Ойын аркылы бастауыш сынып окушыларынын ойлау кабілеттерін жетилдиру брошюра

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Февраля 2013 в 13:22, лекция

Краткое описание

Мұнымен қатар сабақ үстінде ойын элементтерін қолдану оқушылардың оқып отырған сабағына қызығушылығын арттырады, оған белсенді түрде қатысып түсінбегенін түсінуге мүмкіндік туғызады.

Файлы: 1 файл

Ойын аркылы бастауыш сынып окушыларынын ойлау кабілеттерін жетилдиру брошюра.doc

— 261.00 Кб (Скачать)

ЖЫЛДАМ-БАЯУ. Ойынның  барысы алдыңғы ойындарға ұқсас  құрылады. Балалар не жылдам, не баяу жүреді.

   Ойынды  мағынасы қарама-қарсы қос сөздерді  қолдана отырып жалғастыруға болады: КӨҢІЛДІ-МҰНДЫ, ЫСТЫҚ-СУЫҚ, ҚАРАҢҒЫ-ЖАРЫҚ және т.с.с.  Содан кейін балаларға нақты нысаналардың қарама-қарсылықтарын табуды ұсынып көріңіз: мысалы, уйді сала бастаған кезде ол қандай болады (аласа), және оны салып болғаннан кейін ол қандай болады (биік) және т.б.

Зейін қабілетін  дамытуға арналған ойындар

“Не өзгерді?”

Үстелдің үстіне 3-4 зат қойып, балаға оларды мұқият қарап  шығуға мүмкіндік беріңіз (1-2 минут) Содан кейін одан теріс қарап  тұруын өтініп, ойыншықтардың біреуін  алып тастаңыз. Оқушы қарағанда, одан не өзгеріс бар екенін сұраңыз. Ойынды күрделендіруге болады: заттардың санын 5-7 дейін өзгерту, бір-біріне ұқсас заттарды қою, заттардың ешқайсысын алып тастамай, екеуінің орындарын ауыстыру және т.с.с. Біріне бірі кезектесіп тапсырма беріп ойынды жарысқа айналдыруға болады.

“Балық, құс, аң”

Бұл ойынға бірнеше  адам қатысқан жөн. Жүргізуші (алдымен  бұл ересек адам болу керек) кезекпен әр ойыншыны көрсетіп: “Балық, құс, аң, балық, құс....”. Санамақ қай ойыншыда аяқталса, сол (жүргізуші үшке дейін санағанша) ойыншы осындай жағдайда құсты атауы тиіс. Оның үстіне құс атаулары қайталанбау керек. Егер жауап дұрыс болса, жүргізуші ойынды жалғастырады. Егер жауап қате болса немесе құстың атауы қайталанса (жауапты кешіктерген жағдайда ойын бұзылған болып табылады), бала өзінің “фантын” жүргізушіге қалдырып ойыннан шығады. Ойын ақырында бір ойыншы қалғанша жалғаса береді.Бұл екеуі әр “фанттың” не істеу керектігін ойынға салады.

Бұл ойынды әртүрлі  етіп, мысалы балалар гүлдің, ағаштың, жемістің және т.с.с. түрлерін атауы мүмкін.

Зейінді басқа  нәрсеге ауыстыру қабілетін таңертеңгілік  жаттығу барысында қалыптастыруға болады. Жаттығуларды орындай отырып, бала ересек адамның нұсқауы бойынша  бір қимылдан екеншісіне жылдам ауысып әрекет жасау керек: секіру, тоқтау, адымдау. Балалармен өзгеше “үшсайыс” өткізуге болады. Бұл сайыста 3-4 текшеден қарапайым жылдам құрып, содан кейін адамның суретін салып болған соң, өлеңді оқу керек. Бұл ойынды тапсырмалар мен жұмыс түрлерін өзгертіп түрлендіруге болады. Барлық жағдайда тапсырмаларды орындау жылдамдығы мен олардың сапасы бағаланады.

