Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Февраля 2013 в 13:22, лекция
Мұнымен қатар сабақ үстінде ойын элементтерін қолдану оқушылардың оқып отырған сабағына қызығушылығын арттырады, оған белсенді түрде қатысып түсінбегенін түсінуге мүмкіндік туғызады.
Балаларды өз бетінше білім алып, жаңартып отыруға үйрету қажет. Осы жерде әйгілі Плутархтың мына сөзін аудармастан келтіріп кеткім келеді: «Ум ребенка не сосуд, который нужно пополнить, а очаг, который нужно зажечь.»
Осыған байланысты әр мұғалімнің оқытудың тиімді тәсілдерін іздеп табуға мүмкіндігі бар. Өзіндік жетілу, сабақты оның мазмұнын және құрлымын жетілдірумен тығыз байланысты.
Оқушылардың ойлау қабілетін дамытудың тиімді тәсілдерін іздеп табу мені келесі сабақ құрылымына әкелді.
1 – 4 сынып оқушыларының ойлау
қабілеттерін жетілдіруге
Сабақ кезеңі |
Мұғалімнің қызметі, әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Қолданатын стратегиялар |
І.Сабақты ұйымдастыру психологиялық дайындық; - сабақты өлеңмен бастау |
Жұмысты ұйымдастырады, психологиялық жағдай тудырады. Педагогикалық қолдау жасайды. Бастапқы түрткілерді оятады. |
Жалпы сыныппен жұмыс,жұппен жұмыс, топпен жұмыс |
|
ІІ. Ой қозғау Баланың бұрынғы білімін жаңғырту, мәселені белгілеу. |
Жұмысты ұйымдастырады. Оқушыларды мақсат пен міндеттерді анықтап алуға тартады. |
Жұппен жұмыс, жеке жұмыс, топпен жұмыс |
«миға шабуыл», кластер құру |
ІІІ. Жүзеге асыру. Ақпаратты алу және түсіну |
Жұмысты ұйымдастырады. Оқушыны жаңа білімді оқып- білуге тартады, жаңа ақпаратпен, ойын шарттарымен таныстырады, бағыт- бағдар беріп отырады. |
Жеке жұмыс, жалпы сыныппен, топпен жұмыс. Білетіндерін естеріне түсіреді, жаңаны үйренеді, білімдерін жүйелейді. |
INSERT, карточкалар, тапсырмалар орындау, топпен шығарма, ертегі жазу (шынжыр тәрізді), КУБИЗМ |
ІV. Рефлексия. Ақпаратты тұтас түсіну және қорыту |
Алған ақпаратты қорытуға мүмкіндік береді.Бағалау және бірін – бірі бағалау. |
өз пікірлер , ойларымен алмасу |
Тест, хат жазу, жобадар жасау, 5 жолды өлең жазу, ойды суреттеу, еркін жазу, эссе |
І- кезең Сабақты ұйымдастыру
Әрбір сабақтың басында
Тілдік гимнастика
Тілдік гимнастика балаларды біріктіреді, бір – біріне деген сенімдерін тудырады, тілдерін дамытады.
ІІ- кезең Ой қозғау
Жемісті жұмыс үшін бұл
жұмыс өте маңызды рөл
Ойлау қабілетін дамытудағы маңызды фактор- түрткілер. Бұл кезеңге өте көп көңіл аудару керек. Түрткілерді қалыптастыру үшін проблемалық жағдай тудыру керек. Бұл жерде мысалға айта кетсек «Дүниетану» пәні бойынша «Қыс» тақырыбын өткенде жұмбақпен бастаған жөн.
Ақсақалды атаны- ай,
Мінезінің шатағы- ай. (қыс)
-«Қыс» сөзін айтқанда көздеріңе не елестеді?
Сабақты
қызықты етіп бастау үшін күй
немесе өлең тыңдатуға болады.
