Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2012 в 19:47, реферат
Банк құпиясы жалпы банк - клиент қарым-қатынасы құпиялылығының басты элементін құрайды. Банк құпиясы Қазақстанда 1990-ншы жылдардың басында ғана пайда болды, өйткені сол кезде үкімет бұрынғы тиімсіз социалистік экономикадан тиімдірек нарықтық экономикаға көшу реформаларын бастаған. Нарықтық экономиканың басты институттарының бірі жеке банктер жүйесі екені белгілі. Осыған байланысты банктердің җұмысын ретке келтіріп жолға қою үшін банк-клиент қарым-қатынасының құпиялылығы мен банк құпиясын қамтамасыз ету ауадай қажет болды.
Демек, Конституциялық Кеңес «жеке салымдар мен жинаған қаражаттың құпиялылығы» түсінігін, біріншіден, тек Банктер туралы 1995-жылғы заңның 50-бабына негізделген ұғым деп түсінбейді, екіншіден, оны банк құпиясынан алшақ деп анық түсіндіріп, оның құқықтық негізін және көлемі мен шегін анықтайды, үшіншіден, оның құрамын негізінен банк салымдары мен компаниялардың (серіктестіктердің) жарғылық капиталдарына салымдармен байланыстырады. «Салым» деген түсінікті тура мағынасында түсіндіретін болсақ және оны заңнамада қалай қолданатындығын ескерсек, Конституциялық Кеңестің түсіндірмесі қисынды екенін мойындауымыз керек.
Дегенмен, менің пайымдауымша, еліміздін Негізгі заңының 18-бабының 2-тармағындағы нормасында көрсетілген азаматтардың «жеке салымдары мен жинаған қаражатының құпиялылығы» деген конституциялық категория бұрынғы социалистік заманның сарқыншағы болу керек. Социалистік кезеңде коммунистік экономикаға жат буржуазиялық «банк құпиясының» қорғалуы, әлбетте, мүмкін болған емес. Сонымен қатар азаматтар мемлекеттік банкке қарайтын арнаулы сақтау кассаларына ақшалай салымдар салып жинағандықтан бұл қарым-қатынастар заңмен азды-көпті реттелген. Сол кезде қолданыста болған Қазақ ССР-інің Азаматтық кодексінің (1963-ж. желтоқсанның 28-і) 390-бабында«салымның құпиялылығына, оның сақталуына және салымшының талап етісімен-ақ, салымын алатынына мемлекет кепілдік береді» деп жазылған.[14] Бұны Г.С. Досжанова «банк құпиясы» түсінігінен мүлдем бөлек «салым құпиясы» деп атайды.[] Оқырманымызға «банк құпиясы» және Конституциямыздағы «жеке салымдары мен жинаған қаражатының құпиялылығы» түсініктерінің бір (бірдей) емес екені айқын болу керек. Бір қызығы, Г.С. Досжанова Қазақстан Республикасында «банк құпиясы институтының негізі болып Конституция табылады» деп, бұл ойын дәлелдеу үшін жоғарыда көрсетілген Конституцияның 18-бабының 2-тармағын келтіреді.
III. Банк
құпиясының қазақ заңнамасында
пайда болуы. Негізгі заң
Қазіргі Қазақстан
Республикасының құкықтық мәртебесінің
негізгі құқықтық ерекшеліктерінің
бірі оның Қеңес Одағының мүшелерінің
бірі болған Қазақ Советтік Социалистік
Республикасының (ары қарай -
Қазақ ССР) құқықтық мирасқоры болуында.
Демек, Қазақстан Республикасының заңнамасы
Қазақ ССР заңнамасынан бастау алады.
Бұл мирасқорлық 1991-ж. желтоқсанның 16-сында
қабылданған «Қазақстан Республикасының
мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» конституциялық
заңмен және 1993-ж. қаңтардың 28-інде қабылданған
Қазақстан Республикасының біріншіКонституциясымен бекіті
Қазақ ССР социалистік
елдің бір бөлігі болғандықтан жеке кәсіпкерлік және жеке
меншік ол кезде заңмен реттеу түгілі
қудаланатын болған. Тек социалистік экономикадан
нарықтық экономикаға өтеміз деп шешіп
үкімет тиісті реформаларын бастағаннан
кейін жеке кәсіпкерлік біртіндеп бас
көтере бастады және жеке меншік жөнінде
көптеген шектеулер жойылды. Алғашқы жеке
банктер құрылып банк қызметі де кәсіпкерліктің
бір түрі ретінде пайда болып дами бастады.
