Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 08:14, реферат
Мейірімді құл сүйгіш ұлық Алла адам ұрпағына ар ілімін нәсіп қылып, олардың жүректерінде ізгіліктің дәнін көгрететін руханиятты үйретпесе қоғамда әділет өз бетінше орнамайды. Бұған дәлел ретінде жарты әлемді жеті ғасыр жамбасына басып жатқан Рим империясының дүрілдеген дәуірі мен гүлденген өркениеті және адамшылығын көрсететін рцуханияты туралы айтып көрелік. Бұл Империяның ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс боп абырой атағы шалқып тұрғанда әлем өркениетіне қосқан жаңалықтары жетерлік. Олардың көбісі бүгінге дейін әлем мәдениетінің бөлінбес бөлшегі. Солардың бірі империядағы жолдар жүйесі.
Мейірімді құл сүйгіш ұлық Алла адам ұрпағына ар ілімін нәсіп қылып, олардың жүректерінде ізгіліктің дәнін көгрететін руханиятты үйретпесе қоғамда әділет өз бетінше орнамайды. Бұған дәлел ретінде жарты әлемді жеті ғасыр жамбасына басып жатқан Рим империясының дүрілдеген дәуірі мен гүлденген өркениеті және адамшылығын көрсететін рцуханияты туралы айтып көрелік. Бұл Империяның ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс боп абырой атағы шалқып тұрғанда әлем өркениетіне қосқан жаңалықтары жетерлік. Олардың көбісі бүгінге дейін әлем мәдениетінің бөлінбес бөлшегі. Солардың бірі империядағы жолдар жүйесі. Римдіктер жол салудың небір түрін меңгеріп, күрделі құрылыстың сыры мен қырына әбден қанық болды. Қаптаған көліктердің көшеде кептеліп қалуы секілді проблемалармен олар сол кезде-ақ бетпе бет келді. Тәртіпті жол тораптарын Римде ғана емес Империяға күшпен кіргізілген жаңа жерлерде де шым-шытырық жолдар жүйесін жасады. Мысалыға Британияда Рим империясы жаулаған 400 жылдың ішінде ұзындығы 10 000 мильге созылған жаңа жол салынып, тас төселген. Барынша қысқа һәм төте жолмен қарулы әскер мен қаһарлы нөкерлерді майдан алаңдарына жылдам әрі тез көшіру үшін Рим инженерлері жолдағы кез келген кедергіні бұзып жарып, қиратып, тегістеп кете беретін. Оларға алып ағаш, биік төбе, үйдей тастар, жекелеген үйлер анау айтқандай қиын шаруа еместін. Төте жолға кедергі болса тұтастай ауылдың өзін тайлы тұяғымен көшіріп, жер аударады. Жол салу кезінде анау-мынау емес кәдімгі табиғи таулар мен тастарға, ағысы қатты асау өзендерге тап болатын. Ондай жағдайда дарияның үстіне көпір салып, арғы бетке тез өтудің барлық айла тәсілін қарастырады. Наполеонның: «Рим тарихы, әлем тарихы» деген сөзімен келіспейтін кісі баласы жоқ шығар. Біз күні бүгінге дейін қоғамда қолданып, тұрмыста тұрақты пайдаланып келе жатқан көптеген заттар Рим империсында жасалған. Рим империясы мұндай мәдениетке қалай қол жеткізді? Әйтсе де Римдіктер іске асырған көптеген ұлы идеялар олардың төл табысы емес еді. Көп жаңалықты олар Гректерден алды. Бар нәрсенің өзін ұқсатып қолдану үшін де біраз білім керек. Рим инженерлері бұл идеяларды іске асыруда теңдесі жоқ шебер болды. Әрі ұйымдастыру қабілеттері өте жоғары еді. Римдіктер бір істі қолға алғанда бір қателікті екінші қайталамауға тырысатын. Осы сөздің шындығына көз жеткізу үшін Римдіктер мирасқа қалдырған өркениет салаларын санап шығалық. Ең бірінші «Су жүйесі». Римдіктер іргетеасын жаңа қалап, сәнді етіп салған қалаларында ауыз су жеткізу кезінде дренаж жасауды жолға қойды. Ішкен адамның ішегінде ауру қоздырып, әп-сәтте ажал шақыратын зиянды бактериялардың түр сипаты мен табиғаты адамзатқа мәлім болғанға дейін Римдіктер былғаныш судың қауіпті екенін білетін. Борсыған сасық судың емі жоқ көптеген аты жаман ауруларға себеп болатынын долбарлады. Сол себепті кез келген жаңа қаланың құрылысы ол жерге шатыр тіккен жұмысшыларды қамтамасыз ететін ауыз су табудан басталатын. Ауыз суды тисті жеріне жеткізу үшін ұзаққа созылған құбырлар тартады. Былғанған қалдық суларға таспен өрілген арнайы шұңқырлар қазады. Сасық судың күлімсі иісі жұрттың мазасын алмас үшін әбден толған кезде шұңқырды топырақпен көміп тастайды.
