Ұлттық банктің қалыптасуы және оның валюталық бағамдарын құру тәртібі

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2011 в 13:50, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асырып жатқан резидент те, резидент емес те республиканың заңымен белгіленген тәртәппен осы операцияларға қатысты ақпараттар мен тиым салынған құжаттарды валюталық бақылау агенті мен органдарына беруге міндетті: өзінің үй-жайына, құжаттарға және автоматталған базалық мәліметтерге кіруін қамтамасыз етуді; тексеру барысында да, сондай-ақ олардың нәтижесі бойынша да түсінік беруге; валюталық бақылау органдарының талаптарын орындауы тиіс.

Оглавление

КІРІСПЕ-----------------------------------------------------------------------------------3
1. ВАЛЮТА ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК-------------------------------------4
1.1 Валюталық құқық жүйесі----------------------------------------------------------4
1.2 Валюта ресурстарын пайдаланудың маңызы----------------------------------6
1.3 Мемлекеттік валюта ресурстарының қалыптасуы----------------------------7
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ВАЛЮТАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ..................................................................................................10
2.1 Қазақстан Республикасының валюта тарихы және жаңа теңгеге сипаттама ...........................................................................................................10
2.2 Жаңа банкноталарды қолдану тәртібі және Қазақстан Республикасының монеталары...........................................................................................................................17
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ВАЛЮТАНЫ РЕТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ------------------------------------------------------------------------------24
3.1 Ұлттық банктің қалыптасуы және оның валюталық бағамдарын құру тәртібі...................................................................................................................24
ҚОРЫТЫНДЫ-------------------------------------------------------------------------29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР--------------------------------------------31

Файлы: 1 файл

Жоспар.docx

— 50.25 Кб (Скачать)

   Ақша массасының  көлемін тиімді мөлшерде ұстау  қажеттілігімен туындайтын банктің  өтімділігін реттеудегі міндетті  резервтер деңгейі, 1995 ж. наурыз  айында, теңге және шетел валютасындағы  депозиттік міндеттемелердің деңгейінің 20%-ын құрады. Ұлттық банк резервтеудің балама тәртібіне көшкен банктердің резервтері ұшін төлемдік принципін сақтады және оған төлейтін ақы мөлшері қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің 25% деңгейде қалды.

   1995 ж. Ұлттық  банк мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының дамуын қамтамасыз етті, ашық нарықтағы операциялар басталды. Бұл жерде бірінші және екінші нарықтардың қызмет етуі қамтамасыз етілді. Нәтижесінде, 1995 ж. айналыс мерзімі 3 айлық қазынашылық вексельдің көлемі 4,1 млрд теңгені құраса, мерзімі 6 айлық қазынашылық вексельдер -0,8 млрд теңге көлемінде айналысқа шығарылды. Екінші нарықтағы операциялар көлемі жыл бойы 11,4 млрд теңге құраса, оның ішінде ашық нарықтағы операциялар - 2,2 млрд теңгені құраған. 

Ұлттық банк валюталық  бағамы 

           Ұлттық банк жүргізген валюталық  бағам саясаты нарықтық жағдайлардың  қысқа мерзімді өзгерістерінен  туындайтын теңгенің алмастыру  бағамының (динамикасын) қозғалысын  реттеуге бағытталған. 1995 ж. қазақстандық  банкаралық валюта-қор биржасындағы АҚШ долларын сатып алу түріндегі Ұлттық банктің интервенциясы оларды нарықта сату формасындағы интервенциясымен сай келді.

   1995 ж. екінші жартысында өтімді нарық құруда Ұлттық банктің позитивті тенденцияларын ескерсек, кәсіпорынның ішкі валюталық нарықтағы шетел валютасындағы экспорттан түсетін түсімдерін міндетті түрде сату талаптарын 30%-ға дейін төмендету мүмкіндігін қарастырса, кейін оны мүлде алып тастау қарастырылады. Жыл соңында биржадан тыс валюталық нарық даму алды және ондағы операциялар көлемі биржалықтан асып кетті.

   1995 ж. алтын  валюталық резервтерді басқару  бойынша көптеген жұмыстар жүзеге  асырылды.   1995 ж. сәуірде Ұлттық  банктің басқармасы  алтын валюта  резервтерін  басқару тұжырымдамасын  бекітті.

   Ұлттық банк  алтын валюта резервтерін көбейту  мақсатында валюта мен қымбат  бағалы металдарды депозитке  орналастыру, валюта мен қымбат  бағалы металдарды сату және  сатып алу операцияларын жүргізді. Сонымен қатар әр түрлі елдердің мемлекеттік бағалы қағаздарымен операциялар жүргізді.

