Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 11:12, отчет по практике
Мен Оразхан Наурызбай, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің 4 курс студентімін, 21.05.12 – 02.06.12 мерзім аралығында «ALTIN KARTAL TOUR» турфирмасында өзімнің кәсіби іс-тәжірибемді өттім. Бұл мен үшін болашақта туризм саласы маманы ретінде үлкен сынақ болды және біраз тәжірибе жинауыма негіз болды деп айтуға болады.
Кіріспе
Негізгі бөлім
«ALTIN KARTAL TOUR» турфирмасының тарихы, атқаратын қызметі мен жалпы мінездемесі.
«ALTIN KARTAL TOUR» турфирманың құрылымы мен қауіпсіздік ережелері.
«ALTIN KARTAL TOUR» турфирмасының туризмінің негізгі түрлерін іске асыруы.
«ALTIN KARTAL TOUR» турфирмасының маркетинктік жоспары және тұтынушылармен жұмыстары.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Мен Оразхан Наурызбай, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің 4 курс студентімін, 21.05.12 – 02.06.12 мерзім аралығында «ALTIN KARTAL TOUR» турфирмасында өзімнің кәсіби іс-тәжірибемді өттім. Бұл мен үшін болашақта туризм саласы маманы ретінде үлкен сынақ болды және біраз тәжірибе жинауыма негіз болды деп айтуға болады. Практиканы өту кезінде алға қойылған міндеттер:
Практика өту барысында барлық күндері менің практика өтуіме жауапты практиканы жүргізуші болды. Ол маған әртүрлі тапсырамлар беріп, оларды орындау нәтижелерін қадағалап отырды. Практиканың бірінші күні, яғни 21.05.12ж күні 9.00 де жұмыс орнына келдім. Бұл күні мен турфирма ұжымымен, қызметкерлерімен таныстым. Олар өз мамандығының шеберлері екен. Әркім өз жұмысын тиянақты әрі ұқыпты орындайды.
Практиканы жүргізуші мені фирманың жалпы қызымет ету аясымен таныстырды. Турфирманың қызмет ету аясы кең. Ол ішкі және сыртқы туризм түрлерін іске асырады.
Іс-тәжірибені өтер алдында мен өзіме көптеген мақсаттар қойдым. Ең бастысы осы іс-тәжірибе кезінде болашақ клиенттермен дұрыс қарым-қатынас құрып, турларды сауатты әрі дұрыс ұсынып, толық қызмет көрсету болып табылады. Сонымен қатар болашақта қажет болатын барлық мағлұматтармен танысып, оларды іс-тәжірибе ретінде қолданып көру.
Осы іс-тәжірибе барысында
мен Қазақстан
Қазіргі туризм еңбекшілердің
жыл сайынғы ақылы еңбек
Қазіргі жағдайда Қазақстан үшін әлемдік туристік қауымдастықта өз орнын табудың мүмкіндігі туып отыр. Бұл мақсатқа жету үшін мемлекет осы саланы ұйымдастыру мен басқаруды өз деңгейінде жүргізуі керек. Қазақстан өзінің туристік өнімімен халықаралық нарыққа шыққанына көп уақыт болған жоқ. Сол себептен, қазақстандық туристік өнім өзінің өмір сүру шеңберіндегі енгезу кезеңінде тұр. Бұл кезеңде туристік қызметтердің сапасын көтеруге қажетті табиғи және экономикалық әлеуметтердің деңгейін көтеру керек.
Айтылған мәселелерді қорыта келе, туристік қызметтерді ұйымдастыру мен реттеу жағдайларын, туризмнің экономикалық дамудағы құндылығын, кемшіліктерін және мүмкіндіктерін бағалаудың шетелдік тәжірибесін кешенді шолу, отандық туризмді дамытудың талдамалық негіздерін жасауға мүмкіндік беретіндігін атап өтеуге болады.