 

Есте  сақтау қабілетін дамытуға арналған ойындар

  “Суреттерді есіңе сақтап  ал”.

  Бұл ойын  үшін алдын ала 10-12 сурет дайындау  қажет. Әр суретте бір заттың  суреті болу керек. Ойынды бірнеше балалардың арасындағы жарыс түрінде өткізуге немесе баламен өзіңіз жарыссаңыз болады-кім көбірек суретті есіне сақтап қалар екен. Ойыншылар суреттерді 2-3 минут ішінде мұқият қарап шыққан соң, суреттер алып тасталынады. Содан кейін барлығы естеріне сақтап суреттерді атай бастайды. Кезекпен бір суреттен атауға болады. Соңына басқалары әлі атамаған суретті кім атаса, сол жеңіп шыққан болып саналады.

“Бір-бірінің айтқанын қайталау”

Бұл ойынды бір  немесе бірнеше баламен ойнауға  болады. Бірінші ойыншы кез-келген сөзді айтады, екіншісі соны қайталайды да, оған өзінің ойындағы бір сөзді қосып айтады. Сөйтіп, әр ойыншы естіген сөздерді қайталап, оған өз сөзін қоса береді. Қателескен ойыншы ойыннан шығады.

Ойлау қабілетін  дамыту ойындары

 “Тілік суреттер”

 Ірі және ашық түсті суретті немесе қарапайым сюжетті салуға әрекет жасап көріңіз де (суреттің сапасы маңызды емес), содан кейін кескіндемені бірнеше сыныққа бөлшектеңіз. Бала осы тіліктерді қайтадан құрастыруы керек. Бір суретті әртүрлі етіп бөлшектеуге болады. Ойықтарды кескіндеменің сәйкес келетін қосымша суреттерімен толықтыру үшін, бала әр қосымша суреттің тек орнын ғана табуы тиіс болады.

  “Ойыншықты тап”

 Ойын бөлмеде  өткізіледі. Бастар алдында сіз  өз бөлмеңіздің сызбасын сызуыңыз  керек. Бұл оңай. Белгілі бір маштабты таңдап алып (мысалы, 1:10), бөлменің қабырғаларын сызыңыз, есік пен терезелерді белгілеңіз, содан кейін бөлмедегі заттарды бейнелеңіз. Сызбаның шамаланған үлгісі 60 беттегі суретті келтірілген.

Бұл ойында сызбаны пайдалана отырып жасырылған затты тауып алу керек. Ересек адам мен бала кезекпен ойыншықты жасырып, сызбаға белгілі-бір белгі қояды. Бала бөлменің кез-келген жерінде тұрып сызбаны пайдалануды үйренуі тиіс. Ол үшін алдымен ол сызбаны бағытқа салып (оны есіктің кескіні есікке, ал терезенің кескіні- терезеге “қарап” тұратындай етіп қою), сосын өзінің бөлменің қай жерінде орналасқанын анықтауы тиіс (мен мына орындықта отырмын). Содан кейін сызбада белгіленген затты бөлмеден тауып алу оңайға соғады.

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

  1. Г.К.Селевко «Современные образовательные технологии» Москва 1998жыл.
  2. Кітапхана «Мен бастауыш мектепке сабаққа бара жатырмын» Москва 1999 жыл.
  3. Н.Винокурова «Бірге ойланайық» Москва 2001 жыл.
  4. 4.В.С.Кукушин «Бастауыш мектептегі жаңа педагогикалық технологиялар» Ростов – на -  Дону. 2003 жыл.
  5. Журнал. «Бастауыш сыныпта оқыту барлық пәндер бойынша» 2007 жыл.
  6. Е.Рогов «Таным психологиясы» 1998 жыл.
  7. «Бастауыш мектеп» 2005-2007 жыл.

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Ойын аркылы бастауыш сынып окушыларынын ойлау кабілеттерін жетилдиру брошюра