Техника-экономикалық негіз ретінде құрылыс құнын анықтау

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2011 в 10:18, реферат

Краткое описание

Сметалық нормативтік құжаттар – сметалық нормалардың – жекелеген жинақтарға біріктірілетін бағалама мен бағалардың кешені. Қажетті талаптардан тұратын ережелермен және талаптармен бірге, құрылыс пен ғимараттардың және құрылыстардың халық шаруашылығының барлық салалары кәсіпорындарын кеңейту мен қайта жарақтандырудың сметалық құнын анықтау үшін қызмет етеді.

Файлы: 1 файл

Құрылыстың сметалық құнын анықтау.docx

— 16.19 Кб (Скачать)

Құрылыстың сметалық құнын анықтау  

Сметалық нормативтік құжаттар – сметалық нормалардың – жекелеген жинақтарға біріктірілетін бағалама мен бағалардың кешені. Қажетті талаптардан тұратын ережелермен және талаптармен бірге, құрылыс пен ғимараттардың және құрылыстардың халық шаруашылығының барлық салалары кәсіпорындарын кеңейту мен қайта жарақтандырудың сметалық құнын анықтау үшін қызмет етеді.

 Смета жобалық деректер негізінде объекті құрылысының құнын, оның ішінде жекелеген құрылыс-монтаж жұмыстарын орындауға және жабдықтар сатып алуға арналған шығындарды, сондай-ақ құрылысты жүзеге асыруға байланысты басқа да шығындарды анықтайды.

 Сметалық нормативтер – бұл кешеннің қорытындыланған атауы, ол құрылыстың, күрделі жөндеудің, қайта жаңартудың, сметалық-нормативтік базаны құрайтын материалдарға, бұйымдарға және конструкцияларға ірілендірілген немесе элементтік нормалар, бағаланымдар және бағалар негізінде Қазақстан Республикасының ғимараттары мен құрылыстарын кеңейту мен техникалық қайта жарақтандырудың сметалық құнын белгілеу тәртібін қамтиды. 

Құрылыстағы сметалық нормалаудың және баға белгілеудің негізгі міндеттері:

құрылыстағы сметалық нормативтер мен баға белгілеу жүйесі арқылы сметалық құжаттарда көрініс табатын кәсіпорындардың, ғимараттар мен құрылыстардың салу (кеңейту, қайта жаңарту және техникалық қайта жарақтандыру) құнын анықтауды қамтамасыз ету;

құрылыста ұйымдастыруды, жоспарлауды және қаржыландыруды қамтамасыз ету, орындалған құрылыс-монтаж жұмыстары үшін есеп айырысуларды жүзеге асыру;

инвестициялық салымдардың тиімділігін арттыру, қаржы қаражаттарын жұмсауды оңтайландыру болып табылады.  

Сметалық нормативтер жүйесі бюджеттік заңнамаға негізделеді және Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу жөніндегі заңнама шеңберінде іс-қимыл жасайды (ҚР ҚНжЕ 8.02-01-2002 Құрылыстағы сметалық нормативтік құжаттар жүйесі). 

Құрылыстағы сметалық-нормативтік құжаттар жүйесі мынадай мемлекеттік нормативтер түрлерінен тұрады

құрылыстық есептік құнын анықтау тәртібі техникалық-экономикалық негіздер сатысында;

құрылыстың сметалық құнын анықтау тәртібі;

құрылысқа және жөндеу-құрылыс пен монтаж жұмыстарына арналған элементтік сметалық нормалар мен бағаланымдар;

құрылысқа және жөндеу-құрылыс пен монтаж жұмыстарына арналған сметалық норманы ірілендіру;

уақытша ғимараттар мен құрылыстарға арналған шығындардың сметалық нормасы;

құрылыстың қысқы қымбаттауына арналған шығындардың сметалық нормасы;

қоғамдық ғимараттар мен құрылыстардың құралдары мен жабдықтарына арналған шығындардың сметалық нормасы. 

Сметалық нормативтерді әзірлеу, келісу және бекіту ҚР ҚНжЕ 1.01-01-2001 «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер. Негізгі ережелерде» көзделген тәртіпке сәйкес жұзеге асырылады. Мемлекеттік нормативтерді әзірлеуді қаржыландыру бекітілген 014 «Сәулет, қала құүрылысы және құрылыс саласындағы нормативтік-техникалық құжаттарды жетілдіру» республикалық бюджеттік бағдарламаға сәйкес республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады, бюджеттік бағдарламаның әкімшілігі Индустрия және сауда министрлігі болып табылады. Тапсырыс беруші «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы № 321 Заңына сәйкес мемлекеттік нормативті әзірлеуге орындаушыны анықтайды.  
 
 

Информация о работе Техника-экономикалық негіз ретінде құрылыс құнын анықтау