- Тараптардың жауапкершілігі
- Тапсырысшының (туристтің) жауапкершілігі
- Тапсырысшы (турист) өзі жайлы мәліметтердің уақытында және анық берілуіне жауап береді.
- Тапсырысшы (турист) туралы мәліметтердің уақытылы еместігі, анық еместігі, турға толық көлемде қатысуға туристті ресімдеу мүмкін еместігінен және осы шығындармен байланысты, сондай-ақ Турфирманың шығындарын Тапсырысшы толық көлемде өтейді.
- Тапсырысшы Турфирма алдында тіркеу үшін (әуежайдағы рейске) Тапсырысшының (туристтің) өз уақытында келмеуімен, сондай-ақ осыған байланысты тасымалдаушыға келтірген шығыны үшін жауап береді.
- Тапсырысшы (турист) болған еліндегі айыппұл санкцияларына алып келген визалық режимді бұзған жағдайда, Турфирма алдында жауап береді.
- Осы Келесі-шарттың шарттарын Тапсырысшы (турист) орындамаған немесе тиісті түрде орындамаған кезде Турфирмаға келтірген шығыны үшін жауап береді.
13
- Турфирманың жауапкершілігі
- Белгіленген мерзімде туристтік өнімнің толық құнын Тапсырысшы төлеген жағдайда осы келісім-шарт бойынша міндеттерді тиісті түрде орындамағаны үшін турфирма жауап береді.
- Турфирма мәліметтер мен құжаттардың анық еместігінен және жеткіліксіздігінен, сондай-ақ Тапсырысшының (туристтің) өз уақытында бермеуінің салдарынан қызмет көрсету мүмкін емес болғанда Тапсырысшы алдында жауап бермейді.
- Егер Тапсырысшы (турист) өзінің қалауынша немесе өз құжаттарына байланысты Турфирма ұсынған қызметтердің барлығын немесе жартысын қолданбаса, Турфирма Тапсырысшының (туристтің) қызметтері үшін төленген ақшалай шығындар үшін жауап бермейді, сондай-ақ Турфирма Тапсырысшыға (туристке) Осы Келісім-шартты көрсетілген қызметтердің аясынан шығатын шығындарды өтемейді.
- Турфирма мемлекеттік органдардың немесе Қазақстан Республика мекемелері және шет мемлекеттердің, соның ішінде шекаралық бақылау және кедендік қызмет, дипломатиялық (консулдық) мекемелердің, сондай-ақ жергілікті биліктің әрекеттері (әрекетсіздігі) салдарынан туристтік қызмет көрсету мүмкін емес жағдайда жауап бермейді.
- Турфирма Тапсырысшының шығатын және келетін еліндегі кедендік, шекаралық, полициялық биліктермен туындаған даулы жағдайлар үшін жауап бермейді.
- Турфирма рейстің өзгертілгені немесе авиациялық немесе теміржол рейстерінің кету уақытының өзгергені үшін, осыған байланысты туристтік қызметтердің көлемдерінің өзгерістері мен мерзімдері үшін жауап бермейді. Бұл жағдайда Тапсырысшы алдында Қазақстан Республикасының заңнамасына және халықаралық тасымалдау ережелеріне сәйкес тиісті тасымалдаушылар жауап береді.
- Турфирма туристтің жеке қол жүгінің және құндылықтарының сақталуына жауап бермейді. Тапсырысшы (турист) қол жүгінің тиісті орнына жеткізілуі, қол жүкті (тасымалдауды) жеткізу туралы Тасымалдаушының нормативтік актілеріне және ережелеріне сәйкес жүргізіледі.
