Ұлттық банктің қалыптасуы және оның валюталық бағамдарын құру тәртібі

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2011 в 13:50, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асырып жатқан резидент те, резидент емес те республиканың заңымен белгіленген тәртәппен осы операцияларға қатысты ақпараттар мен тиым салынған құжаттарды валюталық бақылау агенті мен органдарына беруге міндетті: өзінің үй-жайына, құжаттарға және автоматталған базалық мәліметтерге кіруін қамтамасыз етуді; тексеру барысында да, сондай-ақ олардың нәтижесі бойынша да түсінік беруге; валюталық бақылау органдарының талаптарын орындауы тиіс.

Оглавление

КІРІСПЕ-----------------------------------------------------------------------------------3
1. ВАЛЮТА ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК-------------------------------------4
1.1 Валюталық құқық жүйесі----------------------------------------------------------4
1.2 Валюта ресурстарын пайдаланудың маңызы----------------------------------6
1.3 Мемлекеттік валюта ресурстарының қалыптасуы----------------------------7
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ВАЛЮТАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ..................................................................................................10
2.1 Қазақстан Республикасының валюта тарихы және жаңа теңгеге сипаттама ...........................................................................................................10
2.2 Жаңа банкноталарды қолдану тәртібі және Қазақстан Республикасының монеталары...........................................................................................................................17
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ВАЛЮТАНЫ РЕТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ------------------------------------------------------------------------------24
3.1 Ұлттық банктің қалыптасуы және оның валюталық бағамдарын құру тәртібі...................................................................................................................24
ҚОРЫТЫНДЫ-------------------------------------------------------------------------29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР--------------------------------------------31

Файлы: 1 файл

Жоспар.docx

— 50.25 Кб (Скачать)

Сериялық нөмірлері  бет жағына жазылған және банкноталардың қарама-қарсы екі бөлігінде орналастырылған.

Банкноталардың сырт жағында  ландшафтардың және елдің аумағындағы қазіргі заманғы сәулет объектілерінің бейнелері бар. Олар Қазақстан картасының контурымен жиектелген. Сол жақта төменде және оң жақта жоғарыда банкнота номиналының сандық белгісі, ал төменде ортада орыс тіліндегі әріптік белгілеуі орналастырылған. Жоғары жақта ортада "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ" деген жазу және эмитент банктің логотипі басып жазылған.

Банкноталарды қорғау тұрғысынан алғанда жаңа дизайн түпнұсқалылықты қарапайым және шапшаң анықтауға бағытталған, бұл ретте ақшаны қолдан жасаудан қорғайтын, ортақ бейнеге үйлесіммен кіріккен классикалық және ең жаңа, неғұрлым күрделі қорғаныш құралдары пайдаланылған. Осыған дейін 200 теңгеден 2000 теңгеге дейінгі банкноталарды ауыстырған кезде, сондай-ақ айналыста жүрген 5000 және 10000 теңгелік соңғы екі номиналды ендірген кезде де осындай кейбір қорғаныш элементтері пайдаланылған болатын. Жаңа дизайндағы банкноталарда арнайы құралдарсыз анықталатын, яғни визуалды және жарыққа көрінетін, сондай-ақ саусақтың ұшымен  анықтауға болатын қорғаныш элементтерінің барынша мүмкін саны пайдаланылды. Банкноталарда арнайы техникалық құралдардың көмегімен танылатын жасырын элементтер де кездеседі, бірақ ақша белгісінің түпнұсқалылығын шапшаң және қарапайым  анықтауға негізгі акцент жасалған. 

2006 жылғы үлгідегі  номиналы 10000 теңгелік  банкнотаның сипаттамасы

[pic]

[pic]

      Банкнота  өлшемі 149х79 мм қағазда дайындалған.

      Бет  жағы: басым түсі күлгін-көк, басым бейне  – тігінен. Орталық бөлігінде  "Астана-Бәйтерек" монументі бейнеленген. Банкнотаның ортасында қою жасыл және қара көк жолақтарда ақ түспен Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны нотасының фрагменттері бейнеленген, онда номиналдың сандық белгілерінің контуры ақ сызықтармен жүргізілген.  "Бәйтерек" монументінің сол жағында күлгін көк түспен Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген. Жоғарғы оң жақ бөлігінде – Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалауының бейнесі. Банкнотаның төменгі бөлігінде ашық алақан бейнеленген. Төменгі сол жақта  номиналдың мемлекеттік тілдегі әріптік белгісі орналасқан. "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ" жазуы төменгі оң жақта тігінен орналасқан, оның астында жалған ақша жасау жауапкершілігін ескертетін "Банкноттарды қолдан жасау заңмен қудаланады" деген мемлекеттік тілдегі жазу орналасқан.

