Баланың психикалық дамуында ойынның алатын орны

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2013 в 17:04, курсовая работа

Краткое описание

Мектепке дейінгі шақта ойын іс –әрекеттің басты түріне айналады, алайда бұл қазіргі баланың, әдетте көп уақытын өзіне қызғылықты ойындармен өткізетіндігінен емес, ойын баланың психикасында сапалық өзгерістер туғызатындығынан болады.

Оглавление

І. Кіріспе: ________________________________________ 3
Ойын іс –әрекетінің жалпы сипаттамасы.
ІІ. Негізгі бөлім:
Ойын жағдайындағы балалардың шынайы қарым – қатынастары __ 5
2.1. 5-6 жастағы балалардың психикалық дамуында танымдық ойындардың алатын орны____________________________________
2.2. Ойын арқылы балалардың оқуға деген қызығушылығын арттыру жолдары ____________________________________________________
2.3. Балаларды ойын арқылы адамдармен қарым – қатынасқа және өзара әрекеттестікке үйрету __________________________________
2.4. Ойын үстіндегі қарым –қатынас – әлеуметтік қарым –қатынас негізі _________________________________________________________
2.5. Ойын технологиясын қолдану арқылы бастауыш сынып оқушыларының тілін, қызығушылықтарын арттыту ________________
III. Іс –тәжірибелік бөлім__________________________________
Жағдаятты рольдік ойындар әлеуметтік психологияның әдіс-тәсілі ретінде
3.1 Ойын арқылы психологиялық тәрбие берудің маңызы мен мәні _____
3.2 Өзара сөйлесуге жаттықтыратын рольдік ойындар_______________
3.3 Сөйлеу практикасына арналған рольдік ойындар__________________
Қорытынды:___________________________________________________
Қосымша бет _________________________________________________
Қолданылған әдебиеттер тізімі: _________________________________

Файлы: 1 файл

дипломдык жумыс 2013.docx

— 106.48 Кб (Скачать)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 

ЕУРАЗИЯ ГУМАНИТАРЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 ДИПЛОМДЫҚ  ЖҰМЫС

 

«Баланың психикалық дамуында

 ойынның алатын  орны» 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған: Мусаева А.А

Ппск 3-3

Тексерген: Айдарханова Б.К

 

 

 

 

 

Астана 2013ж 

Мазмұны:

 

   І. Кіріспе: ________________________________________  3

 

   Ойын іс –әрекетінің жалпы сипаттамасы.

 

    ІІ. Негізгі  бөлім:

Ойын жағдайындағы балалардың шынайы қарым – қатынастары __  5

 

2.1.  5-6 жастағы балалардың психикалық дамуында танымдық ойындардың алатын орны____________________________________ 

 

2.2.   Ойын арқылы балалардың оқуға деген қызығушылығын  арттыру жолдары ____________________________________________________

 

2.3. Балаларды  ойын арқылы адамдармен қарым – қатынасқа және өзара әрекеттестікке үйрету __________________________________ 

 

2.4. Ойын үстіндегі қарым –қатынас – әлеуметтік қарым –қатынас негізі _________________________________________________________

 

2.5. Ойын технологиясын қолдану арқылы бастауыш сынып оқушыларының тілін, қызығушылықтарын арттыту ________________

 

  III.   Іс –тәжірибелік бөлім__________________________________ 

 

Жағдаятты рольдік ойындар  әлеуметтік психологияның әдіс-тәсілі ретінде

 

3.1 Ойын арқылы психологиялық тәрбие берудің маңызы мен мәні _____

 

3.2 Өзара сөйлесуге жаттықтыратын рольдік ойындар_______________

 

3.3 Сөйлеу практикасына арналған рольдік ойындар__________________

 

Қорытынды:___________________________________________________

 

Қосымша бет _________________________________________________

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі: _________________________________

 

 

 

 

 

        Мектепке дейінгі шақта ойын іс –әрекеттің басты түріне айналады, алайда бұл қазіргі баланың, әдетте көп  уақытын өзіне қызғылықты ойындармен өткізетіндігінен емес, ойын баланың психикасында сапалық өзгерістер туғызатындығынан болады.

