз болды. Оларды көбінесе біз жоғарыда көрсеткендей тікелей Москвада жұмыс атқарған баспалар шығарды.

«Баспа ісі  және қазақ зиялылары» атты үшінші тарауда қазақ зиялыларының өлкені зерттеу және баспа ісін ұйымдастырудағы қызметі, қазақ ғылыми басылымының ХХ ғ. 30-жж. даму үрдісі, қазақ ғылыми басылымының ХХ ғ. 40-жж. даму үрдісі талданған.

Қазақ зиялыларының көрнекті өкілі Ахмет Байтұрсынов ұлтымыздың бас баспагері, қазақ кітабының тұңғыш Мемлекеттік баспасының шаңырағын өз қолымен көтеріп, қазақ халқын рухани мұрамен сусындатты. Ол Қазақ Автономиялы Республикасы Оқу Ағарту халық комиссары, одан кейін комиссариат жанындағы ғылыми-әдеби кәмәсия төрағасы, әрі Қазақ Өлкесі Төңкеріс комитетінің мүшесі, Қазақ Өлкелік зерттеу қоғамының құрметті төрағасы, Бүкілресейлік Орталық Атқару комитетінің мүшесі ретінде қызметте болып қазақ мемлекеттік баспасының негізін қалады. Ұлттар ісі жөніндегі Халық комиссариаты Қазақ бөлімінің Бөкей бөлімшесі 1919 ж. жазда баспаханасымен Ордадан болашақ астана Орынборға көшірілді. Осылайша күн тәртібінде Орынборда кітап баспасын ашу мәселесі тұрды. Өлкенің мәдени қызметкерлерінің біріккен мәжілісі шақырылып, оған Төңкеріс комитетінің мүшелері А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов, М. Тұнғашин қатысады. Онда Төңкеріс комитетінің үнін және кітап шығару ісі жөнінде мәселе қаралып, тиісті қаулы қабылданған. Орынбор баспаханаларында бір кезде өзі тірнектеп жинаған қаріптердің жоғалып кетуі, жаңа баспаның полиграфиялық негізін құру, тақырыптық жоспарын жасау сияқты бүкіл ауыртпалық А. Байтұрсыновтың мойнына түсті. [21, 73-б.]. А. Байтұрсыновтың табандылық көрсетуімен ол құрал-жабдықтар Төңкеріс комитетінің қарауына қайтарылып беріледі.

 Міржақып Дулатов ақын , жазушы , баспагер , қайраткер , ағартушылық еңбектерiне қоса қазақтың тұңғыш библиографы, 1926 жылы Қызылорда қаласында «Қазақ тiлiнде басылған кiтаптар көрсеткiшiнің » бірінші бөлiмі 1927 ж. шыққан , екінші бөлiмi «Жаңа мектеп» журналында қосымша ретінде Қызылордада Қазмембаспадан араб қарпімен жарық көрді. Ол ҚР Ұлттық кiтапханасының сирек кездесетiн кiтаптар қорында сақтаулы тұр. Ал «Көрсеткішті» жазған кезде М. Дулатов Мемлекет баспасының қазақ бөлімін басқарған еді. Оған Ә. Бөкейхановтың аударған кітаптары енген. Атап айтқанда, Л.Н. Толстой «Қажымұрат» (Москва, 1924), Л.Н. Толстой «Кавказ тұтқыны» (М., 1925), В.Г. Короленко «Макардың түсі» (М., 1923). Кезінде бұл жырды Шоқан жоғары бағалаған. Қопабай деген қарт жыраудың аузынан жазып алған нұсқасына, алғы сөзін жазып, 1927 ж. Мәскеуде араб қарпімен бастырған Қ. Сәтпаевтың «Ер Едіге» жыры асыл қазынамызға айналған мұра деп білеміз. 20-30 жж. Мәскеу, Алматы, Ташкентте, Новосибирскіде аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Т. Рысқұловтың кітаптары шығып тұрды. 20-жылдардың аяғында оның «Қырғызстан», «Қазақстан», «Орта Азиядағы жергілікті халықтың 1916 жылғы көтерілісі» атты еңбектері шықты.

30 жж. КСРО республикалары жазушылары мен дүние жүзілік классиканың шығармаларын қазақ тіліне аударып, баспадан шығару қолға алынды. Бұлар С. Аманжоловтың, І. Сауранбаевтың «Қазақ тілінің грамматикасы», Г. Бегалиевтің, А. Сыздықовтың «Математика оқулығы», А. Жұбановтың «Музыкалық сауат әліппесі», М. Жылқыбаевтың «Физика», Ш. Имановтың арифметика жөніндегі оқулықтары, мектеп оқушыларын әскери және санитарлық даярлықтан өткізу туралы кітапшалар мен жинақтар еді. 1934-1940 жж. КСРО Ғылым академиясының Қазақ филиалының жиырмаға жуық шығарылымы жарық көрді. Бұл салалық басылымдар ғылыми кітапқа деген сұранысты өтеді. Ауыл шаруашылық және медицина әдебиетін басып шығару ісінде қазақ авторларының тапшылығы байқалды. 1922 ж. «Шаруа күнтізбесінің» қазақ тіліндегі тұңғыш басылымы жарық көрді. 1928 ж. Ғ. Мүсіреповтің «Американ егін алқабы» деген кітапша басылып шықты. 1933 ж. Қазмембаспасының басшылығы ауыл шаруашылық оқу орындары түлектерінен агроном-редактор және зоотехник-редактор мамандарын іріктеу жөнінде бастама көтерді. 1935 жылы профессор С.Ж. Асфендияровтың басшылығымен «Қазақстан тарихы жазба басылымдар мен деректерде» атты екі томдық еңбек басылып шықты. 1940 ж. М.П. Вяткиннің «Қазақ ССР тарихы жөніндегі материалдар (1785–1825)» атты кітап шықты. «Қазақ хрестоматиясы» Ы. Алтынсариннің аударма және төл әдеби шығармаларының жинағы болды. Әрқайсысы екі мың дана болып басылған екі оқу құралы да Қазақстанның жан-жағына тарады.