Банк қызметін реттейтін Қазақ ССР-інің
«Қазақ ССР-індегі банктер мен банк қызметі
туралы» алғашқы заңы 1990-ж. желтоқсанның
7-сінде қабылданды (ары қарай - Банктер
туралы 1990-жылғы заң). Көп ұзамай 1993-ж. сәуірдің
14-інде бұрынғы заңның орнына «Қазақстан
Республикасындағы банктер туралы» жаңа
заң қабылданды (ары қарай - Банктер туралы
1993-жылғы заң). Бұдан кейін 1995-ж. тамыздың
31-інде еліміздегі банк саласын реттейтін
«Қазақстан Республикасындағы банктер
және банк қызметі туралы» заң күші бар
Қазақстан Республикасы президентінің
жарлығы шықты. Қазір бұл сала «Қазақстан
Республикасындағы банктер және банк
қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңымен (1995-
Бір ғана банк саласын реттейтін аталған үш заң актілерінің қабылданып, қысқа мерзімде (бес жылдың ішінде) бірін бірі ауыстырғанына қарағанда, ол кездегі заңнама тұрақсыз және орнықсыз болды. Дегенмен, 1995-жылдан бері бұл саланы реттейтін заңның (алғашында - жарлықтың) бүгінгі күнге дейін күшін сақтап жүргенін ескерсек, банк қызметін реттеуде біршама тұрақтылық пайда болды. Бірақ ол заңға (жарлыққа) көптеген өзгерістер мен толықтырулардың енгізілгенін де ұмытпау абзал.
Тағы бір атап өтерлік жайт, жалпы банк қызметі мен банк құпиясын тек аталған заң деңгейдегі құқықтық актілер ғана емес, басқа да қазақ заңнамасына жататын нормативтік құжаттар реттейді. Олардың бастыларына:
1. Қазақстан
Республикасының Конституциясы
2. Республика
ратификациялаған халықаралық
3. Кодекстер (мәселен, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі),
4. Заңнамаға
кіретін басқа да құзыретті
мемлекеттік органдардың
Банк қызметін реттеу мәселесінде қаржы қадағалау органдарының, яғни Ұлттық банк пен Қаржы агенттігінің, ерекше рөлін айтуға тура келеді. Бұл салада жұмыс істейтін мамандарға қаржы қадағалау органдары өз билігін жүзеге асырғанда кейбір кезде заңға да қарамайтыны белгілі. Мысалы, Т. Кибатуллиннің айтуынша: «Ұлттық банктің өз қадағалауындағы тұлғалардың істеріне асыра сілтеушілікпен араласуынан анық болғанындай, заңнама қорғауының болмауы банктер Ұлттық банктің өзімбілермендікке негізделген билігінің асыра не теріс пайдалану мүмкіндігімен қарсыласа алмайды дегенді білдіреді. Заңдарды орындау не түсіндіру мәселелері Ұлттық банктің ресми адамдарының білуімен шешіледі және іс жүзінде реттеу жүйесі жиі-жиі құқықтық норма мен процедураларға азырақ, ал кез келген банктің Ұлттық банкпен жеке-дара әлеуметтік-бюрократиялық қарым-қатынастарына көбірек тәуелді болады»
Осыған байланысты елімізде қалыптасқан банк саласын реттейтін жоғарыда көрсетілген нормативтік құжаттар жүйесін тағы бір құжат түрімен толықтыру орынды болар еді. Бұл құжат түрі, оны тура және тар мағынада түсінетін болсак, заңнама бойынша, нормативтік актілерге жатпайды. Ол құжат түрі Ұлттық банктің және Қаржы агенттігінің хаттары болып табылады. Қазақ заңнамасында хат деген нормативтік акт жоқ. Құқық теориясында бұндай құжаттарды әдетте құқық қолдану актілер санатына, яғни құқықты жасайтын емес, қолданатын құжаттарға жатқызады. Дегенмен, мемлекет органдарында қалыптасқан тәжірибеде кез келген құзыретті мекеме бір мәселе бойынша қарамағындағыларына жиі хаттар жібереді және бұл хаттар негізінен сол мәселе бойынша ресми пікір (түсініктеме) ретінде жазылады. Сол сияқты Ұлттық банк пен Қаржы агенттігі де кез келген өзекті мәселе бойынша өз пікірлерін хат түрінде қарамағындағыларына (қадағалауындағы тұлғаларға) жіберетін болды. Соның салдарынан аталған органдардың белден басып иемденіп алған мәртебесіне орай бұл хаттар нормативтік емес, құқық қолдану актісі болғанына қарамастан кей кезде іс жүзінде заңнан да жоғары күшке ие болады.