Мысалы, қолына түскен затпен қимылдар жасағанда немесе үлкендердің үйреткендерін орындағанда (әсіресе, шынайы заттармен емес, ойыншықтармен орындалса) бала ойнап  отыр деп жиі айтамыз.  Бірақ бір әрекетімен екінші бір әрекетті, бір затпен  екінші затты бейнелегенде ғана нағыз ойын болады.  Ойын  әрекеті белгілік (символикалық) сипатта өтеді. Тек ойында ғана бала санасында белгілік функция қалыптасатындығы неғұрлым айқын байқалады. Белгілік функцияның ойын үстінде көрінуінің өз ерекшеліктері бар. Заттар мен ойын балаларының ұқсастығы, мәселен суреттің бейнеленген болмысқа (шындыққа) ұқсастығы әлдеқайда төмен болады.  әйтседе ойындық алмастырғыштар балама затпен әрекет жасағандай дәрежеде олармен әрекет жасауға мүмкіндік беруге тиіс. Сондықтан бала таңдап алынған заттың баламасына өзінше ат беріп және оған белгілі бір тән қасиеттерді таңа отырып, оның да кейбір ерекшеліктерін ескереді. Мектеп жасына дейінгі бала негізгі заттың баламаларын таңдағанда олардың нақты шынайы қарым – қатынастарын негізге алады. мысалы, шырпының талы – қонжық, тұтас талы – кірекей (ана аю), шырпы қорабы – қонжықтың төсек орыны болатындығына ол бірден келіседі. Бірақ қораптың – қонжық, шырпы талы – оның төсек орыны болуы керек деген шешімге ол мүлде келіспейді. Бала бұған: « Бұлай болмайды», - деп жауап береді.

Мектеп жасына дейінгі  бала ойын іс –әрекетінде заттарды ажыратып қана қоймай, сонымен қатар  өзіне қандай да бір рольді алады  да, сол рольге сәйкес іс – әрекет жасай бастайды. Бала өзін аттың немесе қорқынышты аңның орнына қоя тұрса да, көбінесе ол ересек адамдарды: анасын, тәрбиешісін, ұшқышты, шоферді бейнелейді. Балаға ойын іс – әрекеті процесінде адамдар арасындағы қарым – қатынастар, олардың құқықтары мен міндеттері біртіндеп ашыла түседі.

Айналасындағыларға қатысты  міндеттер – баланың өз басына алған рольді орындау қажет екендігін  сезгендігі. Өзге балалар одан өзіне  алған ролін дұрыс орындауды  күтеді және талап етеді. Мысалы, сатып  алушының ролінде бала өзінің алғандары  үшін ақша төлемей кетуге болмайтындығын түсінеді. Дәрігердің рольі  оны  шыдамды болуға және ауруға талап  қоя білу және тағы басқаға да міндеттейді. Міндеттерді орындай отырып, бала ойынға қытысушылардың ролін орындайтын басқалардың да құқықтарына да ие болады. мәселен, сатып алушының роліндегі  бала өзіне ойыншықтар сөресінде  бар кез келген тауарды жіберуді талап теуге және басқа сатып  алушыларға жасалатындай қатысты талап  етугеқұқығы бар. Дәрігер өзіне  құрмет пен сенімділік қарым –  қатынасты, өзі бергеннұсқауларды  емдеушілердің орындауларын талап  етуге міндеттерді орындауы мен  ойынға қатысушы өзгелерге де қатысты  құқықтарды іске асыру болып табылады.

   Балалар өздерінің  рольді ойындарда айналасындағы  шындықтың көп жақтылығын көрсетеді.  Олар үй тұрмысынан, үлкендердің  еңбектегі іс әрекетімен олардың  еңбектегі қарым – қатынастарының  көріністер көрсетіп, заман оқиғаларын ( космостық ұшулар, артикалық экспедициялар)  және балаларды бейнелейді. Балалар  ойындарында шындық рольді ойындардың  сюжеті болады.

