Ойын аркылы бастауыш сынып окушыларынын ойлау кабілеттерін жетилдиру брошюра

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Февраля 2013 в 13:22, лекция

Краткое описание

Мұнымен қатар сабақ үстінде ойын элементтерін қолдану оқушылардың оқып отырған сабағына қызығушылығын арттырады, оған белсенді түрде қатысып түсінбегенін түсінуге мүмкіндік туғызады.

Файлы: 1 файл

Ойын аркылы бастауыш сынып окушыларынын ойлау кабілеттерін жетилдиру брошюра.doc

— 261.00 Кб (Скачать)

Нұсқау: Сағат 22-нің тәуліктің қай мезгілі екендігіне көңіл аударылады. Бұл кешкі сағат 10. Ендеше, 24 сағат, яғни 1 тәулік өткенде келесі күнгі кешкі сағат 10 болатындығы анықталады. Демек, бұл уақытта күннің жарқырап тұруы мүмкін емес.

Жұмбақ

Мақсаты: Сан есімдердің аталу ерекшеліктерін тұспалдай отырып, жұмбақтау арқылы оқушылардың сан жөніндегі түсініктерін байыта түсу.

Нұсқау: Бұл жерде есте болатын нәрсе, санның цифрлар арқылы жазылуын оқу емес, әріптер арқылы жазылуын табу керек.

Оңынан оқысаң да-сол сан,

Солынан оқысаң да-сол сан

Ол қандай екі  таңбалы сан?

Жауабы: “қырық”

Егер “Т-дан” бастасаң,

Санмын.

“Т-ны” алып тастасаң,

Жаумын.

Жауабы: “Төрт, өрт”

 

Жоқ өзінде бас  та, қас та, мойын да,

Ұзындығы жазулы тұр бойында.

Жауабы: Сызғыш

Құрастыру

2 таяқшаны алып  тастау арқылы 7 тең шаршы шығарып  ал.




 

 

 

 

 

 


Мақсаты: Құрастырумен байланысты іскерлікті дамыта түсу.

Жауабы:




 

 

 

 

 

 

Шығармашылық тапсырма

Үш бала бойбы ойнады. Егер әр бала қалғандарының әрқайсысымен бір партия ойнаған болса, онда әр бала неше партия дойбы ойнады?

Мақсаты: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыта түсу.

Нұсқау. Тақтада үш баланы әр түрлі үш нүктемен, ал ойналған партияларды оларды қосатын сызықтармен кескіндей отырып, төмендегідей суретті алуға болады:           

                               1

                      


        1. 3

 

Бұдан көрнекі түрде  әр баланың неше партия дойбы ойнағаны айқын көрінеді.

Жауабы: Әр бала екі партия дойбы ойнады.

Шығармашылық тапсырма

Қайсы топтағы  фигуралар басқаларынан өзгеше?





 

 

 

 

Мақсаты: Оқушылардың таным процестерін дамыту.

Нұсқау: Жаттығуды өз беттерімен орындауға бірден ұсынуға болады. Оқушылар тиісті нәтижелерге қол жеткізе алмаған жағдайда жұмысты былайша ұйымдастыруға болады. “Әр топта қанша фигура бар?”, “Әр топта қандай фигуралар бар?” деген сияқты жетектегіш сұрақтар қою барысында екінші топтағы фигуралардың басқаларынан өзгеше екендігі анықталады. Бұл жерде оқушылардың “шаршы”, “дөңгелек”, “үшбұрыш” терминдері және соларға сәйкес ұғымдар туралы түсініктерін онан әрі кеңейте түсуге назар аударылуы тиіс.

Жауабы: екінші топтағы фигуралар басқаларынан өзгеше.

Шығармашылық тапсырма

Үстелдің үстінде 6 май шам жанып тұрды. Оның 5 сөндірді. Нешеуі қалды.

Мақсаты: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыта түсу.

Нұсқау: Жаттығуды түсініп оқу жұмысы жүргізілгеннен кейін оқушылардан оның сұрағына бірден жауап беруді талап еткен жөн.

 

Жауабы: 5 май шам қалды.

 

 

Дидактикалық  ойындар

 

 “Интервью” ойыны.

Ойынның ережесі: Сынып 3-4 топқа бөлінеді. Әр топтың 1 оқушылары жұп құрастырады: біреуі корреспондент болады, екіншісі кейіпкер (үй жұмысын тексерерде күні бұрын дайындалып келуге болады, сұрақтарды дайындайды)

 

“Әңгімені жалғастыр”ойыны.

