Банк кұпиясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2012 в 19:47, реферат

Краткое описание

Банк құпиясы жалпы банк - клиент қарым-қатынасы құпиялылығының басты элементін құрайды. Банк құпиясы Қазақстанда 1990-ншы жылдардың басында ғана пайда болды, өйткені сол кезде үкімет бұрынғы тиімсіз социалистік экономикадан тиімдірек нарықтық экономикаға көшу реформаларын бастаған. Нарықтық экономиканың басты институттарының бірі жеке банктер жүйесі екені белгілі. Осыған байланысты банктердің җұмысын ретке келтіріп жолға қою үшін банк-клиент қарым-қатынасының құпиялылығы мен банк құпиясын қамтамасыз ету ауадай қажет болды.

Файлы: 1 файл

Банк құпиясы жалпы банк.doc

— 377.50 Кб (Скачать)

ӘҚБ туралы кодекстің 158-бабының да күнделікті құқықтық тіршілікте қаншалықты қолданылып жүретіні туралы да нақты статистикалык не басқа мәлімет жоқ.

ӘҚБ туралы кодекстің 158-бабы бойынша қозғалған істерді аталған кодекстің 541-бабының 1-тармағына сәйкес мамандандырылған аудандық және соларға теңестiрiлген әкiмшiлiк соттардың судьялары қарайды. Бірақ 158-баптакөрсетілген құқық бұзушылық жөніндегі істер сотта қаралу үшін, аталған кодекстің 636-бабының 1-тармағының 1, 3-тармақшаларына сәйкес сол құқық бұзушылық туралы хаттама жасауға құқығы бар органдар мен лауазымды адамдар қатарына қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің уәкiлеттi қызметкерлерi жатады.

Демек, банк құпиясының заңсыз бұзылғаны үшін кінәлі тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту  Қаржы агенттігі мен Ұлттық банкінің құзыретіне жатады, өйткені құқық бұзушылықтың орын алғаны туралы хаттама болмаса әкімшілік іс қозғап кінәсі бар тұлғаны әкімшілік жолмен жазалау мүмкін емес. Дегенмен, Қаржы агенттігі мен Ұлттық банк қызметкерлері бұл құзыреттерін қаншалықты тиімді атқарып жатқаны туралы жеткілікті мәлімет жоқ.[41]

Бұл тарауды  қорытындылайтын болсақ, банк құпиясына  қатысты заңнама ережелері күнделікті құқықтық тәжірибеде тиімді қолданылмайды  деуге болады. Осыған байланысты тағы бір жағымсыз қорытынды айтуға тура келеді. Анығырақ айтқанда, осы мәселе бойынша елімізде қалыптасқан жағдайға қарағанда, банк құпиясын барынша қамтамасыз етуге арналған қазак заң шығарушы органдарының салыстырмалы түрде ұзақ орнықты саясатына (мәселен, банк құпиясына қатысты заңдар және түрлі құқықтық құралдар, оның ішінде қылмыстық, әкімшілік, азаматтық және тәртіптік жауапкершілік те бар) банктер, банк клиенттері мен құзыретті атқарушы және қадағалау органдарының іс жүзіндегі, заңдарды қолдану барысындағы күнделікті әрекеттері мен тәжірибелері жиі-жиі қайшы, кейде тіпті қарама-қарсы келеді. 

Жалпы заманауи қазақ құқығындағы  банк құпиясын ішкі заңдылықтары бар (құқықтық) құбылыс ретінде даму барысында  жүйелеп қарастыратын болсақ, бұл құбылыстың құқықтық реттеу процесінде бірнеше үрдістерін байқап сипаттауға болады. Біріншіден, банк құпиясы түсінігінің заңнамада алғашында құқықтық қағидат ретінде көрсетіліп қысқа мерзім ішінде оған заңи анықтама беріліп айқындалғаны және кейін сол анықтаманың өрістетіліп жетілгені. Екінші үрдіс, меніңше, заңнама (құқық нормалары мен құралдары) және құқықтық тәжірибенің банк құпиясын қамтамасыз ету мәселесі бойынша өзара кереғарлығы, келіспеушілігі болса керек. Ағылшын тілімен айтатын болсак, бұл мәселе бойынша «қағаздағы құқық» («law on paper») пен «тіршіліктегі құқық» («law in practice») арасында үлкен алшақтық бар. Бұл үрдіс банк құпиясы заңнамада алғаш көрсетілгеннен бері пайда болып жалғасып келеді. Осындай үрдістің контексінде «Нұрбанк» ісін және сондай тектес оқиғаларды түсіну керек және түсіндіруге болады. Бұның түпкі және негізгі себебі, менің пайымдауымша, қазақ қоғамы мен мемлекетінде қазір үстемдік ететін құқықтық нигилизм, яғни заң мен құқықты менсінбеу феномені болып табылады. Атап өтерлік жайт, құқықтық нигилизмнің үстем болуы қазақ қоғамының және қазақ мемлекетінің құқықтық мәдениетінің деңгейі өте төмен екенін білдіреді. Сол үшін банк құпиясын және жалпы құқық тәртібін қамтамасыз ету үшін алдымен қазақ қоғамына және мемлекет органдарына тән заң мен құқықты менсінбеуді жою керек. «Құқық үстемдігі» («the rule of law») қоғамда да, мемлекет орындарында да басшылыққа алынатын, басты қағидат болмай еш кішігірім құқықтық мәселе, оның ішінде банк құпиясы мәселесі де, шешілмейді. Әзірше үстемдік ететін құқықты менсінбеу мемлекет пен қоғамның ортақ көзқарасы болып банк құпиясының қорғалуының бүгінгі деңгейін қамтамасыз етеді.