- Егер қазақстандық және шетелдік мемлекет органдарының (ұйымдарының) немесе олардың өкілдерінің шешімімен, Тапсырысшыға елге келуге немесе шығу мүмкіндігінен бас тартса, құзырлы орган тұлғаларының авиабилет бойынша ұшуға немесе брондалған қонақ үйде тұру мүмкіндігінен айырлу шешімімен, сондай-ақ Тапсырысшының (туристтің) уақытынан бұрын уақытша болу елінен депортациялануымен тең, егер жоғарыда көрсетілгендер тиісті құжаттардың болмауы, құқық тәртібінің бұзылуы, айналасындағыларды алаңдатқаны, алкогольге мас болу немесе қоғамдық орындарда жүрудің, жол немесе жүк тасу басқа ережелерін бұзу салдарынан болып табылса, турфирма жауап бермейді. Егер туристтің әрекеттер Турфирмаға немесе үшінші тұлғаға залалдар әкелсе, онда кінәлі тұлға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көрсетілген жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
14
- Турфирма баратын транзит елдің елшілігі визаны берудің белгіленген мерзімін көп ұстаған ерекше жағдайларда сапардың басталу уақытын ауыстыруға құқығы бар.
- Турфирма Тапсырысшының (туристтің) негізсіз үмітіне немесе оның өз бағасына көрсетілген қызметтердің сәйкес келмегені үшін Тапсырысшы (турист) алдында жауап бермейді.
- Турфирманың басқа талаптары Қазақстан Республикасының қолданыстағы басқа заңнамасына сәйкес белгіленеді.
- Жеңілмейтін күш жағдайлары
- Егер мұндай жағдай айтып келмейтін және жеңілмейтін жағдайлардың салдары болып табылса: жер сілкінісі, су тасқыны, өрт, тайфун, дауыл, күртік қар, әскери әрекеттер, жаппай ауру, көтерілістер, сондай-ақ тасымалдауға шектеулер, тараптардың еркінен тыс халықаралық санкцияларына тыйым салу, осы Келісім-шарт бойынша міндеттердің жартылай немесе толық орындалмауы үшін жауапкершіліктен босатылады. Мұндай жағдай болған кезде бір тарап баяулатпай келесі тарапқа жазбаша түрде хабар беруі керек, сонымен қатар осы Келісім-шарт бойынша тараптардың міндеттерді орындау, осы жағдайлар орын алған әрекет ететін уақыт мөлшерімен бірге артқа жылжиды.
- Медициналық сақтандыру
- Егер тараптардың мәмілесінде басқа көрсетілмесе, Тапсырысшы Турфирма ерікті медициналық сақтандыру келісім-шартын (келісім-шарттарын) бекітуді тапсырады. Турфирма, медициналық сақтандыру келісім-шартында жабылуы көзделегн бақытсыз жағдайлар мен басқа сақтандыру жағдайлар нәтижесінде туындаған медициналық шығындар үшін жауап бермейді. Медициналық сақтандыру келісім-шартында көрсетілген төлемдерді талап ететін жағдайлар туындаған кезде, Тапсырысшы (басқа қызығушылық білдіруші тұлға) тікелей сақтандыру компанияға хабарласу міндетті. Төлеудің ережелері, талаптары мен тәртібі сақтандыру компаниясы және Тапсырысшы (турист) арасында бекітілген ерікті медициналық сақтандыру Келісім-шартында көрсетіледі.
- Медициналық сақтандырудан бас тартқан клиент, сақтандыру жағдайы туындау нәтижесінде болған барлық шығындарды өз бетімен төлейді.
15
- Дауларды шешу тәртібі
- Туристік өнім сапасына қатысты барлық шағындарды, Тапсырысшы (турист) және қабылдаушы тарап өкілі сол орында жазбаша түрде жазып, қол қоюы тиіс.
- Егер туристтік өнім сапасына қатысты даулы мәселелерді сол орында шешудің реті келмесе, Тапсырысшы (турист) Турфирмаға осы шағымның негізділігін растайтын керекті құжаттардың қосымшасымен бірге жазбаша түрдегі шағымын береді. Шағымдарды Тапсырысшы (турист) Турфирманың мекен-жайына турдың аяқталу сәтінен бастап 30 (отыз) күн ішінде береді. Шағымның көрсетілген мерзімі біткен соң «Турфирма» шағымды қабылдамайды.
- Осы Келісім-шарт бойынша тараптардың міндеттерді орындауына байланысты даулар туындаған кезде , тараптар олардың шешудің келіссөздері барлық күштерін салады. Келіссөздер нәтижесінде келісімге жетпеген жағдайда, даулар Қазақстан Республикасының сот органдарының қарауына жіберіледі.