   Мұндай   ақша-несие   саясатын   жүргізу   нәтижесі    1995 жылы монетарлық бағдарламаға жүктелген параметрлер негізінен орындалды. Ол инфляцияның орташа айлық қарқынын (1994  ж.)  24,1%-дан (1995  ж.)  4,8  %-ға  дейін төмендеуге әкелді,   әрі   шетел   валюталары   бойынша   теңгенің   бағамы тұрақтанды.   Ұлттық  банктің  жүргізіп   отырған   ақша-несие саясаты экономикалық тұрақтануына жақсы жағдай туғызды. Жалпы ішкі өнімнің құлдырауы (1994 ж. 23,7%) 9%-ға дейін төмендеді.   1997  жылмен  салыстырғанда  экономикалық  бірқатар салаларда өндірістің өсуі  байқалады.  Сауда  балансының қалдығын жақсарту тенденциялары анықталады.

   1995 ж. ел  экономикасын сауықтыру мақсатында  макроэкономикалық реттеу мен  ақшалай-несиелік және салық бюджеттік   саясатты  үйлестіру   ісінде  Ұлттық  банк  пен  Қаржы  министрлігі арасындағы қатынастары беки түсті. Соның нәтижесінде,   Қаржы    министрлігінің   өзара   байланыс   практикасы жақсарды, қаржылық қарым-қатынастар тәжірибесі келтірілді, мемлекеттік қазынашылық міндеттемелердің аукциондарын  өткізу  бойынша Қаржы  министрлігі  агенті  функцияларының атқарылуы жақсарды, бюджеттерге кассалық қызмет көрсетуді Ұлттық банктен - Қаржы министрлігі  қазынашылығына беру жөнінде дайындық жұмыстар жүргізілді.

   Экономика  талаптарына сай келетін жалпы  қабылданған халықаралық қағидалар стандарттарды - тәжірибелік қызметке өндіруге көмек беретін шаралар жиынтығын көрсететін банктік жүйедегі бухгалтерлік есеп жүйесінің реформасы бойынша күрделі жұмыс жүргізді.

   Ұлттық банк  тәжірибеге жаңа шоттар жоспарын, біртұтас баланс пен негізгі және көмекші бухгалтерия бойынша нормативті құжаттар, сонымен бірге Ұлттық банк жүйесіндегі қажетті бухгалтерлік және статистикалық есеп беруді енгізді. Аталған  жұмыс  түрлерін  автоматтық өндеу үшін  бағдарламалық қамтамасыз ету жұмысы аяқталды.

   1995ж. банктік  қадағалаудың әдістемелік базасының  дамуын қамтамасыз ететін құжаттарды  дайындау бойынша жұмыстар жүргізілді, әсіресе мына бағыттарда: үмітсіз  және күмәнді қарыздарды жабуға арнайы резервтер (провизия) қалыптастыру бойынша, банктерді консервациялау, банктерді ашудың жаңа тәртіптері бойынша, банктік операцияларды лицензиялауға банктерді таратудың жұмыс жасап отырған тәртібін өзгертуге және банктердің ашық валюталық позициясын енгізуге байланысты.

   1995 ж. екінші  деңгейдегі банктер жүйесінде  өзгерістер болды. Банктерді тарату  немесе біріктіру процесі жалғасты. Бұған Ұлттық банк тарапынан екінші деңгейдегі банктердің өтімділігі мен олардың капиталдануына қоятын талаптардың күшеюі әсер етті. Нәтижесінде, бір жыл ішінде банктердің саны 191-ден 130-ға қысқарды. Сондай-ақ, олардың құрылымы да өзгерді. Мемлекетаралық банк құрылды, оның саны (4-тен 6-ға дейін), шетелдік және бірлескен банктердің саны (6-дан 7-ге дейін) өсті.

   Айрықша өзгерістер банктің жарғылық қорын қалыптастыруда орын алды. Егер жыл басында 60% банктерде жарғылық қор 5 млн теңгеге дейін болса, 1996 ж. олардың саны 35% кем болды. 80 млн теңге және одан да көп жарғылық қорлары бар банктердің үлесі 11%-дан 30%-ға дейін өсті.

   Ұлттық банк  пен Үкімет біріге отырып, бұрынғы салалық  мамандандырылған  банктерді  қайта  қалыптастыру  мен одан  әрі  дамыту   бойынша   күрделі  жұмыс  жасады.   Агрокәсіп банктің санкциясы аяқталды.

   1995 ж. несиелік  нарықтың даму ерекшелігі - несиелік  аукциондарды әрі қарай жетілдіру болып табылады. Несиелік аукциондар рөлі төмендеп, банкаралық акша нарықтарының рөлі артты.

