Ақша қаражаттары

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 10:45, курсовая работа

Краткое описание

Дипломдық жұмыста қойылған мақсаттарға жету үшін келесі мәселелерді шешу қажет:
- кәсіпорын қызметіндегі ақша қаражаттарының мәні мен маңызын анықтау;
- ақша қаражаттарын бөлу механизмінің және есептеу әдістерін қарастыру арқылы қазақстандық нарықта қызмет атқаратын кәсіпорынның қаржылық жағдайына талдау жүргізу;
- зерттелген кәсіпорын бойынша ақша қаражаттарының тәжірибе жүзіндегі бөліну механизмін анықтау және негізгі, қаржылық, инвестициялық қызмет бойынша ақша ағымының оптималды құрылымын анықтап, жақсарту жолдарын ұсыну.

Оглавление

КІРІСПЕ
1 КӘСІПОРЫННЫҢ АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Ақша қаражаттарының мәні және түрлері
1.2 Кәсіпорынның ақша қаражаттарын бөлу механизмі және
есептеу әдістері
1.3 Кәсіпорынның ақша қаражаттары ағымын жоспарлау
2.1 «ӨзенМұнайГаз» Өндірістік Филиалы Акционерлік Қоғамының шаруашылық қарекетіне талдау жүргізу
2.2 «ӨзенМұнайГаз» ӨФ АҚ қаржылық жағдайын талдау
2.3 Ақша қаражаттары ағымын басқаруды талдау
2
3 КӘСІПОРЫННЫҢ АҚША ҚАРАЖАТТАРЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУДЫ ЖЕТІЛДІРУДІҢ ЖОЛДАРЫ
3.1 «ӨзенМұнайГаз» Өндірістік Филиалы Акционерлік Қоғамының даму стратегиясы
3.2 Кәсіпорынның ақша қаражаттары ағымын оңтайландыру әдістері

Файлы: 1 файл

КУРСОВАЯ АкшаКаражаттары.doc

— 949.50 Кб (Скачать)

 Ескерту: дерек көзі – ұйымның бюджеттің атқарылуы туралы түсіндірме хаты.

 

 Эксплуатациалық шығындардың 2006 жылы 2005 жылмен салыстырғанда 512 146 мың теңгеге азайғандығын көреміз, алайда ол 2004 жылмен салыстырғанда 10 151 184 мың теңгеге өскен. Шикізат және материалдарға шығындар өткен жылмен салыстырғанда, жеткізушілердің химреагенттерді жеткізбеу себебінен 285 545 мың теңгеге азайған, соның ішінде химреагенттер бойынша 283 тонна, Рауану бойынша 471 тонна көлемінде, тұзды қышқыл бойынша 283 тонна, инопол бойынша 250 тонна, Додиген бойынша 693 тонна көлемінде, хлорлы кальций бойынша 381 тонна көлемінде. Насостар бойынша шығындар 164 538 мың теңге көлеміндегі шығын, жаңа техника – технологияны енгізумен байланысты насостарды қолдануды 613 данаға көбейту себебінен болып отыр.

Құбырлар бойынша шығындар 2006 жылы өткен жылмен салыстырғанда 33 038 мың теңгеге азайып отыр, ол құбыр өнімдерінің құны арасындағы айырма-шылықтан болды.

 

Кесте 7

Құбырлар бойынша шығындар

 

2005жыл

2006 жыл

саны

бағасы

Сомасы

саны

бағасы

сомасы

Құбырлар, тонна

8 526

96 304

821 087

8 962

87 931

788 049


«Жанармай» бабы бойынша – 53 884 мың теңгеге азаю, оның ішінде табиғи газды 20 831 мың теңгеге үнемдеу, оны пайдалануды 27 млн.м3 азайту себебінен болып отыр. Сондай-ақ,құрғақ газды пайдалануды 7,8 млн.м3 азайту 33 053 мың теңгені үнемдеуге алып келді.

«Энергия» бабы бойынша  – 41 671 мың теңге көлшемінде үнемделген, соның ішінде: электро энергияны пайдалануды 12 094 мың квт.сағатқа азайту есебінен 3 993 мың теңгет үнемделген.