Ойынның ережесі: Бұл ойында 2 оқушы (әр қатардан бір-бірден) қатысады. Бірі бастайды, екіншісі қостайды. Әр оқушы бір сөйлемнен ғана айтады. Ең соңғы сөйлемді айтқан оқушы жеңеді. Осыдан кейін тағы екі оқушы шығып әңгімені мазмұндайды. Бұл ойын оқушылардың есте сақтау, тез ойлау қабілетін, дұрыс сөйлем құруға, әңгімені тыңдауға дағдыланады.

 

 “Таза тақта” ойыны.

Ойынның ережесі:Жаңа тақырыпты түсіңдірер алдында, мұғалім тақтаның әр жеріне сұрақтар жазып қояды, сұрақтың орнына суретті, схеманы да қолдануға болады. Сұрақтарды нөмірлеп қою керек. Мұғалім сабақ түсіндірер барысында, оқушылардан жазылған сұрақтардың жауаптарын  сұрайды. Егер жауабы дайын болса, ол сұрақ тақтадан өшіріледі.

Ойынның мақсаты:Сабақтың аяғына дейін барлық жазылған сұрақтарға жауап беру керек. Бұл ойынды өткізгенде  сыныпты екі топқа, немесе 3-4 топқа  бөліп өткізуге болады. Әр топтың берген жауаптары саналып отырады.Бұл ойын арқылы оқушылардың оқуға деген ынтасын, белсенділігін арта түседі,қиындықты жеңуге,төзімділікке баулиды.

 

 “Көбелек гүлге қонды ”  ойыны.

 Ойынның  ережесі: Магниттік тақташаға  гүлдер орналастырылған, әр гүлге  дауысты дыбыстар орналасқан, арасында  дауыссыз дыбыстар да бар. Әр қатардан 1 оқушыдан шығып көбелекті (оның ішінде дауыссыз дыбыс орнатылған) гүлге қондырады. Қалғандары қосылып буынды оқиды. Неге көбелекті дауыссыз дыбысқа қондыруға  болмайды? Бұл ойынды өзгертіп өткізуге де болады. Көбелек қонған кезде сөйлем құрастыруға болады, әр шапшаң кезек сақтап оқушылар шығып сөйлемдерін айтады.

 

“Кім тапқыр?” ойыны.

  Ойынның  ережесі: сынып 3-4 топқа бөлінеді, бұл топта қамқорлар көп екенін  анықтауға керек. Әр оқушының  алдында дөңгелекшелер дайындалған. Мұғалім тақта алдындағы жолақшаларға дөңгелекшелермен бір сөздің схемасын құрастырады. Мысалы, 000. Мен қандай сөз құрастырдым? Кім жауап бере алады? Әр топтың жауаптары фишкамен белгіленеді. Тапсырманы өзгертуге болады. Бұл ойыннан кейін фишканы жазғызуға болады. Есіңізде қандай сөз қалды. Ұмытқан оқушылар дөңгелектерге қарап түсіре алады. Неше әріп болу керегін де санай алады.

  “Футбол”  ойыны

Ойынның ережесі: Сынып оқушылары қатармен екі  командаға бөлінеді. Тақта алдына екі магниттік тақта ілінеді. Әр командадан бір оқушы шығып допты қақпаға кіргізеді, егер доптың артындағы мысалды шығара алса, белгілеп салынған мысалдар “гол” болып шығарылады. Кіргізген доп сандары саналып, жеңген команда айтылады.

 

 “Ойлап тап” ойыны.

 Ойынның  ережесі:Сынып 4 оқушыдан топтарға бөлінеді. Әр оқушыда цифр кассасы бар. І топ-1, ІІ-2, ІІІ-3, ІҮ-4 мысалды алады. Әр топ бір мысалдан тағы үш мысал ойлап шығарады.Топ басшысы тапсырма береді, амалдың нәтижесін ең алдымен табасыз, сосын осы сандармен  “сен+сен+сен+”деп айтып өтеді. Қай топ (әр оқушыға жолақтар бар) берілген тапсырма бойынша бірінші орынды алады, сол женді. Сандарды өзгертіп ойынды келесі сыныптарда өткізуге болады.

 

 

 “Орын тап” ойыны.

