Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Февраля 2013 в 13:22, лекция
Мұнымен қатар сабақ үстінде ойын элементтерін қолдану оқушылардың оқып отырған сабағына қызығушылығын арттырады, оған белсенді түрде қатысып түсінбегенін түсінуге мүмкіндік туғызады.
Шарты: бір мақалды, сөзді немесе сөйлемді санмен жазамын, әрбір сан ол әріп. Сандарды әріппен ауыстырып мақалды оқу керек.Мысалы:
Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей.
1 2 3 1 4 1 5 6 1 2 1 7 8 9 3 1 10
5 11 12 13 14 15 16 7 9 14 2 5 8 17 9 3 1 10
Е – 1 Т – 5 Н – 9 Д - 13 Л –17
Ң – 2 С – 6 Й - 10 Ы – 14
Б – 3 Р - 7 О – 11 Қ – 15
К – 4 І – 8 Я - 12 А - 16
Осы ойынның тағы бір нұсқасы ойындар жинағында көрсетілген.
Е)”Сиқырлы сандықша” ойынын кез келген сабақтарда қолданамын.Әсіресе, қайталау, пысықтау сабақтарында. Ең алдымен үлестірме материалдарын даярлаймын 5, 4, 3, 2, 1 балдары көрсетілген карточкалар.
”Сиқырлы сандықша” сұрақтарымен толықтырылады, олардың саны оқушылардың санынан артық болады. Сұрақтар алдында өтілген тақырыпқа сай құрылуы керек, бірнеше тақырыпты, әртүрлі талдау тақырыбын қамтуы керек.
Әрбір оқушы кезек- кезек сұрақ алып, дауыстап оқиды және жауап береді. Жауап аяқталған соң 1 – 5 баллдық жүйе бойынша тиісті бағасын қоямын. Бұл ойын оқушылардың барлық тақырып немесе бөлім бойынша алған білімдерін тексеруге мүмкіндік береді және бір- бірінің жауаптарын тыңдауға мәжбүр етеді.
Әр ойынға тоқталып, мақсат мазмұнын аша берсең, әрине шексіз болар. Қосып айтып өтерім, көрсетілген ойындармен ұштаса анаграммалар мен шарадалар, метаграммалар мен басқатырмалар т.б. қызықты ойын үлгілерін де қолданамын.
Сонымен қатар жұмбақтар шешеміз, мақал- мәтелдерді оқып, өз бетімізше құрастырамыз.
Әдістемелік эксперимент нәтижесі
2009-2011 оқу жылындағы сынып оқушыларымен “Қызықты математика”атты қосымша үйірме өткізіп жүрдім. Жоспардың мақсаты:
Қосымша жұмыстың үлкен білімділік және тәрбиелік мағынасы бар. Бұл жұмыс балалардың дүниетанымдарын кеңейтеді, білімге деген махаббаттарын дамытады, білім сапасының жоғарлауына және тәртіптерінің жақсы болуына қолайлы жағдай жасайды.
Оқу жылы бойында балалар көптеген жаңа түсініктер алды: ребустар, омоним, синонимдер, метаграммалар, кроссворд, сканворд, т.б.
Үйренгендері:
Жүргізілген жұмыс қорытындысы бойынша балаларда математика сабағына деген қызығушылықтары арта түсткенін бірден байқауға болады.
3 – ші сынып бойынша талдау нәтижесі келесідей. Барлығы- 7 оқушы, “5”- 2 оқушы, “4” – 3 оқушы, “3” – 2оқушы, үлгермейтіндер жоқ, білім сапасы – 71 %
Ал математика пәні бойынша дара талдау қолданылған әдістер мен тәсілдер нәтижесінде сынып бойынша бұл пәннен білім сапасы арта түсті.
І- ші тоқсан – 57 %
ІІ- тоқсан –57 %
ІІІ- тоқсан –66%
ІV- тоқсан –66 %
Оқу жылының барысында мектеп психологы М.Қ Тұйғынбековамен бірлесе отырып балалардың танымдық қабілеттерін анықтау мақсатымен тестілеу жүгізген болатынбыз. 1 – ші тестілеу нәтижесі келесідей.
