Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2012 в 19:47, реферат
Банк құпиясы жалпы банк - клиент қарым-қатынасы құпиялылығының басты элементін құрайды. Банк құпиясы Қазақстанда 1990-ншы жылдардың басында ғана пайда болды, өйткені сол кезде үкімет бұрынғы тиімсіз социалистік экономикадан тиімдірек нарықтық экономикаға көшу реформаларын бастаған. Нарықтық экономиканың басты институттарының бірі жеке банктер жүйесі екені белгілі. Осыған байланысты банктердің җұмысын ретке келтіріп жолға қою үшін банк-клиент қарым-қатынасының құпиялылығы мен банк құпиясын қамтамасыз ету ауадай қажет болды.
Банк құпиясы
жалпы банк - клиент қарым-қатынасы
құпиялылығының басты элементін
құрайды. Банк құпиясы Қазақстанда
1990-ншы жылдардың басында
Дегенмен, банк құпиясы Қазақстанда пайда болып, мемлекеттің құзыретті органдары тарабынан реттеліп дамығанына қарамастан, әзірге дейін еліміздің құқық ғылымында оның тарихы мен жалпы жағдайын талдап көрсететін зерттеулер жетіңкіремей тұр. Бұның себебі, меніңше, бір жағынан, күнделікті тіршілігімізде банк құпиясын салыстырмалы түрде жаңа институт және құқық ғылымы үшін жаңа тақырып (мәселе) деп атауға болады. Сонымен қатар, екінші жағынан, еліміздегі құкық ғылымының жақсы қарқынмен дамып отырған салалары болса бірінші кезекте азаматтық және банк құқығын атауымыз керек.
Қазақстанда банк құпиясы пайда болғаннан бері ерекше және күрделі жағдайда дамыды, өйткені, жасыратыны жоқ, елімізде заң мен заңсыздықтың арасында көптеген жағдайларда анық меже болмай, заң мен заңсыздық шекарасы бұлдырланып, құбылып жүретіні белгілі.
2007-жылы елімізде басталған
экономикалық дағдарысқа дейін
Қазақстанда өткізілген
Банк құпиясының қазақ заңнамасы бойынша құпияның бір түрі, банк құпиясының түсінігі мен анықтамасы, кейбір басқа құпия түрлерімен ара-қатынасы, банк құпиясының 1990-ыншы жылдардан бері құкықтық реттелуі, банк құпиясын құқықтық қамтамасыз ету деңгейі мен оны бұзғаны үшін заңнамада көрсетілген жауапкершілік және басқа да мәселелер болып табылады.
Құқық бойынша құпия түсінігі. Банк құпиясы құпияның бір түрі.
Басында банк құпиясы мәселесі қазақ құқық ғылымында аз зерттелді деп жаздым. Зерттелмегендіктің салдарынан заңда жазылған банк құпиясының анықтамасына қарамастан ғалымдар арасында «банк құпиясы» түсінігі дегеннің өзі не екені жөнінде әзірге дейін ортақ пікір жоқ.
Бүгінгі күні қазақ заңнамасында бірқатар құпия түрі бар. Атап айтқанда, бұл категорияға төмендегідей құпия түрлерін жатқызуға болады:
1. Адвокат құпиясы.
2. Бала асырап алудың құпиясы.
3. Банк құпиясы.
4. Дәрігерлік құпия.
5. Жеке өмір құпиясы.
6. Зейнетақы жинақтарының құпиясы.
7. Коммерциялық құпия.
8. Мемлекеттік құпия, оның ішінде мемлекеттік және қызметтік құпия.
9. Қызметтік құпия (азаматтық құқық бойынша).
10. Нотариус құпиясы.
11. Отбасы құпиясы.
12. Сақтандыру құпиясы.
13. Салық құпиясы және т.б.
Құқық ғылымында қазақ заңнамасында көрсетілген құпия (құпия мәлімет, құпиялылық) категориясын жүйелі зерттелген мәселелердің қатарына жатқызуға әлі ерте. Жоғарыда келтірілген құпиялар санатында банк құпиясының басқа құпия түрлерімен ара-қатынасын және оның жалпы орнын анықтауға зерттеулердің аздығынан және басқа да себептерге байланысты әзірше мүмкіндік жоқ. Дегенмен, еліміздегі құкық әдебиетінде банк құпиясын негізінен коммерциялық құпиямен салыстырып немесе коммерциялық құпия контексінде қарастырады. Жалпы, біздің ғылыми әдебиетімізде бұл мәселе жөнінде екі пікір қалыптасқан: біріншісі банк құпиясы коммерциялық құпиядан бөлек ерекше құпия түрі болып табылады десе (Тоқбаев Е., Черняков В., Шаяхметов А.), екіншісі банк құпиясы коммерциялық құпияның түрі немесе коммерциялық құпияға жатады дейді (Анасова Л., Омарова А.).
