Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 10:45, курсовая работа
Дипломдық жұмыста қойылған мақсаттарға жету үшін келесі мәселелерді шешу қажет:
- кәсіпорын қызметіндегі ақша қаражаттарының мәні мен маңызын анықтау;
- ақша қаражаттарын бөлу механизмінің және есептеу әдістерін қарастыру арқылы қазақстандық нарықта қызмет атқаратын кәсіпорынның қаржылық жағдайына талдау жүргізу;
- зерттелген кәсіпорын бойынша ақша қаражаттарының тәжірибе жүзіндегі бөліну механизмін анықтау және негізгі, қаржылық, инвестициялық қызмет бойынша ақша ағымының оптималды құрылымын анықтап, жақсарту жолдарын ұсыну.
КІРІСПЕ
1 КӘСІПОРЫННЫҢ АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Ақша қаражаттарының мәні және түрлері
1.2 Кәсіпорынның ақша қаражаттарын бөлу механизмі және
есептеу әдістері
1.3 Кәсіпорынның ақша қаражаттары ағымын жоспарлау
2.1 «ӨзенМұнайГаз» Өндірістік Филиалы Акционерлік Қоғамының шаруашылық қарекетіне талдау жүргізу
2.2 «ӨзенМұнайГаз» ӨФ АҚ қаржылық жағдайын талдау
2.3 Ақша қаражаттары ағымын басқаруды талдау
2
3 КӘСІПОРЫННЫҢ АҚША ҚАРАЖАТТАРЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУДЫ ЖЕТІЛДІРУДІҢ ЖОЛДАРЫ
3.1 «ӨзенМұнайГаз» Өндірістік Филиалы Акционерлік Қоғамының даму стратегиясы
3.2 Кәсіпорынның ақша қаражаттары ағымын оңтайландыру әдістері
Кәсіпорынның ақша ағымдарын басқару үшін маңызды қаржылық құжат болып кассадағы және банк шоттарындағы ақша қаражаттарының қозғалысының жоспары, яғни төлем балансы табылады. Ол басқарушыға операциондық және инвестициялық қарекетті оперативтік қаржыландыруды қамтамасыз етуге, мемлекет пен серіктестердің алдындағы міндеттемелерді орындауға, төлем қабілеттілігінде және кәсіпорынның активтерінің өтімділігіндегі өзгерістерді қадағалауға мүмкіндік береді.
Төлем балансын қалыптастыпудың негізгі мақсаты - кәсіпорынның ақша қаражаттары мен төлемдерінің келіп түсуінің нақты мерзімдерін бекіту және олардың жоспарлы тапсырмалар түрінде филиалдарға жеткізу.
Төлем балансы меншікті қаражаттардың жағдайын бақылауға және қарыз құралдарын тарту мүмкіндігін анықтауға мүмкіндік береді /Қосымша Ж/.
Төлем балансы негізінде басты қажеттіліктерге қаражаттарды жұмсауды бақылайды. Бұл бақылаудың маңызы уақытша қаржылық қиыншылықтар туған кезде арта түседі. Бұл құжатты дайындау қажеттілігі несиелер бойынша төлемдер жасау тәртібінің өзгерісі кезінде, мемлекет, жабдықтаушылар, қызметкерлер және құрылтайшылар алдында төлемдік міндеттемелер бар болған жағдайда артады. Осының барлығы күн сайынғы ақша түсімдерінің ағымдары мен төлемдердің арасындағы тепе-теңдікке басқарушының ерекше назар аударуын қажет етеді. Егер, тепе-теңдік жоқ болса, онда кәсіпорын айналымына қосымша ақша қаражаттарын тарту шаралары немесе ағымдағы инвестициялық шығындарды төмендету шаралары қолданылады, ақша қаражаттарының қозғалысының жоспары жасалады /Қосымша Д/.
