Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Февраля 2013 в 13:22, лекция
Мұнымен қатар сабақ үстінде ойын элементтерін қолдану оқушылардың оқып отырған сабағына қызығушылығын арттырады, оған белсенді түрде қатысып түсінбегенін түсінуге мүмкіндік туғызады.
І Кіріспе
Қазіргі заман оқушыдан әр сабақта бұрынғы біліміне жаңа білім қосып қана қоймай, оны өзі игеріп, жан- жақты ізденіп, үнемі даму үстінде болуын қалайды, яғни жас жеткіншектің салауатты, саналы, білікті, білімді болуын талап етеді.
Ендеше, әлеуметтік ортаға бейімделген
өзін-өзі дамыта алатын тұлғаны қалыптастыру
және оны одан әрі дамыту мұғалімнің
негізгі міндеті десек, бұл талап
оқу- тәрбие процесін ұйымдастыруды
басқа көзқараспен қарауды
Ел басшымыз Н.Ә.Назарбаев «Еліміздің ертеңі бүгінгі жастардың қолында, ал жас ұрпақ тағдыры ұстаздың қолында» деген сөзіне сүйенсек әр мұғалім, әр тәрбиеші барынша өздігінен білім алып, өзін жетілдіріп отыру қажет.
Оқушылардың білімді толық меңгеріп, бір уақытта дамып, тәрбиеленіп отыруы үшін мұғалім өз сабақтарын түрлендіріп, түрлі әдіс-тәсілдер мен технологияларды қолданып отырғаны жөн. Оқыту мен тәрбиелеу-үздіксіз бөлінбейтін процесс.
Сондықтан мұғалім қандай да әдістер мен тәсілдерді таңдаған уақытта біріншіден, тәрбиелік және тиімділік жақтарын ескеріп отырғаны жөн. Менің ойымша, осы әдістердің бәрі қимыл- қозғалыс арқылы жүзеге асатын ойындар.
Баршамызға белгілі, адамның тұлғалық қалыптасуы, қоршаған ортамен, болмыспен танысуы балалалық шағында өте қарқынды болады. Күннен-күнге өсіп келе жатқан жас организмнің ең негізгі қажет ететін факторларының бірі қимыл- қозғалыстар, ойындар.
Ойын оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру құралы. В.А.Сухомлинский «Ойынсыз ақыл ойдың қалыпты дамуы жоқ және олай болуы мүмкін емес. Ойын дүниеге ашылған үлкен жарық терезе іспеттес, ол арқылы баланың рухани байлығы жасампаз өмірмен ұштасып, айналадағы дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз- ұшқын, білуге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты» деген.
Әрине, ең алдымен оқушылардың ойынның өткізілу түрі қызықтырады, ал содан соң ғана, егерде білмесе ойынға қатыса алмайтын, оқу материалы.
Ойын барысында оқушылар өздері де байқамай әртүрлі жаттығуларды орындай бастайды. Ойын баланы іздену жолына бағыттайды, жеңіске деген қызығушылығын оятады, ал осыдан шыға келе олар жылдам, жинақы, шапшаң, тапқыр болуға, ойын шартын сақтай отырып, тапсырмаларды нақты орындауға тырысады.
Ойындарда, әсіресе топтық ойындарда, жеке тұлғаның адамгершілік қасиеттері де қалыптасады. Балаларда жауапкершілік, толық сезімдері қалыптасады, тәртіп, күш- жігер, мінез-құлық тәрбиеленеді.
Көру, есту, қимыл-әрекет көрнекіліктердің әдістері, сұрақтың қызық та, тиімді түрлері, жұмбақтар, әзіл есептері, ахуал жағдайлары,сайыстар
балалардың белсенді ойлау әрекетін дамытуға көмектеседі. Ойын барысында бала ойы үнемі дамып, жетіліп отырады, ұшқырлана түседі.
Бастауыш сынып оқушыларының білуге деген ынтасы мен мүмкіндіктерін толық пайдалану және оларды оқу үрдісінде үздіксіз дамытып отыру, сабақ барысында алған білімдерін тәжірибеде қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін өзімнің сабақтарымда ойын элементтерін кең түрде пайдаланамын.
Сабақта тиімді қолданылған ойын элементтері- түсіндіріп отырған материалымды оқушыларым аса зор ілтипатпен тыңдап, жемісті, сапалы меңгеруіне сенімді көмекшім екендігіне көз жеткізіп отырмын. Өйткені, кіші жастағы оқушылар жас ерекшеліктеріне байланысты кез келген ойынға өте ынталы келеді. Балалар тез серігіп, тапсырманы жылдам, дәл орындайды.
