Банк кұпиясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2012 в 19:47, реферат

Краткое описание

Банк құпиясы жалпы банк - клиент қарым-қатынасы құпиялылығының басты элементін құрайды. Банк құпиясы Қазақстанда 1990-ншы жылдардың басында ғана пайда болды, өйткені сол кезде үкімет бұрынғы тиімсіз социалистік экономикадан тиімдірек нарықтық экономикаға көшу реформаларын бастаған. Нарықтық экономиканың басты институттарының бірі жеке банктер жүйесі екені белгілі. Осыған байланысты банктердің җұмысын ретке келтіріп жолға қою үшін банк-клиент қарым-қатынасының құпиялылығы мен банк құпиясын қамтамасыз ету ауадай қажет болды.

Файлы: 1 файл

Банк құпиясы жалпы банк.doc

— 377.50 Кб (Скачать)

Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейі егемен Қазақстанның орталық банкі болып табылатын Қазақстан Ұлттық Банкінен тұрады.

Мемлекеттің монетарлық билігінің және мемлекеттік банктік  менеджменттің басты органы Қазақстан  Ұлттық Банкі өз құзыреті шегінде  Қазақстан Республикасының экономикалық-қаржылық мүддесін тиісінше қамтамасыз етуге ат салысады.

Қоғам мен мемлекеттің  мүддесіне сай инвестициялық-қаржылық және кредиттік құзыреті бар Қазақстанның Даму Банкі өзінің ерекше құқықтық мәртебесіне орай деңгей аралық мемлекеттік банк ретінде көрініс тапқан.

Қазақстан Республикасы банк жүйесінің төменгі (екінші) деңгейін:

1.     мемлекетаралық банктер;

2.     Қазақстан Республикасының резидент банктері (заңды тұлғалары – коммерциялық ұйымдары);

3.     Қазақстан Республикасындағы резидент емес банктері;

4.     шетелдік қатысуы бар Қазақстан Республикасының резидент банкі – аралас капиталы бар банктер құрайды.

Қазақстан Республикасының  осындай нарықтық үлгідегі банк жүйесінің  құрылуы және оның нормативтік құқықтық негіздерінің айтарлықтай қалыптасуы елімізде үзбей жүргізіліп жатқан экономикалық және құқықтық реформаның жемісті нәтижесіне жатады.

Қазақстан Республикасы банк жүйесінің нормативтік құқықтық негізін құрайтын банктік заңнамалық актілердің, сондай-ақ банк секторына қатысы бар өзге де заңнамалық актілердің нормаларының өзара генетикалық, функционалдық және құрылымдық байланыстары банктік заңнаманың банк жүйесі ауқымында жүзеге асырылатын банктік қызмет (банктік операция, мәміле, іс-әрекет) барысында туындайтын қоғамдық банктік қатынастарды жан-жақты реттей алатынын көрсетеді.

Банк жүйесінде  жүргізілетін әр алуан банктік (операциялық) қызметтің ұйымдастырылу ерекшелігі және ресурстық – ұйымдастыру  негізі банк жүйесінің экономикалық, сондай-ақ заңнамалық негізін құру прцесінде айқындалады.

Қазақстан Республикасы банк жүйесінің құрылуы өзіне  тән біртұтастық және құрылымдық ерекшеліктерге байланысты болады. Осындай  иерархиялық, біртұтастық және құрылымдық сипаты-мәні банк жүйесінің тиісінше қалыптасуына септігін тигізеді. Қазақстан Республикасының қазіргі заманғы банк жүйесі өз ауқымындағы мемлекеттік банктік менеджмент мән-жайларымен ғана емес, сонымен бірге өзіндік (корпоративтік) басқаруға және ұйымдастыруға қабілеттілігімен ерекшеленеді.

Сонымен Қазақстан  Республикасының бүгінгі банк жүйесінің сипаттамалық белгілері мынадай көрініс табады:

1.     Қазақстан Республикасының банк жүйесі күрделі әлеуметтік жүйе тобына жатады;

2.     Банк жүйесінің қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне сай жұмыс істеуін оның нормативтік құқықтық базасын құрайтын банктік заңнамалық актілер және заңға тәуелді нормативтік банктік құқықтық актілер, сондай-ақ халықаралық банктік келісімдер мен банктік стандарт ережелері қамтамасыз етеді;

3.     Қазақстан Республикасының банк жүйесі мемлекеттік банктік менеджмент (мемлекеттік басқару-реттеу ықпалы) ауқымында жұмыс істейді;

4.     Банк жүйесі Қазақстан Республикасы қаржы-кредит жүйесінің аса маңызды бір бөлігі болып саналады;

5.     Қазақстан Республикасының банк жүйесі екі деңгейлі, иерархиялы, біртұтас және өзіндік ұйымдастырылуға қабілетті құрылым болып табылады;

6.     Жоғарғы және төменгі деңгейлі банк жүйесі Қазақстан Ұлттық Банкінен, Қазақстанның Даму Банкінен, Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысы жинақ банкінен, коммерциялық банктерден, мемлекетаралық банктерден, банктік инфрақұрылымнан және банктік рыноктан тұрады;