Жоғарыда келтірілген Т. Кибатуллиннің пікірі ақиқат аулынан алыс емес екенін еліміздің банк саласында жұмыс істейтін заңгерлер растайды. Мысалы, 1998-ж. қазанның 5-інде Ұлттық банк пен Қаржы министрлігі барлық қазақ банкілеріне ортақ хат жіберді. Сол хат бойынша, аталған органдар банктерге заңнамаға тиісті өзгерістер енгізілгенге дейін кеден және салық орындары жіберген инкассалық өкімдердің орындау мерзімін бір жылға дейін ұзартуын ұсынды. Ал сол кездегі Қазақстан Республикасының «Ақша төлемі мен аударымы туралы» заңының (1998-ж. маусымның 29-ы) 38-бабы бойынша, егер берілген инкассалық өкім қарызгердің банк есебінде ақшасының болмағанынан немесе жеткіліксіз болғандығынан бір айдың ішінде орындалмаса, онда банктің бұндай өкімді орындамай қайтаруға қақысы болған
Қазақ құқығы бойынша, әр атқарушы мемлекеттік органның, Ұлттық банк немесе агенттік пен министрлік болсын, заңды өзгертуге не жоюға еш қақысы жоқ екені анық. Бұған қарамастан Ұлттық банк пен Қаржы министрлігі өз хатымен заң нормасының күшін жоюға тырысып, бір жағынан, банктердің құқын шектеуге, екінші жағынан, заң шығарушы - парламент - функциясын иемденіп алуға да ұмтылды. Бұл мысалды жалғыз кездейсоқ оқиға деп қарауға болмайды. Керісінше, бұл оқиға еліміздегі банк саласындағы күнделікті тіршіліктен үйреншікті кұбылыс десек ақиқат ауылына жақынырақ боламыз.
Жалпы мемлекет органдары, сондай-ақ
қаржы қадағалау органдарының құқық пен
заңды қаншалықты құрметтейтіні БТА банкісіне
қатысты істе де анық көрінді. Атап айтқанда,
2009-ж. ақпанның 2-сінде Қаржы агенттігінің
төрайымы республика үкіметінің отырысында
БТА банкісі жөнінде қабылданған біріккен
шаралар туралы баяндама жасады. Агенттік
төрайымының айтуынша, БТА банкі «соңғы
екі айда клиенттердің бірнеше төлем тапсырмасын
орындамаған, бұл Банктің төлем қабілетсіздігінің
белгісі ретінде бағалануы мүмкін және
қолданыстағы заңнамаға сәйкес өтімділік
коэффициентін бұзу ретінде анықталады.
Осы көрсеткіштер Банктің қаржылық жай-күйінің
нашарлауының маңызды индикаторы болып
табылады. Банктің ірі қатысушыларының
болмауын және оның қалыпты жағдайда қызмет
атқаруын қолдау үшін қосымша капитал
құюды қамтамасыз етуге қабілетті банктің
соңғы бенефициарлық иелерінің ашылмауын
ескере отырып, Банк салымшыларының мүдделерін
қорғау мақсатында 2009 жылғы 1 ақпанда Қаржылық
қадағалау агенттігінің Басқармасы «Самұрық-Қазына»
ұлттық әл-ауқат қорының «БТА Банкі» АҚ-ның
жаңадан шығарылатын акцияларын «Қазақстан
Республикасындағы банктер және банк
қызметі туралы» Заңның 17, 17-2-баптарыныңнорм
Дегенмен, бұл шаралардың бәрі заңға қайшы болып шықты, өйткені Қаржы агенттігі өз қаулысын шығарып үлгерсе де, жеме-жемге келгенде, Қазақстан заңнамасы бойынша, не Үкімет, не «Самұрық-Қазына» қорының жеке банк акцияларын сатып алуға құқығы жоқ екені анықталды. Осыған байланысты үкімет пен парламентіміз Қазақстан Республикасының «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» заңын (2009-ж. ақпанның 13-і) (ары қарай - Әл-ауқат қоры туралы заң) дереу дайындап қабылдауға мәжбүр болды. Талқыланып жатқан мәселелерге байланысты бұл заңның екі ерекшелігі бар. Атап айтқанда, Әл-ауқат қоры туралы заңның 19-бабына сәйкес осы Заң, 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 6-баптың 1-тармағының 3) тармақшасын және 9-баптың 3-тармағының 15) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Демек, Әл-ауқат қоры туралы заң жалпы тәртіп бойынша ресми жарияланған күнінен (2009-ж. ақпанның 13-інен кейін деген сөз) бастап күшіне енген. Ал 2009-ж. ақпанның 1-інен күшіне енген екі ерекшелікті қарастыратын болсақ, олардың мазмұны төмендегідей болады.
Әл-ауқат қоры туралы заңның 6-баптың 1-тармағының 3-тармақшасы бойынша, ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен орнықтылығын арттыру, ұлттық әл-ауқатты қамтамасыз ету мақсатында Қордың Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен банктердің акцияларын сатып алу құқығы деген ерекше өкілеттігі бар.
