Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2012 в 19:47, реферат
Банк құпиясы жалпы банк - клиент қарым-қатынасы құпиялылығының басты элементін құрайды. Банк құпиясы Қазақстанда 1990-ншы жылдардың басында ғана пайда болды, өйткені сол кезде үкімет бұрынғы тиімсіз социалистік экономикадан тиімдірек нарықтық экономикаға көшу реформаларын бастаған. Нарықтық экономиканың басты институттарының бірі жеке банктер жүйесі екені белгілі. Осыған байланысты банктердің җұмысын ретке келтіріп жолға қою үшін банк-клиент қарым-қатынасының құпиялылығы мен банк құпиясын қамтамасыз ету ауадай қажет болды.
Әкімшілік жауапкершілік.
Банк құпиясын мейлінше қамтамасыз ету шараларын жүзеге асырып заң шығарушы орган 2001-жылдан бері оны бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті де енгізді.
Атап айтқанда, Қазақстан
Республикасының Әкімшілік
Бұл баптағы ереженің жүзеге асырылуына екі арнайы ескертпе де көрсетілген. Біріншіден, меншiк иесiне немесе заң актiлерiне сәйкес осындай мәлiметтердi алу құқығы бар адамдарға олардың заңды талабы бойынша коммерциялық құпия, банк құпиясы, не кредиттік бюроның кредиттік тарих деректері базасынан алынған кредиттік есептердің мәліметтері немесе ақпарат бар мәлiметтердi берген жағдайда тұлға жауапты болмайды. Екіншіден, осы бапта көзделген әрекеттi жасағаны үшiн әкiмшiлiк жауаптылыққа тарту, залал келтiрiлген ұйымның, меншiк иесiнiң немесе жеке кәсiпкердiң арызы бойынша жүзеге асырылады.
Айтпақшы, Банктер туралы 1995-жылғы заңда банк құпиясын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік туралы ештеңе айтылмаған.
Банк құпиясымен тығыз байланысы бар адамның жеке өмірі құпиясының ажырамас бөлігі болып саналатын «жеке салымдар мен жинаған қаражатының» құпиясы бұзылғаны үшін де қазақ заңнамасында әкімшілік жауапкершілік туралы арнайы норма бар. Атап айтқанда, ӘҚБ туралы кодекстің 18-бабына («Жеке өмірге қол сұқпаушылық») сәйкес жеке өмір, жеке бастың және отбасының құпиясы заңның қорғауында болады. Әркiмнiң жеке салымдар мен жинақ ақша,[33], хат жазысу, телефонмен сөйлесу, поштамен, телеграф арқылы және өзге хабарламалар алысу құпиясына құқығы бар. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзу барысында осы құқықтарды шектеуге тек заңмен тiкелей белгiленген жағдайларда және тәртiппен жол берiледi.
Дегенмен, бұл
кодексте жеке өмірге қол сұғушылық
үшін нақты жауапкершілік
Осының негізінде
«жеке салымдар мен жинақ ақша
құпиясын» заңсыз бұзғаны үшін әкімшілік
жауапкершіліқ жоқ деуге
Қазақстандағы әкімшілік жаупкершілікті, мысалы, оны қылмыстық жауапкершілікпен салыстыратын болсақ, біршама икемдірек деуге болады, өйткені қылмыстық жауапкершілікке тек жеке тұлғаларды тартуға болса, әкімшілік жауапкершілікке жеке тұлғалармен қатар, қазақ заңнамасы бойынша, заңды тұлғаларды да тартуға болады. Банк құпиясы заңсыз жарияланған жағдайда зардап шеккен тұлғаларға бұл өзекті мәселе болып қалуы мүмкін.
. Қылмыстық жауапкершілік.
Жоғарыда банк құпиясын заңсыз бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершіліктің 1995-жылғы сәуір айында пайда болғанын атап өттік. Бұдан кейін банк құпиясын заңсыз бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілік қағидат ретінде 1995-жылғы тамызда шыққан президент жарлығында бекітілді. Осыдан кейін банк құпиясын заңсыз бұзу деген қылмыс құрамы дамытылып жаңаша анықталды. Атап айтқанда, 1998-ж. қаңтардың 1-інен ескі кодекстің күші жойылып жаңаҚылмыстық кодекс күшіне енді.