7.     Банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейіндегі Қазақстан Ұлттық Банкі белгілі бір дәрежеде – көлемде тиісті мемлекеттік билік органдарының ықпалына тәелсіз, кредиттік-қаржылық сипатта айрықша құқықтық мәртебесі бар экономикалық субъект – мемлекеттік монетарлық биліктің басты органы болып табылады;

8.     Қазақстан Республикасының банк жүйесі, оның ұйымдастырылуы нысандары мен басқа да мән-жайлары Қазақстан Республикасы Конституциясымен, ҚР банктік заңнамалық актілерімен, қатысы бар өзге де заңнамалық актілермен, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкінің заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерімен регламенттелінеді;

9.     Банк жүйесі мемлекеттің экономикалық саясатын іске асыруға айтарлықтай септігін тигізеді және дүниежүзілік экономика аясындағы халықаралық банк жүйесімен өзара тиімді қарым қатынас механизмін құрады;

10.                       Банк жүйесі мемлекеттік меншікті реформалауға, баға тұрақтылығын және ұлттық валюта тұрақтылығын қамтамасыз етуге септігін тигізеді, сондай-ақ инфляцияны төмендетуді нәтижелейді;

11.                       Банк жүйесінің жұмыс істеуі кредиттік-қаржылық қызметтер көрсетуді тиісінше ұйымдастыру барысында экономикалық, салалық және жергілікті мемлекеттік басқару органдарымен тығыз байланыс арнасында көрініс табады.

Бүгінде нарықтық талаптарға және халықаралық банктік  стандарт ережелеріне сай жетілдірілген  Қазақстан Республикасының банк жүйесіндегі барлық банктер бірыңғай кредиттік-қаржылық механизм ауқымында өзара іс-әрекеттері мен өздеріне тиесілі кәсіби қызметін, экономикалық-қаржылық банктік операцияларын жүзеге асыруда.

Негізігі әдебиеттер тізімі:         

Нормативтік-құқықтық актілер 

 

1)    Қазақстан Республикасында «Қаржы рыногы мен қаржы ±йымдардың қызметін реттеу жєне қадағалау туралы» 4 шілде 2003 ж. № 562-11 заңы

2)    Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2000 жылғы 25 сәуірдегі N 179 қаулысы. Қазақстан республикасының Әділет Министрлігінде 14 ақпан 2004 ж. № 2704 бекітілген.

3)    Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарында заңды және жеке тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу ережесін бекіту туралы» қаулысы.  Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2001 жылғы 29 қаңтарда № 2685 тіркелді.

4)    Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 2 шілдедегі «Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есеп шоттарын  ашу, жүргізу және жабу тәртібі жөнінде нұсқаманы бекіту туралы» қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2000 жылғы 18 шілде № 1199 тіркелді.

5)    Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 27 қазан «Өтініш берушіге қойылатын талаптар және банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және жинақтаушы зейнетақы қорларының аудитін жүргізуге лицензия беру туралы өтінішке қоса берілетін құжаттардың тізбесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 28 қыркүйек № 3114 тіркелді.

6)    Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 24 тамыз «Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын шығару және пайдалану ережесін бекіту туралы» қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 26 қыркүйек № 3852 тіркелді.

7)    Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 6 желтоқсан «Ақшалы-несиелік және қаржылық мәліметті қалыптастыру мақсатында екінші деңгейдегі банктермен, несиелік серіктестіктермен және ипотекалық компаниялармен Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіне есепті берудің тізімі, нысаны және мерзімдері жөнінде нұсқауды бекіту туралы» қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 23 маусымда № 3688 тіркелді. 

 

Негізгі єдебиеттер :

1)    Банковское дело. Под ред. Лаврушина О.И. – Москва, «Банковский и биржевой научно-консультативный центр», 1992г.

2)    Давыдова Л., Райманов Д. Банковское право Республики Казахстан. Учебное пособие. – Алматы, «Жеті жарғы», 2004г.

3)    Ерпылева Н.Ю.. Международное банковское право. Учебное пособие. – Москва, 1998г.

4)    Ефимова Л.Г. Банковское право. Учебное и практическое пособие. – Москва, изд-во «Бек», 1994г.

5)    Олейник О.М. Основы банковского права. Курс лекций. – Москва, Юристъ,1997г.

6)    Тосунян Г.А.  Банковское право Российской Федераций. Общая часть. – Москва, Юристъ, 1999г.

7)    Найманбаев С.М. Банктік қ±қық. Алматы, 2005

8)    Эриашвили Н.Д.  Банковское право. Учебник для студентов вузов. – Москва, Закон и право, 1999г.

9)    История банковского дела //Банки Казахстана. - 2001. - N7. - С.46-49.

10)                      Алимжанов К.    О некоторых противоречиях банковского законодательства Республики Казахстан. //Правовая реформа в Казахстане. - 1999. - N4. - С.23-26.

