Банк кұпиясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2012 в 19:47, реферат

Краткое описание

Банк құпиясы жалпы банк - клиент қарым-қатынасы құпиялылығының басты элементін құрайды. Банк құпиясы Қазақстанда 1990-ншы жылдардың басында ғана пайда болды, өйткені сол кезде үкімет бұрынғы тиімсіз социалистік экономикадан тиімдірек нарықтық экономикаға көшу реформаларын бастаған. Нарықтық экономиканың басты институттарының бірі жеке банктер жүйесі екені белгілі. Осыған байланысты банктердің җұмысын ретке келтіріп жолға қою үшін банк-клиент қарым-қатынасының құпиялылығы мен банк құпиясын қамтамасыз ету ауадай қажет болды.

Файлы: 1 файл

Банк құпиясы жалпы банк.doc

— 377.50 Кб (Скачать)

Қолданыстағы Банктер  туралы 1995-жылғы заңның 50-бабының 1-тармағына сәйкес банк құпиясына банк депозиторлары, клиенттерi мен корреспонденттерi банк шоттарының бар екендiгi, олардың иелерi мен нөмiрлерi туралы, сол есепшоттар мен банкінің өз есепшоттарындағы ақшаның қалдығы мен қозғалысы туралы, банк операциялары туралы (банк операцияларын жүргiзудiң жалпы шарттарынан басқа), сондай-ақ банкінің сейф жәшiктерiнде, шкафтары мен үй-жайларында сақтаулы жатқан клиенттер мүлiктерiнiң бар екендiгi, олардың иелерi, сипаты мен құны туралы мәлiметтер кiредi. Таратылу процесіндегі банктің кредиттері мен депозиттері туралы мәліметтер банк құпиясына жатпайды.

Заңи анықтамада банк құпиясы түсінігі «мәлімет жиынтығы» тұрғысынан берілгені көрініп тұр.

Бұл анықтаманы зерттеушілер мен құқықтық жұмыстағы заңгерлер  кезінде сын астына алды. Мысалы, В. Черняков ауқымы жағынан банк құпиясы  түсінігі заңда көрсетілген анықтамадан гөрі көлемдірек болса керек дейді.[23] Л. Анасова заңи анықтама мазмұны жағынан өте тар және ең алдымен ақпарат болып табылады, ал ақпарат дегеніміз азаматтық құқықтардың дербес объектісі болатыны белгілі деген пікірін білдіреді.[24]

Банк құпиясы  мәселесі қазақ құқықтанушылары  ұнататын тақырыптардың біріне жатпағанымен заңи анықтамасынан басқа банк құпиясының бейресми анықтамалары да бар. Мысалы, В. Черняков өзінің банк заңгері тәжірибесіне сүйене отырып, банк құпиясы категориясына «өз банк есебі арқылы жүргізілетін операциялары бойынша және банкісімен арадағы басқа да өзара қатынастарына қатысты клиент іс-әрекеттерімен байланысты ақпарат пен құжаттар (клиенттің құқықтық ісіндегі құжаттар, клиенттің атауы мен заңды мекен-жайы, шаруашылық жүргізуші субъектінің лауазымды тұлғалары жөнінде мәлімет, мәміле паспорты, төлем құжаттары және т.т.)» жатқызылуы тиіс деп жазады.[25] Турасын айтқанда, құжаттардың ішінде (мазмұнында) банк құпиясына жататын мәліметтің болуы мүмкін, бірақ, меніңше, құжаттардың өздерін банк құпиясына жатқызу дұрыс емес. Осы тұрғыдан қарағанда, бұл анықтама түзетуді қажет етеді.

Л. Анасова банк құпиясын коммерциялық құпияның бір  түрі ретінде қарастырады, сондай-ақ, оның анықтауы бойынша, банк құпиясы  «банк клиент мүддесін басшылыққа алып банк операцияларын жүзеге асыру  барысында пайда болатын және алынатын мәлімет құпиялылығы» болып табылады.[26]

Байқағанымыздай, бұл зерттеуші банк құпиясы түсінігінің  құпияға жатқызылатын мәлімет жиынтығынан  гөрі құпиялылық режиміне (ерекше құқықтық жағдайына) баса назар аударады.

Жоғарыда айтылғандай, менің ойымша, Қазақстан заңнамасын ұқыпты зерттейтін болсақ, банк құпиясын коммерциялық құпияның түрі ретінде  қарастыру дұрыс болмас. Біріншіден, қазақ құқығы бойынша, банк құпиясы  мен коммерциялық құпияның екі түрлі  ауқымы мен құқықтық режимі бар. Осыған байланысты заңнамада банк құпиясы мен коммерциялық құпияның екі түрлі, кейбір маңызды тұстарда бірімен бірі қабыспайтын айырмашылықтары бар анықтамалары бекітілген. Мәселен, бұл құпиялардың мынадай ең бір маңызды айырмашылығы бар. Коммерциялық құпияның көлемін анықтау заңнама бизнес тұлғалардың еркіне берсе, банк құпиясының көлемі заңмен анық және айқын бекітілген және банктер не басқа тұлғалар бұл көлемді өзінше өзгерте алмайды.