Теория тұрғысынан, банк құқығы еліміздің құқық җүйесі мен заңнамасында өз орны бар біршама  дамытылған өзара байланысты нормалар мен институттардың жиынтығын құрайды. Банк құқығы жүйесінде банк құпиясы салыстырмалы түрде қысқа мерзім ішінде қазақ банк құқығының қарапайым, бірақ маңызды қағидаттарының бірінен күрделі құқық институттарының біріне айналып үлгерді. Бұл институт құрылымы мен мазмұны жағынан банк құпиясының заңи анықтамасынан, негізгі қағидаттарынан және бірнеше заңнаманың актілерінде (заңнаманың түрлі тармақтарында) көрсетілген басқа да нормалар мен құқықтық құралдардан тұрады. Дегенмен, заңнамада осындай деңгейіне жеткеніне қарамастан іс жүзінде, күнделікті құқықтық тіршілігімізде, оның ішінде әсіресе сот тәжірибесінде, банк құпиясы жеткілікті, қанағаттанарлық деңгейде қамтамасыз етілген деуге негіз жоқ. Қайта керісінше, банк құпиясы қазіргі күні тиімді құқықтық қорғауды қажетсінеді.

Сонымен қатар  банк құпиясын даму тұрғысынан қарастыратын болсақ, келешекте шешілуге тиісті мәселелердің қатарында ең алдымен  банк құпиясының түсінігін заңнамада  дамытып айқындау болса керек, өйткені  ғылыми әдебиеттегі доктриналық  пікір-таластың болуы және банк құпиясы түсінігі бойынша ортақ пікірдің жоқтығы заңнамада кемшін тұстарының бар екенінің дәлелі болса керек. Атап айтқанда, кезек күттірмейтін мәселелердің бірі банк құпиясының басқа құпия түрлерімен ара-қатынасын реттеп, оның қазақ құқығындағы құпия түрлерінің санатындағы орнын анықтау, оның ішінде, мәселен, заңнамада жалпы құпия түсінігін анықтау, банк құпиясының заңи анықтамасын жетілдіру, заңнамада пайда болған кейбір қайшылыктарды жою (бұл «банк құпиясы» мен «жеке салымдар мен жинаған қаражатының құпиялылығы» түсініктерінің ара-қатынасына байланысты), банк құпиясының түсінігін басқа құпия түрлерінің түсініктерінен анығырақ межелеу (бұл «банк құпиясы» мен «коммерциялық құпияның» ара-қатынасына байланысты) және т.т. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  

«Банк құқығы» пєні бойынша вертуалды дєріс материалдары  

 

Виртуалды дєріс кестесі 

 

 

        

Таќырып атауы

Саѓат

1.

Тақырып 1. Банктердің туындауы – тарихи даму кезеңдері, түрлері.

2

2.

Тақырып 2. Банк жүйесіндегі коммерциялық банктер: ұйымдастырылу принциптері, қызметінің құқықтық нысандары.

2

3.

Тақырып 3. Қазақстан Республикасының банк жүйесі:экономикалық мәні, сипаты, құқықтық негіздері.

2

4.

Тақырып 4. Банктік  шот: ұғымы, құқықтық табиғаты, маңызы, түрлері.

2

5.

Тақырып 5. Банктік шот шарты негізінде банктер жүргізетін операциялар.

2

 

Барлыѓы

10


 

  

 

Тақырып 1. Банктердің туындауы – тарихи даму кезеңдері, түрлері.

1.     Банктердің пайда болу тарихы.

2.     Банктердің даму кезеңдері.

3.     Банктердің негізгі түрлері. 