Табиғи шикізатты пайдалануға  төлем мұнайдың сату бағасын 6 720 теңгеге өсіру және мұнайды өндіруді 255 мың тоннаға ұлғайту себебінен       1 431 556 мың теңге көлеміндегі шығынға әкелді.

Транспорттық шығындар бойынша 33 706 мың теңге көлемінде шығындалу байқалады, жер асты жұмыстарының созылуы және мұнай өндіру көлемімен байланысты /17/.

Өзге де қызметтер бойынша 1 252 617 мың теңге көлемінде үнемдеу байқалады, оның себебі келісім шарт бойынша баға бюджетте көрсетілген бағадан төмен болуында.

Кесте 8

Бюджет және келісім  шарт бойынша бағадағы айырмашылықтар

                                                                                                       мың теңге

Қызмет түрлері

Бюджет б/ша сома

Келісім шарт б/ш сома

нақты

Бюджеттің келісілген бағадан ауытқуы

1. мұнай және газ қорын есебі

100 000

85 000

85 000

-15 000

2. Өзен к/о өңдеу туралы жоба құру

160 000

86 956

86 956

-73 044

3. Қарамандыбас к/о өңдеу туралы  жоба құру

60 000

51 304

38 162

-8 696

4.Өзен кенорнының ауданы мен  тереңдігін есепке ала отырып тау отвотын құру

1 500

1 304

174

-196

5. Өзен және Қарамандыбас к/о  бойынша барлау жұмыстарының  жобасын құру

10 000

8 696

7 304

-1 304

6.Өзен кенеорнының өңдеу жағдайын талдау

25 000

21 739

21 739

-3 261

7.Қарамандыбас кенеорнының өңдеу жағдайын талдау

10 000

8 696

8 700

-1 304

8. Өзен к/о бойынша жобаның  іске асуын авторлық қадағалау

24 520

21 250

21 250

-3 270

10.ӨМГ к/о бойынша мұнай   балансын қалыптастыру

840

1 044

24 326

 

                                   8 кестенің жалғасы        

1

2

3

4

5

11. мұнай өндірудің технологиялық  процестерін химиялық талдау  бойынша зертханалық жұмыстар.

30 000

26 087

26 087

-3 913

12. Өңдеу жзобалары, экологиялық  зерттеу бойынша кеңес беру  жұмыстары.

47 800

29 000

36 198

-18 800

13.ППД үшін суды пайдалану мүмкіндіктерін анықтау

1 700

1 500

1 500

-2 000

14.Карамандыбас және Өзен к/о  бойынша ГТМ тиімділігін бағалау  және жобалау

174 750

174 750

14 085

 

Барлығы

     

-135 092


Ескерту: дерек көзі – ұйымның бюджеттің атқарылуы туралы түсіндірме хаты.

 

Сондай-ақ, 111 934 мың теңге «Карамандыбас және Өзен к/о бойынша ГТМ тиімділігін бағалау және жобалау» тақырыбы бойынша материалдық емес активтерді алуға капиталдық салымдардан көрінеді. Маркшейдерлік қызметтер бойынша бюджеттік соманың келісім шарт сомасынан айырмашылық болуынан 3 528 мың теңге сомасында қаражат үнемделді. Сейсмомониторинг бойынша 15 000 мың теңге бұл түрден келісім шарттың болмауына байланыстыц үнемделді. Ұңғыларды химиялық өңдеу бойынша 58 416 мың теңге түрлі жоспар бойынша шаралардың іске асырылмау себебінен жұмсалмады. Тәжірбиелік-өнеркәсіптік жұмыстардағы пласт бойынша мұнайды қайтаруда 42 567 мың теңге көлемінде шығындалды, ол ГРП бойынша қызмет бағасының 2 718 мың теңгеге өскендінінен болды. УЭН бойынша техникалық қызмет көрсетудегі 166 483 мың теңгеге үнемдеу бағаның 1 квт.сағ. үшін 2,07 теңгеден 1,96 теңгеге төмендеу салдарынан болды. Құралдарды стандартизациялау бойынша 1 084 мың теңге көлемінде үнемдеу монометрлерді жөнедеу бойынша тендердің кеш жүргізілуінде. Автоматика құралдары бойынша қызмет көрсетуде 18 260 мың теңге көлемінде үнемделді, оның себебі 2005 жылдың қазан айынан бастапқызмет көрсетулерге жаңа тарифтің енгізілуінде. Обьектілерді қорғау бойынша 20 836 мың теңге көлемінде сома үнемделді, ол  бюджет құрылымындағы өзгерістер себебінен болды. Осы себеп бойынша тағы да тамақтану бойынша 167 342 мың теңге сомасында үнемделу байқалады.