Ойын оқушылардың оқу материалын толық меңгеріп, тілін дамытуларына, ойлау қабілеттерін жетілдіруге мол мүмкіндік береді.Өз бетімен жұмыс істей білуге дағдыландырады. Ойланғыштық, іздемпаздық қабілеттерін арттырады, сөздік қорларын молайтуға көмектеседі.
Мұнымен қатар сабақ үстінде ойын элементтерін қолдану оқушылардың оқып отырған сабағына қызығушылығын арттырады, оған белсенді түрде қатысып түсінбегенін түсінуге мүмкіндік туғызады.
А.С.Макаренконың «Жақсы ойын- жақсы жұмысқа тең» деген сөзімен толық келісемін. Себебі, сабақтарымда ойын технологияларын немесе ойын элементтерін кіріктіріп, оқытылатын материалмен ұштастырған уақытта проблемалық жағдайлар туады. Ал сол дағдайларды шешу үшін оқушылар ойынның ережелерін сақтай отырып, ойынға бірден еніп кетеді. Қызығушылықтары артып қайтседе, басқалардан бұрын жеңіске жетемін деген оймен алдында тұрған міндеттерді орындауға құлшынады. Тапсырманың барлығы әр баладан ой қозғалысын, күш- жігер, талпыныс пен шығармашылықты талап етеді. Ал мұның барлығы- еңбек. Баланың бойындағы барлық қабілеттері бірдей жұмыс атқарса ғана ол жетістікке жете алады.
ІІ Өзекті мәселенің басты бағытын дамыту
Өзекті мәселенің басты бағытын дамытуын келесідей жалпылауға болады. Өзбеткейлік және шығармашылық, бір ойыннан екінші ойын арқылы тақырыпқа “ену”.
Ең бастысы- оқу материалы, ойын- сол білімдерді оқып- білу жолдары.Тек оқушының ойын барысындағы белсенділігі арқылы ойлау қабілеттері дамып, арта түседі.
Ойын- белгілі мақсатқа бағытталған және белгілі ережелермен шектелген ойынға қатысушылардың арасындағы кез келген жарыс әрекеті.
Ойын түрінде оқыту басқа технологиялардан ерекшелігі-түрткілердің түрлі тәсілдердің қолдануына мүмкіндік береді.
Ойын барысында әр оқушы өзін, өзінің білімдерін, біліктерін, мінезін, жігер қасиеттерін, әрекетке деген қатынасын көрсете алады.
Өзімнің жұмысымда Н.К.Винокурованың “5000 ойындар мен басқатырмалар” құралына сүйендім.
Бұл автордың кітабындағы өте қызықтырғаны балалардың психологиялық қабілеттерін түрлі ойындар мен жаттығулар арқылы дамыту.
Белгілі бірізділікпен құрылған ойын-жаттығулар есте сақтаудың, зейіннің, тілдерінің, сана-сезімдерін, қалыптан тыс шығармашылық пен ойлауларының кешенді дамуын қамтамасыз етеді.
Оқыту сапасы негізінен оқыту әдістері мен танымдық, ойлау қабілеттерінің дамуына қолайлы жағдай жасайтындай етіп қолдануына байланысты.
Сондықтан әдістеме жағынан жетіліп, өзімді үнемі жетілдіріп отыру үшін келесі ерекшелігімді белгілеп отырмын – қалыптан тыс, қандай да жаңаша оқыту әдістерін меңгеру арқылы алдымда отырған баланың ойлау қабілеттерін дамытып жетілдіру.
Өзімнің жұмысымда кез-келген сабақтарда бір ойынның тиімді жүйесін пайдалануға тырыстым.
ІІІ Технологиялық аспект
Жұмысымның тәжірибесі ойын технологияларының келесі түрдегі топтастыру параметрлерін қолданудың тиімділігін көрсетіп отыр.
Қолдану деңгейі бойынша: барлық деңгейлер.
Мақсатты бағдар спектрі
1. Дидактикалық:
2. Тәрбиелеуші:
3. Дамытушы:
4. Әлеуметтендіруші:
Білімділік, дамытушылық және тәрбиелік мақсаттарға жету үшін түрлі педагогикалық ойындарды қолданамын.