 

Нарықтық даму жағдайындағы қоғам өмірінің әр алуан әлеуметтік-экономикалық мүдделерінің түйісетін жері банктер жұмыс істейтін банк жүйесінің ауқымы болғандықтан, сондай-ақ осы жүйе арқылы мемлекеттің қаржы, ақша-кредит, оның ішінде валюталық саясатын іске асыру мақсатында түрлі банктік операциялар жүргізілетіндіктен банктер мен олардың қызмет аялары банктік құқық құзырымен қамтылатыны бүгінде көпшілікке мәлім.

Осы орайда банктік  құқықтың мән-жайын және қажеттілігін негіздеу үшін “банк” сөзінің, банктік  қызметтің мағынасын қысқаша  анықтау әрі ашып көрсету жөн  болар деп санаймыз. Банктердің алғашқы  қалыптасып, даму кезеңдері, олардың  банктік істері мен қызметі коммерциялық бағдарлы сипатымен сан ғасырлар белесінде тарих бетінде із қалдырғаны белгілі.

Ең алғашқы  банктер ретінде тауарлар мен  ақша қаражаттарын  сақтауға қолайлы қауіпсіз жер храмдар болып есептелген. Осындай операциялар біздің эрамызға дейінгі   28-27ғғ. Мысырда (Египетте) жүзеге асырылған. Ал көне Вавилон мен Ассирия археологиялық қазбалары кезінде табылған көптеген қыш тақтайшалар (құжаттар) храмдарда қаражат сақтау нысандары мен қарыз беру операциялары заңмен реттеліп отырғанын, сондай-ақ ақша қаражаттарын сақтағаны үшін заң жүзінде ақы алу көзделгенін дәлелдейді.

Дегенмен аталған  банктік операциялар толық мәнінде  банктік қызмет болып табылмаған. Себебі толыққанды банктік істі дамыту негізін банктердің сақтау функциясына  қоса жүргізілген кредиттік операциялар қалаған. Ал көне банктік іс саласындағы кәсіби қызметті жүзеге асырушылар  ретінде айырбасшылар мен өсімқорлар ғана көрініс тапқан. “Банк” сөзі италян тілінде “вансо” – ақшалы стол, айырбас жүргізілетін орын(дық) деген мағынада түсіндірілген. Сонымен коммерциялық ұйымдар ретінде туындап, дамыған банктер әр даму кезеңінде банко, трапезид, аргираймос, довейстаи, аргентарий, менсарии, трансферит, кумулярин деп аталған. Ең бірінші банк “Банка ди Сан Джорджо” Италияның Генуа қаласында 1407 жылы мамандандырылған кредиттік-есеп айырысу институты ретінде құрылған болатын.

Дүние жүзіндегі  елдердің банктері кезінде Ганзейлік  банктер, кенеппен сауда жасайтын Британ банкі, теңіз саудасына арналған Пруссия банкі, Париж есепке алу  кассасы, Ломбардтар, жиробанктер, Ресей мәнет канцеляриясы деген және т.б. аттарымен белгілі болған. Бүгінде Ресей Федерациясының Орталық Банкі, Францияның мемлекеттік банкі, Австрияның Ұлттық Банкі, Бельгиның ұлттық банкі, Италияның ұлттық банкі, АҚШ орталық банкі – Федералдық резервтік жүйе, Ағылшын Банкі және т.б. елдердің ұлттық немесе орталық банктері жұмыс істейді.

Қазіргі уақытта  банктер меншік нысандарына қарай: мемлекеттік банк; жеке меншік банк; акционерлік банк; кооперативтік  банк; муниципалдық банк; аралас банк; халықаралық банк болып бөлінеді. Осы банктер өз өкілеттігі мен қызмет аяларына орай депозиттік банк, инновациялық банк, клирингтік банк, коммерциялық банк, жер банкі, ипотекалық банк, жинақтау банкі, консорциалдық банк, даму банкі, әмбебап банк, трансұлттық банктер, тұтыну кредиті банкі, мемлекетаралық банк және т.б. банктер түрінде сипат алады.

Банктер алғашқы  кездерде негізінен ақшалай операцияларды, сондай-ақ сақтау, есепке алу, есеп-айырысу  және айырбас операцияларын жүзеге асырған. Кейіннен олар әрбір тарихи кезеңдерде заем операцияларын, салым операцияларын, ақшалай есеп айырысу және төлем операцияларын, ақша белгілерін эмиссиялауды жүргізген.

Бүгінде банктер  эмиссиялық, депозиттік, кредиттік, төлемдік, кассалық, лизингтік, трасталық, факторингтік, валюталық және т.б. операцияларды тиісті заңнама мен лицензиялар негізінде жүзеге асыратын заңды тұлғалар коммерциялық ұйымдар болып табылады.

