Ақша қаражаттары

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 10:45, курсовая работа

Краткое описание

Дипломдық жұмыста қойылған мақсаттарға жету үшін келесі мәселелерді шешу қажет:
- кәсіпорын қызметіндегі ақша қаражаттарының мәні мен маңызын анықтау;
- ақша қаражаттарын бөлу механизмінің және есептеу әдістерін қарастыру арқылы қазақстандық нарықта қызмет атқаратын кәсіпорынның қаржылық жағдайына талдау жүргізу;
- зерттелген кәсіпорын бойынша ақша қаражаттарының тәжірибе жүзіндегі бөліну механизмін анықтау және негізгі, қаржылық, инвестициялық қызмет бойынша ақша ағымының оптималды құрылымын анықтап, жақсарту жолдарын ұсыну.

Оглавление

КІРІСПЕ
1 КӘСІПОРЫННЫҢ АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Ақша қаражаттарының мәні және түрлері
1.2 Кәсіпорынның ақша қаражаттарын бөлу механизмі және
есептеу әдістері
1.3 Кәсіпорынның ақша қаражаттары ағымын жоспарлау
2.1 «ӨзенМұнайГаз» Өндірістік Филиалы Акционерлік Қоғамының шаруашылық қарекетіне талдау жүргізу
2.2 «ӨзенМұнайГаз» ӨФ АҚ қаржылық жағдайын талдау
2.3 Ақша қаражаттары ағымын басқаруды талдау
2
3 КӘСІПОРЫННЫҢ АҚША ҚАРАЖАТТАРЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУДЫ ЖЕТІЛДІРУДІҢ ЖОЛДАРЫ
3.1 «ӨзенМұнайГаз» Өндірістік Филиалы Акционерлік Қоғамының даму стратегиясы
3.2 Кәсіпорынның ақша қаражаттары ағымын оңтайландыру әдістері

Файлы: 1 файл

КУРСОВАЯ АкшаКаражаттары.doc

— 949.50 Кб (Скачать)

Ақша ағымын тегістеу қарастырылып отырған кезеңнің жеке интервалында оның көлемін реттеу. Оңтайландырудың бұл әдісі, абсолютті өтімділік деңгейін жоғарылатып және ақша қаражаттарының орташа қалдығын жақсарта отырып ақша ағымының қалыптасуындағы мезгілдік және циклдық айырмашылықтарды азайтуға мүмкіндік береді. Уақыт бойынша ақша қаражаттары ағымын оңтайландыру әдісінің нәтижесі орташа квадраттық ауытқу немесе вариация коэффиценті көмегімен бағаланады (олар оңтайландыру процесінде төмендеу қажет).

Ақша ағымының синхронизациясы олардың жағымды және жағымсыз түрлерінің ковариациясына негізделген.

Синхронизация барысында ақша ағымының осы екі  түрі арасында корреляция деңгейінің жоғарылауы қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл әдіс нәтижесі корреляция коэффиценті арқылы бағаланады, ол оңтайландыру процесінде «+1» мәніне ие болуы керек./14-410б./

Уақыт бойынша  жағымды және жағымсыз ақша ағымының корреляция коэффиценті келесі формула арқылы анықталады:

                N

 

ККдп =∑ Рп,о ( ПДПi –ПДП / σпд ) * ( ОДПі – ОДП / σодп )                                (6)


                і=1

 

мұндағы, ККдп – уақыт бойынша жағымды және жағымсыз ақша ағымының корреляция коэффиценті;

        Рп,о – жоспарланған кезеңдегі ақша ағымдарының орташа мәнінен болжамды ауытқу ықтималдылығы;

       ПДПi - жоспарлы кезеңнің жеке интервалындағы жағымды ақша ағымы сомасының нұсқалары;

                 ПДП - жоспарлы кезеңнің жеке интервалындағы жағымды ақша ағымының орташа сомасы;


      ОДПі -  жоспарлы кезеңнің жеке интервалындағы жағымсыз ақша ағымы сомаларының нұсқалары;

       ОДП - жоспарлы  кезеңнің жеке интервалындағы  жағымсыз ақша ағымының орташа сомаларының нұсқалары;


      σпдодп – ақша ағымдары сомаларының жағымды, жағымсыз орташа квадраттық ауытқулары.