- Келісім-шартты өзгерту және бұзу
- Осы Келісім-шарт, ҚР заңнамасында көрсетілген негіз бойынша өзгертілуі және бұзылуы мүмкін.
- Осы Келісім-шартты бекіту кезінде болған тараптардан маңызда жағдайлардың өзгеруімен байланысты осы Келісім-шартты Тараптардың өзгертуді және бұзуды талап етуіне құқығы бар. Жағдайлардың айтарлықтай өзгеруіне жатады:
- Көрсетілген келісім-шартта немесе жодамадағы саяхат талаптарының нашарлауы;
- Саяхат мерзімінің өзгеруі, сонымен қатар тараптар келіскен, мерзімнің өзгеруі деген түсінікке 24 сағаттан бұрын сапар басталуының немесе аяқталуының өзгеруі;
- Көліктік тарифтердің ойламаған жерден өсуі;
- Туристтің өз еркінен тыс жағдайларға байланысты сапар жасау мүмкіндігінің болмауы;
- Келісім-шарттың талаптарын өзгерту.
- Осы келісім-шарттың талаптарына сәйкес қандай да бір себеп бойынша егер Турфирма Тапсырысшыға брондалған туристтік өнімді немесе туристтік өнім немесе туристтік қызметтер үшін соманы келісім-шартты бұзу сәтінде қайтарып беруге міндетті.
16
- Келісім-шарттың қолданыс мерзімі және талаптары
- Осы Келісім-шарт, бірдей заңды күшке ие екі тарапқа да бір данадан берілетін екі данамен жасалады.
- Осы Келісім-шартқа оған тараптар қол қойған сәттен бастап күшіне енеді және турдың аяқталу сәтіне дейін қолданыста болады.
- Осы Келісім-шартқа жасалатын барлық өзгерістер мен толықтырулар, егер олар жазбаша түрде жазылса ғана және осы Келісім-шартқа екі тараптың құзырлы тұлғалары қол қойса ғана жарамды.
Виза және олардың
түрлері
Виза (лат visus-
қаралған) – адамның паспортына
не өзге төлқұжатына
қойылатын белгі. Ол құжат иесіне мемлекеттен
керуге не осы мемлекеттің шегіне келуге
немесе оның аумағы арқылы өтуге рұқсат
етілетіндігін айғақтайды. Ол белгілі
бір мерзімге беріледі.
Визаның түрлері
Инвесторлық виза Қазақстан экономикасын инвестициялауға
қатысатын ірі шет елдік фирмалар мен
компаниялардың басқару буынының басшылары
мен өкілдеріне, сондай-ақ олардың отбасыларының
мүшелеріне беріледі. Инвесторлық визалар
бір мәртелі, екі мәртелі, үш мәртелі және
көп мәртелі кіру мен шығу үшін беріледі.
Іскерлік виза Қазақстанға іскерлік мақсатта
келетін шет елдіктерге беріледі (іссапар,
іскерлік келісімсөздер, сипозиумдар,
конференциялар, тендерлер, келісімшарттар
жасау, көрмелер мен жәрмеңкелерге қатысу,
сауда жұмыстарын іске асыру, халықаралық
тасымалдау, сабағаттық және аудиторлық
қызмет көрсету үшін).
17
Жұмыс визасы Қазақстанға жұмыс істеу мақсатымен
келетін шет елдіктерге беріледі.Жұмыс
визасы бір мәртелі,екі мәртелі, үш мәртелі
және көп мәртелі кіру мен шығу үшін беріледі.
Жеке визалар Қазақстан Республикасына жеке
басының мәселесіне байланысты шетелдіктерге
беріледі. Жеке визалар бір, екі және үш
мәрте келуге және шығуға беріледі.
Туристтік виза Қазақстанға туризм мақсатымен
келетін шет ел азаматтарына беріледі.
