Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2012 в 19:47, реферат
Банк құпиясы жалпы банк - клиент қарым-қатынасы құпиялылығының басты элементін құрайды. Банк құпиясы Қазақстанда 1990-ншы жылдардың басында ғана пайда болды, өйткені сол кезде үкімет бұрынғы тиімсіз социалистік экономикадан тиімдірек нарықтық экономикаға көшу реформаларын бастаған. Нарықтық экономиканың басты институттарының бірі жеке банктер жүйесі екені белгілі. Осыған байланысты банктердің җұмысын ретке келтіріп жолға қою үшін банк-клиент қарым-қатынасының құпиялылығы мен банк құпиясын қамтамасыз ету ауадай қажет болды.
Банк шот
шарты бойынша банктер
Ағымдағы банктік шот шартының негізінде банк:
1) банктегі клиенттің ақшасының ол талап еткенде немесе ол тапсырма бергенде қажетті мөлшерде болуын (сақталуын) қамтамасыз етеді;
2) клиенттің банктік шотындағы ақша қаражатының белгілі көлемін банктік кредиттеу процесінде пайдаланады;
3) клиенттің атына (пайдасына) түскен ақшаны оның банктік шотына есептейді (қабылдайды);
4) аталған шартта белгілеген тәртіппен клиенттің қолма-қол ақшасын қабылдайды;
5) клиентіне аталған шартта көзделген тәртіппен қажетті мөлшерде қолма-қол ақша сомасын береді;
6) клиенттің банктік шотындағы ақшасын пайдаланғаны үшін банктік шот шартында айқындалған мөлшерде және көзделген тәртіппен клиентке сыйақы төлейді;
7) клиенттің талап етуіне орай шартта кһзделген тәртіппен оның банктегі (банктік шоттағы) ақшасының сомасы және банктік шоты бойынша жасалған операциялар туралы клиентке ақпарат береді;
8) шартты көзделген тәртіппен клиенттің өз банктік шотынан үшінші тұлғалардың пайдасына ақша аудару жөніндегі өкімін орындайды;
9) тиісті заңнамалық актілерде немесе шартта көзделген негіздер бойынша клиенттің банктік шотынан өздеріне тиесілі ақша сомасын алып қою туралы үшінше тұлғалардың өкімін орындайды;
10) клиен
Банктік депозит (салым) шартының негізінде банк:
1) клиенттің жинақ шотындағы оған тиесілі ақшаның (депозиттің/ салымның) болуын қамтамасыз етеді;
2) клиенттің аталған банктік шотындағы ақша қаражатын пайдаланады;
3) клиенттен немесе үшінші тұлғадан клиенттің жинақ шотына қолма-қол және қолма-қол емес тәсілмен ақша қабылдайды;
4) клиенттің ақша қаражатын өз мүддесіне орай пайдаоанғаны үшін оған осы шартта көзделге тәртіппен және айқындалған мөлшерде сыйақы төлейді;
5) клиенттің үшінші тұлғаның пайдасына депозит енгізу жөніндегі өкімін орындайды.
Банктік карт-шот шарты негізінде банк:
1) клиенттің шоттағы ақшасының ұдайы болуын қамтамасыз етеді;
2) клиенттің атына (пайдасына) түсетін ақшаны осы шотқа есептейді;
3) шартта көзделген тәртіппен клиенттің төлемдік карточкасын пайдалана отырып үшінші тұлғалардың пайдасына төлемдер жүргізеді;
4) заңнамалық актілерде немесе аталған шартта көзделген негіздерге орай шоттағы клиент ақшасының өздеріне тиесілі сомасын алып қою жөніндегі үшінші тұлғалардың өкімін орындайды;
5) заңнамалық актілерде немесе шартта айқындалған тәртіппен клиенттің қолма-қол ақшасын қабылдайды;
6) клиенттің төлемдік карточкасын пайдалана отырып оған қолма-қол ақша береді.