Бүгінгі күні банк
құпиясын бұзғаны үшін кінәлі адамдар
Қазақстан Республикасының Қылм
Нақтырақ айтқанда, ҚР ҚК-нің 200-бабының («Коммерциялық немесе банктiк құпияны құрайтын мәлiметтердi заңсыз алу мен жария ету») 1-тармағына сәйкес коммерциялық немесе банктiк құпияны құрайтын мәлiметтердi, құжаттарды ұрлау, коммерциялық немесе банктiк құпияны бiлетiн адамдарды немесе олардың туыстарын сатып алу немесе оларды қорқыту жолымен, байланыс құралдарында ұстап алу, компьютерлiк жүйеге немесе желiге заңсыз кіру, арнаулы техникалық құралдарды пайдалану арқылы, сол сияқты бұл мәлiметтердi жария ету не заңсыз пайдалану мақсатында өзге де заңсыз тәсiлдермен жинау - жүзден екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Осы баптың 2-тармағы бойынша, коммерциялық немесе банктiк құпияны құрайтын мәлiметтердi олардың иесiнiң келiсiмiнсiз, бұл құпия қызметiне немесе жұмысына байланысты сенiп тапсырылған адамның пайдакүнемдiк немесе өзге де жеке басының мүддесiнде заңсыз жария етуi немесе пайдалануы, бұл әрекет iрi зиян келтiрсе - екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не төрт айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салына отырып не онсыз үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Бұл бапты қарастырғанда, бірден көзге ұрынатыны бұл баптағы норманың диспозициясында іс жүзінде екі негізгі қылмыс құрамы көрсетілгені: 1) коммерциялық құпияны заңсыз алу мен жария ету; 2) банк құпиясын заңсыз алу мен жария ету.[36] Бізді қызықтыратыны - екіншісі.
Банк құпиясын қорғауда қазақ заңнамасын кейбір шет елдердің құқығымен салыстыратын болсақ, мәселен, ағылшын құқығымен, онда банк құпиясының бұзылуы үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктің болуы қазақ құқығының ерекшелігі деуге болады, өйткені, мысалы, Англияда банк құпиясын бұзған тұлғаны тек азаматтық жауапкершілікке тартуға болады. Дегенмен, Қазақстанда азаматтық, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік бола тұра, оның әрқайсысын тек банк құпиясы заңсыз бұзылып зардап шеккен тұлғаның арнайы арызы негізінде бастап, іс қозғатып жүзеге асыруға болады. Демек, банк құпиясын бұзған тұлға тек зардап шеккен тұлғаның арызы негізінде жауапқа тартылып жазаланады. Оның үстіне, арызгер әкімшілік іс қозғалып біткенге дейін оны қалаған кезде тоқтата алады.
Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының
ӘҚБ туралы кодекстің 71-1-бабының
1-тармағы бойынша, осы Кодекстiң 9-1-тарауында, сондай-ақ 131, 158, 158-1, 158
Осы баптың 2-тармағына сәйкес
бiтiмгершiлiкке келу жәбiрленушi мен
әкiмшiлiк құқық бұзушылық
Банк құпиясы бұзылды деген арыз негізінде қозғалған қылмыстық істерді де ұқсас процедурамен қысқартуға болады. Мәселен, ҚР ҚК-нің 67-бабының 1-тармағына сай ауыр емес қылмыс жасаған немесе адамның қайтыс болуымен немесе оның денсаулығына ауыр зиян келтiрумен байланысты емес орташа ауыр қылмысты бiрiншi рет жасаған адам, егер ол жәбiрленушiмен татуласса және келтiрiлген зиянның есесiн толтырса, қылмыстық жауаптылықтан босатуға жатады.
Осы баптың 2-тармағы бойынша, орташа ауыр қылмыс жасаған адам, егер ол жәбiрленушiмен татуласса және жәбiрленушiге келтiрiлген зиянның есесiн толтырса, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкiн.
Осыған байланысты 200-баптағы
Қорытындылайтын болсақ, банк құпиясы заңсыз бұзылған жағдайда қылмыстық іс жеке арыздың негізінде қозғалған болса да жәбір көрген тұлға қылмыс жасаған деп айыпталған тұлғамен әр кез бітімге келіп татуласа алады.
Банк құпиясының бұзылуы үшін қылмыстық жаупкершілікті талқылағанда тағы да осымен байланысты бір мәселе көтеруге тура келеді. Атап айтқанда, жоғарыда біз заңнамада «банк құпиясымен» қатар «жеке салымдар мен жинаған қаражаттың құпиялылығы» деген категория бар екенін жазғанбыз. Біріншіден, бұл категория заңнамада азаматтардың «жеке өмірінің» құрамдас бөлігі ретінде қарастырылған. Екіншіден, адамдардың «жеке салымдары мен жинаған қаражатының құпиялылығы» «банк құпиясымен» еш байланысы жоқ дейтін көзқарас негізсіз болып табылады.
Осы тұрғыдан қарайтын болсақ, ҚР ҚК-інде «жеке өмірге қол сұғылмаушылықты бұзу» (142-бап) деген екі қылмыс құрамы бар дегім келеді.
Атап айтқанда, ҚР ҚК-нің 142-бабының 1-тармағына сәйкес адамның жеке өмiрi туралы оның жеке немесе отбасы құпиясын құрайтын мәлiметтердi оның келiсiмiнсiз заңсыз жинау немесе тарату, егер осы әрекеттер жәбiрленушiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiне зиян келтiрсе - төрт жүзден жеті жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның төрт айдан жеті айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға не жүз жиырмадан жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не төрт айға дейiнгi мерзiмге қамауға жазаланады.
