Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 10:45, курсовая работа
Дипломдық жұмыста қойылған мақсаттарға жету үшін келесі мәселелерді шешу қажет:
- кәсіпорын қызметіндегі ақша қаражаттарының мәні мен маңызын анықтау;
- ақша қаражаттарын бөлу механизмінің және есептеу әдістерін қарастыру арқылы қазақстандық нарықта қызмет атқаратын кәсіпорынның қаржылық жағдайына талдау жүргізу;
- зерттелген кәсіпорын бойынша ақша қаражаттарының тәжірибе жүзіндегі бөліну механизмін анықтау және негізгі, қаржылық, инвестициялық қызмет бойынша ақша ағымының оптималды құрылымын анықтап, жақсарту жолдарын ұсыну.
КІРІСПЕ
1 КӘСІПОРЫННЫҢ АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Ақша қаражаттарының мәні және түрлері
1.2 Кәсіпорынның ақша қаражаттарын бөлу механизмі және
есептеу әдістері
1.3 Кәсіпорынның ақша қаражаттары ағымын жоспарлау
2.1 «ӨзенМұнайГаз» Өндірістік Филиалы Акционерлік Қоғамының шаруашылық қарекетіне талдау жүргізу
2.2 «ӨзенМұнайГаз» ӨФ АҚ қаржылық жағдайын талдау
2.3 Ақша қаражаттары ағымын басқаруды талдау
2
3 КӘСІПОРЫННЫҢ АҚША ҚАРАЖАТТАРЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУДЫ ЖЕТІЛДІРУДІҢ ЖОЛДАРЫ
3.1 «ӨзенМұнайГаз» Өндірістік Филиалы Акционерлік Қоғамының даму стратегиясы
3.2 Кәсіпорынның ақша қаражаттары ағымын оңтайландыру әдістері
«ӨзенМұнайГаз» ӨФ АҚ ақша қаражаттарын талдау барысынан кәсіпорынның өз ақша қаражаттарын ұйымдастыра білу қабілеттілігін көрдік. Кәсіпорын ақша қаражаттарын құраушы көзі негізінен операциялық қызметі. Қарастырылуға тиіс инвестициялық және қаржылық қызметтер оңтайландыру шараларын жүргізуді қажетсінеді.
Осылайша, «ҚазМұнайГаз»
БӨ» АҚ-ның Маңғыстау жерінде
орналасқан «ӨзенМұнайГаз» ӨФ АҚ –
ның құрылу және даму тарихынан бастап
бүгінгі күнге дейін
Бұл бөлімде ақша қаражатының шамадан тыс артық немесе ақша қаражатының жетіспеушілігі, яғни дефициті жағдайында қарастырылатын негізгі мәселелер мен оларды оңтайландыру бойынша шаралар көрсетілген.
3.1 «ӨзенМұнайГаз» Өндірістік Филиалы Акционерлік Қоғамының даму стратегиясы
Қазақстан экономикасының 2002 жылдан бастап нарықтық экономика болып табылуына қарамастан, ол көп жағдайларда өтпелі кезең экономикасына тән анықталған ерекшеліктерлі көрсетуде. Өтпелі кезең экономикасының ерекшеліктеріне бірнеше жылдар қатарынан болатын инфляцияның жоғары қарқыны, капитал нарығында өтімділіктің болмауы, сондай-ақ Ұлтық валютаға Қазақстаннан тыс жерде өтімді төлем құралы болуға мүмкіндік бермейтін валюталық бақылаудың бар болуы.
Кәсіпорынның қызметі мен қаржылық жағдайына барлық уақытта Қазақстандағы саяси жағдайдың дамуы әсер етеді, оның ішінде қызмет етуші және болашақ кезең заңдылықтары, салық салу аясындағы нормативтік актілер жатады.
Қазақстан үкіметі мұнай өндіруші компаниялар алдында өндірілген шикі мұнайды ішкі нарыққа жеткізуді міндеттейді. Мұндай шикі мұнайды ішкі нарыққа жеткізу бағасы бас компаниямен келісіледі, баға әлемдік бағадан әлдеқайда төмен және өндірістің өзіндік құны деңгейінде бекітілуі мүмкін.
Қазақстандағы қоршаған ортаны қорғау бойынша заңдылықтар даму үстінде және сол себепті тұрақсыз өзгеруде. Қазақстан Республикасының қошаған ортаны қорғау аясындағы заңдылықтары бұзғаны үшін айыппұл қатаң тәртіппен жүргізілуде. 2006 жыл қорытындысы бойынша «ӨМГ» ӨФ АҚ 11,4 млрд.теңге сомасы көлемінде аймақты ластау бойынша рұқсат етілген нормадан асып түскені үшін аударды. 2006 ж. 29 Желтоқсандағы Энергетика және минералды ресурстар түріндегі Қазақстан Үкіметі және кәсіпорын №2 келісімге қол қойды. Келісімде Маңғыстау облысындағы Өзен және Қарамандыбас мұнай кенорындарының мұнайды барлау және өндіру жұмыстары бойынша бірқатар өзгертулер енгізілді. №2 келісім шарттың алық режимінің нақты аспектілеріне анықтайды, сондай-ақ келісім шартқа байланысты жылына 900 млн.теңге дейін көлемде әлеуметтік инфрақұрылымды қаржыландыруды міндеттейді.
