Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Октября 2012 в 00:37, реферат
Батыс өркениетінің бесігі – мәңгі қала атанған - Рим, ірге тасы қаланғанына үш мың жылға жуық. Жиырма сегіз ғасырдан бері адамзаттың аузынан түспей тұрған, әлі де түспейтін ұлы қала жөнінде айту қиын. Рим жәдігерліктерінің ұзын санын ешкім де анық айта алмас. Осы ғажайып шаһардағы Әулие Петр Соборы, Венеция сарайы, Сикст капелласы, Капитолий Консерваторлар сарайы, Рим форумы, Апий жолы, Треви субұрқағы, Әулие Каллиста Катакомбасы, Испания алаңы, Пантеон, Әулие періште қамалы сияқты ғимараттардың әрқайсысын жеке алып айтса да болар еді, әттең құлаш жетпейтінді құшақтау мүмкін емес сондықтан да,негізгі назарды бүкіл адамзат білетін үш нысанаға – Колизей мен Пантеонға, Әулие Петр соборына аудармақпыз,қаланың даңқын дүйім дүниеге жайғандар да осы ғимараттар.
І. Кіріспе.............................................................................................................2
ІІ. Негізгі бөлім..................................................................................................3
2.1. Рим империясының құрылу тарихы......................................................3-4
2.2. Ежелгі Римдегі туризмнің пайда болуы.............................................. .5-7
2.3. Рим мифологиясы жане өнері..............................................................8-10
ІІІ.Қорытынды.................................................................................................11
ІV. Қолданылған әдебиеттер тізімі...............................................................12
ЖОСПАР
І. Кіріспе.......................
ІІ. Негізгі бөлім.........................
2.1. Рим империясының құрылу
2.2. Ежелгі Римдегі туризмнің
пайда болуы...................
2.3. Рим мифологиясы жане өнері.........................
ІІІ.Қорытынды.................
ІV. Қолданылған әдебиеттер тізімі........................
Кіріспе
Батыс өркениетінің бесігі – мәңгі қала атанған - Рим, ірге тасы қаланғанына үш мың жылға жуық. Жиырма сегіз ғасырдан бері адамзаттың аузынан түспей тұрған, әлі де түспейтін ұлы қала жөнінде айту қиын. Рим жәдігерліктерінің ұзын санын ешкім де анық айта алмас. Осы ғажайып шаһардағы Әулие Петр Соборы, Венеция сарайы, Сикст капелласы, Капитолий Консерваторлар сарайы, Рим форумы, Апий жолы, Треви субұрқағы, Әулие Каллиста Катакомбасы, Испания алаңы, Пантеон, Әулие періште қамалы сияқты ғимараттардың әрқайсысын жеке алып айтса да болар еді, әттең құлаш жетпейтінді құшақтау мүмкін емес сондықтан да,негізгі назарды бүкіл адамзат білетін үш нысанаға – Колизей мен Пантеонға, Әулие Петр соборына аудармақпыз,қаланың даңқын дүйім дүниеге жайғандар да осы ғимараттар.
Жол тараптарының маңызын тек қана парсылар айтарлықтай ұғынып өз мемлекетерінің территориясында қатынасу жолдарының жүйесін құрды. Бұл қатынас жолдары дегеніміз жақсы қалыптағы патшалық жолдар болды ұзындығы 3 мың киллометр.
Б.д.б. І ғ. соңы мен б.д. І ғ. басын рим поэзиясының «алтын ғасыры» деп атайды. Римнің аса көрнекті ақындары осы уақытта өмір сүріп, өз шығармаларын жасап кетті.