         Заттар арқылы үлкен адамдардың  шынайы істерін қайталап көрсету  мектепке дейінгі кішкентайлар  ойынның негізгі мазмұны болып  табылады.

       Ойын сюжетінің әр алуандылығы артқан сайын ойын уақыттың ұзақтығы да артады. Мысалы, үш, төрт жастағы балалар ойынының ұзақтығы бар болғаны 10-15 минут болса, төрт бес жаста балалар ойынының ұзақтығы 40-45 минутқа, мектепке дейінгі ересектерінің ойыны бірнеше сағатқа, кейде тіпті бірнеше күнге созыла береді.

       Мектепке  дейінгі кіші жастағы бала, рольді  ойындағы сияқты ойын сюжетін  жоспарламайды, ол қолына іліккен  затқа байланысты өздігінен пайда  болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ. Ойын жағдайындағы балалардың шынайы қарым – қатынастары.

 

2.1.  5-6 жастағы  балалардың психикалық дамуында  танымдық ойындардың алатын орны.

         Мектеп жасына дейінгі балалардың ең негізгі іс – әрекеті- ойын.  Оқытып – үйрету барысында олар біртіндеп ойын іс – әрекетінен таным іс – әрекетін орындауға бейімделуі тиіс. Ол сабақ барысында пайдаланатын дидактикалық ойындар және қызықты тапсырмалар арқылы жүзеге асырылады.

     Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндетті атқарады. Ойынның мақсаты – бағдарламада анықталған білім, білік және дағдылар жайлы түсінік беру, оларды қалыптастыру, тиянақтау және бекіту, қайталау және пысықтау немесе тексеру сипатында болып келеді. Ойынның міндеті баланың қызығушылығын туғызып, белсенділігін арттыратындай, іріктелініп алынған нақты мазмұнмен анықталады.

       Әдістемелік  әдебметтерде берілген және тәрбиешілердің  тәжірбелерінде пайдаланылып жүрген  дидактикалық ойындар өте көп.  Алайды, олардың бәрі дәрлік бүгінгі  күннің талаптарынан туындап  отырған білім мазмұнының өзгерістеріне,  сондай – ақ балалардың ( негізінен  6 жасарлар) жас және психологиялық  ерекшеліктеріне сәйкес келе  бермейді. Сондықтан белгілі ойын  түрлерін сұрыптап, ой елегінен  өткізе отырып, ғылыми тұрғыдан  негізделген дидактикалық ойындар  мен қызықты жаттығулар жүйесін  және пайдалану әдістерін әртүрлі  дидактикалық тұрғыдан жүзеге  асырамыз.

       Дидактикалық  ойындыпайдалану жиілігін мұғалім  анықтайды және шығармашылықпен  түрлендіре отырып, балалардың психофизиологиялық  ерекшеліктерін ескеріп, жаңа  тақырыпты өткенде, өтілген материалды  қайталағанда, білімді тиянақтау  және тексеру кезінде, яғни  сабақтың кез – келген сәтінде  оқыту әдісінің құрамды бөлігіне  айналдыруға болады. бірақ ойын  процесі мен оқу процесі бір  –біріне етене ұластырып, ұйымдастырған жөн. Бала ойын іс- әрекеті үстінде қандай да білімді игеріп жатқанын, ал оқу процесінің өзінде қалай ойынға ұласып кеткенін аңғармай қалуы тиіс. Сонда  ғана ойын және оқу іс – әрекеттері табиғи бірлікте болып, пәндік білім, білік және дағдыны игеруге толық ықпал жасайды. Осы шарт орындалған дидактикалық ойын шын мәнінде оқыту әдісі деңгейіне дейін көтеріледі.                     

         Ойынды ұйымдастырудың өзі қандай  да бір дидактикалық мақсат  пен міндетке бағындырылуы керек. 

        Дидактикалық  ойындардың тиімділігі олардың  сабақтың  әр кезеңдегі орны  мен міндетін және мақсатын  дәл анықтауға оны қолданудың  теориясы мен практикасының мұғалімнің  жетіп игеруіне, шеберлік танытуына  ойынға қажетті материалдың жиынтығын  алдын – ала дайындап алуға,  ойын процесіне оқушыларды белсенді  қатыстыруға байланысты.