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «ӨзенМұнайГаз» АҚ, «ЕмбіМұнайГаз» АҚ және BNP Paribas Suisse SA арасында 300 млн.доллар көлемінде экспорт алдындағы құрылымдық қаржыландыруды тарту туралы мәмілеге қол қойылды. Мәміле бойынша пайыздық мөлшерлеме – 1 ай LIBOR+1,75%, көлемі 300 млн.доллар, мерзімі 5 жыл. Бұл қаржыландыруды «ҚазМұнайГаз» АҚ еншілес мұнай өндіруші компаниялардың экспорттық мәмілелер бойынша болашақ ақша ағымдары қамтамасыз етеді. Қаржыландырудың келісілген шарттары ұйымның жоғарғы несие қабілеттілігін көрсетеді /16/.
Тартылған ақша
қаражаттары ұйымның
Барлық инвестициялық жобаларды іске асыру үшін көп көлемде ақша қаражаттары және инвестициялар қажет. Осыған байланысты әр түрлі қаржыландыру көздері және қаржы құралдарын тарту нұсқалары қарастырылды, соның ішінде қор нарығындағы «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру АҚ акцияларын орналастыру. Қазіргі кезде мұнай өндірудің өсуі шектеледі, себебі ұйым көне кенорындарда қызмет етеді, қорлар азаяды және ұйым өндіру көлемін қалыпты ұстап тұру үшін жылдан жылға шығындар көлемін арттырады. Сонымен қатар, резервтер көлемін арттыру үшін Қазақстан территориясында және шет елдерде қосымша активтерді сатып алуда.
«ӨзенМұнайГаз» ӨФ АҚ қаржы-шаруашылық жағдайына талдау жүргізуден келесілер анықталды: 2006 жылы жоспарланған 5925 мың тонна мұнайдан 6180 мың тонна мұнай артық өндірілді, яғни 104,3 % - ға өткен жылмен салыстырғанда 117,6 % өсті. Жоспарланған 25,3 мың тонна газ конденсатынан артық 26,14 мың тонна газ конденсаты өндірілді, яғни өткен жылмен салыстырғанда 94 % - 103,3 % өсті. Ал жоспарланған 875 млн.м3 табиғи газынан артық 881,1 млн. м3 артық, яғни өткен жылдағы 92,5 % -дан 100,7 % өсті. /20-47б./Өндірілді:
Экспортқа сомасы 148124603 мың теңгені құрайтын 4807,6 мың тонна мұнай жіберілді, бұл жоспарланған 3432627 мың теңге алуға мүмкіндік берді, оның ішінде бағаны 6649 теңгеге өсіру себебінен 31319215 мың теңге сомасында қосымша кіріс алынды. Мұнайды жеткізу бойынша жоспарды 97,6 мың тонна аса орындап, 3007056 мың теңге көлемінде кіріс алынды. Өткен жылмен салыстырғанда өсім 42641132 мың теңгені құрап, оның ішінде мұнайды жеткізуден 642,6 мың тоннаға артық болуы және өткізу бағасын 5484 теңгеге өсіруінен болып отыр. «ӨМГ» ӨФ АҚ мұнай және мұнай өнімдерін жақын шетелге жеткізгені үшін 1635929 мың теңгені толықтай алған жоқ. Оның ішінде өткізу бағасын тонна үшін 5664 теңгеге өсіргендіктен қосымша 3010549 мың теңге сомасында кіріс алды. 260,3 мың ттонна құрайтын жеткізу жоспарының орындалмау себебінен 4646478 мың теңге құрайтын кіріс алынбады. Өткен жылмен салыстырғандағы кірістің 2013473 мың теңгеге өсуі мұнайға бағаның 5827 теңгеге өсуінен болып отыр.Мұнай өнімдерін сатудан түскен табыс 2218275 мың теңгені құрап, оның ішінде мұнай көлемін 175,3 мың тоннаға арттырудан және бағаны 162 теңгеге өсіру себебінен болып отыр. Газды өңдеуден алынған өнімді сату нәтижесінде 4232108 мың теңге көлемінде табыс алынды.
Негізгі емес қызмет
бойынша ӨФ 10758746 мың теңге көлемінде
залал шекті, соның ішінде 1490966 мың
теңге көлемінде негізгі
2006 жылы мұнай өндіруге кеткен шығындар 49770955 мың теңге құрады, ол 2005 жылмен салыстырғанда 1585913 мың теңгеге артты және 2004 жылмен салыстырғанда 14919599 мың теңгеге артты.
«ӨМГ» ӨФ АҚ қаржылық жағдайын талдау барысында кәсіпорында тұрақсыздық байқалады, яғни белгілі уақыт арасында ақша қаражаттарының дефициті, ал белгілі уақыт арасында ақша қаражатының артықшылығы байқалады. Сондықтан да күрт төмендеулер емесс қатысты тұрақтылық болу үшін ақша қаражаттарын тиімді пайдалану бойынша шаралар кешені келесі бөлімде толығырақ қарастырылған.
