Фирмада тәжірибеден өткен
уақытта путевкалар, акциялар дайындадым.
Кеңседегі жұмыс номенклатурасымен
таныстым. Аймақтағы туристік бизнестің
негізгі объектілерімен таныстым. Статистикалық
есептеулердің барлық түрлерімен танысып,
оларды даярлауға көмектестім. Сонымен
қатар қонақүйлердің жарнамалық бөлімдерімен,
ұсынатын акцияларымен таныстым. Басқа
шетел қонақүйлері мен авиакомпаниялармен
таныстым. Потенциалды туристер мен клиенттермен
жұмыс істеуді үйрендім. Клиенттер үшін
авиабилеттерді брондап, сатумен айналыстым.
Әртүрл авиакомпаниялар тарифтерімен
және акцияларымен таныстым. Тәжірибе
уақытында менеджер міндеттерімен таныстым,
менеджерге турпакет даярлауға көмектестім.
Тұтынушылармен қарым-қатынаста болып,
оларға турпакеттерді көрсетіп, жарнамаладым.
Тур объектілерде, қонақүйлерді таңдауға
көмектестім, визалық көмек, авиабилеттерді
брондау, сақтандыру, анкеталық және т.б.
қызметтер бойынша жұмыс істедім. Қонақүйлерге
заявкалар дайындап, номерлерді таңдауды
үйрендім. Визалық онлайн-анкеталарды
толтырдым. Мен үшін тәжірибе барысында
өте қызықты болған мәселе – турпакет.
Турпакет – бұл негізгі
және қосымша қызметтер жиынтығы
және оны саяхат жасау мақсаты
бойынша туристерге ұсыну.
Осы фирманың қызметін тұтынушылардың
жас ерекшеліктері әр жастағы
адамдар: оқушылар, студенттер, зейнеткерлер,
қызметкерлер.
7
3 «ALTIN KARTAL TOUR» турфирмасының
туризмінің негізгі түрлерін іске асыруы
Аталған турфирма туристік
нарықтағы ең дамыған шығу туризмімен
белсенді айналысады. Сонымен қатар
келу және ішкі туризм саласында да
жемісті жұмыс атқаруда. Енді туризмнің
осы аталған салаларына толықтай
тоқталып өтсек.
- Ішкі туризм дегеніміз мемлекеттік шекарадан шығумен байланысты емес. Әлем бойынша ішкі туризммен айналысатындар 80-90% құрайды.
- Сыртқа шығу туризмі дегеніміз мемлекеттің шекарадан шығумен байланысты. Сыртқа шығу туризм, бірінші кезекте, Қазақстаннан капиталдың жылыстауына әкеп соғады. Тек қана 1999 жылы 57,1 млн. АҚШ доллары республикадан тыс шетке шығарылған. Республика азаматтарының шет елден тауарлар сатып алу, кейіннен оны сату мақсатында жасайтын жоспарлары бұрынғысынша бұқаралық сипат алып отыр.
- Рекреациялық туризм дегеніміз халықтың тұрақты жерінен тыс жердегі маманданған территориядағы тәуліктік, апталық, жылдық өмір циклдегі адамдардың бос уақытын пайдалану кезінде іске асатын, сауықтыру танымдық, спорттық және мәдени көңіл көтеру үшін қатынастар мен құбылыстардың жиынтығы.
- Сауықтыру туризмі санаториялық, курорттық ем мен сауықтырудан тұрады. Туризм арқылы сауықтыру адамның өндірісте немесе өндірістен тыс уақыттағы психологиялық шаршауды басудың бірден-бір жолы.
- Танымдық туризм туристердің табиғатты, мәдени тарихи орындарды, этнографиялық шарушылықты және басқа аудандардың көз тартатын көрікті орындарын білуге деген құштарлығынан туады.
Фирма барлық холдингтің даму
перспективсын анықтайды, оның инвестициялық
саясатын, өсу стратегиясы әзірлейді.
Холдинг функциясына кәсіпорын
жүйесінде қаржылық қызметті бақылау,
олардың туристтік сұрақтары
енеді.
Жарнама стратегиясын қолдану
бағдарламасына турфирманың кезең
сайын халықаралық және Қазақстандық
туризм бойынша көрмеге қатысады.