Сапалы туристік қызметтерді ұйымдастыру мен туризм саласын реттеу мақсатында мемлекет деңгейінде атқарылып жатқан іс-шаралар 2007-2011 жылдарға арналған туризм саласын дамыту бағдарламасында қарастырылған. Қазақстан 2010 жылдың өзінде сыртқы туризм 2 есеге өссе, ішкі туризм 2008 жылмен салыстырғанда 19 пайызға артып, жалпы түсімі 6,5 млрд теңгеге жеткен.
1 «ALTIN KARTAL TOUR» турфирмасының тарихы, атқаратын қызметі мен жалпы мінездемесі
«ALTIN KARTAL TOUR» қоғамдық бірлестігі (бұдан әрі – «Ассоциация») коммерциялық емес ұйым болып саналады және өзінің қызметін «Қоғамдық бірлестіктер туралы», «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының өзге де нормативті-құқықтық актілеріне, осы Жарғыға (бұдан әрі – Жарғы) сәйкес жүзеге асырады.
«ALTIN KARTAL TOUR» турфирмасы Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны, Қазақ мемлекеттік аграрлық университеті, Қазақ мемлекеттік ауылшаруашылық институты, Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институты түлектері мен оқытушы-профессорлар құрамы – Қазақстан Республикасы азаматтары, шет елдік азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңнамаларына қайшы келмейтін ортақ мүдделеріне қол жеткізу мақсатында олардың кәсіби және этикалық үрдістерінің жақындығы негізінде, ерікті түрде құрылған.
Заңды мәртебесі Турфирма атауы:
Мемлекеттік тілде толық атауы – «ALTIN KARTAL TOUR» қоғамдық бірлестігі. Мемлекеттік (қазақ) тілде қысқартылған атауы - «ALTIN KARTAL TOUR» ҚБ Орыс тілінде толық атауы – Общественное объединение «ALTIN KARTAL TOUR».
Орыс тілінде қысқартылған атауы - «ALTIN KARTAL TOUR».
Турфирманың мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Қарағанды қаласы, Турфирма мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап құрылған және құқықты тұлға құқына ие болған болып саналады. Турфирма заңды тұлға ретінде жеке мүлікке иелік етуге құқылы, осы мүлікпен өз міндеттері бойынша жауап береді, мүліктік және өзге де құқық алуға құқығы бар, міндеттері бойынша жауап береді, сотта жауапкер және талапкер бола алады.
Турфирма мүшелері берген мүлік Турфирманың жеке меншігі болып табылады. Турфирма меншігіне берген мүліктеріне Турфирма мүшелері құқықтарын сақтамайды. Турфирма мүшелері Турфирма міндеттері бойынша, ал Турфирма мүшелерінің міндеттері бойынша Турфирма жауап бермейді.
Турфирма дербес бухгалтерлік есеп жүргізуге, белгіленген тәртіпте банкте есеп-шот, сонымен бірге валюталық есеп ашуға құқылы. Турфирманың дөңгелек мөрі, штампы, өз атауымен бланкісі және өзге де сәйкес визуалдық жабдықтары болады.
Турфирманың, толық құқықтық қабілеті болғандықтан Қазақстан Республиканың заңнамасына қарама-қайшы келмейтін өзінің жарғылық қызметінің міндеттері мен мақсаттарына сәйкес кез келген шешім қабылдауына және кез келген іс-әрекет жасауына, заңнамалар құқық беретін барлық мүмкіншіліктерді пайдалануға құқылы.
«ALTIN KARTAL TOUR» турфирманың жарнамасы ретінде ғимараттар, құрал-жабдықтар және өзге де материалдық құндылықтар, бағалы қағаздар, мүліктік және мүліктік емес құқықтар, сонымен бірге интеллектуалдық жеке меншік түрі, ақша бола алады.
2 «ALTIN KARTAL TOUR» турфирмасының құрлымы мен қауіпсіздік ережелері
«ALTIN KARTAL TOUR» турфирмасының мекеме құрылымына келсек бас басқарушы және екі менеджерден, ондағы есептік операцияларды жүргізетін екі бухгалтерлер қызмет жасайды.