   Реформаның  құқықтық қамтамасыз етілуі және  банктік жүйенің қызмет етуі бойынша бағдарламада қарастырылған шаралар іс-жүзінде толығымен орындалды. Осыған орай, бағдарламаға сәйкес "Қазақстан Республикасы Ұлттық банк туралы" және "Қазақстан Республикасы банктер және банктік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар төмендегідей  Жарлықтары шықты.

   1997 ж. 6 наурызда "Заң күші бар, Қазақстан  Республикасы Президентінің Жарлығына  толықтырулар енгізу туралы", 1997 ж. 28 сәуірде "Қазақстан Республикасындағы  вексельдік айналыс туралы", 1997ж. 11 шілдеде "Банктік кызмет сұрақтары  бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңдары қабылданды. 

Ұлттық валютаның  қалыптасуы 

           1992-1993 жж. егемен елдердің бірсыпырасы  өз ұлттық валютасын енгізуіне  орай КСРО Мемлекеттік банкі  мен Ресей орталық банкінің 1961 – 1992 жылдардағы банкноталарының  айналыстан ығыстырылуына байланысты  оларды Қазақстанға заңсыз әкелу  мөлшері қауырт өсіп, соның салдарынан тауарлар  бағасы жоғарылап, халықтың тұрмысы төмендеді.

           1992 жылдың бірінші жартысында  Қазақстан Республикасының Президенті, үкіметі, Жоғары кеңесі Қазақстанға  өз валютасын енгізу қажеттігін  түсініп, шегіне жеткен құпия  жағдайда Қазақстанның ұлттық  валютасының пішінін (дизайн) дайындайтын топ құрып, оны басып шығаратын шетелдік фирмамен  келісімге қол қойған. 1993 ж. наурызында Англияда «Харрисон және ұлдары» атты жеке фирмада қажетті мөлшерде ұлттық валюта – 1,3,5,10,20,50 және 100 теңге – дайындалып, Алматыға жеткізілген.

           1993 ж. 12 қарашасында Қазақстан Республикасының  Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан  Республикасында Ұлттық валюта  енгізу туралы» Жарлық шығарды.  Осы жарлыққа сәйкес:

      ▪  1993 ж. 15 қарашада сағат 8 – де  Қазақстан мемлекетінде ұлттық  валюта – теңге – енгізілді;

      ▪  1993 ж 18 қарашадан бастап теңге  Қазақстан Республикасында бірден  бір заңды төлем құралы болып тағайындалды. Бір теңге 100 тиыннан құралады, ол қолма – қол ақша  айналысында банкнота және майда тиындар түрінде жүреді.

      ▪  қолма – қол ақша, рубльдік шоттардағы жинақтар мен салымдар 500 рубль 1 теңгеге арақатынасымен  айырбасталып, ол  18 қарашада сағат 18 – де аяқталды. қарашаның 15 – 18 аралығында  екі валюта  - сом және теңге – айналымда қатар жүрді.

           Қазақстан Республикасының жасы 16 – дан асқан  азаматтары 100 мың сом ақша айырбастауға құқылы болды. Айырбас тек бір рет жүргізіліп,  ол туралы төлқұжатта белгі соғылды. Азаматтардың 100 мың сомнан артық ақшасы банктегі арнаулы  дербес шотқа  салынып, оны  6 ай  бойы  пайдалануға  құқығы болмады.

           Қазақстан Республикасының Ұлттық  Банкі теңгенің валюталық курсын  бекітті: 1 АҚШ  доллары 4,7  теңге  тең болды.

           1993 ж. 15 қарашада Қазақстан  тарихында   алғашқы  ұлттық валюта –  теңге енгізілді. Ақша реформасын  жүргізуге Қазақстан басшылары   бір жарым жыл уақыт өте құпия жағдайда дайындалып, нәтижесінде 700 миллион доллар сома шамасында алтын құймалары мен шетел валютасы  қоры болды. Тәуелсіздік жарияланған күннен бастап  Қазақстанда өндірілген алтын мен күміс  енді Москваға  жіберілмей, оны  Ұлттық банк сатып алып, өз резерв қорына  айналдырды. Сондай – ақ  резерв қорына экспорттық  валюталық түсім мен үкіметтің сыртқы заемдарын да Ұлттық банк сатып алып, қорға түсіретін  айналымға  теңгені енгізуге жарты жыл уақыт қалғанда Республика Президенті  валюталық қаржыны жұмсауға мораторий енгізді.

           Айналымға теңгені  енгізу  инфляцияның қарқындауы  және бұрынғы одақтас республикалардың өзара  байланысының  үзілуі мен саяси ала ауыздығы  тереңдей  түскен қаржы экономикалық дағдарыс жағдайында өтті. Теңгені енгізгеннен  кейін 2,5 айда, келесі төрт айда, яғни кәсіпорындар мен бюджеттің  арасындағы  қарызды өзара есептеудің кең айқымды компаниясы басталған да  теңгенің курсы – 1 долларға 11,58 теңгеден 43,3 теңгеге  жетті.