Рим хирургтері медициналық құрал саймандармен күрделі операцияаларды жасауды үйренді. Хирургтерде медециналық құрал саймандардың арсеналы болды. Олардың көбісі күні бүгінге дейін қолданылып келеді. Олар скальпель, лопатка, қысқаштар, және қайшы. БЭД 300 жылдары Римдіктер сұрапыл соғыста аяғынан айрылған жауынгерлеге протез аяқтар жасауды үйренді. Рим шеберлері ағаш аяқты сыртынан қоламен қаптап шығады.
Қазіргі кездегі көп бөлмелі саунаға ұқсас моншаның неше атасын жасады. Спорт жарыстары біткен соң шаршағандарын басу үшін көп бөлмелі моншаға кіріп, шомылып жүріп көптеген маңызды мәселелерді шешетін.
Еріккен римдіктер
көңіл көтерудің түр-түрін
Римде асханада пісірлген ас ауқатты сұраған үйге пісіріп, дайын күйінде жеткізіп беру жолға қойылды. Италияда жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары осыны айғақтайды. Көптеген үйлерден от жағып, қазан асатын асхана орны мүлдем табылмаған. Оның үстіне Римдіктер үйді ағаштан салған. Ағаш үйде от жағу кез келген мезетте өрт деген тілсіз жауды шақыруы мүмкін. Сондықтан сол кездің өзінде көшелерде пісіріп сататын жеңіл тамақ түрлері толып тұратын.
Бетке жағатын кремьнің де жеті атасын жасап шығарды. Римдіктер қол жеткізген ең үлкен мәдениеттің бірі қоғамдық туалеттер соғу. Қоғамдық орындағы дәретханаға бір уақытта 20 адам бір –ақ кіріп, іш босатып шығатын.
