Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2012 в 19:47, реферат
Банк құпиясы жалпы банк - клиент қарым-қатынасы құпиялылығының басты элементін құрайды. Банк құпиясы Қазақстанда 1990-ншы жылдардың басында ғана пайда болды, өйткені сол кезде үкімет бұрынғы тиімсіз социалистік экономикадан тиімдірек нарықтық экономикаға көшу реформаларын бастаған. Нарықтық экономиканың басты институттарының бірі жеке банктер жүйесі екені белгілі. Осыған байланысты банктердің җұмысын ретке келтіріп жолға қою үшін банк-клиент қарым-қатынасының құпиялылығы мен банк құпиясын қамтамасыз ету ауадай қажет болды.
Қазақстанның тыс елдердегі банктік шоттары:
1) есеп айырысу шоты;
2) ағымдағы шоттар;
3) бюджеттік шоттар;
4) контокорренттік шот;
5) валюталық шот;
6) заңды тұлғалардың уақытша жинақ есеп айырысу шоты;
7) корреспонденттік шот;
8) корреспонденттік субшот;
9) филиаларалық есеп айырысу шоты;
10) “ЛОРО” корреспонденттік шоты;
11) “НОСТРО” корреспонденттік шот;
12) нөмірлі банктік шот;
13) инвестиция және конверсиялық шоттар;
14) мақсатты банктік шот;
15) арнаулы брокерлік банктік шот болып бөлінеді.
Банктік шот ашу банктер жүзеге асыратын пассивті банктік операциялардың бір түріне жатады.
Банктік шот ашу және жүргізу құқықтық негіздерін “Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы” Қазақстан Республикасы заңының 8 бабының д-1) тармақшасының және 49 бабының ережелері, “Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы” Қазақстан Республикасы заңының 30 бабының 2 тармағы а), б), в) және в 1) –тармақшаларының ережелері, “Ақша төлемі мен аударымы туралы” Қазақстан Республикасы заңының 6 бабының ережелері, “Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы” Қазақстан Республикасының заңының 12, 25 және 26 бабының ережелері қалыптастырады.
Банктік шот шарты банк пен оның клиенттерінің арасында жазбаша түрде жасасылған, банктің клиенті талап еткен кезде оған қажетті мөлшерде ақша қаражатын беру, клиенттің пайдасына түскен ақша қаражаттарын қабылдап отыру, клиенттің тапсырмасы бойынша үшініші тұлғалардың пайдасына ақша аудару, клиенттен қолма-қол ақщаны қабылдап алу, клиентке қажет кезінде қолма-қол ақша беру, клиентке оның банктік шоты бойынша жүргізілген операцмялар және оның банктік шотындағы ақша қаражатының сомасы туралы ақпарат беру жөнінде міндеттеме жүктейтін консенсуалды, қостарапты міндеттеуші әрі ақылы сипаттағы құжат болып табылады.
Банктің тиісті банктік шотты ашу және жүргізу жөніндегі пассивті операциясы оның заңнамалық актілерде көзделген әрі лицензиялау режимінде, сондай-ақ банктік шот шарты негізінде жүзеге асырылатын, клиенттің және банктің экономикалық мүдделерін, мемлекеттік фискальдық мүддеісн қамтамасыз етуге бағытталған іс-әрекетіне жатады.
Банктік шот шарты бойынша банкке мынадай міндеттіліктер:
1) клиенттің ақшалай қаражаттарын оның банктік шотына қабылдау міндеттілігі;
2) клиенттің банктік шотын ашу және жүргізу міндеттілігі;
3) клиенттің тапсырмасы бойынша есеп айырысу-кассалық операцияларын уақтылы әрі дұрыс жүргізу жөніндегі міндеттілік;
4) клиенттік банктік шотындағы ақша қаражатын пайдаланғаны үшін клиентке процент төлеу міндеттілігі;
5) клиенттің банктік шоттары жөніндегі банктік құпияны сақтау міндеттілігі;
6) клиенттің банктік шотын кредиттеу міндеттілігі жүктеледі.
Бұл ретте банктің өз клиентінің банктік шотындағы ақша қаражаттарын пайдалану жөніндегі құқығы бар екенін білген жөн болады.