Есте сақтау тесті – 38 %
Қабылдауға арналған тест – 42 %
Зейінді анықтауға арналған тест – 57 %
Логикалық ойлау қабілеті – 37 %
Тілдің дамыуна арналған тест – 31,5%
Ең бастысы бұл жерде анықталғаны келесі: балаларда логикалық ойлау және тілдерінің даму деңгейлері өте төмен . Тілдің дамуы логикалық ойлаумен тығыз байланысты, сондықтан менің мәселелі тақырыбым осы сыныпқа сай келетінін анықтап алып, осы бағытта жұмысты тереңдете түстім. К.Д. Ушинский былай деген: ”Оқуда еңбек қуанышын сезбеген, қиындықтарды жеңген кездерін мақтан етпеген бала – бақытсыз бала.”
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық әрекеттерінің дамуында ойлау ерекше рөл атқарады. Төменгі сынып оқушысы әлі нақты ойлайды, көрнекі құралдарға және образдарға сүйенеді. Сөзбен айтып түсіндірген оларға түсініксіз. Әр баланың ойлау қабілеті өмірлік іс- тәжірибесімен байланысты. Баланың ойынның дамуының негізі көрнекі тірек немесе тікелей тәжірибелік әрекет. Тестілеу нәтижесіне сүйене отырып өзіме балалардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту қажеттілігін анықтап алдым. Мысалы: 1 сыныпта мынадай жағдайлар жиі кездеседі. “2 + 1” неше болады, мәнін тап деп сұрасам, бала кідіріп, ойланып қалады. Ал егер нақты негіз беріп айтсақ “Сенде 2 алма болды, анаң саған тағы 1 алма берді. Сенде неше алма болды?”деп өзгеше сұрасақ, бала бірден ойланбастан “3” деп жауап береді. Есептің шартын тәжірибемен байланыстырсақ бала он ешбір қиындықсыз шығарады. Сондықтан бала тек алдында тұрған жағдайларға тірелмей, логикалық қорытындылар шығара алуға үйренуі үшін логикалық есептерді шығартып, өздеріне құрастыра алуға үйрете бастадым. Мысалы: 1 жұмыртқа 4 минут піседі, ал 4 жұмыртқа неше минут піседі ? деген қарапайым есепті алайық. Осы есепті шығару барысында оқушылар көп ойланады 4-ті 4 рет өзіне қосады т.б. амалдар орындай бастайды. Дұрыс бағыт бағдар беріп, ойларын қозғалтуға мүмкіндік туғызамын. Әрине балалар бірден барлық логикалық есептерді өз бетінше есептеуге үйреніп кетеді деуге қиын. Бірте –бірте тамшы тасты теседі деген сөз бар, сол тәрізді сабақ үстінде баланы ерінбей ойлауға баулып, қызығушылықтарын оятса, басқа балалардың жауаптарына еліктей отырып әр оқушы өзін көрсетіп, дұрыс жауап айтуға талпынады.
Дүниетану сабақтарында балалар берілген тақырыпты өз бетінше оқып, түсіне алмайды. Сондықтан “заттың қасиеті” деген тақырыпты түсіндіру үшін сұрақ – жауап жүргізіп аламын немесе ой шақыру жүргіземін. Балалар өздерінің білімдеріне сүйене отырып берілген зат туралы білетіндерін жазады, жұптасып бір – біріне айтады, ортаға салады. Бірақ айтып өтетінім, кез келген ойлау әрекеті сұрақтан басталады, таңқалудан басталады. Өйткені, сұрақ ой туғызады. Бір затты талқылау барысында оның тек ойын ғана айтқызып қоймай, оның пішініне, түсіне, көлеміне, қызметіне көңіл аударып, тоқталып өту керек. Кез келген таныс затта жаңа 1 нәрсе, ерекшелік табуға болады. Мысалы: балалар бор туралы ойларын ортаға салады. Оның барлық сыртқы ерекшеліктері мен қасиеттерін атап бере алады. Ал оның ішінде біз дем алатын қарапайым ауаның бар екендігін айтып кетсек балада сұрақ туады. Ол ауа қайда? Ол борға ауа қалай кіреді? Осы сияқты сұрақтар туып, баланың ойлау танымдық белсенділіктері артады.