Ғылыми кітап бұл  ғалымның шығармашылығының қорытындысы, ғылыми әдебиет ғылыми еңбектің құралы, ол ғалымның еңбегінің тиімділігін  көрсетеді. Неміс зерттеушісі профессор  Васс макулатурфактор деп атаған формуланы ойлап шығарған. Ол ғылыми журналдарды оқитын бір топ оқырмандардың оқыған мақалаларының санын есепке алған. Оқырманның ысырып тастағанын m (макулатурфактор) әрпімен белгілеген. Сонда формуласы қарапайым болып шыққан [21, 24-б.].

m= S-S' - 100

S

S – журналдағы беттің саны, S' – оқыған беттің саны, m - әр оқырман үшін макулатурфактор 85% құрайды. Сөйтіп, әркім орта есеппен алғанда тек 15% оқиды. Ғылыми басылымдар жалпы теориялық және қолданбалы еңбектердің нәтижесін құрайды, оның одан кейінгі зерттеулерге әсері болады.

Соғыстан кейін қысқа  уақыт ішінде мәдени құндылықтарды  тез арада қалпына келтіру  қажет болды. Ол құндылықтың ішінде баспа өнімдері де бар. 1945 ж. 1940 жылмен салыстырғанда кітап шығару ісі  сан жағынан үш жарым есе, тиражы бойынша бір жарымнан аса есе, көлемі жағынан үш есе қысқарған [15, 13-б.]. Сонымен қатар полиграфилық өндірісті жаңарту қажет болды, өйткені типография құрал-жабдықтары ескірген еді.

40-жж. аяғында Алматыда  ірі полиграфиялық комбинат салынды.  Жалпы КСРО-да бұл кезде кітап  баспасын дамыту шаралары қолданылды. Оны БКП(б)-ның мына қаулылары дәлелдейді: «Кітаптың полиграфиялық безендірілуі туралы» (шілде 1945 ж.), «РКСФР біріккен мемлекеттік баспа жұмысы туралы» (қазан 1946 ж.), «Мектепті оқулықтармен қамтамасыз ету туралы» (желтоқсан 1946 ж.), «Мемкомбаспа баспалары туралы» (ақпан 1948 ж.). Осындай директивалық құжаттар КСРО-ның одақтас және автономиялы республикаларына міндетті болды. Осы ережелер мен талаптарды есепке ала отырып барлық баспаларда, полиграфия өндірістерінде, кітап сауда ұйымдарында іс-шараларды қолға алды.

Қазақ КСР КП Орталық  Комитеті де осы іс шаралар шеңберінде жұмыс бастап, 40 жж. аяғында баспа ісі бойынша бірқатар шараларды жүзеге асыру бойынша қаулылар қабылдады. Атап айтқанда, «Қазақ мектептері үшін оқулықтарды қайта қарау және шығару шаралары туралы», «Қазақ мемлекеттік баспа жұмысы туралы». 1946 ж. қазанда Ғылым Академиясы Президиумы Редакциялық баспа кеңесі туралы Ережені, типография, оның құрылысы, штаты туралы ережелерді бекітті. 1949 ж. «Казақ мемлекеттік біріккен мемлекеттік баспасы» қайтадан «Қазақ мемлекеттік баспасы» деп аталды.

1943-1949 жж. «Қазақ КСР  тарихы» академиялық басылымы  шығады. Осы жылдары Ә. Марғұлан, Е.Б. Бекмаханов сияқты атақты  ғалымдардың монографиялық зерттеулері  жарық көреді. Сөйтіп, құжаттық, археологиялық, этнографиялық материалдар жинақталады. Академик Ә.Х. Марғұлан қазақ халқының этникалық тарихын, материалдық және рухани мәдениетін ғылыми түрде терең зерттеді. Ол 40 жж. басынан бастап көне жазба ескерткіштерін, қазақ халқының рухани мәдениетін, фольклорын, Қазақстандағы археологиялық ескерткіштер кешенін іздестіріп зерттеуде алғашқылардың бірі болды. Осы зерттеулер нәтижесінде 1945 жылы «Қазақ халқының эпикалық жырлары» туралы докторлық диссертациясы, «Орталық Қазақстандағы Беғазы-Дәндібай мәдениеті» атты кітабы шығады. Халық ауыз әдебиетін жақсы білген Ә. Марғұлан Қ. Жұмалиевпен бірге 1941 ж. орта мектептің 8 сыныбына арналған фольклор туралы оқулық та жазған. Ол «Қазбірмембаспадан» 1941 жылы 7000 дана болып шыққан [23].

Информация о работе Қазақстандағы ғылыми кітаптар басылымының тарихы