Мұндай жағдайлар балалардың
көңіл- күйлерін көтеріп,
ІІІ- кезең Жүзеге асыру
Бұл кезеңде жаңа ақпаратпен таныстыру және оны түсіну процесі жүреді. Ойын сабақ барысында ол ақпаратты балалар түрлі ойын ережелерімен байланысты тапсырмаларды орындау арқылы алады. Сонымен қатар КУБИЗМ стратегиясын қолданған өте тиімді.
Бірінші сыныпта «Бейнелеу өнері» пәнінен «Бейнелеуге қажетті құрал - жабдықтар» тақырыбын өткенде айтылған стратегияны қолдануға болады. Тақырып негізінен заттарды танып білуге арналған. Құрғақ сөзбен түсіндіріп айтқанша балаланың бұрынғы білімдеріне сүйене отырып тақырыпты ашқан жөн.
Жұмысты жүргізу барысы: Сынып оқушыларын жұптарға бөлу. Талдау объектісі – қылқалам.
1- жұп Суреттейді- түсі, түрі, формасы, көлемі бойынша білімдерін жинақтап ортаға салады.
2- жұп Салыстырады – неге ұқсайды, ерекшелігін табу, немен салыстыруға болады.
3- жұп
Талдау – Қалай, неден
4- жұп
Таңдау – қалай таңдаған дұрыс,
5- жұп Қолдану – не істеуге болады, қалай, қайда қолдануға болады.
6- жұп Бағалау – оймен байланыстыру, жақсы, жаман жақтарын сипаттау.
Ең соңында 1- 2 бала тұрып жалпы қылқалам туралы айтып, жалпы баға беріп кетеді.
ІV-кезең Рефлексия
Барлық сабақ барысында алған білімдерін қорытындылайды. Бұл кезеңнің міндеттері жазбаша жұмыстары арқылы жүзеге асады: шығарма жазу немесе ойларын суреттеу. Білімді жүйелеудің жаңа тәсілі «бес жолды өлең» жазу.
Мен өзімнің сабақтарымда осы оқу жылдың басынан «бес жолды өлең» жазуды ендіре бастадым. Өте жеңіл және балалардың ойлау қабілеттерін жетілдіретін тиімді тәсіл екендігіне көзім жетіп отыр.
Бес жолды өлең дегеніміз не?
Бес жолды өлең – алған мағлұматтарды өзіндік қортындылайтын және тақырыптың толық мазмұнын аз сөзбен сипаттайтын, қысқа да нұсқа түрде тірек сөздерін жазатын өлең жолдары.
Бес жолды өлеңді қалай жазу керек?
1-жол – 1 сөз – тақырыпты сипаттайтын сөз. (тақырыптың аты).
2-жол – 2 сөз – сапасын көрсететін, негізгі мәселені сипаттайтын екі сын есім
3-жол – 3сөз – тақырып бойынша іс-әрекетті көрсететін 3 етістік.
4-жол – 4 сөзден тұратын тақырыпқа қатысты, тақырыпты ашатын, сезім-көзқарасты білдіретін сөйлем.
5-жол – 1 сөз – тақырыпты айқындайтын 1-ші сөзге синоним сөз.
1-ші сыныбымда
дүниетанудан «Көктем»
Нәтиже Көктем
әдемі жарық
егеді құлпырады жылынады
Көктемде табиғат ұйқыдан оянады.
Тіршілік
Сонымен, түрлі танымдық тапсырмаларды сабақ құрлымына енгізу балалардың ой қабілеттерін, шығармашылық қабілеттерін, өз бетінше жұмыс жүргізу қабілеттерін арттыра түседі.
Қорытынды мен әдістемелік нұсқаулар.
Сонымен, ұсынылып отырған жұмыс жүйесі бастауыш сынып сабақтарында қолдану оқушылардың сабаққа енуіне көмектеседі, шығармашылық пен ойлау қабілеттері дамиды, білуге және білімге деген қызығушылықтары пайда болады.
Ойынның топтық түрлері балалардың коммуникативті дағдыларының дамуына қолайлы жағдай жасайды. Сипаттаған белсенді жұмыс түрлері оқушылардың тілдерін дамытады, өз көзқарастарын дәлелдей алуға үйретеді.