Банктің клиентіне:
1. Қазақстан Республикасының тиісті заңнамалық актісінде көзделген банктік шотты ашу және жүргізу тәртібін сақтау міндеттілігі.
2. Қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды жүргізу және есеп айырысу құжаттарын рәсімдеу тәртібіне қатысты банктік және өзге де заңдардың талаптарын, сондай-ақ банктік ережелерді сақтау міндеттілігі жүктеледі.
Қазақстандағы банктік шот шартының түрлері ағымдағы (банктік) шот шарты, корреспонденттік (банктік) шот шарты және карт-(банктік) шот шарты жазбаша нысанда көрініс табады.
Банктердің болшақ клиенттері заңды тұлғалар мен жеке тұлғалар өздеріне банктік қызметтер көрсететін банктерді өз бетінше таңдайды және олар түрлі банктік шот шартын өзі таңдаған банкпен де, сондай-ақ басқа да банктермен де жасаса алады.
Банктік шот
шарты бойынша клиенттің
Клиенттің банктегі
ақшасын есепке алу үшін клиентке
біріздендірілген жекеше код беру және
оны жою тәртібі банктік
Банктік шот шартының қостарапты сипаты оны жасауға қатысатын банкке, оның клиенттері заңды тұлғаға не жеке кәсіпкерге, орталық және жергілікті мемлекеттік органдарға байланысты көрініс табады.
Банктің банктік шотты жүргізуге қатысты құқығы оған банктік операцияларды жүзеге асыру үшін берілген лицензияда бекітіледі.
Банк пен оның клиентінің тиісті банктік шотты ашу және жүргізу кезіндегі өзара іс-әрекеттері императивтік-диспозитивтік сипат алады.
Банктік шоттар, әдетте, шектеусіз (егер банктік заңнамада немесе банктік шот шартында нақтылы мән-жайлар көзделмесе) әрі мерзімсіз ашылады.
Банктік заңнамада және Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінде банктік шот шартын жасасу тәртібі мұқият реттелінбеген. Дегенмен, банктік практикада тараптардың бірыңғай құжат ретіндегі банктік шартты әзірлеуі және оған қол қоюы, сондай-ақ клиенттің банкке берген, оған банктік шот ашу жөніндегі өтінішін қабылдау жолымен банктік шот шартын жасасу тәсілдері қолданылады.
Банктік шот шартын жасасу алдында клиент банкке:
1) өзіне банк шот ашу туралы өтініш;
2) заңды тұлғаны құру туралы шешімнің көшірмесі және оның жарғысы не ерікті түрде құрылаиын заңды тұлғаның құрылтайшы құжаттары;
3) есеп айырысу құжаттарына қол қоюға құқығы бар заңды тұлғаның лауазымды адамдарының қол қою үлгісі бар карточка және тиісті құжаттарға соғылатын мөрдің таңбасы;
4) клиенттің салық органында салық есебіне қойылғанын растайтын құжат;
5) клиенттің сақтандыру жарналарын төлеуші ретінде тіркелгенін растайтын құжат сияқты және т.б. қажетті деп табылатын құжаттарды табыс етуге тиіс.
Қандай болмасын банк банктік шот шарты бойынша ағымдағы және корреспонденттік шот ашқан кезде клиенттің пайдасына түскен ақшаны қабылдауға, клиентке немесе үшінші адамдарға тиісті ақша сомасын аудару (беру) туралы клиенттің нұсқауын орындауға және банктік шот шартында көзделген басқа да қызмет көрсетуге міндеттенеді.
Банктік шот шартында:
1) шартың мән-жайы;
2) салық қызметі органы берген құжатта көрсетілген салық төлеуші – клиенттің тіркеу номері;
3) банктік шотта жатқан ақшаны жұмсау тәртібі;
4) банктің қызметтер көрсету шарттылығы және оларға ақы төлеу тәртібі көрініс табуға тиіс.
