Римдегі туризм

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Октября 2012 в 00:37, реферат

Краткое описание

Батыс өркениетінің бесігі – мәңгі қала атанған - Рим, ірге тасы қаланғанына үш мың жылға жуық. Жиырма сегіз ғасырдан бері адамзаттың аузынан түспей тұрған, әлі де түспейтін ұлы қала жөнінде айту қиын. Рим жәдігерліктерінің ұзын санын ешкім де анық айта алмас. Осы ғажайып шаһардағы Әулие Петр Соборы, Венеция сарайы, Сикст капелласы, Капитолий Консерваторлар сарайы, Рим форумы, Апий жолы, Треви субұрқағы, Әулие Каллиста Катакомбасы, Испания алаңы, Пантеон, Әулие періште қамалы сияқты ғимараттардың әрқайсысын жеке алып айтса да болар еді, әттең құлаш жетпейтінді құшақтау мүмкін емес сондықтан да,негізгі назарды бүкіл адамзат білетін үш нысанаға – Колизей мен Пантеонға, Әулие Петр соборына аудармақпыз,қаланың даңқын дүйім дүниеге жайғандар да осы ғимараттар.

Оглавление

І. Кіріспе.............................................................................................................2
ІІ. Негізгі бөлім..................................................................................................3
2.1. Рим империясының құрылу тарихы......................................................3-4
2.2. Ежелгі Римдегі туризмнің пайда болуы.............................................. .5-7
2.3. Рим мифологиясы жане өнері..............................................................8-10
ІІІ.Қорытынды.................................................................................................11
ІV. Қолданылған әдебиеттер тізімі...............................................................12

Файлы: 1 файл

Рим реф.docx

— 68.97 Кб (Скачать)

Октавиан  Август мүсіні. Мәрмәр. Б. э. I ғ. басы. Рим. Ватикан

      Тарихи еңбектер мен поэзиялық шығармаларда Рим басқа халықтарға үстемдік жүргізуге тиіс деген ой айтылады. Ақын Вергилий: «Міне, римдік, сенің өнерің осы болмақ. Есіңде сақта, сен халықтарды басқарып, оларға бейбітшілік орнатуға, әлсіздерді аяп, мүсіркеуге, тэкаппарларды тізгіндеуге тиістісің»,— деп уағыздады. Бұл идеологиялық программа қалалардың алаңдары мен храмдарда тұрғызылған императорлардың қыруар мүсін- дерінде өз бейнесін тапты. Әміршінің бейнесі Римнің күші мен қуатын кейіптейтін. Сондықтан мүсіншілер императорлар бейнесінде портреттік ұқсастықты сақтай отырып, оларды әдейі дәріптеуге тырысты. Еліктеу үшін оларға айбынды асқақ пафосы мен ізгілік-сабыры, байыбы, пішінінің айқын қарапайымдылығы мен пропорциясының сұлулығы римдіктер назарын аударған б. э. бұрынғы V—IV ғасырлардағы грек мүсіндері үлгі болды. Әсіресе, Грекия классикалық өнерінің римдік портрет дамуына керемет ықпалы б. э. бұрынғы I ғасырдың аяғы мен б. э. I ғасырында көрінді. Римдік шеберлер грек мүсінінен Империя басталысындағы дәуірдің талаптарына толық жауап беретін пластикалық тіл мен кейіпкерлерді қаһармандандыру тәсілдерін тапты.

Вергилий  «Энеиданы» жазып отыр (қасында —  тарих музасы Клио мен трагедия музасы Мельпомена). Мозаика. Б. э. II ғ. аяғы — III ғ. басы. Тунис. Ұлттық Бардо музейі