        Сабақ  материалына лайықтанған ойынды  алып, тек қана орындай алатын  іс – әрекетімен шектеу жеткіліксіз.  Мұнда ойынды ұйымдастырудың  және басқаруды сипаты мен  жолдары да жан – жақты ойластырылуы  керек. 

         Мәселен, ойынды жарыс түрінде өткізу, аралық жәнеп ауытқу нәтижелерін көрсету үшін сигналды карточкаларды, т.б әртүрлі шартты белгілерді; кеспе цифрлар мен таңбаларды, жұлдызшаларды және т.б пайдалану. Сонымен бірге, ойын түріндегі көрнекі құралдарды да сабақтың қай кезінде өткізілуіне орай өзгертіп тұру керектігін ескерткен жөн.

        Мысалы, жаңа материалдарды баяндау кезінде  ұйымдастырылатын ойындарды балалар  нақты заттар мен заттар тобын  немесе олардың суретін пайдаланып, практикалық тұрғыдан жұмыс істеу  керек болса, ал өткенді тиянақтау  кезінде ұйымдастырылатын ойындарда  көрнекіліктің шектеулі болуы  мүмкін, ендеше есептеу тәсілдерін  дауыстап айтуға немесе оны  іштен қайталап отыруға баса  көңіл бөлінеді.

      Дидактикалық  ойындар жайында жоғарыда келтірілген  пікірлер, ұсыныстар мен нұсқаулар  бастауыш сыныпта пәндерді оқыту  әдістерін жеңілдірудің негізгі  бағыттарының бірі дидактикалық  ойындардың сабақ процесінде  тиімді пайдалану үшін негізгі  қорытындылармен мұғалімдердің  танысуына және сол бағытта  олардың шығармашылық ізденісіне  бағыт – бағдар сілтеуге, жалпы  алғанда, пәндерді оқытудың әдістеріне  ерекше мән берудің қажеттілігін  сезінуге мүмкіндік береді. Әрине  оны қолданудың нәтижелі болуы,  мұғалімнің ойынның мазмұнын  анықтауға қажетті түрлері тақырыптар  бойынша оларды пайдалану әдістемесімен  келтірілген. Алайда олардың кейбіреулерін мектепте қажетті материалдардың тапшылығынан өткізу мүмкін болмаса, тәрбиешілердің тәжірибесінде жинақталған немесе басқа әдістемелік әдебиеттерде келтірілген және ұстаздардың шығармашылық ізденістерінің жемісі болып табылатын басқадай практикалық ойындармен алмастыруға болады. беріліп отырған ойындардың міндеттілік сипаты жоқ. Олардың мазмұны мен түрлерін ең тиімділігін ұстаздардың өздерінің таңдап алуына толық еркіндік беріледі.

       Демек  сабақтарда дидактикалық ойындарды  тиімді қолдана білсек, балалардың  рухани дүниесін ізгілендіруге,  жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға  жол ашамыз. Ал ойындар кезінде  оқушылар өздерін еркін сезініп,  ұжымды сыйлауға, өз ой – пікірін  дәлелдеуге үйренеді.

      Танымдық  ойын элементтерінің материялды  түсіндіру кезінде маңызы зор.  Өйткені төмендегі сыныптағы  балалардың аңсары сабақтан гөрі  ойынға көбірек ауып тұрады.

      Қызықты  ойын түрінен кейін олар тез  сергіп, тапсырманы сапалы әрі  ықыласпен орындайды. 

 

 

 

 

 

Ойынға кірісер алдында жүргізу  тәртібі балаларға әбден түсіндірілгені жөн.


 

 

Ойынның мақсаты: нақты немесе керекті  көрнекіліктер мен материалдар  күн ілгері дайындалып, оңтайлы жерге  қойылуы керек.