Банктер негізгі  аспектілеріне орай ақша сақтайтын  орын; кредиттік мекеме, ұйым; коммерциялық ұйым; экономикалық басқару органы; дилерлік-делдалдық ұйым; биржалық агент; кредиттік кәсіпорын; заңды тұлға; тек банктік қызметті (операциялар мен мәмілелерді) жүзеге асыратын кредиттік ұйым; мекеме деп және т.б. сипатта аталуы мүмкін.

1987-1988 жылдары  реформалауға ұшырған банктер  егемені Қазақстанда 1991 жылы жаңадан құрылып, қалыптасқан болатын. Осы кезден бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұрынғы “Мемлекеттік банк”), акционерлік-коммерциялық банк Тұран банкі (бұрынғы “Өнеркәсіпқұрылыс банкі”), акционерлік-коммерциялық банк Агроөнеркәсіп банкі (бұрынғы “Агроөнеркәсіп банкі”), акционерлік-коммерциялық банк Әлем банк (бұрынғы “Сыртқы сауда банкі”), акционерлік-коммерциялық банк Жинақ банкі (бұрынғы “Жинақ банкі”, кейіннен “Халықтық банк” деп аталды) жұмыс істейді.

1995 жылы “Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы”және “Қазақстан Республикасындағы банкілер туралы” Қазақстан Республикасы заңдарының қабылдауына сәйкес барлық акционерлік-коммерциялық банктер акционерлік банктер ретінде қайтадан құрылды. Қазақстан Республикасы Президентінің 1994 жылғы шілденің 16-сындағы және қыркүйектің 6-сындағы Жарлығына орай “Мемлекетік Даму банкі”, сондай-ақ 1996 жылғы наурыздың 29-ындағы Жарлығы бойынша “Мемлекеттік медетші банк” құрылды. 

 

Негізігі әдебиеттер тізімі:         

Нормативтік-құқықтық актілер

1.     Конституция Республики Казахстан от 30 августа 1995г.

2.     Закон Республики Казахстан «О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан» от 31 августа 1995 года

3.     Указ Президента Республики Казахстан от 30.03.95 «О национальном банке Республики Казахстан».

4.     Закон Республики Казахстан «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты по вопросам банковской деятельности» от 11.07.1997.

5.     Закон Республики Казахстан «О платежах и переводах денег» от 29.06.1998.

6.     Закон Республики Казахстан от 2 июля 2003 года № 461-II  «О рынке ценных бумаг»

7.     Постановление Правительства Республики Казахстан от 28 июля 2003 года № 753  «О Концепции развития финансового сектора Республики Казахстан»

8.     Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 2 июня 2001 года № 190 «О минимальных размерах уставного и собственного капиталов банков второго уровня»

9.     Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 18 января 2002 года № 26 «Об утверждении Правил лицензирования деятельности, связанной с использованием валютных ценностей»

10.           Правила лицензирования деятельности, связанной с использованием валютных ценностей  Утверждены постановлением Правления Нацбанка РК от 24 апреля 1997 года N 130 

 

Негізігі әдебиеттер:

1.     Банковское право Республики Казахстан. / Под ред. Л. Давыдова, Д. Раймонова. Алматы 2000г.

2.     Банковское дело. / Под ред. О.И. Лаврушина. М., 1992.

3.     Основы банковского права. / Под ред. О.М. Олейник. М., 1997.

4.     Банковское право. / Под ред. Н.Д. Эриашвили. М., 1999.

5.     Банковское дело Российской Федерации. / Под ред. Г.А. Тесуняна, А.Ю. Викулина, А.М. Экмаляна. М., 1999.

6.     Банковская система: какой ей быть? // Деньги и кредит. 1989. №12. С.13.

7.     Белов В. Трастовые операции банков с ценными бумагами // Бизнес и банка. 1993. №40.

8.     Гвирцман М.В. Правовое регулирование банковской тайны // Деньги и кредит. 1992. №6. С.57.

9.     Долан Э Дж., Кэмпбелл К.Д. Кэмпбелл Р. Дж. Деньги, банковое дело и денежно-кредитная политика. М., Л., 1991.

10.           Ефимова Л.Г. Банковское право. М.: БЕК, 1994.

11.           Ефимова Л.Г. Вексельное право // Бизнес для всех. 1992. №14.

12.           Ефимова Л.Г., Каблукаво Л.А. Ответственность банков за нарушение правил совершения расчетных операций // Бизнес и банки. 1993. №19. С.5.

13.           Кабатова Е.В. Лизинг: понятие, правовое регулирование, международная унификация. М., 1991.

14.           Новоселова Л.А. О правовой природе договора расчетного счета // Вестник МГУ. Сер. Право. М., 1990. №9.

15.           Новоселова Л.А. Денежные расчеты в предпринимательской деятельности. М.: Юринформ, 1996. 145с.

16.           Олейник О.М. Залог в банковском кредитовании // Законность. 1995. №7.

Информация о работе Банк кұпиясы