Жоспарлаудағы тағы бір
қажетті құжат «кассалық
Ақша ағымдарының қозғалысын болжамдау екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімі жұмыс парағы бойынша есептелген ақша түсімдерінің таза ағымын, ақша қаражаттарын төлеудің әр түрлі баптарын қосады. Ақша қаражаттарының таза ағымдарының сомасы жоспарланған қарекетті жүргізу үшін қажет ақша қаражаттарының деңгейі туралы мәлімет береді. Екінші бөлімінде (қаржылық) негізгі қызметтің кәсіпорын жоспарларына әсерін көрсетеді. Кәсіпорын басшысының назары үш негізгі шамаға аударылуы қажет:
Ақшалай қаражаттарға қажеттілікті анықтауда бірнеше модельдер қолданылцы мүмкін. Бұлар:
Батыс елдері тәжірибесінде келесі модельдер белгілі:
Баумоль моделі 1952 жылы ашылған. Бұл модель бойынша есеп шоттағы ақша қаражаттарының сақталуының артықшылықтары мен кемшіліктері анықталады, талдау жүргізіледі. Кәсіпорын максималды ақша қаражаттар деңгейін қолдана отырып қызмет етеді, ақша қаражаттарды уақыт аралығында жұмсайды, тауарды өткізуден түскен қаражаттарды кәсіпорын қысқа мерзімді бағалы қағаздарға салуы да мүмкін. Ақшалай қаражаттар таусылған соң кәсіпорын сатып алынған бағалы қағаздарды сата бастайды және ақша қаражаттарын алғашқы көлемге дейін қайтадан толықтырады.
Баумоль моделі бойынша ақша қаражаттарының көлемі:
Q = √ 2*V*C/ r (2)
мұндағы, V – ақша қаражаттарына болжамды қажеттілік;
С – бағалы қағаздарға ақша қаражаттарын конвертациялау бойынша шығындар;
r – кәсіпорын үшін мүмкін қысқа мерзімді салымдар бойынша пайыздық табыс көлемі
Q/2 – ақша қаражаттарының орташа қоры
Бұл модель көбінесе тұрақты ақша қаражаттар шығындары бар және тұрақты болжамды ақша қаражат шығыстары бар кәсіпорындар үшін арналған.
Миллер-Орр моделі. Бұл модель келесі сұрақтарға жауап береді: ақшалай қаражаттардың кірісі мен шығысын алдын-ала білу мүмкін болмаған жағдайда ақшалай қаражаттарды қалай басқару қажет.
Миллер-Орр моделі бойынша келесі этаптар орындалады:
S = 3 * 3√3* РтV
/ 4* Рх
ОВ= Он+S
ТВ= Он+S/3
Стоун моделі 1972 жылы пайда болған. Миллер-Орр моделінің дамыған түрі. Бұл модельдің мақсаты – ақша қаражатының транформациялану операциясын минималдау. Миллер-Орр моделі ақша қаражатының жоғарғы шегіне жеткендегі уақытта өте өтімді активтерге немесе активтерді сатуға арналады. Стоун моделінде трансформациялау операциялары жақын күндердегі ақша қаражатының қозғалысын болжамдауға тәуелді болады.
Миллер-Орр моделі бойынша фирма А нүктесінде бағалы қағаздарды сатып алады. Стоун моделі бойынша ақша қаражаттарды трансформациялау өлшемі жақын күндердегі болжамды қалдықтарына тәуелді болады.
Монте-Карло моделі 1980 жылы Лернер ұсынған. Бұл имитациялық модельдеу әдісіне жатады.
Мұнда ақша қаражаты қалдықтарының оптималды өлшемін бағалау үшін қолданылуы мүмкін. Ақша қаражаттар қалдығы екі көрсеткіштің функциясы ретінде қарастырылады: өткізу көлемі, ақша қаражатының түсімі /10-347б./ .
Қорытындылай келе, келесі шешімге келуге болады, кәсіпорын гүлденуі оның қарекетін қамтамасыз ету үшін ақша қаражаттарын шоғырландыру қабілеттілігінде. Басшы үшін ең негізгі мәселе – бұл негізгі қызметтен түсетін ақша қаражаттарының оң ағымдарын жоспарлау және тиімді қаржыландыру кздерін іздеу.