Тарихи еңбектер мен поэзиялық шығармаларда Рим басқа халықтарға үстемдік жүргізуге тиіс деген ой айтылады. Ақын Вергилий: «Міне, римдік, сенің өнерің осы болмақ. Есіңде сақта, сен халықтарды басқарып, оларға бейбітшілік орнатуға, әлсіздерді аяп, мүсіркеуге, тэкаппарларды тізгіндеуге тиістісің»,— деп уағыздады. Бұл идеологиялық программа қалалардың алаңдары мен храмдарда тұрғызылған императорлардың қыруар мүсін- дерінде өз бейнесін тапты. Әміршінің бейнесі Римнің күші мен қуатын кейіптейтін. Сондықтан мүсіншілер императорлар бейнесінде портреттік ұқсастықты сақтай отырып, оларды әдейі дәріптеуге тырысты.
Августың бет әлпеті шынайы бейнеленіп, ал келбетіне турашылдық, ерлік, адалдық сияқты қастерлі қасиеттер берілген. Август, тарихшылардың айтуынша, әккі, қатал саясатшы бола тұрса да, оның бойында өнегелі азамат сипаттары баса көрсетілген. Жарамсақтанған сенаторлар «отан әкесі» деп атаған императордың қаһарманға айналдырылған бейнесіне ақын Горацийдің: «От шашатын Юпитердің аспанды билеп-төстейтініне сенеміз біз: Римге айбарлы британдықтар мен парсыларды бағындырған Август жер бетіндегі тәңірі іспетті» ,— деген жолдары таңғажайып үндеседі.
2.1. Рим империясының құрылу тарихы
Батыс өркениетінің бесігі – мәңгі қала атанған - Рим, ірге тасы қаланғанына үш мың жылға жуық. Жиырма сегіз ғасырдан бері адамзаттың аузынан түспей тұрған, әлі де түспейтін ұлы қала жөнінде айту қиын. Рим жәдігерліктерінің ұзын санын ешкім де анық айта алмас. Осы ғажайып шаһардағы Әулие Петр Соборы, Венеция сарайы, Сикст капелласы, Капитолий Консерваторлар сарайы, Рим форумы, Апий жолы, Треви субұрқағы, Әулие Каллиста Катакомбасы, Испания алаңы, Пантеон, Әулие періште қамалы сияқты ғимараттардың әрқайсысын жеке алып айтса да болар еді, әттең құлаш жетпейтінді құшақтау мүмкін емес сондықтан да,негізгі назарды бүкіл адамзат білетін үш нысанаға – Колизей мен Пантеонға, Әулие Петр соборына аудармақпыз,қаланың даңқын дүйім дүниеге жайғандар да осы ғимараттар.Енді Колизейге тоқтайық,ол расында да қалай асқақтатып айтса да, соған түратындай ғажайып ғимарат. Колизей атауы латынның « колоссеум» («алапат ауқамды» ) деген сөзінен шыққан. Бұл амфитеатрдың ұзындығы 188 метр, ені 156 метр, сыртқы қабырғасының биіктігі – 48 метр бұл дегеніңіз кәдімгі 12 қабат үй мен тең,ірге тасының тереңдігі 13 метр, амфитеатрдың мыңдаған жыл қозғалмай тұрғанының да себебі сонда. Колизейге бір мезгілде 50 мың көрермен сиятын болған. Мұндай ауқымдағы стадионға 100 000 мың адам да сиып кететіні белгілі, бұл арадағы айырмашылық ерте замандағы көрермендердің қазіргідей сығылыспай еркін отырғандығында. Сексен жерден кіріп шығатын есіктерден енген адамдар айналасы он минуттың ішінде толық жайғасып үлгереді екен. Сол заманда бүгінгідей трибунасы, секторлары отыратын орны көрсетілген, билеттер болған, сондай-ақ Колизей гладиаторлар айқасын қызықтайтын жер болған.