Оңтайландырудың қорытынды кезеңі кәсіпорынның таза ақша ағымын максималдау шарттарымен  қамтамасыз ету болып табылады. Таза ақша қаражаттары ағымының өсуі кәсіпорынның экономикалық даму деңгейін арттыруды, сол даму үшін қажетті қаржылық ресурстарды қаржыландыру көздерін тартуға деген қажеттілікті төмендетуді, кәсіпорынның нарықтық құнының өсуін қамтамасыз етеді /5/.

Кәсіпорынның  таза ақша ағымы сомасын өсіру  келесі негізгі шарттарды жүзеге асыру арқылы іске асырылады:

  • күнделікті шығындар сомасын азайту;
  • акуыспалы шығындар деңгейін төмендету;
  • жиынтық салықтық төлемдер деңгейін төмендетуге бағытталған тиімді салық саясатын жүргізу;
  • негізгі құралдар амортизациясының жеделдетілген әдісін қолдану;
  • кәсіпорын қолданысындағы материалды емес активтердің амортизация кезеңін қысқарту;
  • негізгі құралдар мен материалды емес активтердің қолданылмай тұрған түрлерін сатуға шығару.

Кәсіпорынның  ақша қаражаттар ағымын оңтайландыру нәтижесі күтілетін кезеңдегі ақша қаражатын пайдалану және қалыптастыру жоспарының жүйесінен көрінеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Кәсіпорын және корпарация қызметіндегі ақша қаражаттарының және оның ағымдарының экономикалық маңызын, ролін зерттеу қазіргі таңдағы қаржылық менеджменттегі жаңа бағыттардың бірі болып табылады. Шетел корпарацияларында ақша қаражаттарының ағымын басқару қаржылық менеджердің жұмысындағы басты бағыт.

Кәсіпорындағы жүйелік  есеп, талдау және ақша қаражаттарының қозғалысын бақылау, олардың ағымдағы және болашақтағы қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабілеттілігін қамтамасыз етеді.

Кәсіпорынның қаржы  шаруашылық қызметін анықтайтын түсініктерге келесілер жатады:

  • Тауар (өнім, қызмет) сатудан түскен түсім – бұл, шоттарда «сатылым» және «өзге де кірістер мен шығыстар» есебінде көрінетін, қолма-қол немесе қолма-қолсыз ақша түрінде болатын қарапайым немесе өзге де қызметтен түсетін кіріс есебі.
  • Сатудан түскен пайда - өндірілген өнімге кеткен шығын мен есепті кіріс арасындағы айырмашылық.
  • Ақша қаражаттарының кірісі келесілер есебінен жүргізіледі: тауарды сатудан түскен пайдадан, алынған аванстардан, несиелер және займдардан, бағытталған қаржыландыру құралдарынан, қаржылақ салымдар бойынша дивидендтер мен пайыздардан және өзгелерден.
  • Ақша ағымдарының шығысы – ағымдық операциялық және  инвестициялық шығындарды жабу барысында, бюджетке төлемдер және мемлекеттік бюджеттен тыс қорларға салымдар жүргізуде,  эмиссиялық бағалы қағаздар иегерлеріне пайыздар мен дивидендтер төлеуден, қаржылық салымдардан және өзге де жағдайлар нәтижесінде пайда болады.
  • Ақша қаражаттарының таза кірісі – ақша қаражаттары бойынша барлық түсімдер мен төлемдердің арасындағы айырмашылық. Осыған орай, кірістерге есепті жыл басындағы қалдық ақша қаражаттары кіреді. Ол кәсіпорынның ағымдық төлем қабілеттілігін қамтамасыз етеді.