      Сырт  жағы: басым түс күлгін-көк, басым бейне – көлбеу. Негізгі бейне: Қазақстан картасының контуры, алдыңғы жағында Қазақстан Республикасы Президентінің Ақорда  резиденциясы, артқы жағында каньондар. Төменгі сол жақ бөлігінде және жоғарғы оң жақ бөлігінде банкнота номиналының сандық белгісі, ал төменде ортада орыс тіліндегі әріптік белгі орналасқан. Жоғарыда ортасында "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ" жазуы және эмитент банктің логотипі басылған. Жалған ақша жасағаны үшін жауапкершілікті ескертетін "Подделка банкнот преследуется по закону" деген орыс тіліндегі жазу ашық жердің жоғарғы сол жақ бұрышында орналасқан.

2006 жылғы үлгідегі  номиналы 5000 теңгелік  банкнотаның сипаттамасы

[pic]

[pic]

      Банкнота  өлшемі 144х76 қағазда дайындалған.

      Бет  жағы: басым түсі күрең қоңыр-қызыл, басым бейне – тігінен. Орталық бөлігінде  "Астана-Бәйтерек" монументі бейнеленген. Банкнотаның ортасында күрең-қызыл және қара сұр жолақтарда ақ түспен Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны нотасының фрагменттері бейнеленген, онда  номиналдың сандық белгілерінің контуры ақ сызықтармен жүргізілген.  "Бәйтерек" монументінің сол жағында қоңыр түспен Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген. Жоғарғы оң жақ бөлігінде – Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалауының бейнесі. Банкнотаның төменгі бөлігінде ашық алақан бейнеленген. Төменгі сол жақта  номиналдың мемлекеттік тілдегі әріптік белгісі орналасқан. "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ" жазуы төменгі сол жақта тігінен орналасқан, оның астында жалған ақша жасау жауапкершілігін ескертетін "Банкноттарды қолдан жасау заңмен қудаланады" деген мемлекеттік  тілдегі жазу орналасқан.

      Сырт  жағы: басым түсі күрең қоңыр-қызыл, басым бейне – көлбеу. Негізгі бейне: Қазақстан картасының контуры, Алматы қаласында орналасқан Тәуелсіздік монументінің жоғарғы тұсы, "Қазақстан" қонақ үйі, артқы жағында таулар. Төменгі сол жақ бөлігінде және жоғарғы оң жақ бөлігінде банкнота номиналының сандық белгісі, ал төменде ортада орыс тіліндегі әріптік белгі орналасқан. Жоғарыда ортасында "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ" жазуы және эмитент банктің логотипі басылған. Жалған ақша жасау жауапкершілігін ескертетін "Подделка банкнот преследуется по закону" деген орыс тіліндегі жазу ашық жердің жоғарғы сол жақ бұрышында орналасқан.

2006 жылғы үлгідегі  номиналы 2000 теңгелік банкнотаның  сипаттамасы

[pic]

[pic]

      Банкнота  өлшемі 139х73 қағазда дайындалған.

      Бет  жағы: басым түсі қою және ақшыл жасыл, басым бейнесі – тігінен. Орталық бөлігінде «Астана-Бәйтерек» монументі бейнеленген. Банкнотаның ортасында қою жасыл және көк жолақтарда Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны ноталарының фрагменттері ақ түспен бейнеленген, осы жерге номиналдың сандық белгісінің контуры ақ сызықтармен жүргізілген. «Бәйтерек» монументінің сол жағында Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы жасыл түспен бейнеленген. Жоғарғы оң жақ бөлікте Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы бейнеленген. Банкнотаның төменгі жағында ашық алақан бейнеленген. Төменгі сол жағында номиналдың мемлекеттік тілдегі әріппен белгісі орналасқан. «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы төменде сол жағында тігінен орналасқан, оның астында жалған ақша жасау жауапкершілігін ескертетін "Банкноттарды қолдан жасау заңмен қудаланады" деген мемлекеттік  тілдегі жазу орналасқан.

      Сырт  жағы: басым түсі қою және ақшыл жасыл, басым бейне – көлбеу. Негізгі бейне:  Қазақстан картасының контуры, алдыңғы жағында Алматы қаласындағы Абай атындағы опера театры, артқы жағында тау өзені. Төменгі сол жақ бөлігінде және жоғарғы оң жақ бөлігінде банкнота номиналының сандық белгісі, ал төменде ортада орыс тіліндегі әріптік белгі  орналасқан. Жоғарыда ортасында "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ" жазуы және эмитент банктің логотипі басылған. Жалған ақша жасау жауапкершілігін ескертетін "Подделка банкнот преследуется по закону" деген орыс тіліндегі жазу ашық жердің жоғарғы сол жақ бұрышында орналасқан.