Мәңгі қаладағы тағы бір құдірет – Пантеон Таң қаларлық басты қасиеті- архитектуралық шешімнің қарапайымдылығы. Пантеонның кереметі оның 9 метірлік шаңырағы.Онда жалғыз есік пен жалғыз тесік бар. Нөсерлеген жаңбыр жауса да оған бір тамшы су тамбайды. Оған кіргенен-ақ бір жерден түсетін күн сәулесі тек қана сіздің жүзіңізге түскендей тылысым бір күй кешесіз. Оның себебін түсіндіру қиын. Әйтеуір, мына жалғанның жанталасынан аз уақытқа болса да жеңілгендей сезінесің міне Пантеонның құдіретіде осы болар.Римге барған адам Ватикан мемлекетіне соқпай кетпейтіні белгілі Католик әлемінің ең қасиетті ғибадатханасы Әулие Петр соборы осында. Адамзаттың ұлы суреткерлері Микеланджело мен Рафаэльдің таңғажайып талантының арқасында Капитолий қырқасында тұрғызылған бұл ғимарат дүние дидарындағы шын кереметтердің бірі. Римдiк империянын хронологиялық шеңбері Август бiрiншi императорының басқаруынан бастап, екi бөлiкке бөлуiне дейiн қамтиды, ягни б.з.б. 27 жылдан 476 жылдар аралыгы. Римдiк империя тарихының периодизациясы жолға байланысты өзгешеленедi. Ежелгі Рим мәдениеті. Рим мәдениеті көне дәуір мәдениетінің қорытындылаушы кезеңі болды. Ежелгі Рим мәдениетінің қалыптасу кезеңінде (б.з.б. 8 — 4 ғасырлар) этрустардың сәулет өнері үлгілерін бойына сіңірді. Ежелгі ғибадатханалар (Римдегі Капитолийлік Юпитер ғибадатханасы), кескіндеме үлгілері мен сән және қосалқы өнері этрус өнері үлгілерін бойына сіңірді. Б.з.б. 2 ғасыр мен 1 ғасырдың 1-жартысында базиликалар мен термалар салына бастады. Б.з.б. 3 — 1 ғасырлардағы бейнелеу өнерінде портреттік мүсін ескерткіштер мен сыралғылар кең тарады. Бертінгі республика дәуірінде мүсін өнерінен эллиндік бағыт орын алып, грек ескерткіштерінен жаппай көшіру дәстүрге айналды. Монументтік сәндік кескіндеме жоғары сатыға көтерілді, мозаика мен глиптика өнері қанат жайды. Сәулет өнері империяның гүлдену кезеңінде (б.з.б. 1 ғасырдың 20-жылдары — б.з. 2 ғасыр) шарықтау биігіне көтерілді. Осы тұста арка мен ордердің, ғимаратты қабырға өрнек және мүсін ескерткіштерімен, мәрмәрмен безендірудің рөлі артты. Сәулет өнері бірте-бірте император мен империяның ұлылығын дәріптеу құралына айналды. Ежелгі Римдегі ең ірі амфитеатр — Колизей, Трая заманында — Рим қаласындағы форумдар (111 — 114, арх. Дамаскілік Аполлодор), Адриан кезіндегі ежелгі замандағы күмбезді құрылыстардың ең ірісі — Пантеон ірге көтерді. Рим театры ән, музыка, бидің басын қосқан тұрмыстық күлдіргі сахналарда өрбіді. Б.з.б. 300 жылы ш. ұлттық ателлана комедиясы (маска киген 4 кейіпкер) дүниеге келді. Б.з.б. 3 ғасырдың аяғында халық сауығының бір түрі — мим кеңінен дамыды. Осы кезеңде трагедия (претекста) мен комедияның (паллиата) жаңа түрлері пайда болды. Алғашында ойын-сауықтар ғибадатханалар жанында қойылды. Тұңғыш театр ғимаратын б.з.б. 55 — 52 жылы сәулетші Помпей тастан тұрғызды. Шамамен б.з.