Банк құпиясы  күрделі көпқырлы экономикалық жаңе құкықтық құбылыс екенін ескеріп оның түсінігін бірнеше деңгей (буын) құрайды деп қарастыратын болсақ, құқық тұрғысынан оның негізгі буындарының (деңгейлерінің) ішінде, біріншіден, «мәлімет жиынтығы», екіншіден, «құпиялылық жағдайы (тәртібі)», үшіншіден, «банк қызметінің, оның ішінде әсіресе банк - клиент қарым-қатынасының, ажырамас бөлігі» деген маңызды элементтерді атауға болады. Осының негізінде банк құпиясы түсінігінің доктриналық анықтамасы төмендегідей болуы мүмкін:

Банк құпиясы дегеніміз  банк қызметімен, оның ішінде әсіресе банк - клиент қарым-қатынасымен, байланысты заңнамада көрсетілген мәлімет жиынтығының сақталып айналуын қамтамасыз ететін ерекше құпиялылық тәртібі болып табылады.

Банк құпиясының тағы бір  маңызды жағын оған қатысты құқықтық қағидаттар құрайды. Атап айтқанда, Банктер туралы 1990-жылғы заң банк құпиясын қорғау қағидатының өзін, сондай-ақ банктер мен банк қызметкерлерінің банк құпиясын сақтау жалпы міндетін, банктер мен банк қызметкерлерінің банк құпиясын тек заңда көрсетілген белгілі жағдайларда жария ету міндетін, жария ету процедуралары мен нысандарын және заңнама негізінде банк құпиясын жария етуге талап ете алатын құзыретті билік орындары мен басқа да тұлғалардың шектеулі тізімін бекітті.

Кейін бұл қағидаттар жиынтығы кеңейтілді. Атап айтқанда, жоғарыда келтірілген  қағидаттарға Банктер туралы 1995-жылғы  жарлық (кейін - Банктер туралы 1995-жылғы  заң) банк құпиясын банк клиентінің жазбаша  рұқсатымен жария ету, халықаралық  келісім-шарт негізінде жария ету және банк қызметкерлері мен басқа жеке тұлғалардың банк құпиясын заңсыз жария еткені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуы қағидаттарын бекітті. Оның үстіне, алғашқы рет Банктер туралы 1990-жылғы заңда көрсетілген банк құпиясына қатысты кейбір қағидаттардың мазмұны кейін өзгертілді.

Банктер туралы 1990-жылғы  заңның 51-бабының мазмұнын және Банктер  туралы 1993-жылғы заңның 38-бабыныңмазмұнын Банктер туралы 1995-жылғы заңның 50-бабының мазмұнымен салыстыратын болсақ, банк құпиясы мәліметінің ауқымы елеулі өзгеріске түскенін байқау қиын емес. Айтпақшы, банк құпиясы негізінен банк клиенттерінің банк операцияларына, есептері мен салымдарына қатысты мәліметтен тұратыны туралы түсінік Банктер туралы 1990-жылғы заңның 51-бабынан бастау алады. Қазір, Банктер туралы 1995-жылғы заңның 50-бабының 1-тармағына сәйкес банк құпиясына төмендегідей мәлімет жатқызылады:

1) банк депозиторлары,  клиенттерi мен корреспонденттерiнің  банк есептерінің болуы, олардың  иелерi мен нөмiрлерi туралы мәлімет;

2) банк депозиторлары, клиенттері мен корреспонденттерінің есептеріндегі ақшаның қалдығы мен қозғалысы туралы мәлімет;

3) банктің өз есептеріндегі  ақша қалдығы мен қозғалысы  туралы мәлімет;

4) банк операциялары туралы  мәлімет;

5) банктің сейф жәшiктерiнде,  шкафтары мен бөлме-жайларында сақтаулы жатқан клиенттер мүлiктерiнiң болуы туралы, олардың иелерi, сипаты мен құны туралы мәлiмет.

Ерекше айтарлықтай жайт, төмендегідей мәлімет заң шығарушы орган банк құпиясына жатпайды деп  анықтады:

1) банк операцияларын  жүргiзудiң жалпы шарттары;

2) таратылу процесіндегі  банктің кредиттері мен депозиттері  туралы мәлімет.