Коммерциялық банкті алғашқы рет құру және оның жарғылық қорын қалыптастыру барысында Қазақстан Ұлттық Банкінде ашылған корреспонденттік шот, сондай-ақ басқа коммерциялық банкпен (банктермен) өзара жасалған корреспонденттік шот шарты негізінде көбінесе есеп айырысу, банк жүйесінің резервтік қорын қалыптастыруға қатысу, ақша аудару, ақша қаражатын корреспонденттік шотқа есептеу, корреспонденттік шотты кредиттеу сияқты және т.б. осы корреспонденттік шот арқылы жүргізілуге тиіс банктік операцияларды жүзеге асыру жөніндегі корреспонденттік банк пен респондет банктің (керісінше респондент банк пен корреспондент банктің) банктік операциялық қызметі болып табылады.
Корреспондент банктің респондет банкке ашатын корреспонденттік шоты “ЛОРО”, ал респондент банкте “НОСТРО” деп аталады.
Банк клиенттері заңды тұлғаның және жеке кәсіпкердің корреспонденттік шоттарын есепке алмағанда басқа банктік шоттары бойынша тиісті операцияларды тоқтата тұру:
1) салық есептілігін табыс ету мерзімі аяқталғаннан кейінгі он жұмыс күні ішінде салық төлеуші өзіне қатысты салық есептілігін табыс етпеген болса;
2) салық төлеуші өзіне тиесілі салық берешегін өтемеген жағдайда;
3) салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді салықтық тексеруге, қарауға жол бермеген жағдайда заңнамалық актілерде белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Банк клиенті салық төлеушінің (заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің) банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органының өкімі уәкілетті мемлекеттік орган мен Қазақстан Ұлттық Банкі белгілеген нысан бойынша шығарылады және ол (өкім) банкке табыс етілген күннен бастап күшіне енеді.
Осы өкім банктер тұрғысынан сөзсіз орындауға тиіс.
Осындай өкімді шығарған салық органы банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру себебі жойылған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде оның (өкімнің) күшін жояды.
Клиенттің банктік
шоттары бойынша шығыс
Тиісті заңнамаларда немесе банктік шартта нақтылы мән-жайлар көзделмеген болса, клиенттің өтініші бойынша банктік шот шарты кез келген уақытта бұзылады.
Банктік шот шартын тоқтату негіздері ретінде:
1) банктік шот шартын бұзу және шотты жабу туралы клиенттің жазбаша өтініші;
2) банк клиенті заңды тұлғаны құрған органның шешімі;
3) банктік шот шартының бір тарапы болып табылатын заңды тұлғаның таратылуы;
4) банктік қызмет сипатының өзгеруіне орай шарт бойынша шотқа қатысты нақты бір белгінің жойылуы көрініс табады.
Заңды тұлғаның – клиенттің таратылуына немесе қайта құрылуына немесе заңды тұлғаның шотында бір жылдан астам, ал жеке тұлғаның шотында үш жылдан астам уақыт бойы ақша болмауына байланысты жабылған жағдайларды қоспағанда, осы шотқа қойылған талаптардың орныдалмауы орын алған кезде банктік шотты жабуға, сондай-ақ заңды тұлғаның – клиенттің таратылуына немесе қайта құрылуына байланысты шотты жабу жағдайларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының валюталық заңдарына сәйкес клиент ұсынатын сыртқы экономикалық экспорттық-импорттық келісім-шарттар бойынша клиентте орындалмаған (клиент орындамаған не орындай алмаған) талаптар болған кезде ағымдағы банктік шотты жабуға тыйым салынады.
Заңды тұлғаның немесе заңды тұлға құрмай кәсіпкерлікпен айналысқан жеке тұлғаның банктік шоты жабылғаннан кейін банк он күндік мерзімде осындай мән-жай туралы тиісті салық қызметі органдарына жазбаша түрде хабарлауға міндетті.
Мемлекеттік бюджеттен
қаржыландырылатын мемлекеттік
мекеменің банктік шотын банк
Қазақстан Республикасының
Негізігі әдебиеттер тізімі:
Нормативтік-құқықтық актілер
1) Қазақстан Республикасында «Қаржы рыногы мен қаржы ±йымдардың қызметін реттеу жєне қадағалау туралы» 4 шілде 2003 ж. № 562-11 заңы
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2000 жылғы 25 сәуірдегі N 179 қаулысы. Қазақстан республикасының Әділет Министрлігінде 14 ақпан 2004 ж. № 2704 бекітілген.
3) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарында заңды және жеке тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу ережесін бекіту туралы» қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2001 жылғы 29 қаңтарда № 2685 тіркелді.
4) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 2 шілдедегі «Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есеп шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі жөнінде нұсқаманы бекіту туралы» қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2000 жылғы 18 шілде № 1199 тіркелді.
5) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 27 қазан «Өтініш берушіге қойылатын талаптар және банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және жинақтаушы зейнетақы қорларының аудитін жүргізуге лицензия беру туралы өтінішке қоса берілетін құжаттардың тізбесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 28 қыркүйек № 3114 тіркелді.
6) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 24 тамыз «Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын шығару және пайдалану ережесін бекіту туралы» қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 26 қыркүйек № 3852 тіркелді.
7) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 6 желтоқсан «Ақшалы-несиелік және қаржылық мәліметті қалыптастыру мақсатында екінші деңгейдегі банктермен, несиелік серіктестіктермен және ипотекалық компаниялармен Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіне есепті берудің тізімі, нысаны және мерзімдері жөнінде нұсқауды бекіту туралы» қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 23 маусымда № 3688 тіркелді.
Негізгі єдебиеттер :
1) Банковское дело. Под ред. Лаврушина О.И. – Москва, «Банковский и биржевой научно-консультативный центр», 1992г.
2) Давыдова Л., Райманов Д. Банковское право Республики Казахстан. Учебное пособие. – Алматы, «Жеті жарғы», 2004г.
3) Ерпылева Н.Ю.. Международное банковское право. Учебное пособие. – Москва, 1998г.
4) Ефимова Л.Г. Банковское право. Учебное и практическое пособие. – Москва, изд-во «Бек», 1994г.
5) Олейник О.М. Основы банковского права. Курс лекций. – Москва, Юристъ,1997г.
6) Тосунян Г.А. Банковское право Российской Федераций. Общая часть. – Москва, Юристъ, 1999г.
7) Найманбаев С.М. Банктік қ±қық. Алматы, 2005
8) Эриашвили Н.Д. Банковское право. Учебник для студентов вузов. – Москва, Закон и право, 1999г.
9) История банковского дела //Банки Казахстана. - 2001. - N7. - С.46-49.
10) Алимжанов К. О некоторых противоречиях банковского законодательства Республики Казахстан. //Правовая реформа в Казахстане. - 1999. - N4. - С.23-26.
11) Братко А.Г. Банковское право и система нормативных актов. //Бизнес и банки. - 2003. - N19.
12) Братко А.Г. Банковское законодательство и акты банка России. //Бизнес и банки. - 2003.
13) Братко А.Г. Проблемы толкования банковской нормы. //Бизнес и банки. - 2001. - N46
14) Алексеева Д.Г., Пыхтин С.В., Хоменко Е.Г. Банковское право. М.: Юристь, 2003. (Раздел 2. Функциональная составляющая банковской деятельности. С. 245-478).
15) Банковское право. (Отв. ред. А.А. Травкин). М.: Юристь, 2005. (81-459-б).
16) Банковское дело. (Под ред. Г.Н. Белоглазовой, Л.П. Кроливецой). М., Финансы и статистика, 2004.
17) Банковское дело. (Под ред. В.И. Колесникова, Л.П. Кроливецой). М., Финансы и статистика, 2000.
18) Белых В.С., Виниченко С.И. Биржевое право. М., Издательство Норма (изд. Группа НОРМА-ИНФРА-М), 2001
19) Бердникова Т.Б. Рынок ценных бумаг и биржевое дело. М., ИНФРА-М, 200.
20) БраткоА.Г. Банковское право (теория и практика). М., Издательство ПРИОР, 2000.
21) Ерпылева Н.Ю. Международное банковское право. М.: Дело, 2004.