б. 4 ғасырда масканың пайда болуы актерлік өнердің дамуына кең жол ашты. Әйелдер рөлін ерлер орындады. Империя дәуірінде цирк ойындары, әсіресе ежелгі амфитеатрлар мен Колизейде қойылған гладиаторлар сайысы, аңшының қауіпті аңмен айқасын көрсету өріс алды. Рим театры, драматургиясы дүниежүз. театр өнерінің дамуында үлкен рөл атқарды. Эллиндік мәдениет әсерімен дамыған Рим музыкасында тұрмыстық музыкалық-поэтикалық жанрлар (жеңіс, үйлену, дастарқан басы, қазаға байланысты әндер) қалыптасты. Поэзия мен музыка тығыз қарым-қатынаста дамып, Рим драмаларына речитативті сипаттағы музыкалық нөмірлер енгізілді. Классик. музыканы орындауда кифара және авлоспен бірге арфа іспетті псалтериум, самбика деп аталатын аспаптар да қолданылды. Хор мен оркестр сүйемелімен орындалатын пантомималардың Р. музыкасын дамытудағы рөлі ерекше. Әскери легиондарда үрлемелі оркестрлер жұмыс істеді. Рим цирктері мен театрларында көп адам қатысқан хор ансамбльдері (көбіне оркестрдің сүйемелдеуімен) өнер көрсетті. Жалпы Рим мәдениетінің бүкіл Еуропа мемлекеттері мәдениетінің қалыптасуы мен дамуында маңызы зор болды.
2.2. Ежелгі Римдегі туризмнің пайда болуы
Ертеректе туристтік саяхаттар қалаларды көріп, жасанды көлдер, шипалы бұлақтарға барумен байланысты болды. Кейініректе жиелеп салына бастаған пирамидалар саяхаттаушылардың назарын аудара бастады. Алайда, жақсы дамыған жол торлары мен сапалы түнеу үйлері және арзан асханалардың тек қана ежелгі Греция мен Римде пайда болуы бұл саяхаттарды белгілі мөлшерде тежеді. Туризм ол кездері ешқандай табыс көзін әкелмеді.
Жол тараптарының маңызын тек қана парсылар айтарлықтай ұғынып өз мемлекетерінің территориясында қатынасу жолдарының жүйесін құрды. Бұл қатынас жолдары дегеніміз жақсы қалыптағы патшалық жолдар болды ұзындығы 3 мың киллометр. Бұл жолдар Вавилон, Сузы және Экбатан қалаларын мемлекеттің шеткі аймақтарымен байланыстырып тұрды. Әрбір 30 мильден кейін парсы жолдары бойында саяхатшыларға демалыс жағдайларын қамтамасыз ететін тұрақтар керуен – сарайлар орналастырылды. Көрсетілген қызметке төленетін ақы байлар мен кедейлерге бірдей болды.
Алайда, антикалық туризмнің гүлденуі
ежелгі Греция және Риммен байланысты
болды. Аталмыш мемлекеттерде
Шамамен осыдан 2300 жыл бұрын Ксенофонт грек порты Пирейде сауда қатарлары мен мемлекеттік керуен сарайлардың салынуы керек екендігіне назар аударды. Оның ойынша бұлар пайданың маңызды көзі болуы керек еді. Гректер секілді римдіктерде үлкен қашықтықтарға сапар шегіп отырды, гректер құрған жолдар тарабының әлсіз дамуына байланысты бұл сапарларын теңіз жолдары арқылы іске асырып отырған.
Ежелгі Грецияда курортология мен емдік туризм пайда бола бастады. Римдіктер өздерін сауықтыру үшін жылу су көздеріне және курортттарға барып тұруды жақсы көрді. Емдеу құдайы Аскленийдің храмдары көне замандарда құрыла бастайды, классикалық кезеңде V — VІ ғасырларды біздің заманға дейінгі олардың саны 60 астам болды. Олар қаладан қашық, қыраттау, жақсы климаты бар жерде салынды. Швейцариядағы курорт Сен Моритц әйгілі ерекшілігмен пайдаланылды.