Дипломатиялық визалар дипломаиялық паспорттың иелеріне,
халықаралық ұйымдардың немесе ұлттық
төлқұжат иелеріне, егер де олар халықаралық
ұйымдардың қызметкерлері және олардың
отбасы мүшелері болып табылған жағдайда,
дипломаттардың –ҚР шет елдік дипломатиялық
және консулдық шет ел қызметкерлеріне,
үкімет, парламент мүшелеріне, әйгілі
қоғамдық және саяси қайраткерлерге, құрметті
консулдар мен олардың отбасы мүшелеріне
беріледі. Дипломаттық визалар бір, екі,үш
және көп мәрте келуге және шығуға беріледі.
Қызметтік визалар қызметтік төлқұжаттардың иелеріне,
ұлттық шет елдік төлқұжаттардың иелеріне,
яғни шетелдік дипломатиялық және басқа
да дипломатиялық ұйымдар санатына кірмейтін
өкілдіктер мен халықаралық ұйымдар қызметкерлеріне,
сонымен қатар Республикасында тіркелген
дипломатиялық өкілдіктердің, халықаралық
ұйымдардың шақыруы бойынша қызметтік
істермен Қазақстан Республикасына жол
жүретін шетел азаматтарына беріледі.
Қызметтік визалар бір,екі,үш және көп
мәрте келуге және шығуға беріледі.
Миссионерлік
визалар Қазақстан Республикасына діни-ағатушылық
қызмет атқаруға келетін шет елдіктерге
беріледі.Миссионерлік визалар бір,екі,үш
және көп мәрте келуге және шығуға беріледі.
Оқуға арналған визалар Қазақстан Республикасына оқуға,
оқу тәжірбиесінен өтуге, тағылымдамаға
және осылар тәрізді себептермен келетін,
сондай-ақ ҚР аумағында жүрген шетел азаматтарына
беріледі. Оқуға (ОУВ) санатындағы визалар
бір,екі және көп мәрте келуге және шығуға
беріледі.
Емделуе арналған
визалар Қазақстан Республикасына емделуге,
медициналық тексерілуге,кеңес алуға
және басқа да осыған ұқсас мақсаттармен
келетін,сондай-ақ ҚР аумағында жүрген
шетел азаматтарына беріледі.Емделуге
арналған визалар бір және екі мәрте келуге
және кетуге беріледі.
Тұрақты тұруға арналған
визалар Қазақстан Республикасына
тұрақты тұру үшін келетін шетел азаматтарына
беріледі. Тұрақты тұруға арналған визалар
бір және екі мәрте келуге және кетуге
беріледі.
18
Шығу визалары: ішкі істер органдарының рұқсаты
негізінде ҚР тұрақты тұратын шетелдіктерге,
ҚР аумағында төлқұжаты немесе Қазақстан
Республикасының мемлекеттік шекарасынан
өтуге рұқсат беретін басқа да құжаттарын
жоғалтқан шетелдіктерге,Қазақстан Республикасынан
шетелдікті шығарып жіберу туралы шешім
қабылданған шетелдіктерге беріледі.
Транзаиттік визалар визасы Қазақстан Республикасы
аумағында транзитке құқығы жоқ шетелдіктердің Қазақстан Республикасының
аумағы арқылы өтулер үшін беріледі. Транзиттік
визалар бір, екі және үш мәрте келуге
және кетуге береді.
Виза алу үшін шет ел
азаматтары сол елдегі Қазақстан
Республикасның консулдық мекемесіне
немесе дипломатиялық өкілдігіне барып, келесідей құжаттарды
тапсыру қажет:
1.Жарамды төлқұжат немесе
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
шекарасынан өтуге құқық беретін
өзге құжат,төлқұжаттың жарамдылықсұранбалы
визаның жарамдылық мерзімі аяқтал
соң кемінде 6 айдан соң аяқталуы
тиіс.
2. Қазақстан Республикасының
Сыртқы Істер Министрлігінің (СІМ)
визалық қолдау номірі көрсетілген шақыру
хатының көшірмесін немесе Қазақстан
Республикасының ішкі істер органдары
рәсімдеген жеке шақыру қағазының түпнұсқасы
визаны алу өтініші
1.Толтырылған визалық
сауалнама
2. Түсті сурет 3,5*4,5 (1 дана)
3.Консулдық алымның төленуі
туралы түбіртек. Басқа да құжаттардың
тапсырылу қажеттілігін консул
сол жерде анықтайды.