     Октавиан Августың мәрмәрден қашалған мүсіні оны қолбасшы әрі мемлекет басшысы ретінде даңққа бөледі. Тәкаппар, айбынды кескін-келбет пен қолдың көсіле созылған әсерлі ишараты мүсінге монументтік сипат дарытады. Сулығы білегіне сәнмен оралған, күрзісі сардарлық өктемдігін нышандайды. Август бедерлі бейнелермен әшекейленген сауыт киген. Жетілген, атлет денелі алып тұлға, бұлшық еті ойнаған жалаңаш балтыр грек құдайлары мен қаһармандарының мүсіндерін еске түсіреді. Августың аяқ жағына мүсінші тәңірия Венераның баласы Амур бейнесін орналастырған. Август әулеті содан тарапты-мыс деген сөз бар. Августың бет әлпеті шынайы бейнеленіп, ал келбетіне турашылдық, ерлік, адалдық сияқты қастерлі қасиеттер берілген. Август, тарихшылардың айтуынша, әккі, қатал саясатшы бола тұрса да, оның бойында өнегелі азамат сипаттары баса көрсетілген. Жарамсақтанған сенаторлар «отан әкесі» деп атаған императордың қаһарманға айналдырылған бейнесіне ақын Горацийдің: «От шашатын Юпитердің аспанды билеп-төстейтініне сенеміз біз: Римге айбарлы британдықтар мен парсыларды бағындырған Август жер бетіндегі тәңірі іспетті» ,— деген жолдары таңғажайып үндеседі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ.Қорытынды

    Батыс өркениетінің бесігі – мәңгі қала атанған - Рим, ірге тасы қаланғанына үш мың жылға жуық. Жиырма сегіз ғасырдан бері адамзаттың аузынан түспей тұрған, әлі де түспейтін ұлы қала жөнінде айту қиын. Рим жәдігерліктерінің ұзын санын ешкім де анық айта алмас. Осы ғажайып шаһардағы Әулие Петр Соборы, Венеция сарайы, Сикст капелласы, Капитолий Консерваторлар сарайы, Рим форумы, Апий жолы, Треви субұрқағы, Әулие Каллиста Катакомбасы, Испания алаңы, Пантеон, Әулие періште қамалы сияқты ғимараттардың әрқайсысын жеке алып айтса да болар еді, әттең құлаш жетпейтінді құшақтау мүмкін емес сондықтан да,негізгі назарды бүкіл адамзат білетін үш нысанаға – Колизей мен Пантеонға, Әулие Петр соборына аудармақпыз,қаланың даңқын дүйім дүниеге жайғандар да осы ғимараттар.

     Жол тараптарының маңызын тек қана парсылар айтарлықтай ұғынып өз мемлекетерінің территориясында қатынасу жолдарының жүйесін құрды. Бұл қатынас жолдары дегеніміз жақсы қалыптағы патшалық жолдар болды ұзындығы 3 мың киллометр.

    Б.д.б. І ғ. соңы мен б.д. І ғ. басын рим поэзиясының «алтын ғасыры» деп атайды. Римнің аса көрнекті ақындары осы уақытта өмір сүріп, өз шығармаларын жасап кетті.

Тарихи еңбектер мен поэзиялық шығармаларда Рим басқа халықтарға үстемдік жүргізуге тиіс деген ой айтылады. Ақын Вергилий: «Міне, римдік, сенің өнерің осы болмақ. Есіңде сақта, сен халықтарды басқарып, оларға бейбітшілік орнатуға, әлсіздерді аяп, мүсіркеуге, тэкаппарларды тізгіндеуге тиістісің»,— деп уағыздады. Бұл идеологиялық программа қалалардың алаңдары мен храмдарда тұрғызылған императорлардың қыруар мүсін- дерінде өз бейнесін тапты. Әміршінің бейнесі Римнің күші мен қуатын кейіптейтін. Сондықтан мүсіншілер императорлар бейнесінде портреттік ұқсастықты сақтай отырып, оларды әдейі дәріптеуге тырысты.

     Августың бет әлпеті шынайы бейнеленіп, ал келбетіне турашылдық, ерлік, адалдық сияқты қастерлі қасиеттер берілген. Август, тарихшылардың айтуынша, әккі, қатал саясатшы бола тұрса да, оның бойында өнегелі азамат сипаттары баса көрсетілген. Жарамсақтанған сенаторлар «отан әкесі» деп атаған императордың қаһарманға айналдырылған бейнесіне ақын Горацийдің: «От шашатын Юпитердің аспанды билеп-төстейтініне сенеміз біз: Римге айбарлы британдықтар мен парсыларды бағындырған Август жер бетіндегі тәңірі іспетті» ,— деген жолдары таңғажайып үндеседі.

 

 

 

 

 

ІV. Қолданылған әдебиеттер тізімі

  1. ↑ Өнердің ықшам тарихы—Антик өнері — Алматы, «Өнер» баспасы, 1988.—360 бет ISBN 5-89840-030-3
  2. ↑ Өнер: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулык/Қ.Болатбаев, Е.Қосбармақов, А.Еркебай. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-33-998-8
  3. Google. kz

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Римдегі туризм