Ақша ағымдары дегеніміз  – бұл есепті немесе жоспарланған уақыт барысындағы кәсіпорынның алатын және төлейтін ақша қаражаттарының көлемі.

Ақша қаражатының ағымын болжау, ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп тәрізді тек кәсіпорын басшысының ғана емес, сондай-ақ инвестордың да қызығушылығын тудырады. Яғни олар сол арқылы кәсіпорын өтімділігін, жұмыс тиімділігін және қарыздары мен дивидендтерін төлеуге қажетті көлемде ақша қаражатымен қамтамасыз етілу қабілеттілігі бағаланады. Осылайша кәсіпорын басшысы да , инвестор да ақша ағымын зерттей келе :

  • болашақта ақша қаражатымен қамтылу деңгейі туралы;
  • міндеттемелері бойынша есеп айырысу мүмкіндігі туралы;
  • дивидендтерді төлеу мүмкіндігі туралы;
  • қосымша қаржыландыру қажеттілігі туралы мәліметтерді ала алады.

Ақша қаражаттары  ағымын болжамдау немесе ақшалай төлемдер мен түсімдер жоспары – бұл кәсіпорынның немесе нақты жобаның дамуы үшін қажетті көлемдегі ақша сомасын анықтауға мүмкіндік береді.

  Кәсіпорын басшысының назары үш негізгі шамаға аударылуы қажет:

  • ақша қаражаттарының таза ағымы;
  • қажетті қаржыландыру;
  • ақша қаражаттарының бос қалдықтары;

Жоғарыда көрсетілген мәселелерді тұжырымдай келе, келесі шешімге келуге болады, кәсіпорын гүлденуі оның қарекетін қамтамасыз етуі ақша қаражаттарын шоғырландыру қабілеттілігінде. Басшы үшін ең негізгі мәселе – бұл негізгі қызметтен түсетін ақша қаражаттарының оң ағымдарын жоспарлау және тиімді қаржыландыру көздерін іздеу.

Қазіргі таңда республикадағы дамушы және ең үлесті салалардың бірі қатарына мұнай-химия салалары жатқызылады. Мұнай –химия саласын дамыту, ресурстарды жоғары тиімділікпен пайдалану, осы бағытта жаңа техника-технологияны жетілдіру елдің алға қойған мақсаттарына жетуіндегі бірден-бір алғышарттары болып табылады. Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі болып табылатын «ӨзенМұнайГаз» ӨФ АҚ Қазақстандық мұнай өндіру және өңдеу саласындағы мол мұнай қорына ие аймақта орналасқан кәсіпорындардың бірі. Кәсіпорынның өз қызметін жүргізудегі тиімділігі мен бәсекелестік жағдайға бейімделе білу қабілеттілігі, оның қаржылық жағдайын жүргізілуін, ақша қаражаттарының жоспарлана білу және мақсатты бағыттарда жұмсалуы, яғни бөліну механизмі жоғары дәрежеде жүргізілуі тиіс.

Дипломдық жұмыс тақырыбын  толықтай ашу негізінде ақша қаражатының мәнін, түрлерін, негізгі қалыптасу көздерін,олардың бөліну механизімін, ақша қаражаттарын жоспарлай және болжай білу тәртібін, кәсіпорын қызметінің күтілетін нәтижеге жету, яғни пайда табудағы басты мақсаттары мен қызметтерін, сондай-ақ ақша қаражаттарының дифициті және бос ақша қаражаттарын тиімді жұмсау, яғни ақша қаражаттарын оңтайландыру мәселелерін қарастырып өттік.

 «ӨзенМұнайГаз» ӨФ АҚ-на қаржылық талдау нәтижесінде кәсіпорынның ақша қаражаттарының бөліну механизмі бойынша келесідей шешуді талап ететін мәселелер анықталды:

  • кәсіпорынның өнімділігін арттыру мақсатында негізгі құралдарын жаңарту;
  • өнім көлемін арттыру нәтижесінде және оған бағаны өсіру нәтижесінде қалыптасқан бос ақша қаражаттарын мақсатты жұмсау;
  • инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуын жеделдету;

Осы және өзге де кәсіпорында қалыптасқан және жалпы ақша қаражаттары оңтайландыру әдістерін жүргізуді талап етеді.