Амал нешік осыншама өркениет құрып, ғылымы өзгеден оқ бойы озық шықса да римдіктер бұл дүниедегі ең қымбат, баға жетпес құнды зат адам өмірі екенін түсінбеді. Оған дәлел Рим империясының есі кеткен есірік патшаларының Гладиатор қырғындарын ойлап тауып, қызық үшін қоғамға ендіргені. Ең бірінші қызық үшін көрсетілген шағын шайқас 264 жылы Римдегі «Қанды базар» деген жерде Брут Пере деген кісін еске алуға ас берілгенде көрсетілді. Асты Бруттың балалары Марк пен Децимом береді. Осы кезде үш гладиатор қанжармен қылыштасып, жиналған жұртты тәнті қылады. Арада 50 жыл өткенде ойынның бұл оңбаған түрі бір қаланың шеңберінен шығып, бүкіл елге жайылып кетті. Палуан денелі 22 гладиатор екі рет консул болған Марк Эмилии Лепиде еске алу үшін берілген аста 3 күн бойына тынбай сайыс өнерін көрсетеді. БДД. 105 жылы көпшіліктің қолдауымен гладиатор ойындары ресми ойын-сауық ойындарының қатарына кіре бастайды. Осылайша қауіпті құбыжық шөлмектен шығып кетті десе де болады. Көп кешікпей 100 деген жігіттердің бірнеше күнге созылған шайқасы ешкімді таңқалдырмайтын қалыпты құбылысқа айналды. Бұл өнерді нан табу мақсатында кәдімгі кәсіпке айналдырғысы келгендер де қалыптасып келе жатты. Гладиаторларды арнайы үйретіп, асырап-бағып, күтіп, баптап соғысқа салып отыратын ауқатты адамдар тобы пайда болды. Оларды «Ланистер» деп атады. Ланистер құл сататын базарға барып, дене бітімі шымыр, қайратты жас жігіттерді сатып алады. Мүмкін болса тұтқынға түскен бақытсыз жандарды немесе сотталып ауыр жазаға кесілген қылмыскерді сатып алуға тырысады. Сосын оларға қанжарласудың барлық түрін үйретеді. Гладиаторлар пісіп жетіліп, дайын болғанда той жасағысы келген байларға оларды жалға беріп, шаш етектен пайда табады. Октавия Августтың кезінде шамамен БДД. 10 ныншы жылдары Рим қаласында императордың өзі құрған атышулы 4 гладиатор мектебі болды. Олар «Үлкен», «Азанғы», «Галдар» және «Дактар» мектебі. Бұл мектептің түлектері жабайы жыртқыш аңдармен жекпе-жек сайысатын. Рим аристократтарының арасында өзінің жекеменшік жырынды гладиаторларын өзімен бірге ертіп жүру сәнге айналды. Олар қожайындарына тек шайқаспен ақша тауып қана қызмет қылмайтын. Римде азаматтар толқуы белең алған аумалы-төкпелі заманда күзетші қызметін қоса атқарды. Бұл жағынан келгенде Юлий Цезарь алдына жан саламады. Оның күзетші гладиаторы екі мыңнан асып, гвардия емес армия есебінде ұсталды десе де болады. Ескерте кететін тағы бір жайт гладиатор болып аренада шайқасуға бірыңғай қожайынның күштеуімен не болмаса соттың қысымымен шыққан жоқ. Көп жағдайда ақша мен атақ іздеген кейбір бейбақтар өз еріктерімен осы бір қауіпті де қатерлі ойынға бас тігетін. Мықты һәм қылыш өнерін шебер меңгерген жігіттер үшін бұл бір тез байудың төте жолы болды. Сонымен қатар ажалың толмай қыршын кетудің де төте жолы осы – «қанды арена» еді. Жұлдызы жанып, жекпе-жекте жеңіске жеткендер өзінің өнеріне тәнті болған байлардан әр түрлі силық алып қарық болса, енді біреуі ойынды ұйымдастырушы алпауыттың шайқасқа тіккен ақшасына көміліп қалатын. Қала берді сахынадағы қалың көрермен өздеріне ұнаған гладиаторға қымбат, бағалы заттарын алаңға айқайлап лақтыратын. Көрерменнің қолынан ұшып түскен бағалы бұйымдардың өзі бірталай дүние еді. Император Нерон жанкешті гладиаторға риза болғаны сонша оған ойланбастан (Спикул есімді батырға ) сыңғырлаған кең сарайды сыйлай салған. Аренада шайқасып жүріп, әбжіл қимылдаудың әбден әдісін алған әккі ардагер гладиаторлар қылыштасу өнерінен сабақ беріп, әжептеуір ақша тауып, тұрмысын түзеп алатын. Бірақ аренада анау айтқандай үнемі бәрі сәтті болып кете бермейді. Сахынада құтырып, желік қысып еліріп отырған көпшілік шайқастың барынша шынайы шыққанын қалап, қан мен өлімді де көзбен көргісі келетін. Ондай кездері амал жоқ. Екі жақ та аянбай қырқысады. Не дегенмен де гладиатордың көп бөлігін тұтқындар мен қанды қол қылмыскерлер құрайтын. Гладиатор мектебіне сатылған құлдар мен қолға түскен қарақшы қылмыскерлер 3 жыл арнайы курста сабақ оқып, тәлім алады. Сосын циркте шайқасып, жұрттың көңілін аулайды. Жекпе-жек кезінде Гладиатор Құдай қарасып тірі қалса онда тағы да екі жыл Ланистің көмекші болады не болмаса мектепте қылыштасудан сабақ беріп, қызметі қылады. Осы міндетін абыроймен атқарып шықса оған бостандықпен бірге Рим азаматтығын сиға тартады. Гладиатор карьера қуып, осы кәсібін ары қарай жалғастырам десе оған да правосы болды.