Менің ойымша, теория тұрғысынан, банк құпиясы коммерциялық құпияның бір түрі (немесе коммерциялық құпия банк құпиясын қамтиды) деген пікірдің негізі бар, бірак «коммерциялық құпия» мен «банк құпиясы» категорияларын қазақ заңнамасы контексінде қарастыратын болсақ, коммерциялық құпия мен банк құпиясы екі түрлі құқықтық феномен болып табылады және олардың екі түрлі құпия екенін айқындауға болады. Жалпы банк құпиясының қазақ заңнамасындағы құқықтық табиғаты бойынша коммерциялық құпиядан бірнеше айтарлықтай айырмашылықтары бар.
Мысалы, Е.А. Тоқбаев қуаттағандай, қазақ заңнамасында «банк құпиясы» термині коммерциялық немесе кәсіби құпияның түрі ретінде қарастырылмай, азаматтық және қылмыстық құқық сияқты құқық салаларында дербес түсінік ретінде қолданылады. Бұл зерттеушінің жазуы бойынша, басқа құпия түрлеріне қарағанда банк құпиясына мынадай ерекше нышандары тән:
1) банк құпиясы
[коммерциялық құпияға
2) банк құпиясына жататын мәлімет ауқымы заңмен анықталады;
3) бұл мәлімет ауқымы кез келген банк, клиент не корреспондент үшін ортақ (бірдей) болып табылады;
4) бұл мәліметті алуға құқығы бар тұлғалар тізбегі заңмен тура көрсетілген;
5) бұл тізбек шектеулі болып табылады, яғни оны кеңітіп түсіндіруге болмайды;
6) клиенттің келісімінсіз
банк құпиясы мәліметін басқа
тұлғаларға беруге тыйым
Бұған қосарым, заңнама тұрғысынан, коммерциялық құпияның екі құқықтық режимі бар. Яғни, коммерциялық құпияны аралас режиміндегі институт ретінде қарастыруға болады. Бір жағынан, заңнама бұл құпияға не жататынын жеке және заңда тұлғалардың еркіне береді. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы» заңының (2006-ж. қаңтардың 31-і) 1-бабының 10-тармақшасы бойынша, коммерциялық құпия - жеке кәсіпкерлік субъектісі айқындайтын және қорғайтын, заңды негізде еркін қол жеткізуге адамдардың шектеулі тобы ие болатын, жариялануы, алынуы, пайдаланылуы оның мүдделеріне залал келтіруі мүмкін ақпарат болып табылады.
Оның үстіне, заңнамада коммерциялық құпияның негізгі қасиеттерін ескеретін тағы бір ресми анықтама бар. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің Жалпы бөлімінің (1994-ж. желтоқсанның 27-сі) 126-бабының 1-тармағы бойынша, үшінші жаққа белгісіз болуына байланысты ақпараттың нақты немесе потенциалды коммерциялық құны болып, онымен заңды негізде еркін танысуға болмайтын және ақпаратты иеленуші оның құпиялылығын сақтауға шара қолданатын ретте, қызметтік немесе коммерциялық құпия болып табылатын ақпарат азаматтық заңдармен қорғалады.
Екінші жағынан, кейбір жағдайларда коммерциялық құпияға не жататынын заңнама өзі анықтап береді. Мәселен, Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» заңының (2007-ж. ақпанның 28-і) 12-бабының 1-тармағына сай бастапқы құжаттар мен бухгалтерлік есеп тіркелімдерінің мазмұны коммерциялық құпияны құрайтын ақпарат болып табылады, оларға қол жеткiзуге басшылықтың немесе дара кәсiпкердiң рұқсаты бар адамдарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарына ғана рұқсат етiледi.