 Кәсіпорынның ақша қаражаттары ағымын оңтайландырудың негізгі мақсаттары болып келесілер табылады:

    • ақша ағымы көлемінің тепе-теңдігін қамтамасыз ету;
    • ақша ағымының уақыт бойынша қалыптасуының біркелкілігін қамтамасыз ету;
    • кәсіпорынның таза ақша ағымының өсуін қамтамасыз ету;

Кәсіпорынның ақша ағымын оңтайландырудың негізі болып олардың  жағымды және жағымсыз түрлері көлемдерінің тепе-теңдігін қамтамасыз ету болып табылады. Кәсіпорынның шаруашылық қызметі нәтижесіне жағымсыз түрде ақша қаражатының дефициті яғни жеткіліксіз болуы, сондай-ақ шамадан тыс артық болуы әсер етеді. Ақша ағымы дефицитінің жағымсыз салдары кәсіпорынның өтімділік және төлемқабілеттілік деңгейлерінің төмендеуіне, шикізат және материалдарды жеткізушілерге уақыты өткен кредиторлық қарыздың өсуіне, алынған қаржылық несиелер бойынша уақыты өткен қарыз үлесінің өсуіне, еңбекақы төлемі бойынша кідірістерге, қаржылық цикл ұзақтығының өсуіне, кәсіпорынның меншікті капитал мен активтерінің пайдалану рентабельділігінің төмендеуіне әкеледі.

Ақша ағымдарын тиімді қалыптастыру кәсіпорынның операциялық процесін жүзеге асыру мерзімін жеделдетеді. Төлемдерді жүргізудегі кез-келген тоқтатулар шикізат пен материалдардың өндірістік запастарын қалыптастыруға, еңбек өнімділігі деңгейіне, дайын өнімді өткізуге теріс әсерін тигізеді. Кәсіпорынның ақша ағымдарын тиімді ұйымдастыру операциялық процесті жүргізу мерзімін жеделдетеді, ол өндіріс көлемі мен өнімді өткізу көлемін арттырады.

Ақша ағымдарын тиімді басқару кәсіпорынның қарыз капиталына деген қажеттілігін азайтуға әсер етеді. Ақша ағымдарын басқару арқылы ішкі көздерден қалыптасатын меншікті қаржылық ресурстарды тиімді қолдануды, тартылатын несиелерден кәсіпорынның тәуелділігін төмендетуді қамтамасыз етуге болады.

Ақша ағымдарын тиімді басқару кәсіпорынның төлем қабілетсіздік  тәуекелін төмендетуді қамтамасыз етеді. Төлем қабілетсіздік тәуекелі уақыт ішіндегі әр түрлі ақша ағымдарының балансталмауынан пайда болуы мүмкін. Ақша құралдарының келіп түсуі мен олардың төленуі арасындағы тепе-теңдік ақша ағымдарын басқару арқылы орнайды және төлем қабілетсіздіктің пайда болу факторын жоюды қамтамасыз етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