Бұған қарағанда, Банктер  туралы 1995-жылғы заңда көрсетілген  құпиялылық ауқымы (банк құпиясының ауқымы) Банктер туралы 1990-жылғы заңда  көрсетілген құпиялылық ауқымымен (банк клиенттері мен корреспондентерінің операциялары, есептері және салымдары) салыстырғанда едәуір ұлғайтылды және анығырақ айқындалды.

Ағылшын құқығымен салыстыратын болсақ, банк құпиясына қатысты қазақ  құқығының тағы бір артықышылығын  айтпай өтуге болмайды.[29] Бұл артықшылық банк құпиясын ашу процедурасымен байланысты. Атап айтканда, Банктер туралы 1995-жылғы жарлықтың 50-бабының 4-тармағына сәйкес банк құпиясы банк есебінің (мүліктің) иесіне ғана банк есебі (мүлік) иесінің өзі банкте болған кезде берген жазбаша келісімі негізінде кез келген үшінші тұлғаға ашылуы мүмкін.

Ағылшын құқығының жалпы  нормасы бойынша, заңдарда (құқық көздерінде) анық көрсетілмеген жағдайларда кез келген банк өз клиентінің банк құпиясына жататын мәліметті клиенттің анық (express) немесе ишара (implied) келісімі (рұқсаты) болғанда ғана үшінші тұлғаларға аша алады. Англияда осы анық және ишара келісім дегеннің айқын анықтамасы (түсінігі) болмағандықтан жиі-жиі дау-жанжалдар шығып, дауға қатысушылар банк клиентінің банк құпиясын жария етуге анық келісімі болмағанда ишара келісімі болды ма әлде болған жоқ па деген мәселені қарастыруға мәжбүр болады. Бұған қарағанда, қазақ құқығында бұндай мәселенің болуы мүмкін емес, өйткені Банктер туралы 1995-жылғы жарлықта «банк құпиясын банк клиентінің жазбаша рұқсатымен жария ету» қағидаты бекітілген. Бұл қағидатқа сәйкес қазақ құқығы банк клиентінің өз банк құпиясын үшінші тұлғаларға тек анық (жазбаша) келісімімен жария ету мүмкіндігін мойындайды. Оның үстіне, бұл анық жазбаша келісім банк ғимаратының ішінде ғана берілуі мүмкін. Заңмен бекітілген осындай айқын құқықтық рәсімнің арқасында қазақ құқығында және Қазақстанда қалыптасқан құқықтық тәжірибеде банк клиентінің анық немесе ишара келісімі мәселесі болған емес.

Жалпы қазақ заң шығарушысы банк құпиясын заңмен реттеп қамтамасыз етуге қандай мақсатпен ұмтылды? Меніңше, бұл мәселеде еліміздің  билік орындарының ең ықтимал мақсаты, мысалы, ағылшын судьялары құсап, тұтынушы немесе клиент мүддесі мен құқықтарын қорғап қамтамасыз ету емес, жалпы нарықтық экономиканың ажырамас бөлігі болып табылатын банк қызметінің белгілі стандарттарын заңнамамен белгілеп реттеу болды. Ал банк құпиясы банк қызметінің ең маңызды элементтерінің бірі болғандықтан заманауи банк қызметінің стандарттарына жататыны сөзсіз.

Қорыта айтқанда, Қазақстан  заң шығарушы және басқа да билік  орындарының банк құпиясын реттеп қорғау саясаты 1990-жылы пайда болып соңғы 20 жыл ішінде жүзеге асырылып дамып жатыр. Бұл саясаттың дамуын екі кезеңге бөліп қарастыруға болады. Бірінші кезең 1990-1995 жылдарды қамтиды. Екінші кезең 1995-ж. басталып бүгінгі күнге дейін жалғасып келеді.

Бірінші кезеңді қысқаша сипаттайтын болсақ, ол кезде банк құпиясы анық түсінігі және айқын заңи анықтамасы болмай қарапайым құқықтық қағидат ретінде заңнамада көрсетілген. Оның үстіне, банк құпиясының пайда болуына байланысты кейбір манызды құқықтық ережелер мен процедуралардың негізі қаланды. Банктер туралы 1995-жылғы жарлық қабылданған соң және сол жылы тағы кейбір заңнама актілері қабылданып, екінші кезең басталды. Бұл кезеңнің басында банк құпиясының айқын заңи анықтамасы беріліп ол қысқа мерзімде дамып күрделі құқықтық институтқа айналды. Бұл кезеңнің тағы бір ерекшелігі банк құпиясын қамтамасыз ететін мынадай жаңа маңызды қағидаттар пайда болды:

1) банк құпиясын жария  етуге банк клиентінің жазбаша  келісімінің (рұқсатының) болуы;

2) заңмен көрсетілген  жағдайларда банк құпиясын клиенттің келісімінсіз (рұқсатынсыз) жария ету;

3) банк құпиясының заңсыз  жария етілгені үшін қылмыстық  жауапкершілік.