 

 

Ойынға  мынадай әдістемелік талаптар қойылады:



 

 


 

Ойынның жүру барысында тәрбиеші баланың  түгел қатысуын қадағалау мен  қатар, олардың ойын үстінде шешім  қабылдай білуіне 


 

 

Ойынға топтағы баланың түгел  қатысуын қамтамасыз ету керек. 


 

 


 

 

 

Мектеп жасына дейінгі  оқу үрдісін интеграциялауға  жол ашатын қолайлы жағдай – балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес өзіндік сипаттамаларының болатындығында. Өйткені, бұл жастағы балалардың ойлау қабілеті, қиялдауы, елестетуі, шығармашылық жұмысқа талпынысы жоғары болады.

      Логикалық ойлауды дамытуға арналған ойын еркін жеткізуге берілген ізденіс бағытындағы тапсырмалар.

 

Интеграциялық материалдарды саралау негізінде  балалардың интеллектуалдық ойлауын, олардың қызығушылықтары мен  белсенділігін арттыруға мынадай  жұмыс түрлерін жатқызуға болады:



 

 


Өз ойын еркін жеткізуге берілген ізденіс бағытындағы тапсырмалар.


Логикалық ойлауды дамытуға арналған түріндегі тапсырмалар



 

 

Берілген тапсырмаларды  түрлендіруге бағытталған жұмыс  түрлері.



 

 

 

Балаларды оқытуда педагог  тек ойлау үрдісін басқаруды  емес, сонымен қатар баланың оқу  үрдісі қызметіндегі өзін – өзі  басқарудың реттеудің тиімді жолдарын қарастырған жөн. Осыған байланысты «интеграция ғылыми білімді үндемді  білуге, тез қабылдауға, сақтауға, таратуға және іс жүзінде пайдалануға мүмкіндік  береді».

С.Л. Рубинштейн көрсеткендей: «Бала шындығында жұмысқа тартылуы үшін оның оқу әрекетінің барысында өз алдына қойған міндеттері тек өзіне түсінікті болмай, сонымен қатар оны іштей қабылдауы, яғни олар оқушы үшін маңызға ие болып, осылайша ішкі күйзелістері мен сезімдеріне жауап пен тірек нүктесін беруі қажет». Яғни оқытуды тиімді ұйымдастыру үшін     іс –әрекет пен мотив бір –біріне сәйкес болуы керек.

       Қоғамның  ғылыми – техникалық,  әлеуметтік  – экономикалық дамуы  өскелең  ұрпақтың интелектуалдық, білім  және тұлғалық қабілеттерін жетілдіре  түсуді талап етуде. Сондықтан қазіргі кезде орта білім беретін мектептердің әдістемелеріне түрлі жаңа технологиялар мен әдіс тәсілдер көптеп енгізіліп жатыр. Сол себепті қазіргі оқыту үрдісі репродуктивті әдіспен шектеліп қана қалмай, яғни, «таратқыш – қабылдағыш» тұрғыда қалыптаспай, мұғалім мен оқушы арасындағы қарым – қатынас «тұлға – тұлға»  күйінде өзара сыйласымдылыққа, сенімділікке негізделген. Мұнда оқушы оқыту үрдісінде тек дәлелденген, қатып қалған білімдерді ғана игермей, өзіндік мақсатты іс – әрекеттер жасай алатын, өз ой пікірін айтып, оны дәлелдей алатын болуы қажет. Өйткені бұл оқыту үрдісі оқушыға бағытталған. Демек оқушының бойында қалыптасқан дағды мен біліктерінің, меңгерген білімдерінің қай деңгейде қалыптасқандығына қараай оқыту әдістемесінің негізін қалаған Ы. Алтынсариннің пайымдауы бүгінге дейін өз құнын жоймағаны байқалады. Мысалы,  мына айтқандары соған дәлел: «Тәрбиешінің жұмысы –балалар. Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы олардың көкейіне қондыра алмағы үшін өзін – өзі кінәлауға тиіс. Ол балалармен сөйлескенде ашуланбай, жұмсақ сөйлесу, шыдамдылық етуі керек. Мәнерсіз сөз, орынсыз терминдерді пайдаланбау керек».

Информация о работе Баланың психикалық дамуында ойынның алатын орны