Фирманың негізгі бағыттары:
- Дәстүрлі тұтынушыларға (азаматтар, жастар, оқушылар) орта және төменгі кірісті туристтік қызметтің мақсатты жүйесін құру;
- Туристік қызметтің іске асырылуы және өндірілуінде біркелкі стандартты әзірлеу;
- Жаңа компьютерлік технология негізінде жаңа ақпараттық жүйе құру. Қазақстандағы туристік бизнестің алды болатын ірі туристік ұйымға айналдыру. Компания бизнес жүргізуде келесі принциптерге сүйенеді:
- Туристік бизнесте жоғарғы халықарлық стандарттар мен нормаларға,
Қызмет көрсетуге қол жеткізу;
- Клиенттің әрқашан да дұрыс приципін ұстану, клиенттермен бір деңгейдегі қарым қатынасты орнату;
- Өзіне жүктеген міндеттемені дәл, сапалы орындауға деген сенімділік.
8
4 «ALTIN KARTAL TOUR» турфирмасының
маркетинктік жоспары және тұтынушылармен
жұмыстары
Турфирма ұйымдастыратын
демалыстың қашан басталып, қашан
аяқталатын, қызмет құны, баратын жерде
кім, қайда және қалай қарсы
алатыны, сіздің қайда тұратыныңыз,
тазалық және тамақтану орны, медициналық
сақтандыру шарты ерекше маңызға
ие болады. Туристтік құн келісім шартта
теңгемен көрсетіледі. Сонымен бірге егер
турист қолма-қол ақшасыз есеп айырысатын
жағдайда банк шығындарын қай тарап өзіне
алатыны айтылуы тиіс. Әдетте мұндай шығын
туристің өзіне жүктеледі. Ең бастысы-
ақпараттың дұрыс болуы. Ақпаратты беруден
бас тартса немесе жалған мәліметтер берсе
турфирмаға айыппұл салынады.
Келісім шартта фирманың немесе
жауапты тұлғаның координаторы көрсетілуі
тиіс. Бұл демалыс кезінде пайда болатын
кез- келген сұрақтар мен проблеммалар
бойынша талас туындаған жағдайда қажет.
Турагент тұтынушыға барған елде болуы
мүмкін қауіпті хабарлауы тиіс. Бұлар
маусымдық су тасқыны, белгілі бір елге
тән індет, тұрақсыз саяси жағдай және
сол құрлықта өмір сүретін қауіпті жануарларға
дейінгі ақпарат болуы мүмкін. Егер жоғарыда
аталған жағдайлар саяхат кезінде пайда
болса, онда туристік фирма бұл жайлы Қазақстан
Республикасының Туризм жөніндегі агенттігіне
шұғыл хабарлауы тиіс. Агенттік Қазақстандық
туристерді қайтару жөніндегі шараларды
қабылдайды.
Туристің қауіпсіздігін
қамтамасыз етуде медицналық сақтандыру
өте маңызды рол атқарады.
Туризімдегі маркетинг-туристік
тауарлар мен қызметтерді жоспарлау,
дайындау, оларды тарату мен өткізу, оларға
сұранысты ынталандыру және бағасын белгілеуге
бағытталған әрекет. Бұл әрекет тауарлар
мен қызметтерді өндірушілерден тұтынушыға
өткізіп, туристтер тобының қажеттіліктерін
қанағаттандыруға байланысты болады.
Маркетинг сапасына тұтынушының
мына ерекшеліктері әсер етеді.
- Жоғарғы ақпараттылығы.
- Қолайлылық пен жоғарғы қызмет сапасын талап ету.
- Зерделілік пен дене белсенділігі.
- Өмірдің айқын әсер алудың талпынуы.
Мұның барлығын тұтынушылық
стеротиптің әсер етуі.
Туристік тұтынушының
өнімге қатысты талдаған кезде мына
ерекшеліктерді байқауға болады.
Демалысқа дейінгі қажеттілік.
Қазіргі кездегі адамдар,
демалысқа тұлғаның өзін-өзі жетілдіру
құралы, өмірдің лайықты деңгейін
сақтау жолы деп атаймыз және демалысқа
деген құқығын өмірдің ең мағыналы
жағдай деп қарастырылады.
9
Қорытынды
Қорытындылайтын болсақ, мен
осы 21.05.2012 – 02.06.2012 күндер арасында өндірістік
практикасын өтіп, біраз тәжірибе
жинадым деуге болады. Ол мен үшін
келешекте туризм маманы ретінде
үлкен сынақ болды.