Бірінші кезеңде  банк құпиясының құқықтық қорғалуы жеткіліксіз  деңгейде болды деп айтуға болады. Тиімді құқықтық қорғаудың негізі тек  Банктер туралы 1995-жылғы жарлық қабылданғаннан кейін қалана бастады. Атап айтқанда, Банктер туралы 1995-жылғы жарлықтың 50-бабының 3-тармағы бойынша, өзiнiң қызмет мiндеттерiн жүзеге асыру барысында банк құпиясы болып табылатын мәлiметтер алуға мүмкiндiк алған банкінің лауазымды адамдары, қызметкерлерi және өзге адамдар оларды жария еткенi үшiн қылмыстық жауапты болады, бұған осы баптың 4-8-тармақтарында көзделген жағдайлар кiрмейдi.[30]

Айтпақшы, іс жүзінде  банк құпиясын заңсыз жария еткені үшін қылмыстық жауапкершілік сәл  ертерек пайда болды. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы президентінің  «Жасырын банк есептерін ашуына байланысты Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» заң күші бар жарлығына (1995-ж. сәуірдің 21-і)[31] сәйкес Қазақ ССР-інің Қылмыстық кодексіне (1959-ж. шілденің 22-сі) мынадай жаңа бап енгізілді:

«122-1-бап. Банк құпиясын жария ету.

Өзiнiң қызмет мiндеттерiн жүзеге асыру барысында  банк құпиясы болып табылатын  мәлiметтерді алуға мүмкiндiк алған  тұлға оларды жария етсе - екі  жылға дейінгі бас бостандығынан айыруға не екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына жазаланады».

Айта кетерлік жайт, бұл кодекс 1998-ж. қаңтардың 1-іне  дейін күшінде болып, аталған  күннен бастап Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі (1997-ж. шілденің 16-сы) күшіне енді. Сол жаңа кодексте банк құпиясын бұзғаны үшін арнайы 200-бап («Коммерциялық немесе банктiк құпияны құрайтын мәлiметтердi заңсыз алу мен жария ету») көрсетілген. Ол туралы келесі тарауда толығырақ тоқталамын.

Бұл тарауды қорытындылайтын  болсақ, банк құпиясы түсінігі қазақ  заңнамасында 1990-жылдың соңында пайда  болып, қысқа мерзім ішінде елеулі өзгеріске  түсті. Нақтырақ айтқанда, оның заңи анықтамасы мен оған қатысты құқықтық қағидаттар жиынтығы белгіленіп бекітілді. Көлемі жағынан да банк құпиясы едәуір кеңейтілді деуге болады. Бұндай салыстырмалы түрде жылдам дамуының негізгі себепкерлері еліміздегі банк қызметінің дамуы және жалпы нарықтық экономиканың пайда болып қалыптасуы мен дамуы болғаны анық.

Құқық теориясы тұрғысынан қарайтын болсақ, банк құпиясы Қазақстанда 1990-жылы пайда болып содан бері қарапайым құқықтық қағидаттан банк құқығының күрделі институтына  айналып үлгерді. Бұл институт заңи анықтамадан, оған қатысты қағидаттар жиынтығынан және банк құпиясымен байланысты банк құқығының және қазақ заңнамасының басқа да салаларының нормалары мен құралдарынан тұрады. 

 

Тәртіптік, әкімшілік  және қылмыстық жауапкершілік.

Құпия мәліметті (оның ішінде банк құпиясына жататын мәліметті) заңсыз жария ету үшін қазақ заңнамасында бірнеше жауапкершілік түрлері қолданылады. Атап айтқанда, банк құпиясына қатысты ережелерді заңсыз бұзғаны үшін төмендегідей жауапкершілік бар:

Тәртіптік жауапкершілік.

Еңбек заңнамасында жалдамалы  жұмыскер тарабынан құпия мәліметті заңсыз жария ету жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзудың негіздерінің бірі ретінде қарастырылған.

Атап айтқанда, 2007-ж. мамырдың 15-індегі Қазақстан Республикасы Еңбек  кодексінің 54-бабы 1-тармағының 12-тармақшасына сәйкес қызметкермен еңбек шарты жұмыс берушінің бастамасы бойынша қызметкер еңбек міндеттерін атқаруға байланысты өзіне мәлім болған мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария еткен жағдайда бұзылуы мүмкін.

Демек, бұндай заң бұзушылық (заңсыз жария ету) еңбек шартын бұзу деген тәртіптік жазаның қолдануына әкеліп соқтыруы әбден мүмкін.

Информация о работе Банк кұпиясы