Ойынның ережесі: Сынып оқушыларын екі командаға  бөлу керек. Біріншісі ондықтар командасы, екіншісі бірліктер командасы. Әр командада 10 оқушыдан болған жақсы. Олардың әрқайсысында 0-ден 10-ға дейін сандар жазылған бір-бір карточка болады. Алдымен ойынға қатысушылар орындарын белгілеп алады. Тақта алдында екі орындық болады. Мұғалім 5*5 дегенде әр командадан ондық командасынан 2 саны бірлік командасынан 5 саны жазылған карточкалары бар оқушылар тез орындыққа отырады. Қай команда шапшандық көрсетсе, соған ұпай тиеді. Егер оқушылар саны 10-ға толмаса бір карточкаға екі жағынан да сан жазылады.

 

 “Өз орнынды тап” ойыны

Оқушыларға  құстардың суретін үлестіріп  бердім. Әр құстың өз нөмірі бар. Содан  соң 1,2,3 деген бұйрықпен келіп  олар шапшаң өздеріндегі құстарға қарап  өз орындарына тез тұра қалады. Құстардың  нөмірі бойынша 1-5 дейін және кері санау жұмысы жүргізілді.

 

  “Поезд” ойыны.

   Ойынның  ережесі: Мұғалімнің сөзі:

     -    Бұл поезд жүргізуші үшін кім  керек?

  • Жүргізуші машинист керек?
  • Ендеше машинист болу үшін, еңбек туралы бір мақал ойластыру керек. Әйтпесе поезд жүрмейді. Қане, кім болғысы келеді?

(бірінші айтқан  оқушы болады), Поезд вагондардан  тұрады, вагондардың орнына өздеріңіз  болыңыздар. Кім берілген карточка  бойынша өрнектің мәнін дұрыс  таба алады, сол поезға міне  алады, жауап бере алмаған оқушы  қалып қояды.

 

 

 

 

“Орнына қойып жаз” ойыны.

Мақсаты: Орнына қойып жаз ойыны арқылы оқушылар сөздердің айтылуы мен жазылуы  туралы білімдерін тереңдете түседі.

Ойынның тәртібі: Сынып 3 топқа бөлінеді. Плакатқа 3 қатар  етіп сөздер дайындалады. Әр қатардан шыққан үш оқушы тақтаға сөздерді дұрыс жазып шығады. Әрі тез, әрі дұрыс орындаған топ жеңімпаз атанады.

Фонетикадан алған  білімдерін еске түсіру мақсатында жұмбақтар  жасырып, шештіру де оқушылардың  білімін тиянақты, жүйелі өтуге өз септігін тигізеді. Төмендегідей жұмбақтарды пайдалануға болады.

Дыбыс емес таңба

Оқылмайды жазылады

Әйтсе де бұл  екеуі

Біраз сөзден табылады. (ь;ъ)

 

“Кім көп біледі?” ойыны

Ойынның мақсаты: Кім көп біледі? Ойыны арқылы сөздердің  мағынасын ажыратқызуға болады. Ойын тәртібі. Оқушылар “мұғалімдер” және “оқушылар” болып екіге бөлінеді. Мұғалімдер “әр түрлі” мағынасы бар сөздерді атайды. Ал “оқушылар” осы сөздердің мағынасын түсіндіреді. Орнына қойып жаз” ойыны.

Мақсаты: Орнына қойып жаз ойыны арқылы оқушылар сөздердің айтылуы мен жазылуы  туралы білімдерін тереңдете түседі.

Ойынның тәртібі: Сынып 3 топқа бөлінеді. Плакатқа 3 қатар  етіп сөздер дайындалады. Әр қатардан шыққан үш оқушы тақтаға сөздерді дұрыс жазып шығады. Әрі тез, әрі  дұрыс орындаған топ жеңімпаз атанады.

Фонетикадан алған  білімдерін еске түсіру мақсатында жұмбақтар жасырып, шештіру де оқушылардың білімін тиянақты, жүйелі өтуге өз септігін тигізеді. Төмендегідей жұмбақтарды пайдалануға болады.

Дыбыс емес таңба

Оқылмайды жазылады

Әйтсе де бұл  екеуі

Біраз сөзден табылады. (ь;ъ)

 

“Кім көп біледі?” ойыны

Ойынның мақсаты: Кім көп біледі? Ойыны арқылы сөздердің  мағынасын ажыратқызуға болады. Ойын тәртібі. Оқушылар “мұғалімдер” және “оқушылар” болып екіге бөлінеді. Мұғалімдер “әр түрлі” мағынасы бар  сөздерді атайды. Ал “оқушылар” осы  сөздердің мағынасын түсіндіреді.

“Мұғалімдер”  мен “оқушылар” өз рөльдерін ауыстырып  отырады.