Кез келген затты жан- жақты көре білу балаға мынадай сұрақтарға жауап беруге көмектеседі. “Неге үйрек малтиды, ал тауық жоқ?”, “Не ауыр- 1 кг темір ауыр ма, әлде 1 кг мақта ауырма?”, “Неге доп секіреді?”, “Неге қаз батпайды?”
Математикадан көптеген есептер беруге болады. Мысалы: Сынып туралы есеп құрастыр, “сандар қатарын жалғастыр 0, 2, 4, 6, 8…”Бұл жерде логикалық ойдың дамуына арналған жаттығулар зорлықпен берілмеу керек. Білімге құштарлық – дамып келе жатқан балаға тән қасиет. Олардың қызығушылықтарына берілген тапсырма олар үшін жаңа болса ғана ерекше көңіл бөледі.
Еңбек сабақтарында көрнекі-бейнелік ойлауға көп назар аударамын. Мысалға: оригами, пазлы, конструкторлар т.б.
2- ші тоқсанның соңында қайталау тестілеуін жүргізіп өттім. Шыққан нәтиже:
1. Есте сақтау тесті - 45 %
2. Қабылдауға арналған тест – 50 %
3. Зейінді анықтауға арналған тест – 70%
4. Логикалық ойлау қабілеті – 61 %
5. Тілдің дамыуна арналған тест – 58 %
Ата – аналар ұстаздың ең басты көмекшілері демекші олармен де тығыз байланыстамын. Сауалнамалар, жиналыстар, тәрбие сұрақтары бойынша жеке әңгімелесу сағаттарын жүргіземін. Балалардың үлгерімдері мен тәртіптері жайлы талқылаулар жүргіземін.
Мысалы: 1-ші сыныпта “Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілеттерінің ерекшеліктері” атты баяндамамды ата – аналар жиналысында оқыдым.
Мақсатым: ата- аналарды балалардың түрлі қызықты ойындар мен жаттығуларының түрлерімен, олардың қызметімен, маңыздылығымен таныстырып өту. Жанұяларда бос уақытты ұйымдастыру. “Домино”, “Лабиринт”, “Лото”,”Шашки”, “Шахмат” т.б. ойындарға тоқталып, әр отбасында осындай үстелде ойналатын ойындардың кем дегенде 2 –3 түрі болу керектігін айқындау.
V Ойынды таңдау
Ойынды таңдау бірінші кезекте балаға байланысты, яғни оған не керек, қандай тәрбие керек және оның ерекшелігі неде? Егер ұжымдық ойынды таңдайтын болсақ ойнаушылардың құрамы қандай, интеллектуалды дамулары, дене бітімдері, жас ерекшеліктері, қызығушылықтары қандай екенін білу өте қажет.
Ойынды таңдау тәуліктің уақытына байланысты. Егер ерте таң болса балалар ұйқыдан оянып үлгермеген, сол себепті қимыл- қозғалысты талап ететін ойынды ұсынған жөн. Ал егер 2 – ші – 3- ші сабақтар болса, аз қимыл- қозғалысты талап ететін ойындарды, логикалық есептер, ойын негізінде құрылған сабақ т.с.с. қолдануға болады. Ал 4- ші –5 – ші сабақтарда балалар шаршап, энергиялары төмендей түседі, бұл жағдайда бір орында, нақты бір затқа байланысты ойындарды қарастырған жөн болады.
Ойын мақсаты- шығармашылықты талап ету, жаңа білімді меңгерту, өткен материалды тәжірибеде қолдана алу. Ойын барысында түрткілерді ауыстырып отыру қалыпты нәрсе, өйткені балалар біріншіден қуаныш алу үшін, екіншіден білімді меңгеру үшін ойынға қатысады.
Ойында бала бір – бірімен байланысқан түрлі деңгейдегі мақсаттарды жүзеге асырады.
Бірінші деңгейдегі мақсат – ойын үдерісінің өзінен ляззат алу. Бұл мақсатта қуаныш сыйлайтын кез келген белсенділікке дайындықтарын анықтайтын белгілер көрінеді.