        1. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2007жыл 28 ақпандағы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауы, 28.02.2007 ж. Астана
        2. Балабанов И.Т. «Финансовый менеджмент» //учебник – М.: Финансы и Статистика, 1994 г.
        3. «Финансовый менеджмент: теория и практика» //под ред. Стояновой Е.С.- М.: Перспектива, 1996 г.
        4. Балабанов И.Т. «Основы финансового менеджмента. Как управлять капиталом?» – М.: Финансы и Статистика, 1994 г.
        5. Бланк И.А. «Финансовый менеджмент» : Учебный курс.-К.:Ника – Центр, 1999.-528с.
        6. Ковалев В.В. «Введение в финансовый менеджмент» – М.2000 г., стр.538
        7. Литвин М.И. «Управление финансами предприятий»- / Финансовый менеджмент/ - 2002 г. №6.
        8. Кошкарбаев К.У. «Финансовые ресурсы корпорации: теория, парктика и менеджмент» – Алматы 2004 г.
        9. Шеремет А.Д. «Экономический анализ в управлении производством» – М. 1994 г.
        10. Афоничкин А.И., Андрющенко И.В. «Управление финансами корпораций»-/ Финансы и кредит/ 2005 г. №36Тургуова А.К., Кошкарбаев К.У. «Направления рыночных преобразований в транзитной экономике Казахстана» //Сборник научных трудов/ Алматы: Экономика, 2000 г.
        11. Родионова В.М. «Финансы»//Учебник.М.-1992 г.
        12. Нурханова Г. «Экономическое содержание финансовых корпораций»-/ Финансы Казахстана/-2004 г. №1.
        13. «Экономика предприятия»: Учебник/ под ред. проф. О.И. Волкова.-М.:Инфра-М,1998.-416 с.
        14. «Экономика организаций»: /Учебник под редакцией Н.А. Сафронова-2- е изд.,перераб. и доп.-М.: Экономист,2004.-618 с.
        15. Сагинова Ж.Н. «Роль финансовых ресурсов для функционирования предприятия  в рыночных условиях»-/Вестник НАН РК/- 2003г. №5.
        16. www.umg.kz
        17. «ӨзенМұнайГаз» ӨФ АҚ қаржылық есептілігі мен бухгалтерлік құжаттары.
        18. Есымханова З.К. «Проблемы формирования финансовых ресурсов предприятий» - /Статистика, учет и аудит/ 2005 г. №1.
        19. Федулова С.Ф. « Управление финансовыми ресурсами и оценка эффективности их использования»-/ Финансы и кредит/-2005 г №3.
        20. www.kase.kz

 

 

 

Қосымша А

Кәсіпорындағы ақша қаражаттарының қозғалысы


 





 

 


 

 

 

Қосымша Б

Кәсіпорынның ағымдық, инвестициялық және қаржылық қызметтерінің  арасындағы қатынас



 



 



 


 

 

 

 

Қосымша В        

Кәсіпорынның ақша қаражаттары  ағымының қалыптасуына әсер ететін негізгі  факторлардың жүйесі


 




 







 







      


 


 


 


 



 



Қосымша Г

Ақша қаражаттарын жұмсауды болжамдау

                                                                                         «Электроинструмент»АҚ мысалында

(млн.тг.)


Атауы

    1        

2

3

4

5

6

Жиыны

Материалдарды сатып алуға шығындар сомасы

1260   

1304

1450

1614

1706

1827

9161

Ай сайынғы сатып алулар б/ша төлемдер

1

2

3

4

5

6

 

 

 

630

 

 

 

630

652

 

 

 

 

652

725

 

 

 

 

 

725

807

 

 

 

 

 

 

807

853

 

 

 

 

 

 

 

853

914

 

 

1260

1304

1450

1614

1706

914

Ағымдық кезең -дегі өтеуге арнал-ған өткен жыл қа-рыздары сомасы

700

         

Материалдар бойынша төлем- дер, барлығы

1330

1282

1377

1532

1660

1767

8948

Еңбекақы бойын. төлем сомасы     

232

250

296

370

398

413

1959

Ай сайынғы еңбек-ақы төлеу  сомасы

1

2

3

4

5

6

 

 

 

116

 

 

 

116

125

 

 

 

 

125

148

 

 

 

 

 

148

185

 

 

 

 

 

 

185

199

 

 

 

 

 

 

 

199

207

 

 

232

250

296

370

398

207

Ағымдық кезең -дегі өтеуге арнал-ған  өткен жыл қа-рыздары сомасы

200

           

Еңбекақы бойын-ша төлемдер, барлығы

316

241

273

333

384

406

1953

Информация о работе Ақша қаражаттары