Осылайша зертеу жүргізілген кәсіпорынның ақша қаражаттары ағымын жақсарту мақсатында келесі әдістерді пайдалану қажет:
3.2 Кәсіпорынның ақша қаражаттары ағымын оңтайландыру әдістері
Ақша қаражаттары ағымын оңтайландыру кәсіпорынның шаруашылық қызметін жүргізу мүмкіндіктерін ескере отырып ақша қаражаттарының ұйымдастырылуының жетілген формаларын таңдау процесі /5-408б./ .
Кәсіпорынның ақша қаражаттары ағымын оңтайландырудың негізгі мақсаттары болып келесілер табылады:
Оңтайландырудың негізгі объектілері болып келесілер табылады:
Ақша ағымын оңтайландыруды жүзеге асырудың басты сілтемесі болып факторларды игеру болып табылады, олар ақша қаражаттары көлеміне және уақыт бойынша қалыптасуына әсер етеді. Бұл факторларды ішкі және сыртқы деп болады. Кәсіпорынның ақша қаражаттары ағымының қалыптасуына әсер ететін негізгі факторлар жүйесі /Қосымша 1/ көрсетілген.
Кәсіпорынның ақша ағымын оңтайландырудың негізі болып олардың жағымды және жағымсыз түрлері көлемдерінің тепе-теңдігін қамтамасыз ету болып табылады. Кәсіпорынның шаруашылық қызметі нәтижесіне жағымсыз түрде ақша қаражатының дефициті яғни жеткіліксіз болуы, сондай-ақ шамадан тыс артық болуы әсер етеді. Ақша ағымы дефицитінің жағымсыз салдары кәсіпорынның өтімділік және төлемқабілеттілік деңгейлерінің төмендеуіне, шикізат және материалдарды жеткізушілерге уақыты өткен кредиторлық қарыздың өсуіне, алынған қаржылық несиелер бойынша уақыты өткен қарыз үлесінің өсуіне, еңбекақы төлемі бойынша кідірістерге, қаржылық цикл ұзақтығының өсуіне, кәсіпорынның меншікті капитал мен активтерінің пайдалану рентабельділігінің төмендеуіне әкеледі.
Ақша ағымының артық болуының жағымсыз салдары инфляция әсерінен уақытша қолданыстағы ақша қаражатының нақты құнының жоғалтуынан, қысқа мерзімді инвестициялау саласындағы уақытша қолданылмайтын ақшалай активтер бөлігінен кірістердің жоғалуы, сонымен қатар бұл да дефицит тәрізді кәсіпорынның меншікті капиталы мен активтер рентабельділік деңгейінің төмендеуіне әкеледі.
Ақша ағымы дефицитін жақсарту әдістері оның уақытына байланысты – ұзақ мерзімді немесе қысқа мерзімді болуы мүмкін. Қысқа мерзімді кезеңдегі ақша ағымы дефицитінің тепе-теңдігін «жеделдету жүйесі– төлем айналымын бәсеңдету» пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Бұл жүйе кәсіпорында тартылған ақша қаражаттарды жеделдету және олардың төлемін бәсеңдету бойынша шараларды ұйымдастыруға негізделген. /17-377б./
Қысқа мерзімді кезеңдегі ақша қаражатын жеделдету келесі шараларды жүргізу арқылы жүзеге асырылады:
Қысқа мерзімді кезеңде ақша қаражаттар төлемін бәсеңдету келесі шаралар арқылы жүргізіледі:
«Жеделдету жүйесі – төлем айналымын бәсеңдету» қысқа мерзімдегі дефицитті ақша ағымы көлемін теңестіру мәселесін шеше отырып, алайда осы ақша ағымының келесі кезеңдерде дефицитке ұшырау тәрізді нақты мәселелер туғызатынын ескерген жөн. Сондықтан осы жүйе механизмін қолдана отырып қосымша ұзақ мерзімді кезеңдегі ақша ағымының дефицитін теңестіруді қамтамасыз ету қажет /5, 447б./.
Ұзақ мерзімді кезеңдегі жағымды ақша ағымы көлемінің өсуіне келесі шараларды жүзеге асыру арқылы қол жеткізуге болады:
Ұзақ мерзімді кезеңдегі ақша ағымының жағымсыз көлемін азайту келесілерді жүзеге асыру арқылы орындалады:
Кәсіпорынның ақша ағымының артықшылығын оңтайландыру әдістері оның инвестициялық активтілігін жоғарлатуды қамтамасыз етумен байланысты. Бұл әдістер жүйесінде келесілер қолданылуы мүмкін:
Кәсіпорынның ақша қаражаттары ағымын оңтайландыру жүйесінде олардың уақыт бойынша теңестірілуі ( жүйелі түрде бөлінуі) маңызды орын алады. Мұндай оңтайландыру үрдісінде негізгі екі әдіс қолданылады – тегістеу және синхронизациялау (біркелкілендіру).