Екінші деңгейдей мақсаты- функционалды, ол ойын ережелерін орындаумен байланысты, сюжеттерді, рөлдерді көрсету.
Үшінші деңгейдей мақсаты – ойынның шығармашылық міндеттерін көрсетеді – тауып алу, шешу, нәтижелер мен жетістіктерге жету.
VІ Ойынды ұсыну
Ойынды ұсынудағы басты міндет – баланың ойынға деген қызығушылығын ояту. Ойын тәсілдері ауызша немесе жазбаша болуы мүмкін. Қызығушылықты- алдымен ойынға арналған құрал- жабдық тудырады. Ойынды ұсынуға, оның нәтижелері мен әрекет ету техникасы жатады.
Ойынды
түсіндіретін уақыт өте
VІІ Ойындағы рөлдерді бөлу, топқа, командаларға жіктеу
Ойынды өткізуге арнап бөлінген топты – ойын ұжымы деп атайды. Топқа бөлуді және командаларға жіктеуді талап етпейтін ойындар да бар. Ұжым – ұжым етіп бөлуде өзінің әдебін сақтау керек, қызығушылықтарын, баланың бір – бірінің қарым- қатынастарын есепке алып отыру керек. Өзімнің тәжірибемде мұндай жағдайларда жребий тастаймын немесе санамақты қолданамын.
Балалар ойынында ең жауапты сәттердің бірі балаларға рөлдерді бөліп беру. Олар әр түрлі болады: белсенді, әрекетсіз, басты және басты емес. Бұл міндет қиын әрі мұғалімнен сезімталдықты талап етеді. Рөлді болуде балаланың жынысына, жасына, физикалық ерекшеліктеріне сүйену үлкен қателік. Кейбір ойындарда капитан қажет. Мысалы: мен балаға қандай рөл керек екенін ескере отырып келесі тәсілдерді қолданамын.
Топтық ойын рөлдерін бөлгенде келесіні ескеріп отыру керек:
1. Беделдері төмен балаларға – беделдерін нығайтуға арналған рөлді беру;
2.Белсенді емес, баяу балаларға- белсенділікті қажет ететін рөлдерді беру;
3.Тәртіпсіз балаларға- өзін ұйымдастыра алатын рөлдерді беру керек;
4.Жаңадан келген балаларға немесе өз бойын басқалардан бөлек ұстап, үнемі шетте жүретін балаларға- өзін көрсете алатын, басқалармен достасып кететін рөлдерді бөліп беру.
Ойын барысында менменшілдіктің пайда болуын болдырмау қажет. Бағынбаушылық ойынды бұзады. Әрбір рөлдің өзінің атқаратын әрекеті болу керек, керісінше жағдайда бала ойыннан шығып қалады.
Ойынның технологиялық сызбасы
Дайындық кезеңі |
Ойынды әзірлеу |
- сценарийін әзірлеу; - ойын жоспары; - ойынның жалпы сипаттамасы; - нұсқаманың мазмұны; - материалмен қамтамасыз ету; |
Ойынға ену |
- мақсат пен міндетті қою; - шарттарымен таныстыру; - ережелері, регламент; - рөлдерге бөлу (егер іскерлік ойын болса); - топтарға бөлу (қажет болса); - Бағыт- бағдар беріп отыру; | |
Ойынды өткізу кезеңі |
Тапсырма бойынша топтық жұмыс |
- тапсырмалар бойынша жұмыс; - тренинг; - миға шабуыл; - құралдармен жұмыс |
Жалпылау және талдау кезеңі |
- қорытынды шығару; - талдау, рефлексия; - жұмысты бағалау және өзіндік бағалау; - тұжырымдамалар мен қорытындылар; - ұсыныстар |
Оқушылардың ойлау қабілеттерін жетілдіруге
бағытталған сабақ жоспары
Баланың жаны –
Ақынның жаны.
М. Пришвин
Қазіргі кезеңнің
жағдайлары бастауыш сынып мұғалімінен
көпті талап етеді: білімге деген
құштарлықтары сөніп
Информация о работе Ойын аркылы бастауыш сынып окушыларынын ойлау кабілеттерін жетилдиру брошюра