Әл-ауқат қоры туралы заңның 9-баптың 3-тармағының 15-тармақшасына сәйкес Қордың жалғыз акционерінің [яғни Қазақстан Республикасы үкіметінің] айрықша құзыретіне банктердің акцияларын сатып алу және иеліктен шығару, сондай-ақ көрсетілген акцияларды сенімгерлікпен басқаруға беру деген мәселелер де жатады.
Бұған қарағанда, осы екі өкілеттік, яғни «Самұрық-Қазына» қорының банктердің акцияларын сатып алу және үкіметтің банк акциялары жөнінде шешім қабылдау құқығы, құзыретті органдар БТА банкісіне қатысты шешімдерін қабылдағанда заңнамада көрсетілмеген. Турасын айтқанда, бұл шешімдер қабылданған кезде заңсыз болған, өйткені шешім қабылдаған мекемелер оларда сол кезде болмаған құзыретті іске асырды. Осының бәрін түсіне отырып сондай шешім қабылдаған тұлғалар мен органдар өз әрекеттерін заңдастыру үшін post factum, яғни оқиға (заң бұзушылық) болып біткен соң, Әл-ауқат қоры туралы занды асыға қабылдап, оған керек нормаларды кіргізіп, сол нормаларды бұрынғы, өтіп кеткен күнімен (2009-ж. қаңтардың 1-інен) күшіне енгізді.
Осыдан зерттеу тақырыбына қатысты туындайтын мынадай маңызды ескертпе шығаруға болады. Атап айтқанда, Ұлттық банк пен Қаржы агенттігінің іс жүзіндегі мәртебесі мен рөліне байланысты олардың саясаты мен ұстанымы Қазақстанда банк құпиясы жөнінде қалыптасқан жағдайға тікелей әсер етіп аталған мемлекеттік ұйымдар осы жағдай үшін бірінші кезекте жауапты болу керек.
Тарихи шолуымызға оралатын болсақ, банк құпиясының қазақ заңнамасында пайда болғанына көп уақыт бола қойған жоқ. Оны салыстырмалы түрде жаңа деп қарастыруға да болады. Тұңғыш рет банк құпиясы Қазақ ССР-інің «Қазақ ССР-індегі банктер мен банк қызметі туралы» заңында (1990-ж. желтоқсанның 7-ісі) құқықтық қағидат ретінде көрсетілген. Бұл заңның 51-бабының 1-бөлігіне сәйкес Қазақ ССР банкілері өз клиенттері мен корреспонденттерінің операциялары, есептері және салымдары бойынша құпияны сақтауға кепілдік береді. Барлық банк қызметкерлері банкінің, оның клиенттері мен корреспонденттерінің операциялары, есептері және салымдары бойынша құпияны сақтауға міндетті.
Кейінірек бұл қағидат алғашқы заңның орнын басқан Банктер туралы 1993-жылғы заңның 38-бабының 1-бөлігіндеөзгеріссіз қайталанған.
Бұдан кейін құзыретті құқық жасаушы орган аталған құқықтық қағидатты өрістетіп және дамытып заңнама актісімен бекітілген толыққанды құқықтық (заңи) анықтамаға айналдырды. Атап айтқанда, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» заң күші бар Қазақстан Республикасының президенті жарлығының (1995-ж. тамыздың 31-і) 50-бабының 1-тармағы бойынша, банк құпиясына банк депозиторлары, клиенттерi мен корреспонденттерi банк шоттарының[22] бар екендiгi, олардың иелерi мен нөмiрлерi туралы, сол есепшоттар мен банкінің өз есепшоттарындағы ақшаның қалдығы мен қозғалысы туралы, банк операциялары туралы (банк операцияларын жүргiзудiң жалпы шарттарынан басқа), сондай-ақ банкінің сейф жәшiктерiнде, шкафтары мен үй-жайларында сақтаулы жатқан клиенттер мүлiктерiнiң бар екендiгi, олардың иелерi, сипаты мен құны туралы мәлiметтер кiредi.
Банктер туралы 1995-жылғы жарлықтан кейін банк құпиясына қатысты қабылданған маңызды заң актілерінің ішінде Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің Ерекше бөлімін (1999-ж. шілденің 1-і) атауға болады. Дегенмен, бұл заң актісі банк құпиясы түсінігіне айтарлықтай өзгеріс енгізбеді. Атап айтқанда, Азаматтық кодекстің Ерекше бөлімінің745-бабына сәйкес банк құпиясын жария етпеуге банк кепілдік береді. Банк құпиясын құрайтын мәліметтер тізбесі және оны беру негіздері банк қызметін реттейтін заң актілерімен белгіленеді.
Жоғарыда айтылғандай, 2001-жылы
наурыз айында Банктер туралы 1995-жылғы
жарлық парламентте қайта қаралып
Қазақстан Республикасының «
IV. Банк құпиясының түсінігі мен анықтамасы. Заңи анықтама және бейресми анықтамалар. Доктриналық пікір-талас.