.

2006 жылғы үлгідегі  номиналы 1000 теңгелік банкнотаның  сипаттамасы

[pic]

[pic]

      Банкнота  өлшемі 134х70 қағазда дайындалған.

      Бет  жағы: басым түсі сарғыш-қоңыр, басым бейнесі – тігінен. Орталық бөлігінде «Астана-Бәйтерек» монументі бейнеленген. Банкнотаның ортасында ашық және қою қоңыр жолақтарда Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны ноталарының фрагменттері ақ түспен бейнеленген, осы жерге номиналдың сандық белгісінің контуры ақ сызықтармен жүргізілген. «Бәйтерек» монументінің сол жағында Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы қоңыр түспен бейнеленген. Жоғарғы оң жақ бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы бейнеленген. Банкнотаның төменгі жағында ашық алақан бейнеленген. Төменгі сол жағында номиналдың мемлекеттік тілдегі әріппен белгісі орналасқан. «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы төменде сол жағында тігінен  орналасқан, оның астында жалған ақша жасау жауапкершілігін ескертетін "Банкноттарды қолдан жасау заңмен қудаланады" деген мемлекеттік  тілдегі жазу орналасқан.

      Сырт  жағы: басым түсі сарғыш-қоңыр, басым бейне – көлбеу. Негізгі бейнесі: Қазақстан картасының контуры, алдыңғы жоспарда Президент мәдени орталығының үйі,  артқы жоспарда таулар. Сол жақ төменде және оң жақ үстінде банкнота номиналының сандық белгісі, ал орта жақ төменде - орыс тіліндегі әріппен белгісі орналасқан. Ортасында жоғары жағында «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы және эмитент банктің логотипі басылған. Жалған ақша жасау жауапкершілігін ескертетін "Подделка банкнот преследуется по закону" деген орыс тіліндегі жазу ашық жердің жоғарғы сол жақ бұрышында орналасқан.

2006 жылғы үлгідегі  номиналы 500 теңгелік банкнотаның  сипаттамасы

[pic]

      Банкнота  өлшемі 130х67 қағазда дайындалған.

      Бет  жағы: басым түсі көкшіл-сұр, басым бейнесі – тігінен. Орталық бөлігінде «Астана-Бәйтерек» монументі бейнеленген. Банкнотаның ортасында қара, көгілдір және көк жолақтарда Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны ноталарының фрагменттері ақ түспен бейнеленген, осы жерге номиналдың сандық белгісінің контуры ақ сызықтармен жүргізілген. «Бәйтерек» монументінің сол жағында Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы көк түспен бейнеленген. Жоғарғы оң жақ бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы бейнеленген. Банкнотаның төменгі жағында ашық алақан бейнеленген. Төменгі оң жақ бұрышында тігінен номиналдың мемлекеттік тілдегі әріппен белгісі орналасқан. Мемлекеттік әнұран ноталары астында эмитент банктің атауы мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» орналасқан, оның астында жалған ақша жасау жауапкершілігін ескертетін "Банкноттарды қолдан жасау заңмен қудаланады" деген мемлекеттік тілдегі жазу орналасқан.

      Сырт  жағы: басым түсі көкшіл-сұр, басым бейнесі – көлбеу. Негізгі бейнесі: Қазақстан картасының контуры, алдыңғы жоспарда ҚР Қаржы министрлігінің үйі, Астана қаласы әкімшілігінің үйі, артқы жоспарда теңіз үстіндегі шағала. Сол жақ төменде және оң жақ үстінде банкнота номиналының сандық белгісі, ал орта жақ төменде - орыс тіліндегі әріппен белгісі орналасқан. Ортасында жоғары жағында «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы және эмитент банктің логотипі басылған. Жалған ақша жасау жауапкершілігін ескертетін "Подделка банкнот преследуется по закону" деген орыс тіліндегі жазу ашық жердің жоғарғы сол жақ бұрышында орналасқан.