Банктік шот ашу барысында клиенттер:
1) Қазақстан
Республикасының заңды
қол қою үлгілері және мөр таңбасы құжат;
клиенттің салық есебіне қойылу фактісін растайтын, салық қызметі органы берген құжаттың көшірмесі;
статистикалық карточкасының көшірмесі;
уәкілетті мемлекеттік орган берген, клиенттің мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өткендігін растайтын, белгілеген нысанындағы құжаттың көшірмесі;
филиалдар мен
өкілдіктер – филиалдың және өкілдіктің
басшысына Қазақстан
жарғының (ереженің) немесе үлгі жарғысының негізінде клиенттің қызметін растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылған мемлекеттік мекемелер үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің рұқсаты.
Негізгі әдебиеттер тізімі:
Нормативтік-құқықтық актілер
1) Қазақстан Республикасында «Қаржы рыногы мен қаржы ±йымдардың қызметін реттеу жєне қадағалау туралы» 4 шілде 2003 ж. № 562-11 заңы
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2000 жылғы 25 сәуірдегі N 179 қаулысы. Қазақстан республикасының Әділет Министрлігінде 14 ақпан 2004 ж. № 2704 бекітілген.
3) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарында заңды және жеке тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу ережесін бекіту туралы» қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2001 жылғы 29 қаңтарда № 2685 тіркелді.
4) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 2 шілдедегі «Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есеп шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі жөнінде нұсқаманы бекіту туралы» қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2000 жылғы 18 шілде № 1199 тіркелді.
5) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 27 қазан «Өтініш берушіге қойылатын талаптар және банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және жинақтаушы зейнетақы қорларының аудитін жүргізуге лицензия беру туралы өтінішке қоса берілетін құжаттардың тізбесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 28 қыркүйек № 3114 тіркелді.
6) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 24 тамыз «Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын шығару және пайдалану ережесін бекіту туралы» қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 26 қыркүйек № 3852 тіркелді.
7) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 6 желтоқсан «Ақшалы-несиелік және қаржылық мәліметті қалыптастыру мақсатында екінші деңгейдегі банктермен, несиелік серіктестіктермен және ипотекалық компаниялармен Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіне есепті берудің тізімі, нысаны және мерзімдері жөнінде нұсқауды бекіту туралы» қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 23 маусымда № 3688 тіркелді.
Негізгі єдебиеттер :
1) Банковское дело. Под ред. Лаврушина О.И. – Москва, «Банковский и биржевой научно-консультативный центр», 1992г.
2) Давыдова Л., Райманов Д. Банковское право Республики Казахстан. Учебное пособие. – Алматы, «Жеті жарғы», 2004г.
3) Ерпылева Н.Ю.. Международное банковское право. Учебное пособие. – Москва, 1998г.
4) Ефимова Л.Г. Банковское право. Учебное и практическое пособие. – Москва, изд-во «Бек», 1994г.
5) Олейник О.М. Основы банковского права. Курс лекций. – Москва, Юристъ,1997г.
6) Тосунян Г.А. Банковское право Российской Федераций. Общая часть. – Москва, Юристъ, 1999г.
7) Найманбаев С.М. Банктік қ±қық. Алматы, 2005
8) Эриашвили Н.Д. Банковское право. Учебник для студентов вузов. – Москва, Закон и право, 1999г.
9) История банковского дела //Банки Казахстана. - 2001. - N7. - С.46-49.
10)
11) Братк
12) Братк
13) Братк
14) Алекс
15) Банко
16) Банко
17) Банко
18) Белых В.С., Виниченко С.И. Биржевое право. М., Издательство Норма (изд. Группа НОРМА-ИНФРА-М), 2001
19) Бердн
20) Братк
21) Ерпыл
Тақырып 5. Банктік шот шарты негізінде банктер жүргізетін операциялар.
1. Банктік шот шарты негізінде банктер жүргізетін операциялар түсінігі
2. Ағымдағы банктік шот шартының негізінде банктер жүргізетін операциялар
3. Банктік депозит (салым)шартының негізінде банктер жүргізетін операциялар
4. Корреспонденттік шот ұғымы
5. Коммерциялық банкпен өзге банктердің өзара жасалған корреспонденттік шот шарты
6. Банктік шоттар бойынша операциялардың тоқтатыла тұруы және тоқтатылуы.