Осы баптың 2-тармағы бойынша, адам өзiнiң қызмет бабын пайдаланып жасаған нақ сол әрекеттер, сол сияқты нақ сондай зардаптарға әкеп соққан, осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған мәлiметтердi көпшiлiк алдында сөйлеген сөзде, көпшiлiкке көрсетiлетiн шығармаларда немесе бұқаралық ақпарат құралдарында тарату - жеті жүзден бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның жеті айдан он айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не екi жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не төрт айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға не заңсыз пайдаланатын арнаулы техникалық құралдары тәркіленіп, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.[37]
Оның үстіне, ҚР ҚК-нің 143-бабында «хат жазысу, телефонмен сөйлесу,
почта, телеграф хабарларының немесе өзге
хабарлар құпиясын заңсыз бұзу» деген
қылмыс құрамы көрсетілген. Конституция бойын
Банк құпиясы түсінігі
біршама айқындалған соң
Бұған қарағанда, қазіргі қазақ құқығында адамдардың банктер мен басқа қаржы ұйымдарындағы салымдары мен жинаған ақшалары жөнінде қайшылықты жағдай біртіндеп қалыптасты. Яғни, заң шығарушының салақтығынан бір объект (жеке салымдар мен қаражат) бірінен бірі алшақ құқық салаларына жататын екі түрлі құпияның реттеу шеңберіне енгізілді. Бұның зардаптарын күнделікті құқық тәжірибесінде кейбір жағдайларға байланысты әлі анық көріп сезбегенімізбен, теория тұрғысынан, айқын болжауға әбден болады. Бір ғана теріс мысал келтірейін. Мәселен, жеке салым құпиясы заңсыз бұзылса, кінәлі адамды қылмыстық жауапкершілікке тартып қандай қылмыс құрамы бар деп айыптауымыз керек? Қолданыстағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 142-бабы жеке өмір құпиясын қорғағанымен бұл қылмыс құрамында «жеке салым» немесе «жинаған қаражат» туралы ештеңе жазылмаған. Сонда қылмыстық құқықтың «nullum crimen sine lege» («заң болмай қылмыс болмас», яғни заңда анық қылмысты деп көрсетілген іс-әрекет үшін ғана жазалауға болады) деген қағидатын қайтеміз? Ал Қылмыстық кодекстің 200-бабынқолданатын болсақ, басында банк құпиясы емес, жеке өмір құпиясы бұзылды дедік қой. Әлбетте, менің айтқаныма да қарсы уәж айтуға болар. Дегенмен, бұндай болуы мүмкін жағдай тек жоғарыда көрсетілген қайшылықтан туындап отырғаны анық. Осыған байланысты бұндай даулы мәселе пайда болып, түсініксіз жағдайды ушықтырғаннан гөрі оны болдырмау әлдеқайда тиімді болса керек. Көп сөздің тобықтай түйіні, менің пайымдауымша, «жеке салымдар мен жинаған қаражатының құпиялылығын» жеке өмір құпиясынан қысқарту керек. Сонда адамдардың банктердегі жеке салымдары мен қаражаты тек банк құпиясы шеңберінде қалып қазіргі қайшылық жойылады.
Жалпы қылмыстық жаупкершілік банк - клиент қарым-қатынастарындағы құпиялылықтың, оның ішінде банк құпиясын да, қамтамасыз етудің тиімді құқықтық құралы деп бағалауға болады. Бұдан қауіптілігі әлдеқайда төмен банк құпиясын заңсыз бұзушылықтар үшін орнатылған әкімшілік жауапкершілікті қосымша құқықтық құрал деп қарастыруға болады. Дегенмен, бұл құралдардың банк құпиясын қамтамасыз етудің тиімділігі жөнінде нақты ештеңе айта алмаймыз, өйткені, мысалы, ҚР ҚК-нің 200-бабы бойынша статистикалық мәлімет аз және айкын емес. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметі бойынша, 200-бапта көрсетілген қылмыс 2004-жылы 4 рет жасалынған, 2005-жылы - 5, 2006-жылы - 6, 2007-жылы - 11, 2008-жылы - 15 рет.[39] Осы бап бойынша тіркелген қылмысты оқиғалардың аздығын С.М. Ли бұл қылмыстың жоғары жасырындылығымен байланыстырады.[40] Тағы бір атап өтерлік жайт, бұл зерттеуші келтірген статистикалық мәліметті де банк құпиясы жөнінде қылмыстылық жағдайы туралы сенімді ақпарат деуге болмайды, өйткені онда 200-бап бойынша қозғалып тергелген қылмыстық істер «коммерциялық құпия» әлде «банк құпиясы» бұзылды ма деп бөліп көрсетпейді. Оның үстіне, қозғалған істер немен біткені туралы да еш мәлімет берілмеген.