Мәселен: ара-жәндік                алма-жеміс

                 ара-құрал                  алма-қимыл

 

“Әр әріптен бір сөз” ойыны.

Мақсаты: Оқушылардың  сөздік қорын дамыту.

Ойынның тәртібі: Сынып 3 топқа бөлінеді.Әр топтан бір оқушыдан шығып, әрбір әріптің астына сөз жазады. Сөйтіп соңғы әріпке дейін бір топтың сөзі екінші опқа қайталанбауы керек. Қай топ ойынды тез аяқтаса, солар жеңіске жетеді.

 

“Топтай біл” ойыны.

Мақсаты: Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, заттарды белгілі бір тақырып бойынша топтай білуге, олардың не үшін  қажеттілігін ажыратуға, қатесіз жазуға дағдыландырады.

Мәселен: сәбіз, қияр, алма, түйе, жылқы, жүзім, картоп т.б. сөздер беріледі. Оқушылар бұл сөздерді топтап жазады: Сәбіз, қияр, картоп-көкөністер.

 

“Не өзгерді?” ойыны.

Мақсаты: Оқушыларға түбір мен қосымшаның ерекшеліктерін таныту.

Ойынның ережесі: Тақтаға, плакатқа жазылған сөздер ілінеді.

 

Үй би                        Алма кеме                Қой тәртіп

 

Осы сөздерге балалар қосымша жалғап, сөйлем құрап жазады. Тапсырма орындалғаннан кейін оқушылар сөздерді оқып талдайды. М: үй не? Деген сұраққа жауап  береді. Бұл сөздің түбір, осы түбір сөзге қосымшасын жалғасаң неге? деген сұраққа  жауап береді. Түбірге жалғанатын қосымшаны тапқан оқушы жеңімпаз болады. Яғни бұл ойында тек қосымшалар өзгертіледі.

“Мұғалімдер”  мен “оқушылар” өз рөльдерін ауыстырып  отырады.

Мәселен: ара-жәндік                алма-жеміс

                 ара-құрал                  алма-қимыл

 

“Әр әріптен бір сөз” ойыны.

Мақсаты: Оқушылардың  сөздік қорын дамыту.

Ойынның тәртібі: Сынып 3 топқа бөлінеді.Әр топтан бір  оқушыдан шығып, әрбір әріптің астына сөз жазады. Сөйтіп соңғы әріпке дейін бір топтың сөзі екінші опқа қайталанбауы керек. Қай топ ойынды тез аяқтаса, солар жеңіске жетеді.

 

“Топтай біл” ойыны.

Мақсаты: Оқушылардың  ой-өрісін кеңейтіп, заттарды белгілі  бір тақырып бойынша топтай білуге, олардың не үшін  қажеттілігін ажыратуға, қатесіз жазуға дағдыландырады.

Мәселен: сәбіз, қияр, алма, түйе, жылқы, жүзім, картоп т.б. сөздер беріледі. Оқушылар бұл сөздерді топтап жазады: Сәбіз, қияр, картоп-көкөністер.

 

“Не өзгерді?” ойыны.

Мақсаты: Оқушыларға түбір мен қосымшаның ерекшеліктерін таныту.

Ойынның ережесі: Тақтаға, плакатқа жазылған сөздер ілінеді.

 

Үй би                        Алма кеме                Қой тәртіп

 

Осы сөздерге балалар  қосымша жалғап, сөйлем құрап жазады. Тапсырма орындалғаннан кейін оқушылар сөздерді оқып талдайды. М: үй не? Деген  сұраққа жауап  береді. Бұл сөздің түбір, осы түбір сөзге қосымшасын жалғасаң неге? деген сұраққа  жауап береді. Түбірге жалғанатын қосымшаны тапқан оқушы жеңімпаз болады. Яғни бұл ойында тек қосымшалар өзгертіледі.

 

Балалардың  таным іс-әрекетін дамытуына арналған ойындар

“ Әр түрлі етіп көрсет”

Бұл ойын баланың зейінін дамытуға арналған. Оған бірнеше адам қатысады. Балалар антоним-сөздермен танысады.

БИІК-АЛАСА. Балалар  шеңбердің бойымен жүреді. Жүргізуші  былай дейді. “Қазір сендер қақпа  арқылы өтесіңдер. Егер мен қақпа  биік деп айтсам, осы қалыппен жүріп кете бересіңдер, ал егер аласа десем, еңкейесіңдер. Кім еңкеймесе, ойыннан шығады”.

Информация о работе Ойын аркылы бастауыш сынып окушыларынын ойлау кабілеттерін жетилдиру брошюра