Бұл бөлімде «ӨзенМұнайГаз» Өндірістік Филиалы Акционерлік Қоғамының негізгі қызметіне, яғни шаруашылық қарекетіне және қаржылық жағдайына талдау, сонымен қатар кәсіпорынның ақша қаражаттары ағымын басқаруына талдау жүргізілді.
2.1 «ӨзенМұнайГаз» Өндірістік Филиалы Акционерлік Қоғамының шаруашылық қарекетіне талдау жүргізу
«ӨзенМұнайГаз» өндірістік филиалы «ҚазМұнайГаз» Акционерлік Қоғамының № 580 жарлығы бойынша құрылып, Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында орналасқан өндірістік филиалы болып табылады.
Қоғам «ЕмбіМұнайГаз» Акциеонерлік Қоғамы мен «Өзенмұнайгаз» Акционерлік қоғамын біріктіру нысанында қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылды. «ЕмбіМұнайГаз» Акционерлік Қоғамы мен «ӨзенМұнайГаз» Акционерлік Қоғамының барлық мүлкінің, құқықтары мен міндеттемелерінің құқықтық мұрагері болып табылады. Сондай – ақ, Қоғам Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылады, дербес балансы, банктік шоттары болады, өз атынан мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарға ие болады және жүзеге асырады, жауапкершілікте болады және сотта талапкер және жауапкер бола алады. Өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Азаматтық кодексін, «Акционерлік қоғам туралы» Қазақстан Республикасының Заңын және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін ( бұдан әрі – Заңнама деп аталады), сондай – ақ осы Жарғыны ( бұдан әрі – Жарғы ) басшылыққа алады. Қоғам әділет органдарында мемлекеттік тіркелген сәтінен бастап заңды тұлға мәртебесіне ие /16/
Қазақстанның Батыс аумағының байлығын игерудегі Өзен кенорының ашылуы үлкен қуаныш болды. Өзен кенорыны келесі себептермен ерекшеленеді:
Маңғыстау аймақтық мұнай байлықтары жергілікті тұрғындармен ғасырлар бойы қолданылуда. Мысалы, Қарасаз, Таспас аймақтарының жер қабатының бетіне шығатын 1959 жылы ССР жене КССР геологиялық министрліктер кеңесінің эксперттік – геологиялық кеңесінде Маңғышлақ аймағында мұнай және газды іздеу, барлау жұмыстарын жүргізуге шешім қабылданды. 1960 жылдың 5 қаңтарында шебер Ғазиз Абдирзаковтың бригадасы ең алғаш Өзен кенорынынан газ фонтанын ашты.
Ең алғаш рет Өзен кенорыны мұнайы 1965 жылы 10 шілдеде жаңа салынған Мақат-Ақтау-Өзен теміржолы арқылы тиеліп жөнелтілді. 2 жыл ішінде ұзындығы 1450км созылған Өзен-Ақтау-Самара магистралды мұнай құбыры салынды. Бес жыл ішінде аймақтағы мұнай өндіру жылына 330 мың тоннадан 10,4 млн.тоннаға дейін көтерілді. 1977 жылы мұнай өндіру деңгейі Қазақстан бойынша жылына 20,3 млн.тоннаны құрады, оның 16 млн. тоннасын тек қана Өзен кенорыны берді. Осы мұнай өндіру кенорынының нәтижесінде қазіргі таңда 70 мыңнан аса адам тұратын Жаңаөзен мұнайшылар қаласы салынды. Көп көлемдегі мұнай өндірісін қамтамасыз ететін инфраструктура мен қажетті база құрылды.
Қоғам қызметінің мақсаты мен негізгі түрлері:
Қоғамның мақсаты – дербес шаруашылық қызметін жүзеге асыру барысында таза кіріс алу.
Қоғамның қызметінің негізгі түрлері: