Ақша қаражаттары

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 10:45, курсовая работа

Краткое описание

Дипломдық жұмыста қойылған мақсаттарға жету үшін келесі мәселелерді шешу қажет:
- кәсіпорын қызметіндегі ақша қаражаттарының мәні мен маңызын анықтау;
- ақша қаражаттарын бөлу механизмінің және есептеу әдістерін қарастыру арқылы қазақстандық нарықта қызмет атқаратын кәсіпорынның қаржылық жағдайына талдау жүргізу;
- зерттелген кәсіпорын бойынша ақша қаражаттарының тәжірибе жүзіндегі бөліну механизмін анықтау және негізгі, қаржылық, инвестициялық қызмет бойынша ақша ағымының оптималды құрылымын анықтап, жақсарту жолдарын ұсыну.

Оглавление

КІРІСПЕ
1 КӘСІПОРЫННЫҢ АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Ақша қаражаттарының мәні және түрлері
1.2 Кәсіпорынның ақша қаражаттарын бөлу механизмі және
есептеу әдістері
1.3 Кәсіпорынның ақша қаражаттары ағымын жоспарлау
2.1 «ӨзенМұнайГаз» Өндірістік Филиалы Акционерлік Қоғамының шаруашылық қарекетіне талдау жүргізу
2.2 «ӨзенМұнайГаз» ӨФ АҚ қаржылық жағдайын талдау
2.3 Ақша қаражаттары ағымын басқаруды талдау
2
3 КӘСІПОРЫННЫҢ АҚША ҚАРАЖАТТАРЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУДЫ ЖЕТІЛДІРУДІҢ ЖОЛДАРЫ
3.1 «ӨзенМұнайГаз» Өндірістік Филиалы Акционерлік Қоғамының даму стратегиясы
3.2 Кәсіпорынның ақша қаражаттары ағымын оңтайландыру әдістері

Файлы: 1 файл

КУРСОВАЯ АкшаКаражаттары.doc

— 949.50 Кб (Скачать)

Ақша ағымын талдауды Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп арқылы жүргізген ыңғайлы. Халықаралық IAS7 стандартына сәйкес бұл есеп беру қаражаттарды пайдалану көздері және бағыттары бойынша емес, кәсіпорынның қызмет аясы – операциялық, қаржылық, инвестициялық бойынша қалыптасады. Ол ақша ағымын талдаудың басты көзі болып табылады /5, 473б./.

Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп ұйым басқармасы, сондай-ақ инвесторлар мен кредиторлар  үшін маңызды ақпарат болып табылады. Ол ұйымның ағымдық, инвестициялық және қаржылық қызметінің оның  ақша қаражатына әсерін көруге, анықталған кезең бойынша оның өзгерісін қарауға мүмкіндік береді.

Ақша қаражатының  қозғалысы туралы есептің құраушы бөліктері болып ұйымның қаржылық, инвестициялық және ағымдық қызметі резервіндегі ақша қаражатының келіп түсуі мен жұмсалуы табылады.

Ағымдық қызмет ақша қаражатының ұйымның пайдасы  көлеміне әсерін тигізетін шаруашылық операциялар қаражаттарын көрсетеді. Бұл категорияға тауарларды сату- сатып алу(қызмет көрсету), несие бойынша пайыздарды  төлеу,еңбекақы төлеу, салықтық аударымдар тәрізді операциялар жатады.

Инвестициялық қызмет түсінігіне негізгі құралдарды, бағалы қағаздарды сатып алу немесе шығару, несие беру кіреді.

Қаржылық қызмет өзіне компания қызметі үшін қаражаттарды меншік иелерінен алу және оны қайтару, сатып алынған акциялар бойынша операцияларды және өзгелерді қосады.

Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебі келесілерді  көрсетеді:

  • кәсіпорынның ағымдық қызмет нәтижесіндегі ақша қаражатын анықтау;
  • кәсіпорынның инвестициялық қызметі нәтижесіндегі ақша қаражатын анықтау;
  • кәсіпорынның қаржылық қызметі нәтижесіндегі ақша қаражатын анықтау.

Бұл үшін баланс көрсеткіштері мен кіріс және шығыс туралы есеп қолданылады. Кіріс және шығыс туралы есеп беру- талданып отырған уақыттағы кәсіпорын қызметінің қаншалықты пайдалы болғанын көрсетеді. Алайда, ол кәсіпорынның ағымдық, қаржылық, инвестициялық қызметіндегі ақша қаражатының келіп түсуі мен шығуын анықтай алмайды.

Шығындар мен пайда есебі аударымдар әдісі бойынша, яғни ақша қаражаттарының келіп түсуі/ шығуынан бастап емес, кірістер/шығыстардың пайда болу уақытынан бастап есептеледі.Ақша  қаражатының қозғалысын анықтау үшін пайда және шығындар туралы есепті трансформациялау қажет.

Ақша қаражатының қозғалысы туралы есепті құрмас бұрын, ең бастысы баланстың қандай бабы кемінде екі кезең барысында ақша ағымын қалыптастыру көзі болып табылды және қандай бап шығынға ұшыратқанын  анықтау қажет. Бұл кәсіпорынның тұтыну және тұтыну қоры көздерін көрсететін кестелер көмегімен анықталады.Алдымен, әрбір баланс бабының өзегрісі қаралады, содан кейін берілген өзгеріс келесі ержелерге байланысты  ақша қаражатының тұтыну  немесе қалыптасу көздеріне жататындығы анықталады:

  • қолма-қол ақшаның бар екендігін анықтайтын негізгі көрсеткіш «міндеттемелерге» немесе «меншікті капиталға» қатыстс кез-келген баптың өсуі болып табылады;
  • сондай-ақ, кез-келген актив шотының кемуі ақша ағымының қалыптасу көзі болып табылады (айналымнан тыс активтерді сату немесе қорлардың азаюы).

Тұтыну:

  • Ақша қорларын тұтыну «міндеттемелер» немесе «меншікті капитал» қатысты кез-келген шоттың азаюын көрсетеді.Бар қорларды тұтыну мысалына несиелерді жабуды жатқызамыз;
  • Баланстың активті бабының кез-келген  өсімі.Cash flow пайдалану мысалына запастардың қалыптасуы, айналымнан тыс активтерді сатып алу жатады.

 

Кесте 18

 

«ӨзенМұнайГаз»  ӨФ АҚ ақша қаражаттарының қозғалысы  туралы есеп

 

Атауы

2008, мың тг.

Үлес салм,%

2009, мың тг.

Үлес салм,%

2010, мың

тг.

Үлес салм,%

1

2

3

4

5

6

7

Операциялық қызметтен түскен ақша қаражаттарының қозғалысы

Ақша түсімі

Өнімді өткізу

Алынған аванстар

Сыйақылар

Өзге де түсімдер

Ақша шығысы

Жеткізушілер мен мердігерлер  төлемдері

Берілген аванстар

Еңбекақы бойынша төлемдер

Бюджетпен есеп айырысу

Займдар бойынша сыйақылық төлемдер

Өзге де төлемдер

Операциялық қызмет нәтижесіндегі ақшаның өсімі

 

 

 

 

 

 

53544700

51711216

1014186

65028

754270

38135542

8650861

 

1789286

10269087

 

14138885

1843992

 

1443431

15409158

 

 

 

 

100,0

96,6

1,9

0,1

1,4

100,0

22,7

 

4,7

26,9

 

37,1

4,8

 

3,8

 

 

 

 

63515990

60903860

1290662

84467

1237001

42562684

8297735

 

958417

11925495

 

16802493

1736930

 

2841614

20953306

 

 

 

 

100,0

95,9

2,0

0,1

1,9

100,0

19,5

 

2,3

28,0

 

39,5

4,1

 

6,7

 

 

 

 

 

73835975

69631567

2794968

122435

1287005

52691826

12060914

 

931724

14390388

 

20966252

1295794

 

3046754

21144149

 

 

 

 

100,0

94,3

3,8

0,2

1,8

100,0

22,9

 

1,8

27,3

 

39,8

2,5

 

5,8

18 кестенің жалғасы

1

2

3

4

5

6

7

Инвестициялық қызметтен түскен ақша қаражатының  қозғалысы

Ақша түсімі

Негізгі құралдарды сату

Қаржылық активтерді сату

Өзгелер

Ақша шығысы

Материалдық емес активтерді алу

Негізгі құралдарды алу

Өзге ұзақ мерзімді активтерді алу

Қаржылық активтерді алу

өзге де төлемдер

Инвестициялық қызмет нәтижесіндегі ақшаның азаюы                  

 

 

                                           

 

 

 

 

88217

63455

24762

 

14973979

178815

 

10894405

2331796

 

1568571

392

 

- 14885762

 

 

 

 

 

 

100,0

71,9

28,1

 

100,0

1,2

 

72,8

15,6

 

10,5

0,0

 

 

 

 

151225

105520

45705

 

15114190

99701

 

11137395

1594154

 

1309783

973157

 

-14962965

 

 

 

 

100,0

69,8

30,2

 

100,0

0,7

 

73,7

10,5

 

8,7

6,4

 

 

 

 

1344864

14815

 

1330049

18864872

401791

 

14877364

2128321

 

5050

752346

 

-16820008

 

 

 

 

100,0

1,1

 

98,9

100,0

2,2

 

81,9

11,7

 

0,0

4,1

Қаржылық қызметтен  түскен ақша қаражатының қозғалысы

Ақша түсімі

Акция және өзге де бағалы қағаздар эмиссиясы

Займдарды алу

Ақша шығысы

Займдарды өтеу

Дивидендтерді төлеу

өзге де төлемдер

Қаржылық қызмет нәтижесіндегі ақшаның азаюы

 

 

 

 

8448129

855808

 

17592321

19321618

15933532

1693391

1694695

 

-873489

 

 

 

 

100,0

4,6

 

95,4

100,0

82,5

8,8

8,8

 

 

 

 

34919076

 

 

34919076

40458576

34008544

2825566

3624466

 

-539500

 

 

 

 

100,0

 

 

100,0

100,0

84,1

7,0

9,0

 

 

 

 

15253337

 

 

15253337

19276323

15966867

3309456

 

 

-4022986

 

 

 

 

100,0

 

 

100,0

100,0

82,8

17,2

 

Ақшаның артуы (кемуі)

Есепті кезең басындағы  ақшалар

Есепті кезең соңындағы  ақша

-350093

2143834

 

1793741

 

450841

1793741

 

2244582

 

301155

2244582

 

2545737

 

Ескерту: дерек  көзі – ұйымның ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебі.

 


 

 

Сурет 4. «ӨзенМұнайГаз» ӨФ АҚ 2004 жылғы ақша ағымдары

 

Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепті талдау көрсеткендей:

Операциялық қызмет бойынша жалпы ақша түсімі шығыстан асып түсті, яғни талданып отырған кезең  бойынша ақша қаражаттарының өсімі байқалады. 2004 жылды қарастыратын болсақ: ақша қаражаттарының түсімі негізінен өнімді өткізуден түскен түсім есебінен (96,6%), алынған авнстар, сыйақылар тәрізді өзеге де түсімдер көп емес (олар 1,9%; 0,1%; 1,4%). Ақша қаражаттарының шығысы негізінен үш бап есебінен: бюджетпен есеп айырысу (37,1%), еңбекақы (26,9%) және жеткізушілер мен мердігерлермен есеп айырысу (22,7%) болып отыр. өзге баптар бойынша шығыс үлесі көп емес және бірдей: займдар бойынша сыйақылар төлеу (4,8%), берілген аванстар (4,7%) және өзге де төлемдер (3,8%). Жалпы алғанда 2004 жыл бойынша операциялық қызмет нәтижесіндегі ақша қаражаттарының өсімі 15409158 мың теңгені құрады.

2005 жылдағы операциялық  қызмет бойынша ақша қаражаттарының  қозғалысын қарастыратын болсақ: ақша қаражаттарының түсімі 2004 жыл тәрізді негізгі өнімді өткізуден түскен түсім есебінен болып отыр (95,9%), өзге де баптар бойынша жағдай өзгеріссіз қалып отыр. Ақша қаражатының шығысы  да 2004 жылдағы баптар негізінде болды: негізгі үлес -  бюджетпен есеп айырысу (39,5%), еңбекақы бойынша есеп айырысу (28%) және жеткізушілер мен мердігерлермен есеп айырысу (19,5%). Берілген аванстар үлесі 2004 жылмен салыстырғанда екі есе азайып, 2,3%  құрады, займдар бойынша сыйақылар төлемінің үлес салмағы (4,1%), ал өзге де төлемдер (6,7%) өсті. Жалпы алғанда 2004 жыл бойынша операциялық қызмет бойынша ақша қаражатының өсімі 20 953 306 мың теңгені құрады. 2004 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 5 544 148 мың теңгеге өсті, бұл кәсіпорын үшін жағымды жағдай болғанын көрсетеді.

2006 жыл: түсімдер бойынша  негізгі үлесті бұрынғыша негізгі өнімді өткізуден түскен түсім (94,3%), алынған аванстар үлесінің өсімі байқалады (3,8%), қалған баптар өзгеріссіз қалды деп айтуға болады. Шығыстың көп бөлігін бюджетпен есеп айырысу бабы құрайды (39,8%), сәл азырақ – еңбекақы бойынша есеп айырысу (27,3%) және жеткізушілер мен мердігерлермен есеп айырысу (22,9%) құрады. Өзге де баптар үлесі шамалы. Операциялық қызмет нәтижесіндегі ақша қаражаттарының өсімі 21 144 149 мың теңгені құрады.

 

 


 

Сурет 5.  2005 жылғы  «ӨзенМұнайГаз» ӨФ АҚ ақша ағымдары

 

Талданған жылдарда инвестициялық қызмет бойынша ақша қаражаттарының азаюы байқалады, толығырақ қарастыратын болсақ:

2004 жылы: ақшалай  түсімдер негізінен негізгі құралдарды  сату есебінен болды (71,9%), қаржылық активтерді сатудан (28,1%) құрады. Ақша қаражаттарының шығысы негізгі құралдарды алудан (72,8%), қалған баптар үлесі: өзге де ұзақ мерзімді активтерді алу 15,6%; қаржылық активтерді алу 10,5%; материалды емес активтерді алу 1,2%. Жалпы алғанда инвестициялық қызмет нәтижесінде ақша қаражаттарының азаюы 2004 жылы 14885762 мың теңгені құрады.

2005 жылы: түсімдер  құрылымы өзгерген жоқ, өткен жылдағыдай негізгі құралдарды сату бабы шамамен 70% құрап, нақты (69,8%), ал қаржылық активтерді сату бабы – 30,2% құрады. Ақша қаражаттарының шығуына байланысты жағдай өткен жылмен салыстырғанда өзгерді. Негізгі құралдарды алу бабының үлес салмағы (73,7%) өсті, ал қалған баптардың үлесі азайды: өзге де ұзақ мерзімді активтерді алу 10,5%; қаржылық активтерді алу 8,7%; материалды емес активтерді алу 0,7%; алайда өзге де төлемдер үлесі біршама өсті және 6,4% құрады. Қорытындылай келе 2005 жылы инвестициялық қызмет бойынша ақша қаражаттарының азаюы 14962965 мың теңгені құрады. Ол өткен жылмен  салыстырғанда өзгергені байқалады.

2006 жыл: ақша  қаражаттарының түсімі бар болғаны 1,1% негізгі құралдарды сатудан және 98,9% өзге көздер бойынша болды. Қаржылық активтерді сату жүзеге асырылған жоқ. Ақша қаражаттарының шығысы негізгі құралдарды алудан (81,9%) және өзге ұзақ мерзімді активтерді алудан (11,7%). өзге баптар үлесі шамалы деңгейде. 2006 жылы инвестициялық қызмет бойынша ақша қаражаттарының азаюы 16820008 мың теңгені құрады.

Сондай-ақ, қаржылық қызмет бойынша талданып отырған  кезеңдерде ақша қаражатының кемуі байқалады. 2004 жыл: ақша қаражаттарының түсімі негізінен алынған займдар есебінен болды (95,4%), ал қалған аз бөлігін акция және өзге бағалы қағаздар эмиссиясы құрады. Ақша қаражаттарының шығуында көп бөлікті займдарды өтеу бабы алады (82,5%), мұнда алынған және өтелген займдардың ақшалай қатынасының ұқсас екендігін айта кеткен жөн. Сонымен қатар, ақша қаражатының шығысы дивидендтерді төлеу және өзге де төлемдер бойынша бірдей (8,8%) көлемде болды. Жалпы алғандағы қаржылық қарекет бойынша 2004 жылғы ақша қаражатының азаюы 873489 мың теңгені құрады.

2005 жылы: ақша  қаражаттарының түсімі тек қана  алынған займдар бойынша болды, ал акция және өзге де бағалы қағаз эмиссиясы жүргізілген жоқ. Ақша қаражаттарының шығуы 2004 жыдағыдай негізінен займдарды өтеу бабы есебінен (84,1%) болды. Төленген дивидендтер және өзге де төлемдер үлесі өзгеріссіз қалды: 7% және 9%. Қаржылық қарекет бойынша ақша қаражаттарының азаюы 5539500 мың теңгені құрады, оның өткен жылмен салыстырғанда өскені байқалады.

2006 жыл: Өткен  жылдарда көрсетілгендей ақша  қаражаттары алынған займдар  есебінен болды. Шығыста негізгі үлесті займдарды өтеу бабы (82,8%), дивидендтерді төлеу бойынша бап 17,2% құрады. Қаржылық қызмет нәтижесіндегі ақша қаражаттарының азаюы 4022986 мың теңгені құрады.

 

 

  


    

 

 Сурет 6. «ӨзенМұнайГаз» ӨФ АҚ 2006 жыл бойынша ақша ағымдары

 

Үш жыл қорытындысын салыстыратын болсақ: 2004 жылы ақша қаражаты қозғалысы нәтижесінде анықталған қызмет түрлері бойынша ақшаның кемуі (3500963 мың теңге) байқалады, бұл әрине кәсіпорын үшін жағымсыз жағдай. Алайда 2005 жылы ақша қаражаттары 450841 мың теңгеге өсті. Бұл кәсіпорынның 2005 жылы 2 есе көп займ алуымен байланысты. 2006 жылы ақша қаражаттарының қозғалысы қорытындысында барлық қарекет түрлері бойынша ақшаның 301155 мың теңгеге өсуі байқалады. Бұл 2005 жылмен салыстырғанда ақша қаражаттарының өсуінің көп көлемін құрамайды.

2006 жыл бойынша түсімдер мен шығыстарды анықтап қарастырған жөн. Көрнекті болу үшін диаграмма құрастырайық:

 

             

 

Сурет 7. 2006 жыл бойынша акша қаражаттарының түсімі

 

Диаграммадан  көріп отырғанымыздай, түсімдердің ең көп бөлігін операциялық қызмет (82%) құрайды, қаржылық қызмет бойынша түсім барлық түсімнің 17% , ал аз ғана үлесін инвестициялық қызметтен түскен түсім құрайды (1%).

Келесі, осы жыл бойынша ақша қаражаттарының шығуын қарастырайық:

 


      

                                                          

Сурет 8. 2006 жыл бойынша ақша қаражатының шығысы

 

 

 

Ақша қаражаттарының барлық шығыстарының құрылымында негізгі  үлесті кірістегі тәрізді операциялық қарекет бойынша шығыстар алады, Қалған инвестицтиялық және қаржылық қарекет бойынша шығыстар бірдей 20% және 21% құрайды.

Түсімдер де және шығыстар бойынша да негігі үлесті операциялық қызмет алатындықтан, оның құрылымын толығырақ қарастырайық:

 

 

Сурет 9. 2006 жыл бойынша операциялық қызмет нәтижесінде түскен ақша қаражаттары.

 

Диаграммадан  көріп отырғанымыздай, ақшалай түсімдердің  көп бөлігі өнімді өткізуден түскен түсім есебінен (94%), алынған аванстар, сыйақылар және өзге де түсімдер аз ғана үлесін құрайды.

Шығыстар құрылымында  негізгі үлесті бюджетпен есеп айырысу (40%), еңбекақы бойынша есеп айырысу (27%) және жеткізушілер мен мердігерлермен есеп айырысу (23%) құрайды, қалған баптардың үлесі аз және олар келесілерді құрайды: берілген аванстар - 2%, займдар бойынша сыйақылар төлеу - 2% және өзгелер - 6%. Бұл диаграмма түрінде келесідей болады:

 


Сурет 10. 2006 жыл бойынша операциялық қызмет нәтижесіндегі ақша қаражаттарының шығысы

Информация о работе Ақша қаражаттары