Педагогикалық ойындар
ІV Ойын – дамыту құралы
Бәріне белгілі, ойын – балалардың ойлау қабілеттерін жетілдіру, дамыту құралы. Ойын барысында байқаусыз, аса міндеттемей оқу үрдісіне қажетті кейбір психологиялық қасиеттер қалыптаса бастайды. Олар: ойлау, зейін, есте сақтау, қиял. Сонымен қатар оқу жұмысының дағдылары қалыптасады. Қызықты материалды тиімді пайдаланған жағдайда сабақтың сапасы көтеріледі; оқушылардың ойлау әрекеті белсене түседі. П.П.Блонский былай деген: «Ақыл әрекеті ойдың дамуына негіз болады. Ақыл әрекетінің дамуына ойын негіз болады». Оқуда ойын үдерісі оқу үрдерісімен тығыз қиылысуы керектігін әрқашан есепке алып отырамын.
Сондықтан ойындарды сабақтың тақырыбын мақсат көздеушілігі және оларды өткізу мақсаты бойынша жіктеп, топтастырамын. Мысалы: математика сабақтарында:
Бұл ойындарды жаңа білімді оқыған кезде және алған білімді қайталау кезінде тез есептеу дағдыларын қалыптастыру мақсатында жүргіземін.
А) «Күн мен түн»
Ә) «Үндемес»
Б) «Жоғалған санды тап»
2. Қозғалмалы және аз қозғалатын ойындар
Бұл ойындар балаларға мұқият және белсенді болуға көмектеседі. Мәселен:
А) «Шынжырды жалғастыр»
Бұл ойынды балалар орындарында отырып ойнайды.Әр бала кезектеп кез келген сөзді айтады. Бірақ әрбір келесі оқушы алдыңғы балалардың айтқан сөздерін ұғып, қайталауға қажет.
Мысал: 1- ші бала доп
2- ші бала доп, қалам
3- ші бала доп, қалам, терезе …т.с.с. ойын жалғаса береді.
Ә)
«Кім жақсы?» ойынын 2-3- ші сыныптарда
кең түрде пайдаланамын. Әсіресе
көбейту кестесін өткен
3. “Жылдамдық” және “сапалық”
Бұл ойындар жарыс, эстафета түрінде жүргізіледі. Балалардың бойында белсенділікті арттыра түсемін және дұрыс жауапты бірінші айтуға құштарлықтары туады. Мысалы:
А) “Шапшаң бол – босқа қалма”(+, - ,*, / кестесі)
Ә) “Белгісіз санды тап”
Б) “17 санын шығар” т.б.
4. “Топтық және жеке ойындар”
Бұл ойындар ұжымдық сезімді тәрбиелейді, жолдастарымен бірлескен әрекетке қатысуға деген ынталары арта түседі. Мысалы:
А)”Есепте, неше геометриялық фигуралардан құралған”
Ә)”Бірдей жауаптары бар есептерді тап”
Б)”Домино”
Бұл ойын менің оқушыларыма өте ұнайды. Ойынға беріліп, салынып ойнаған кезде, алдарындағы есепті қалай тез есептеп кеткендерін өздері де байқамай қалады. Ойда шапшаң және дұрыс есептеу дағдылары қалыптасады. Мысалы:
Қазақ тілі сабақтарында “деректіден дерексізге, жеңілден ауырға,
жақыннан алысқа” деген қағиданы негізге ала отырып, ойындарды бірте- бірте күрделендіре түсемін. Мысалы:
А)”Қай әріпті жоғалттым?”
Ә)”Қай буынды жоғалттым?”
Б)”Қай сөзді жоғалттым?”
В)”Қызықты тор көз” ойыны
Г)”Қайда менің өз жағым?”
Ғ)”Артығын тап” ойынын сергіту сәті орнына да өткізіп жіберуге болады. Мысал:
1) доп дәптер шалбар Марат
алма қалам пима Мұрат
алмұрт мұғалім қолғап Айдын
жүзім кітап тымақ Айзада
Бұл ойын барысында балалар мұқияттылыққа, заттарды топтастыруға дағдыланып, бірден дұрыс жауап беруге үйренеді.
Д)”Құпия сандар” бұл ойынды да кең түрде қолданамын әсіресе ана тілі, дүниетану, валеология сабақтарында.
Информация о работе Ойын аркылы бастауыш сынып окушыларынын ойлау кабілеттерін жетилдиру брошюра