Бұл тұрғыдан қарағанда, банк
құпиясы тек заңнамамен айқындалып,
тек заңда көрсетілген
Қорыта айтқанда, банк құпиясының коммерциялық құпиядан негізгі айырмашылықтары төмендегідей болса керек: банк құпиясының ауқымы мен құрамы тек заңмен (заңдармен) белгіленген және еш өзгертуге (заң шығарушыдан басқа) жатпайды; коммерциялық құпияның ауқымы мен құрамын қазақ заңнамасы, бір жағынан, кейбір жағдайларда өзі анықтайды, екінші жағынан, негізінен жеке және заңды тұлғалардың еріктеріне береді. Демек, соңғы құпия түрі құбылмалы (өзгермелі) болса керек, өйткені оның құрамын мемлекеттік емес тұлғалар қалаған кезде өзгерте алады, ал банк құпиясын құзыретті заң шығарушы айқындап заңмен бекіткеннен кейін оны ешкім өзгерте алмайды. Басқаша айтатын болсақ, ауқым мен құқықтық режим негізгі айырмашылықтар болып тұр. Осыған байланысты, менің пайымдауымша, қазақ заңнамасы бойынша, банк құпиясын коммерциялық құпияның бір түрі немесе коммерциялық құпия банк құпиясын қамтиды деп анықтау қате болса керек. Еліміздің заңнамасында бұл екеуі дербес құпия түрі деп қорытындылауға болады.
Банк құпиясының және оған
қатысы бар тағы бір құпия түрінің
ара-қатынасын айқындауға тура келеді.
Атап айтқанда, бұл қолданыстағы Конституцияда
Нақтырақ айтқанда, Қазақстан Республикасы Конституциясының (1995-ж. тамыздың 30-ы) 18-бабының 2-тармағынасәйкес әркiмнiң өзiнiң жеке салымдары мен жинаған қаражатының [астын сызған мен. - Қ.Ә.], жазысқан хаттарының, телефон арқылы сөйлескен сөздерiнiң, почта, телеграф арқылы және басқа жолдармен алысқан хабарларының құпиялылығы сақталуына құқығы бар. Бұл құқықты шектеуге заңда тiкелей белгiленген реттер мен тәртiп бойынша ғана жол берiледi.
Бұл норманың бейресми (доктриналық)
түсіндірмесін алғашқылардың
Аударма мен редакция сапасына көңіл бөлмейтін болсақ, бұл түсіндірмеде біріншіден назар аудартатыны автордың «жеке салымдар мен жинаған қаражатының құпиялылығын» тек «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» заң күші бар Қазақстан Республикасының президенті жарлығының (1995-ж. тамыздың 31-і) (ары қарай - Банктер туралы 1995-жылғы жарлық) 50-бабында көрсетілген банк құпиясы контексінде қарастырып түсіндіреді. Және де бұл зерттеушіміздің түсіндірмесінен туындайтын қорытынды жалғыз-ақ - жеке салымдар құпиялылығы банк құпиясымен тығыз байланысты немесе бір түсінік болса керек. Бұл тұрғыдан, әрине, «жеке салымдар мен жинаған қаражатының құпиялылығы» мен «банк құпиясы» түсініктерінің ара-қатынасы туралы сөз қозғау да мүмкін емес. Бұл екі терминнің өзара алшақ және біріне бірі сәйкес келмейтіні ап-анық болғандықтан және Л.Ш. Берсүгірова өз пікіріне ешбір дәлел келтірмегендіктен бұндай түсіндірмемен келісу қиын.
Тура он жылдан кейін, 2009-жылы,
аталған Конституция нормасына ресми түсіндірме
де берілді. Атап айтқанда, 2009-жылғы тамыздың
20-сында Қазақстан Республикасы Конституциялық
Кеңесі «Қазақстан Республикасы Конституциясының 18-бабы
2-тармағын ресми түсіндіру және «Заңсыз
жолмен алынған кірістерді заңдастыруға
(жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға
қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының және «Қазақстан Республикасының
кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз
жолмен алынған кірістерді заңдастыруға
(жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға
қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан
Республикасы Заңының Қазақстан Республикасының Конституциясын
Оның үстіне, аталған қаулының
анықтау бөлімінің 1-тармағы бойынша,
жеке салымдар мен жинаған қаражатының
құпиялылығы бірқатар заңдармен қамтамасыз
етіледі, оның ішінде Қазақстан Республикасы Азаматтық
КодексініңЖалпы бөлімі (1994-ж. желтоқсанның
27-сі), «Салық және бюджетке төленетін
басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан
Республикасының кодексі (2008-