Біздің заманға дейінгі VІІІ ғасырда ертедегі гректер саяхаттар жасады. Олар арғы көне олимпиядаларға көрушілер немесе қатынасушылар ретінде қатынасты. Мысалы, ертедегі Грецияда Олимпиялық ойындарға өнерсүйгіштер мен спорт адамдары көптеп келушілер болды.
Сірә, спорттық туризмнің де отаны ежелгі Греция болуы керек. Себебі Олимпиялық ойындар мұнда төрт жылда бір болып жаздың күн тоқырауынан кейінгі бірінші ай тууынан басталатын. Олимпия – ойындарды өткізу жер, осы мерейге қатысушы барлық халықтар үшін қол сұғылмайтын еді. Олимпияға аттанушылардың барлығы Зевстің қонақтары болып саналады. Олардың ішінде сыйлы қонақтарда болды. Әдетте оларды қабылдаушы тарап қарсы алып, орналастырып, тамақтандырады. Туристердің саны көп еді және стадиондарға 40 мыңға дейін адам сыйды.
Ойын – сауық бизнесі жақсы дамыды. Олимпиядаға қарсы үлкен жәрмеңке ұйымдастырылып, ол үшін арнайы сауда қатарлары орнатылды.
Туристер көне храмдарды тамашалап, қалағандар қосымша ақы үшін гидтің аузынан әр түрлі аңыздарды естүге мүмкіншілік алды. Егер туризм индустриясы жайында кең мағынада әңгіме қозғар болсақ, ежелгі Рим дәуіріне жүгінеміз.
Мұнда саяхаттар керемет жол тараптарының болуы арқасында іске асып отырды. Әрине, римдіктер жолдарын әскери қажеттіліктері үшін дамытып отырды. Әскерлер империяның орталық аудандарынан шекараларына санаулы күндер ішінде жетіп отырды. Бұл жолдар тек Римнің дамуына ғана әсер етіп қоймай, бүкіл Еуропалық өркениеттің дамуына әсер етіп, тарихшы Прокопийдің Римнен Капуяға алып баратын бірінші жолды, яғни Аппий жолын Әлем ғажайыптарының бірі деп есептеуіне себеп болды.
Римдік жолдар инженерлік өнердің барлық ережелеріне байланысты салынып отырды. Олардың құрылысы біздің заманның 312 жылы император Константиннің билігі кезінде басталды. Әрбір жол үшін алдын ала жоспар құрып, содан соң оны таспен толтырған.
Жолдар бойымен милялық діңгектер орнатылып, қастарына демалыс үшін орындықтар орналастырған. Римдік миляның ұзындығы мың жүн қадамға тең болған, ал осы атаудың мағынасы да осыдан, латынша миля «мың» деген мағына беріп, 1480 м құрайды. Римдік жолдардың жалпы ұзындағы 100 мың км шамасындай Римнен шығатын барлық жолдардың орталығы мен бағдаршысы болып Октавиан Августин билігі кезінде орнатылған алтын милялы тас саналады. Бұл алтын жалатылған қоладан жасалған конус пішіндес тас болды.
Саяхаттарды жол бойына орналасқан жақсы ұйымдастырылған және керуен сарайлар торы қолайлы етіп отырды.Бұл керуен сарайлар кейде бір бірінен 5 км қашықта орналысып, өзінің заманына қарай үлкен шеберлікпен салынып, өте жайлы болып келді.
Ежелгі Римде Жол Көрсеткіштер болып оларды тек қана белгілі бір желі көрсетіліп қоймай, сонымен қатар жолда кездесетін көрікті жерлермен қонақ үйлер белгіленіп бағалар көрсетілген. Бордодан Иерусалимге саяхаттайтын табынушылар үшін ІV ғасырда дайындалған Жол көрсеткіш белгілі. Біздің заманға дейін І ғасырда пайда болған туристтік бюролар қалағандарды путиводительдермен анықтама кітаптарымен жабдықтаған.