Бүкіләлемдік Банк шығындары  бойынша 204 825 мың теңге көлемінде ақша үнемделді, оның себебі ӨМГ – ның «Инитек Плантас ИндастрилесС» компаниясымен анықталған Объектілер бойынша жобалау, дайындау, тестілеу, жеткізу, монтаждау, аяқтау және енгізу жұмыстарын жүргізу туралы келісім шарттың кеш жасақталуында (теңіз суын дайындау бойынша қондырғы). Бұл келісім шарттың 10% көлемі 2005 жылдың 4 тоқсанында жоспарланған, алайда КМГ БӨ АҚ қаражаттарды аудару бойынша өтініштің    ұзаққа созылуынан қаражат 2006 жылдың 1 тоқсанында аударылды. Негізгі қорлардың амортизациясы бойынша шығындалу 1 897 243 мың теңгені құрауы амортизация нормасының есептімен салыстырғанда 0,1% өсуі және жоспардан тыс мұнай өндіру салдарпынан жаңа объектілерді енгізу себебінен болды. Еңбекақы бойынша шығындар 425 795 мың теңгеге премияны 80 %дан 72% азайту себебінен үнемделді. Салықтық төлемдер бойынша үнемдеу 119 226 мың теңгені құрады, соның ішінде ФЗП төмендеу салдарынан әлеуметтік салық 38 993 мың теңгеге, мүлікке салық бойынша 17 947 мың теңгеге, жер салығы бойынша – 113 822, транспорттық құралдарға салық бойынша – 18 500 мың теңге сомасында үнемделді. Оның себебі жоспар бойынша бұл шығындар мұнай өндіруге, ал нақты қызмет атқарушы филиалдар арасында бөлінген. Кейбір салық түрлері бойынша шығындар байқалады – жол қорына 1 619 мың теңге көлеміндегі сома кірістің өсу себебінен шығындалды, табиғатты қорғау бойынша 33 623 мың теңге көлеміндегі шығын облыс әкімінің мөлшерлемені өсіру себебінен болды. Сонымен қатар, өзге де әкімшілік шығындардың өндірістікке ауыстырылу себебінен шығындар бойынша үнемделу байқалды, олар: жолдамалар – 64 871 мың теңге, коммуналды шаруашылық – 11 073 мың теңге, квалификацияны дайындау және жоғарлату – 2 343 мың теңге, байланыс – 10 392 мың теңгені құрады.

Табиғи газ және конденсатты  өндіруге кеткен шығындар жоспарланған   8 192 789 мың теңгеден 812 300 мың теңгені құрап, нәтижесінде 6 978 мы теңге үнемделді.

Газды өңдеуге кеткен шығындар жоспарланған 3837417 мың теңгеден    3 823 206 мың теңгені құрап, нәтижесінде 14 210 мың теңге үнемделді.

Ауыз суды өндіруге кеткен шығындар 197 618 мың теңгені құрайды, ол жоспарланған 184 799 мың теңгеден артық 12 819 мың теңге сомасындағы шығынды құрайды./20-32б./

Мұнайды өңдеу бойынша шығындар.

«ӨМГ» ӨФ АҚ мұнайға, газға  және  суға арналған іздеу, барлау, құрылымдық  және пайдалану ұңғымаларын  бұрғылау, оларды  тоқтатып қою тәрізді  мұнайды өңдеу жұмыстарымен айналысады.

«ӨМГ» АҚ мұнайды шикізат ретінде АНПЗ-ға жеткізіліп, мұнай өнімдерін сату мақсатында өңделеді. Осыған байланысты қоғам өз қажеттіліктері үшін жұмсалатын бензин және дизжанармайға акциздерді төлеу, процессинг және мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу бойынша шығындары болады.