Қанды қырғын басталмас бұрын елді құлақтандыру да өз алдына бөлек жұмыс. Жарнама жасауды әбден үйренгендер қаланың барлық бұрышы мен қалтарыс қуысына плакаттар іліп тастайтын. Кей кездері жарнама қағазын ілетін бос орын болмай қалады. Енді біреулері моладағы тастарға да жазу жазған. Ежелгі Рим зираттарында осындай жазудың бірнешеуі кездескен. Тіпті бір молада тасқа қашап, «Жарнама жазбаңыздар» деген өтініш сөз де табылды. Ұзын сөздің қысқасы Рим жұрты жан жақты жарнаманы керек етпей-ақ жақын арада болғалы жатқан Гладиаторлар шайқасы туралы жан-жақты хабарланып, қызыққа дайындалып құмартып отыратын. Гладиатор ойынының ашылу салтанатының өзі өз алдына бір бөлек әңгіме. Ойынды ұйымдастырушы жиналған жамағаттың алдында ат арбаға мініп айналып шығады. Оны қоршаған қара құрым халық қол шапалақтап, дауыстап айқайлап, у-шу боп толқып тұрады. Сосын қару асынып, мұздай боп киінген гладиаторлар парады өтеді. Жұртшылық өздері жақсы көретін гладиаторларын көріп, оған қошемет қылған кезде естерінен тана жаздайтын. Сосын Гладиаторлар шеруі аз ғана уақыт императордың қарсы алдына келіп аялдайтын. Сосын оң қолдарын көтеріп, «Цезар! Өлімге бара жатқандардан дұғай сәлем»-деп, дауыстайды. Сосын қатарларын бұзбастан аренаға шығатын арнайы орындарына тамаша тәртіппен ақырын барып жайғасады.
Шайқастар әр түрлі формада өте береді. Жекелеген жекпе-жек те, ондықтардың топтық тартысы да кей кездері 100 деген жауынгер бір уақытта шайқасатын кездері де болды. Көрермен жалықпас үшін арасында үзіліс жасап әр түрлі ойындар көрсететін. Мұны ойлап тапқан Цезар. Санаулы минуттар ішінде Карфаген қаласының суреті салынған алып декорацияларды тұрғызып үлгереді. Сосын Рим легионерлерінің сауытын киген гладиаторлар Карфаген қаласын тіке шабуылмен қалай алғанын шын соғыстай қылып көрсетіп береді. Енді бірден әп-сәтте аренаға жаңа кесілген қалың ағаштардан қалың орман жасап, тоғайдың тасасынан Рим солдаттарына тұтқиылдан төне кеткен Герман тайпаларының шабуылын қайталайды. Осындай адамның миына кіріп шықпайтын қайдағы жоқ бәлені ойлап табатын Рим режисерларының қиялында шек болмаған. Мұндай ойындарға әбден көзі үйреніп, еті өліп кеткен Рим халқын бұл ойындармен таңқалдыру қиын еді. Клавдии есімді император тағы да тың тамаша ойлап тапты. Ол теңіздегі кеме қақтығысын көрсетуді қолға алды. Ойынның бұл түрі елді есінен тандырды. Теңіз шайқастары өте сирек көрсетілетін. Оған көп қаржы керек. Оны өткізе беруге патшаның да пұлы жетпейтін.