«ALTIN KARTAL TOUR» турфирмасы
ішкі туризм бойынша «Бурабай», «Қарқаралы»,
«Сарыағаш», «Баянауыл», «Жартас», сияқты
курорттарына, ал сыртқы туризм бойынша
Ыстықкөл, Туркия, Египет, Тайланд, БАӘ,
Болгария, Чехия, Кипр мемлекеттеріне
демалу және емделу мақсатында жолдамаларды
жүзеге асырады.
Жалпы қорытындылай келе, іс-тәжірибе
барысындағы жинаған ақпараттар
мен мағлұматтарды іске асыруға
тәжірибе жинадым. Мен осы жинаған
тәжірибені болашақта қолдана отырып,
Қазақстан нарығына басты бағыттарды
дұрыс жеткізе алуға мүмкіндік
алдым.
Бүгінгі таңда нарықтың шарты
бойынша әр фирма өзінің тұрақты
орнын алу міндетті. Бәсекелестікті
жеңу, жаңа нарықты жаулап алу сонымен
қатар тұтынушыларға фирманың жақсы
ойда қалуын қалыптастыру, жаңа турларды
ұсыну және т.б.
Ең бастысы жұмыскерлердің
квалификациясының өсуі, шетелде
оқыту, әр түрлі тенингтерге, конференцияларға,
семинарларға, жәрмеңкелерге қатысу туралы
көп көңіл бөлген осыған байланысты «ALTIN
KARTAL TOUR» турфирмасы көп үлес қосады.
Тұтынушыларына әлемнің түкпір-түкпіріне
қызықты да қызғылықты турлар ұсынатын
фирма туристік бизнесте өз орнын нақтылаған.
Жарнама саласына көп көңіл бөлетіндіктен
фирманың тұтынушылары өте көп. Тек қана
Қарағанды аймағының тұрғындары ғана
емес сонымен бірге еліміздің басқа да
аймақтарының тұрғындары да онлайын жүйеде
турларға тапсырыс береді.
Қорыта келгенде маған
«ALTIN KARTAL TOUR» турфирмсындағы кәсіби тәжірибем
өте қызықты болды. Кәсіби тәжірибе өту
барысында көп ақпараттар алдым, іс қағазбен
жұмыс істеуді үйрендім. Сонымен бірге
«Номад Trеvel» турфирмасы әр тұтынушыға
жоғары қызмет көрсету қызметкерлердің
жұмыс істегенін көре алдым. Әр адамға
уақыт бөліп турөнімді жақсылап жарнамалау,
қойылған сұрақтарға жауап беріп тұтынушылардың
сұранысын қанағаттандырады.
«ALTIN KARTAL TOUR» фирмасының беделінің
жоғары екендігі тұтынушылардың көптеп
келуінен байқалады. Шығу, келу және ішкі
туризм бизнесінде жемісті жұмыс атқарып
келе жатқан фирмадан тәжірибеден өту
болашақ мамандығым үшін өте маңызды.
Осыған байланысты тәжірибеден өту барысында
фирма қызметкерлерінің айтқан ақылдары
мен үйретулерін мұқият тыңдап, өзіме
қажетті мағлұматтарды мейлінше жинақтауға
тырыстым. Фирма менеджерінің жұмысы қиын
болса да қызықты екендігіне көз жеткіздім.
Қалай дегенменде «туризм» мамандығы
жиырма бірінші ғасырдың ең қажетті мамандығы
екендігіне сөз жоқ. Елімізде туризм мамандығына
деген сұраныс артып келе жатқан уақытта
осы мамандықтың білгірі болу өте маңызды.
Тәжірибеден өту барысында болашақ мамандығыма
қажетті көп нәрсе үйрендім және осы істердің
пайдасы тиетініне сенімдімін.
10
1. Тапсырысшы (турист)
- Туристтік өнімнің ақысын өз уақытында және толық көлемде жасауға және өз уақытында Турфирмаға туристік сапарды ұйымдастыруға керекті анық және жеткілікті мәліметтер мен құжаттарды беруге міндетті. Тапсырысшы туристтік өнімге төлеу жөніндегі міндеттерді бұзған жағдайда, Турфирма туристтік өнімді төлеу жөніндегі Тапсырысшы міндеттерінің бұзылғанына байланысты Турфирмада туындаған шығындарды қайтару үшін Тапсырысшыдан ақша құралдарын ұстап қалып, сапарын жоққа шығаруға құқығы бар.