2.2 Жаңа банкноталарды қолдану тәртібі және  Қазақстан Республикасының  монеталары

      Ескі  және жаңа үлгідегі ақша белгілерінің  айналыста қатар жүру кезеңі  заңды төлем құралы болып табылады, Қазақстан Республикасының бүкіл  аумағында төлемнің барлық түрлері  бойынша, сондай-ақ ешбір шектеулерсіз банктік шоттарға есептеуге және аударым жасауға міндетті түрде қабылдануға тиіс.Ескі және жаңа үлгідегі ақша белгілерінің айналыста қатар жүру кезеңі аяқталғаннан кейін ескі үлгідегі ақша белгілері Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемнің барлық түрлері бойынша заңды төлем құралы болуын тоқтатады.Екінші деңгейдегі банктер ескі және жаңа үлгідегі ақша белгілерінің айналыста қатар жүру кезеңі аяқталған күннен бастап заңды және жеке тұлғалардың ескі және жаңа үлгідегі ақша белгілерін қабылдауға және айырбастауға міндетті.Осы мерзім аяқталғаннан кейін екінші деңгейдегі банктер заңды және жеке тұлғалардан ескі үлгідегі ақша белгілерін жаңа үлгідегі ақша белгілеріне айырбастауға қабылдауға құқылы емес. Екінші деңгейдегі банктер ескі үлгідегі банкноталарды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес оларды одан әрі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарына сараптамаға өткізу үшін қабылдайды.Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдары екінші деңгейдегі банктердің ескі үлгідегі банкноталарды айырбастау мерзімі аяқталғаннан кейін 10 жыл бойы  оларды заңды және жеке тұлғалардан қабылдауды жалғастырады және олардың сараптамадан түпнұсқалылығы расталғаннан кейін қолданылып жүрген ақша белгілеріне айырбастайды. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы заңды және жеке тұлғалардан ескі үлгідегі ақша белгілерін қабылдау мен айырбастаудың көрсетілген он жылдық мерзімін ұзартуға құқылы.

Жаңа теңге қорғанысы

   Банкноталарда  мынадай қорғаныш элементтері  пайдаланылған:

   ● Сутамғы  белгілер. Сутамғы белгілерінің  бейнесі банкнотаны жарыққа тосып  қарағанда анық көрінетін қарама-қарсы қою және ашық реңдерден тұрады.

   ● Қорғаныш  жіп: Бір қорғаныш жіп қағаздың құрылымына енгізілген және банкнотаны жарыққа тосып қарағанда тұтас сызық түрінде көрінеді. Екінші, үзік-үзік жіп - банкнотаны жарыққа тосып қарағанда анық көрінетін жазбалар және суреттер тұтас сызық болып пунктир түрінде қағаздың бетіне шығарылған.

   ● Мөлдір орын. Банкнота жарыққа тосып қарағанда жақсы көрінетін ашық орындағы полимерлік лентадағы сурет.

   ● Қосарланған  бейнелер. Банкнотаның беткі және  сыртқы жақтарында басылған бейнелердің  фрагменттері, жарыққа тосып қараған кезде тұтас суретті құрап, дәл сәйкес келеді

   ● Алтын  интаглио. Тығыз жоғары рельефті  қабатты алтын түстес металл  бояуы бар қорғаныш элементі,  түрлі-түсті көшірмелеуден жоғары деңгейде қорғайды.

   ● Көзі  нашар көретін адамдарға арналған белгі. Банкнотаның бет жағында саусақтың ұшымен жақсы ажыратуға болатын жоғары рельефті шығыңқы элементтер бар.

   ● Бояудың  оптикалық өзгеріп тұратын түсі. Банкнотаның көлбеу бұрышы өзгерген кезде бояудың түсі өзгереді. Мұндай қорғаныш элементі, атап айтқанда, АҚШ долларында бар.

   ● Микроқаріптер.  Микромәтіндер, бірнеше есе ұлғайтқан  кезде оқуға болатын қайталанатын мәтінді немесе цифрларды басудың әртүрлі тәсілдерімен орындалған.

   ● Көшіруге  қарсы элемент. Көшірген кезде  түрлі бағытта растр түріндегі тордың сызықтары бұзылады.

   ● Көшіруге  қарсы элемент (тартан, пирамида). Көшірген кезде түрлі бағытта  растр түріндегі тордың сызықтары бұзылады.

   ● Сериялық  нөмір. Магниттік сериялық нөмір құрамында магнит бар қара бояумен басылған екі әріпті сериядан және жеті цифрлы нөмірден тұрады. Фосфорлы сериялық нөмір құрамында фосфор бар қара бояумен басылған екі әріпті сериядан және жеті цифрлы нөмірден тұрады.

   ● Иридесцентті  жолақ. Алтын түстес жылтырағы  бар арнайы бояумен басылған  жолақ, банкнотаның көлбеу бұрышы  өзгерген кезде сурет пайда  болады.

   ● Жасырын  бейне (лифт). Купюраны көз деңгейінде  қисайта ұстап тұрған кезде оюлы розеткада банкнота номиналының цифры көрінеді.

Информация о работе Ұлттық банктің қалыптасуы және оның валюталық бағамдарын құру тәртібі