Ең бірінші теңіз шайқасын БДД 46 жылы Юлий Цезар өткізеді. Римдегі Марс алаңынды өте үлкен көл қазылды. Көл суға тоған соң 16 галер деп аталатын кеме әкелінді. Бұл 16 кемеде 4 мың ескекші мен екі мың Гладиатор жайғасты. Мына қызыққа қайран қалған римдіктер енді бұдан артық болмайтын шығар деп ойлады. Амал нешік БДД. 2- жылы император Октавиан Август кеме шайқасын көрсетуге бір жыл бойы дайындалды. Сосын римдіктерге 24 кеме мен есепсіз ескешілерден бөлек 3 мың Гладиатор қатысқан қанды қырғын көрсетеді. Бұл жолы Саламинде болған гректер мен парсылардың соғысы ұйымдастырылды. Бұл рекордтан император Клавдии ғана асып түсті. Ол Империя астанасына 80 шақырым жердегі Фуцин көлін таңдап алды. Бұдан басқа бірде бір көл нағыз соғыс кемесінің анау мынау емс 50 сидыра алмайтын. Бұл елу кемеге 20 мың қылмыскер гладиаторлар жайғасты.
Бұл үшін
Клавдии қаладағы бүкіл
Таққа отырған барлық императорлар қалай да болмасын Гладиатор ойындарын өткізумен жұртшылықтың жүрегін жаулап бір бірінен асып түскісі келді. Император Тит 80 мың адам сыйатын ең үлкен сахына Колизейдің ашылу рәсімінде басқаша бедел жинады. Ол 10 жыл бойына Колизейді салған 17 мың еврейді әр түрлі тәсілмен өлтіруге бұйрық берді. Император Коммод болса гладиатор мектебінде арнайы сабақ алып, аренада өзі шығып шайқасатын. Барлық жекпе жекте император жеңіп шығатын. Көзбояушылықты суқаны сүймейтін Рим халқы оның гладиаторлық карьерасын тезірек тоқтатып тастады. Солай болса да өлермен атаққұмар Коммод ерлік көрсетіп жылнамаға жазылып қалған. Ол бір ойында сахынаға тағы да өзі шығып, қолына садақ алып, таптырмайтын 8 бегемотты атып өлтіреді. Император Домициян болса садақ атудың хас шебері болған. Ол сахынаға шыққан кезде арыстан, аюлардың басына екі шетінен екі жебені дәл қадайғанда аңның басында бейне бір мүйіз шығып тұрғандай бола қалатын. Ал туғаннан мүйізі бар бұғы, бұлан, бұқа, зубр секілді аңдардың оймақта көзіне дәл қадап, қапыда құлататын. Рим халқы бұл императорды да өте жақсы көріп, ерекше құрметтеді. Рим патшаларының арасында қылжақбасы да болған. Мысалыға Галлиен есімді бір император мынадай қызық оқиға ұйымдастырған. Қалада тұратын бір зергер асыл тас деп алдап өтірік тасты сатып жіберіп ұсталып жазалы болады. Сосын оған жазасын өтеу үшін аренаға шығып шайқасуға тура келеді. Алаяқ зергерді тұтқындап алаңға алып шығып, оның қарсы алдына арыстан тұратын үлкен торды әкеп қояды. Байғұс зергер арыстанның ауында жем болатын болдым деп қарадай аяқ қолы қалтырап , тұрады. Осы кезде ақыры уақыт толып қарсы алдында арыстанның торы да үстіндегі матасы тартылып, есігі ашылып сала береді. Бірақ тордан арыстан емес тауықтың жаңа басып шығарған үрпек бас балапаны шиқылдап шыға келеді. Қорқыныш қысып, қарадай қалтырап, әлі кеткен зергер тордың есігі ашылып ішінен балапан шыға келгенде жүрегі шымырлап көз қарауытып құлап түседі. Сахынада толып отырған көпшілік қыран топан күлкіге кенеліп бір жасап қалады. Галлие орнынан тұрып, «Бұл ұятсыз елді алдады, біз бұны алдадық» деген екен. Есін жиып, аяғына тұрғаннан кейін зәресі ұшқан пақырды басы ауған жаққа босатып қоя береді.