Ойын арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін жетілдіру мәселесі бойынша жұмыс істеп жүрген мұғалімдерге ұсыныстарым:
1. Ойын технологияларының теориялық негіздерін зерделеу.
2. Оқушылардың ойлау қабілеттерін жылдың басында, соңында, тоқсан сайын диагностикалап отыру.
5. Оқу үдерісіне ойынның белсенді түрлерін кең қолдану.
6. Жеке өзіндік ойын түрлерін әзірлеп қолдану
Шығармашылық ойындар
Өз орныңды тап
19 | ||||||||
|
||||||||
24,33,48,35,19,43,39,15 Билет нөміріндегі ондықтар-қатардың ретін, ал бірліктер -қатардағы орынды көрсетеді.
Мақсаты: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыта түсу.
Нұсқау: Жаттығуды ойын түрінде ұйымдастыру. Ол үшін магнитті тақтаға тік төртбұрыш сызылып қойылады. Сынып оқушыларынан екі команда құрылып, оларға жоғарыдағы сандар жазылған билет түріндегі карточкалар төрт-төрттен үлестіріліп беріледі.
Жаттығу шарты бойынша, билет нөміріндегі ондықтар қатардың ретін, ал бірліктер қатардағы орынды көрсетеді. Әр команда осыған сәйкес өз орындарын тауып, қолдарындағы билетті өз орнына ілуі керек. Өз орындарын бірінші болып дұрыс тапқан команда жеңімпаз болып саналады.
Ойынды осы ретпен бірнеше рет ойнатуға болады.
Жауабы:
15 |
19 | |||||||
24 |
||||||||
33 |
35 |
39 | ||||||
43 |
48 |
Құрастыру
11 таяқшадан үй құрастыр. Бір таяқшаны бұру арқылы, осы үйді басқа жаққа бұр.
Мақсаты: Оқушыларды құрастыру мәселелерімен байланысты іс-әрекеттер орындай білуге үйрету.
Нұсқау: Жаттығуды орындау барысында магнитті таяқшаларды қолдануға болады. Оқушылармен бірге мына сияқты үй құрастыру жүзеге асырылады:
|
Осыған сәйкес іс-әрекетті әрбір оқушы өз орнында санау таяқшаларымен орындап отырғаны жөн.
Енді бір таяқшаны ғана қозғау арқылы үйді басқа жаққа бұру туралы мәселені өз беттерімен жүзеге асыруға мүмкіндік беріледі.
Жауабы:
|
3 |
5 |
35 |
53 |
33 |
55 |
4 |
9 |
||||
75 |
|||||
2 |
0 |
Бірінші қатардағы сандар туралы не айтасың? Екінші қатарға қандай сандар жазуға болады? Үшінші және төртінші қатарларға ше?
Мақсаты: Оқушыларды тиісті заңдылықтарды тағайындап, соған сәйкес іс-әрекеттер орындай білуге бейімдеу.
Нұсқау: Алғашқы сұраққа жауап іздеу барысында бірінші қатарда 3 пен 5 цифрлары алынғаны және олар (немесе олардың бірі) арқылы екі таңбалы сандар жазылғаны анықталады. Мұнан кейін бос торкөздерді толтыру қиынға түспейді.
Жауабы:
3 |
5 |
35 |
53 |
33 |
55 |
4 |
9 |
49 |
94 |
44 |
99 |
7 |
5 |
75 |
57 |
77 |
55 |
2 |
0 |
20 |
2 |
22 |
0 |
Ескерту: 4-інші қатарды толтыру кезінде
санды 02 немесе 00 деп жазуға болмайтындығына
оқушылар назарын аудару керек.
Сағат 22-де жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе?
Мақсаты: Оқушылардың уақыт аралығы туралы түсініктерін кеңейте түсу, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Информация о работе Ойын аркылы бастауыш сынып окушыларынын ойлау кабілеттерін жетилдиру брошюра