- Инфекциялық және паразитарлық аурулар жөніндегі жеке профилактикалық шараларды қоса алғанда, қауіпсіздік талаптарын орындайды. Қабылдаушы шетелдік компаниялар, қонақ үйлер, әуе тасымалдаушылары, консулдық, кедендік және т.б. мекемелер тарапынан туристтерге қойылатын формаларды талаптады, шарттар мен шектеулерді, жеке және мүліктік қауіпсіздік ережелерін сақтауды міндетіне алады.
- Тиісті авиарейстің ұшу уақытына дейін 3 (үш) сағат бұрын әуежайға келеді немесе ұшу алдындағы белгіленген формалдықты және процедураларды орындауға үлгеруді есепке алуы, өзімен бірге елден шығуға, келуге, бару мақсаттары туралы керекті құжаттары болуы керек.
- Осы Келісім-шарттың шарттарын мұқият оқуға және тиісті турға шығушы туристтер оның мазмұнымен танысуға, сондай-ақ Турфирмадан алынған туристтік өнімге қарсы бар барлық ақпаратты туристтерге беруге міндетті. Туристтік сапарды сәтті жүзеге асыру мақсатында Келісім-шарт шарттарын орындауы керек.
- Туристтік өнімге кіретін барлық қызметтердің сапалы көрсетілуін талап етуге құқылы. Тез арада үшінші тұлғалар тарапынан туристтік қызметтердің осы Келісім-шартта көрсетілгендей орындалмауы немесе тиісті түрде орындалмауы туралы Турфирмаға жазбаша түрде ақпарат беруге міндетті.
- Тапсырысшы (турист) қонақ үйден кеткенге дейін номердегі минибарды қолданғаны үшін есепшотты, телефондық сөйлесулер, басқа да қонақ үйдің қосымша қызметтерін төлеуді міндетіне алады.
- Визалық қолдау көрсету кезінде тапсырысшыға ескерту жасалғанда, керек кезде консулдық туристтің уақытша болатын еліне бару ниетін дәлелдеуде виза ресімдеу (авиабилет, сақтандыру, ваучер, және т.б.) үшін талап ету мүмкін. Шет мемлекет консулдығының келу визасын беруден бас тартумен байланысты келген нақты шығындар Тапсырысшының есебіне жүргізіледі.
- Осы Келісім-шарт бойынша туристтерді тасымалдау тасымалдаушының ережелері бойынша (әуе компаниясы және басқалар) орындалады. Туристтің билеті тасымалдаушымен келісім-шарт болып табылады, тасымалдаушының ережесі бойынша тасымалдау жөніндегі барлық жауапкершілікті тасымалдаушы өз мойнына алады. Тапсырысшыға чартерлік авиабилеттер мен қайтарымсыз тарифы бар жиі рейстердің авибилеттерінің құны, турдың бас тарту мерзіміне қарамастан қайтарылмайды
11
- Тапсырысшының (туристтің) баратын елдегі заңдарды немесе ғұрыптарды білмеуі оны бұзған кезде жауапкершіліктен босата алмайды. Гид немесе бірге жүруші адам заңнаманы талқылау жөніндегі маман болып табылмайды және заңға қайшы әрекеттеріне немесе барған елдегі туристердің әрекетсіздігіне байланысты жауапкершілігіне қатысы жоқ.
- Тапсырысшы (туристік) Турфирмадағы тур басталу кезіндегі тур бойынша ресімделген құжаттарды (авиабилеттер,сақтандыру, ваучерлер, визасы бар шетелдік төлқұжат), алуы мүмкн, ерекше жағдайда, белгіленген жеке жағдайларда, құжаттарды беру әуежайдан ұшу кезінде жүргізілуі мүмкін.
- Тапсырысышы (турист) туристтік қызметті жүргізетін тұлғаға, келісім-шартты орындаудан бас тарту туралы хабарламаға дейін қызметтер үшін шығындарын төлеген жағдайда саяхатты бастағанға дейін келісім-шартты орындаудан бас тартуға құқылы.
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Тапсырысшының (туристтің) Турфирманың келісім шартты тиісті түрде орындамаған салдарынан туындаған шығындар мен моральдық зиянды өтеуге құқығы бар.