IV ғасырдың басына қарай Гладиатор ойындары мен аңмен төбелестіру тамашасы біртіндеп құлдырай бастады. Бұл бір кездері дүниені жаулаған Рим империясының айналада қоршап жатқан жабайы варварлармен жиі-жиі қақтығыса бастуымен байланысты. Әр тұстан тынымсыз жасалған варварлар шабуылы Рим әскерін титықтатып жіберді. Оның үстіне елде экономикалық дағдарыс басталады. Себебі римдіктер өздері ешқашан жұмыс істиемейтін. Ешнәрсе өндірмейтін. Товардың бәрі сырттан әкелінетін. Енді сырттан тасылатын заттың бәрі тоқтаусыз қымбаттай берді. Міне осындай тұйыққа тірелген кезде өмір сүрген рим императорларының гладиатор ойындарын ұйымдастыруға шамалары келмей далабасалап қалады. Соның өзінде де ойындар бұрынғыдай үлкен көлемде болмаса да ішін ара өтіп тұрды. Гладиатор ойындары Рим империясы құлаудан 72 жыл бұрын түбегейлі тоқтатылды.
Гладиатор мектебінде оқитын азаматтарды өте жақсы тамақтандырып, өте тыңғылықты емдеп отыратын. Бұған дәлел сол кездегі ежелгі Римнің атақты дәрігері Гален көптеген жылдар бойы императордың үлкен мектебінде жұмыс жасаған. Гладиаторлар қос қостан кішкентай бөлмелерде жатып ұйықтайтын. Дайындық жаттығулар таң ертеңнен кешке дейін жалғасатын. Және өте тыңғылықты өтетін. Қартайған ардагер Гладиаторлар жаңадан келген жастарға жалықпай үйретіп жататын. Әр қайсысына ағаштан жасалған қылыш пен Ив ағашынан өрілген қалқан берілетін. Биіктігі 180 см болатын қалың ағашты жерге көміп соны ұрып жаттығатын. Сабақтың алғашқы сатыларында «Курсанттар» дұшпанының басына не болмаса кеудесіне дәл қадауды және қорғаныс кезінде ашылып қалмауды үйренетін. Қолдың бұлшық еттерін ширатып шымыр қылу үшін ағаш қылыштан соң кәдімгі қылыштан салмағы екі есе ауыр темір қылыштар алып сілтесетін. Жаңадан келген сарбаз қылыштасу өнерінің белгілі бір деңгейіне жеткенде күші мен қайратына қарай гладиаторлардың арнайы тобына тапсырылады. Гладиаторлардың қаруы әдетте үлкен тік бұрышты қалқан, сосын тас төбесі үкі қадалған дулыға, қысқа тік қанжар және сол аяғына тізеге дейін жауып тұратын темір сауыт. Бұларды әдетте самнит деп атаған. Біздің эрамыздың басында оларды «секутор» деп атайды. Бұларға ұқсайтын тағы бір тобын «Гопломах» деп атады. Бұлардың қалқандары сәл дәуірек дөңгелек келетін. Секуторлар мен Гопломахтардың қарсыластарын ретиариилер деп атады. Ретиариилер өте күрделі әдістер жасауға машықтанатын. Олардың ең басты қарулары айнала шетіне ауыр заттар ілінген тор болды. Бұлардың міндеті қарсыластарын қолындағы торға дәл түсіріп, шырмап тастау болатын. Сосын барып қанжармен қанын суда ағызады. Бұлардың қолында тордан басқа дулыға да, қалқан да болмайды. Сол себепті де олар тек торды қалай да болмасын дәл тастауға тырысатын. Бұл топқа әдетте ең мықты әрі әбжіл қимылдайтын саңлақ жігіттерді іріктеп сұрыптап алады.