Төменде келтірілген  кестеден көретініміздей 2006 жылы мұнайды  өңдеу бойынша шығындар өткен  жылмен салыстырғанда  693 127 мың теңге көлемінде шығындалған. Оның ішінде АНПЗ-ға дейін айдау 2006 жылы мұнайды жеткізуді 161 мың тоннаға өсіру салдарынан 146 682 мың теңгеге өсті. АНПЗ-ға дейін мұнайды өңдеу бойынша қызмет көрсету 437 950 мың теңгеге шығындалды, ол мұнайды жеткізу көлемінің 161 мың тоннаға ұлғаюынан.

 

 

 

 

Кесте 9

Мұнайды өңдеу бойынша  шығындар

                                                                                                      мың теңге

Атауы

өлшем бірлігі

2004

2005

2006

1

АНПЗ-ға дейін айдау  көлемі

Бағасы

сомасы

Мың тонна

Теңге

Мың теңге

11 50

918

1 055 700

1 215

918

1 115 960

1 376

918

1 262 642

2

АНПЗ-ға дейін мұнайды өңдеу  бойынша қызмет көрсету                   

Бағасы

                            сомасы

 

 

Мың тонна

Теңге

Мың теңге

 

 

1 150

2 465

2 834 750

 

 

1 215

2 453

2 980 393

 

 

1 376

2 430

3 418 343

3

Акциз

Мың теңге

526 500

770 596

879 092

 

Барлық шығындар

Мың теңге

4 416 950

4 866 950

5 560 077


Ескерту: дерек көзі – ұйымның бюджеттің атқарылуы туралы түсіндірме хаты.

 

2006 жылға арналған  «ӨМГ» ӨФ қызмет түрлері бойынша  қаржылық қарекетінің қорытындысы  келесі кестеде көрсетілген:

Кесте 10

 

«ӨМГ» ӨФ қызмет түрлері  бойынша қаржылық қарекетінің қорытындысы

                                                                                                                   мың теңге

Қызмет түрі

Кіріс

Шығыс

ауытқу

1

Мұнайды өндіру

164 160 323

100 311 333

63 848 990

2

Газды өңдеу

4 232 108

3 717 358

514 750

3

Ауыз суды өндіру

161 456

197 618

-36 162

4

Өзге қызмет көрсетулердерден

кіріс

3 956 355

2 944 105

1 012 250

5

Өзге де қызметтер

9 378 486

20 137 232

-10 758 746

6

Пайлық үлестен кіріс

73 571

 

73 571

 

Барлығы

181 962 299

127 307 646

54 654 653


Ескерту: дерек көзі – ұйымның бюджеттің атқарылуы туралы түсіндірме хаты.

 

Жоғарыдағы кестеден көретініміздей «ӨМГ» ӨФ мұнай өткізуден 63 848 990 мың теңге сомасында кіріс алды, 1 тоннаға 15 247 теңге шығыннан өткізу бағасы 26 487 теңгені құрады. Ал газды өңдеу бойынша 514 750 мың теңге сомасында кіріс алынды, қысылған газды 9 183 теңге бағасымен сатудан алды. Ол өз құнынан 7 93 теңгеге артық. Қысылған газдың жоғарғы бағасы бұл өнімнің экспортқа шығарылуымен байланысты. Ауыз су бойынша 36 162 мың теңге көлемінде шығын байқалады, ол 1 м3 үшін 48,76 теңге жоспар бойынша нақты 50,37 теңгені құрауынан болды. Өзге де қызметтер бойынша 10 758 746 мың теңге сомасында шығындар байқалады, соның ішінде әрі қарай пайдалануға жарамсыз негізгі құралдар – 1 490 966 мың теңге, курстық айырмашылық бойынша 358 586 мың теңге, валюта конвертациясы нәтижесінде 9 150 390 мың теңге негізгі құралдарды қайта бағалаудан. Өнім бірлігінің өзіндік құны келесі кестеде көрсетілген:

Информация о работе Ақша қаражаттары