           Нарыққа өту кезінде, Қазақстан Республикасы  егеменді  ел ретінде  өзінің  тәуелсіз дамуы кезеңінде валюталық  саясат жүргізуі керек. Қазақстанның алдында шетелдер мен дербес валюта қатынастарының құруымен қатар, халық шаруашылығын қайта құру, оны нарық  рельстеріне түсіру мәселелерін бірге шешу міндеттері тұрды.

           Қазақстан  1992 – жылдың  шілдесінде, ХВҚ – ға мүше болып кіргеннен  бастап, өзінің валюта қатынастарын  Ямайка валюта  жүйесінің құрылымдық қағидалары мен қордың  Жарғысына сәйкес қалыптастыруда. Валюта қатынастарын ұйымдастыру үшін, 1993 – жылдың 14 сәуірінде  «Валюталық реттеу  туралы» алғашқы заң қабылданды. Ол  кезде,  Қазақстан   сом аймағында болғандықтан, шетелдермен жеке валюталық  байланыстары жоқтың  қасы болатын. Сонымен қатар, еліміз өзінің  ұлттық валютасын айналымға шығаруға дайындап, жеке  алтын  валюта қорларын  құру жұмыстарын жүргізумен шұғылдануда еді. Қабылданған, заң бағаны ырқына  жіберу  деңгейіне  сәйкес  келіп,  кейбір жағдайларда дамып келе жатқан  валюта  қатынастарына тіпті қарама – қайшы сипатта болды. 

Қорытынды 

            1996 жылы 24 – желтоқсанда Қазақстанда  «Валюталық реттеу туралы»   жаңадан заң қабылданды. Қазақстанның  шетелдермен жүргізілетін валюталық  қатынастарының негізгі  элементтері  – республикада  қабылданған  заңдарда айқындалған.

           1997 ж. мемлекеттің алтын  валюта  қоры  кәсіпорындарды жекеменшіктендіру   және  шетел инвесторларына басқаруға  беру  сияқты  инфляцияланбайтын  көздерден түскен 700 млн. доллармен толықты. Бұл жылы  теңге курсының ауытқуы тиынмен, ал инфляцияның деңгейі проценттің бөліктерісмен есептелетін жағдайға жетті.

            Реформаның құқықтық қамтамасыз  етілуі және банктік жүйенің қызмет етуі бойынша бағдарламада қарастырылған шаралар іс-жүзінде толығымен орындалды. Осыған орай, бағдарламаға сәйкес "Қазақстан Республикасы Ұлттық банк туралы" және "Қазақстан Республикасы банктер және банктік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар төмендегідей  Жарлықтары шықты.

   1997 ж. 6 наурызда "Заң күші бар, Қазақстан  Республикасы Президентінің Жарлығына  толықтырулар енгізу туралы", 1997 ж. 28 сәуірде "Қазақстан Республикасындағы  вексельдік айналыс туралы", 1997ж. 11 шілдеде "Банктік кызмет сұрақтары  бойынша Қазақстан Республикасының  кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңдары қабылданды.

          Валюталық құқық айтарлықтай дербес құқықтық құрылым ретінде ұлттық валюталық жүйе мен валюталық рыноктың жұмыс істеуін қамтамасыз ету, сондай – ақ валюталық құндылықтармен іске асырылатын валюталық операциялар, халықаралық валюталық төлемдер мен аударымдар және тікелей инвестициялық қызмет барысында туындайтын қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығынан тұрады.

           Валюталық  бақылау орандары  болып, Ұлттық банк және Қазақстан  Республикасының Үкіметі саналады. Бақылау агенттері  болып, заң бойынша, валюталық   бақылау қызметін жүргізетін ұйымдар, атап айтқанда, валюталық операциялар жүргізетін өкілетті банктер есептеледі.

           Дүниежүзілік  валютаның қазіргі   кезде  ұлттық валюта және  ұжымдық резервтік валюта мен оған  алтын резерві де қоса енеді; өзара валюта қайтарымдылық   шарты; валюта паритеті мен курсының механизмі, валюталық шектеудің көлемі; халықаралық есептеу түрлері;  халықаралық валюта нарығы  режимі  мен дүниежүзілік алтын нарығы. Қазіргі халықаралық валюталық жүйеге  халықаралық валюталық қор (ХВҚ) еніп, оған мынандай  міндеттер қойылады: валюта курсын реттеу ережелерін айқындау және оның орындалуын бақылау, валюта қайырымдылығына ықпал жасау және валюталық шектеуді жою.

Информация о работе Ұлттық банктің қалыптасуы және оның валюталық бағамдарын құру тәртібі