11)                      Братко А.Г.         Банковское право и система нормативных актов. //Бизнес и банки. - 2003. - N19.

12)                      Братко А.Г.         Банковское законодательство и акты банка России. //Бизнес и банки. - 2003.

13)                      Братко А.Г.         Проблемы толкования банковской нормы. //Бизнес и банки. - 2001. - N46

14)                      Алексеева Д.Г., Пыхтин С.В., Хоменко Е.Г.  Банковское право. М.: Юристь, 2003. (Раздел 2. Функциональная составляющая банковской деятельности. С. 245-478).

15)                      Банковское право. (Отв. ред. А.А. Травкин). М.: Юристь, 2005. (81-459-б).

16)                      Банковское дело. (Под ред. Г.Н. Белоглазовой, Л.П. Кроливецой). М., Финансы и статистика, 2004.

17)                      Банковское дело. (Под ред. В.И. Колесникова, Л.П. Кроливецой). М., Финансы и статистика, 2000.

18)                      Белых В.С., Виниченко С.И. Биржевое право. М., Издательство Норма (изд. Группа НОРМА-ИНФРА-М), 2001

19)                      Бердникова Т.Б. Рынок ценных бумаг и биржевое дело. М., ИНФРА-М, 200.

20)                      БраткоА.Г. Банковское право (теория и практика). М., Издательство ПРИОР, 2000.

21)                      Ерпылева Н.Ю. Международное банковское право. М.: Дело, 2004. 

 

Тақырып 4. Банктік шот: ұғымы, құқықтық табиғаты, маңызы, түрлері . 

 

1.     Банктік шарттардың  түсінігі және құқықтық табиғаты

2.     Банктік шот шартының  маңызыи және мазмұны.

3.     Банктік шот шартының  жанасу тәртібі мен негіздері

4.     Шарт жақтары мен  құқықтары мен  міндеттері

5.     Шоттағы ақшаның  құқықтық режимі. 

 

Банктік шот  тиісті заңнамалық актілер, лицензия және шарт негізінде өздері қызметтер  көрсететін клиенттерімен, басқа банктермен өзара қарым-қатынас механизмі, сондай-ақ клиенттің барлық қаржылық операцияларын жүргізуге айтарлықтай мүмкіндік беретін, банктің әрбір клиентінің атына (пайдасына) түсетін және олар жұмсайтын (пайдаланатын) ақша қаражаттарын есепке алатын тәсіл болып табылады.

Банктік шот  тиісті банкпен оның клиенті арасындағы клиенттің пайдасына түскен ақшаны қабылдау және клиентке түрлі банктік қызметтер көрсету жөніндегі қаржылық-құқықтық, сондай-ақ азаматтық-құқықтық сипатты шарттық қатынастарды білдіретін тәсілге жатады.

Банктік шот  банк пен клиент арасында жасалған банктік шот шартының негізінде ашылады.

Банктік шотты  ашуға байланысты қалыптасатын қаржылық-құқықтық және азаматтық-құқықтық қатынастарда банк пен клиенттің дербестігі әрі  бастамашылдығы, банктің шоттың түрлі  режимі, мемлекеттің, клиенттің, сондай-ақ экономикалық-қаржылық және өзге мүдделерінің балансы міндетті түрде орын алуға тиіс.

Банктік шоттардың  түрлерін және құқықтық тәртібін, банктік  шоттарды ашу, жүргізу (пайдалану) және жабу тәртібі мен мән-жайларын Қазақстан  Ұлттық Банкі белгілейді.

Банктер өз клиенті салық төлеушіге банктік шоттар ашу кезінде тиіс салық органдарын салық төлеуші заңды тұлғаға және жеке кәсіпкерге банктік шоттардың ашылғандығы туралы үш жұмыс күні ішінде хабардар етеді.

Осы орайда коммерциялық банк пен Қазақстан Ұлттық Банкінің арасынад және коммерциялық пен салық органдары арасында банктік шотқа байланысты әкімшілік құқықтық қатынастар туындайды.

Коммерциялық  банк клиенті мен салық органдары  арасында қаржылық құқықтыққатынастар қалыптасады.

Ал банк пен  оның клиенті арасында шарттық үлгідегі (типтегі) қаржылық –құқықтық және азаматтық-құқықтықы қатынастар құрылады.

Банктік шот  банк пен клиенттің өзара шарты  ретінде консенсуалды әрі ақылы (көбінесе немесе мүлде ақысыз) сипатта, өзара құқықтар мен міндеттер  арқылы көрініс табады.

Банк шот өзінің жүзеге асыру нормативі мен ережесі бар кәсіпкерлік қызметтің нысаны ретінде де қарастырылады.

Қазақстан Республикасының  тиісті заңнамалық актілеріне сәйкес жеке және заңды тұлғаларға, заңды  тұлғалардың оқшауланған бөлімшелеріне:

1) ағымдағы банктік шот;

2) жинақ банктік  шот;

3) банктік карт-шот;

4) корреспонденттік  банктік шот ашылады.

Информация о работе Банк кұпиясы