- Сондай-ақ тапсырышының (туристтің) келесілерге құқығы бар:
- жеке қауіпсіздігі немесе мүлкіне қауіп төнген жағдайда, консулдыққа, дипломатиялық, басқа мемлекеттік, сондай-ақ туристтік өкілдіктерге хабарласуға;
- уақытша барған еліндегі келу ережелері туралы, сондай-ақ уақытша болған елден (орыннан) шығарды, уақытша болған елдің (орынның) заңнама ерекшеліктері, жергілікті тұрғындардың әдеп-ғұрыптары, діни салттары, ерекше күзеттегі қасиетті орындары, табиғм ескерткіштері, тарихы, мәдениеті мен туристтік көрсетілімнің басқа нысандары туралы, қоршаған ортасының күйі туралы керекті және анық ақпарат алуға;
- қозғалыс еркіндігі, уақытша болу еліндегі шектеу шараларын есепке ала отырып, туристтік ресурстарға еркін қол жеткізу;
- бекітілген сақтандыру (сақтандыру полисі) келісім-шартына сәйкес шұғыл медициналық көмек алуға;
- шетелдік туристтерге құқықты және басқа көмек түрлерін алуда Қазақстан Республикасы мемлекеттік билігінің органдарына көмектесуге;
- қолда бар байланысқа туристтердің кедергісіз кіруі.
- Саяхат жасау кезінде, транзитті қоса алғанда, туристтің міндеті:
- Уақытша болатын елдің (жердің) заңнамасын сақтау;
- Қоршаған ортаны сақтауға, уақытша болатын елдегі (жердегі) табиғи ескерткіштерге, тарихқа және мәдениетке сақтықпен қарауға;
- Уақытша болатын елдегі (жердегі) келу және болу, сондай-ақ уақытша болу елінен (жерінен) шығуға және транзиттік жолдағы ережелерін сақтауға;
- Саяхат кезінде жеке қауіпсіздік ережелерін сақтауға;
- Саяхат жасау кезіндегі туристтердің қауіпсіздік шаралары мен өзін-өзі ұстаудың басқа ережелері бар «Турист жарнамасында» жазылған талаптармен танысуға және бұлтарапсыз орындауға.
Туристтердің басқа міндеттері
болатын елдің (жердің) заңнамасымен
анықталады.
12
- Туристтік өнімнің құны мен төлеу тәртібі
- Турфирма тұру жағдайына, көрсетілетін қызметтердің кешеніне, олардың көлеміне және сапасына байланысты туристтік өнімнің құнын білгілейді. Туристтік өнімнің жалпы бағасы осы Келісім-шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын туристтік жолдамасында (Брондау Парағы) көрсетіледі.
- Тапсырысшы туристтік өнімді алу кезінде туристтік өнімнің толық құнынан 100% мөлшерде қолма-қол ақысын төлеуге (дәлірек айтқанда: турдың алдыңғы сомасынан 50% мөлшерінде алдын ала ақысын жасауы және құжаттарды алу кезінде соңғы ақысын төлеуі) немесе есепшотты алу күнінен бастап үш банктік күн ішінде Турфирманың есеп айрысу шотына қолма-қол емес төлем жасауы керек.
- Осы келісім-шарт бойынша барлық есептер Қазақстан Республикасының валютасында-Қазақстандық теңгемен жүргізіледі.
- «Турфирма» бір маусымға (1 мамырдан 1 қазанға дейін Еуропа елдерінде және 1 қарашадан 1 наурызға дейін- Азия мен БАӘ елдерінде) көліктік тарифтердің, консулдық (елшілік) жинақтарының, салықтардың тұрақтылығына кепілдік бере алмайды. Тарифтердің жоғарлауы кезінде «Турфирма», сапар басталғанға дейін 5 күн ішінде кешіктірмей, «Туристке» бұл жайлы хабар бере отырып, келісім- шарт бойынша қызметтер құнын өзгертуге құқылы. «Туристтің» сапардан бас тартуы кезінде «Турфирма», «Туристке» турпакетті ресімдеу жөніндегі «Турфирманың» шығынын есептеп осы келісім-шарт бойынша алған соманы «Туристке» қайтарады. Мұнда бұрын турпакетті брондауды бекіту төлем жөніндегі міндеттердің орындалмауына байланысты кепілдік берілмейді.