Туристтік саяхаттардың ерекше формасы емдік жерлерге сапар шегу болды. Алғашында қалада тұратын бай гректер мен римдіктер қаала сыртындағы ауылды мекендерге шығып отырса, кейініректе бұл саяхаттардың географиялық шектеулері кеңейе түсті. Минералды бұлақтармен храмдардың қасында қазіргі санаторияларға ұқсас объектілер салына бастады, ал емдік жерлер жоғары комфортты жағдайлары мен ойын-сауықтың көптүрлілігімен әйгілі болды.
Рим империясының құлауы саяхатшылар мен сапар шегушілердің санын қысқартып жіберді. Орта ғасырда жасау қиын, қиыннан бұрын өмірге өте қауіпті болды.
Ортағасырларда туристтік қозғалыс бәсендей түсті. Ішкі жағдайлары тұрақсыз көптеген жаңа мемлекеттердің құрылуы бұрын-сонды болмаған саяси кедергілерге әкеп соқты.
Туристтік саяхаттардың ұзақ уақыт тоқырауды болуына көптеген себептер әсер етті, олардың ішінде: феодалдық жүйеге байланысты Еуропаның көптеген аймақтарындағы шаруашылықтың күйреуі, бұрыңғы жол тораптарының түгелімен және сол жолдар бойындағы түнеу орындарының жойылып кетуі, саяхатшылардың қорғаныс дәрежесінің төмендеуі, сонымен қатар қатар қалалардың күйреуі. Біздің заманның тек ІІІ және ІV ғасырларында қайтадан діни табыну саяхаттары жанданып, аз уақыт ішінде діни туризмнің жақсы дамыған түріне айналды.
2.3. Рим мифологиясы жане өнері
Римдіктер олимп құдайларына құлшылық етті, бірақ олардың аттарын өзгертіп алды. Мысалы, бас құдай Зевсті – Юпитер, теңіз құдайы Посейдонды – Нептун, өлілер патшалығының әміршісі Аидты – Плутон, неке, аналар мен балалардың қамқоршысы, Зевстің әйелі Гераны – Юнона, соғыс құдайы Аресті – Марс, сауда-саттықтың құдайы Герместі – Меркурий, сұлулық пен махаббат құдайы Афродитаны – Венера, қолөнері мен өнерді қорғаушы әйел құдай Афинаны – Минерва, аңшылық құдайы Артемиданы – Диана, ұста құдай Гефесті – Вулкан деп атады, бақыт құдайы Тюхэні – Фортуна, махаббат құдайы, Афродитаның ұлы Эротты – Амур немесе Купидон деп атаған.
Б.д.б. І ғ. соңы мен б.д. І ғ. басын рим поэзиясының «алтын ғасыры» деп атайды. Римнің аса көрнекті ақындары осы уақытта өмір сүріп, өз шығармаларын жасап кетті.
Рим театрыларында грек және рим драматургтарының трагедиялары мен комедиялары қойылды. Император Помпей Грекиядағы театр жұмысымен танысып, солардың үлгісі бойынша Римде тастан қаланған алғашқы театр салдырды. І ғ. Римде 50 мың көрермен сиятын атақты Колизей театры салынды. Грек жазушыларының шығармалары латын тіліне аударылды. Рим ақындарының өздері де көптеген тамаша дастандар мен өлеңдерді жазды.
Республикалық құрылыс құлап, Империя орнатылған тұста Рим әдебиеті мен өнерінің алдында императорды мадақтап, оның үстемдігін дәріптеу міндеті тұрды. Б. э. бұрынғы 27 жылы Рим сенаты бірінші император Октавианға Август, яғни «даңқын асырған», «жарықтық» немесе «құдіретті» деген титул табыс етті. Бұдан соң бұл титулды Римнің барлық билеушілері алды. Императордың принцепс, яғни бірінші азамат және бірінші сенатор деп аталатын билігі заң жолымен бекітілген жоқ. Жаңа саяси құрылыс, сырттай қарағанда, республика түрін бүркенген монархия болатын.