«ALTIN KARTAL TOUR» турфирмасының құрамын былай көрсетуге болады.
1 Сурет. «ALTIN KARTAL TOUR» турфирмасының басқару құрылымы
Менеджмент ішкі өмірмен және сыртқы ортаның ара қатынасымен байланысты ұйымда болып жететін әр түрлі үдерістерді қамтитын күрделі құбылыс болып табылады. Сондықтан менеджмент қандай үдерістерге көңіл аударатынына байланысты әрбір көз қарас қарастырылуы мүмкін.
«ALTIN KARTAL TOUR» турфирмасының басқаруын қарастырғанда келесі амалдар ең мәнді болып табылады: фирма ішінде болып жатқан үдерістерді көз-қарасынан ұйымның сыртқы ортамен арақатынасы тұрғысынан және осы қызметті жүзеге асыру үдеріс ретінде ұйымды басқаруды қарастырады.
Фирма жетекшілері әрбір қызметкер көз-қарасына көңіл аударып, олардың білдіріп жатқан пікірлеріне құрметпен қарау принциптерін ұстанады.
Фирма кез-келген кәсіпрпынның кәсіпкерлік жігерлігін танытатын тәуекелділікке бел байлау позициясын қолданады.
Сол мақсатта көптеген жаңашылдықты қажет етіп, қызметкерлермен жиі кездесіп тұрады. Олардың әрбір жаңа ойларын ортаға салып, толықтырып, іріктеп, тиімді не тиімсіз жақтарын бөліп көрсетеді. Сонан соң шешім қабылдайды.
Шешім дегеніміз – ақылдасу мен орындаудың соңғы актісі. Ол мүмкін альтернативтердің ішінен нақты іс-әрекет бағытын таңдап алуды анықтайды.
Фирма басшылары саясатты өңдеумен айналысады қызметкерді іріктеу, оның біліктілігін арттыру және адаптациясы, компания мамандарының сапасының өсуі.
Бұл жерде жоғары білімді адамдар жұмыс атқарады. Бөлім жетекшісі туристтік бизнестегі жұмысты атқаруға лайық тәжірибесі мол адам.
Фирма басшылығы қазіргі кезде барлық ұйымдар қолдануға болады деп есептейтін басқару қызметі түрлерінің бірігуіне негізделіп қабылданған амалдардың барлығын (жоспарлау, ұйымдастыру, жетекшілік, ынталандыру, бақылау) дерлік ұйым қызметкерлерімен бірге талқылай отырып жүзеге асырады.
Қазіргі уақытта фирма 20 әлем елдерінде туристтер жіберіп, индивидуалды және топтық туризмді ұйымдастырып, экзотика сүюшілерге арнайы туризмді ұсынып, шет елдерге қызметін және ғылыми симинарлар, балалар мен жастарға сауықтыру турларын, сонымен қатар жанұялық демалысты ірі курорттарда өткізуді ұйымдастырады.
Фирма жетекшілері мен әріптестері жігері Қазақстан және оның азаматтарының жағдайы үшін туризмнің серпінді дамуына бағытталған.
Жалпы осы фирманың басқа туристік фирмамен, қонақ үйлермен байланысын келісім-шарттары, демалушыға деген қызмет көрсету арқылы жұмыс істейді.
Туристік фирманың міндетті түрде лицензиясы мен сертификаты болуы керек. Бұл маңызды құжаттармен туристің танысуына заңды құқы бар.
Турфирмамен келісім шарт еркін түрде болуы мүмкін. Бір жерлерде классикалық келісім шарт жасалады, енді біреулер ваучер немесе (топтық немесе жеке) жолдама береді. Алайда қалай болғанда да туристік қызметте негізгі қызмет түрлерінің кешені (сақтандыру, қонақ үй, көлік, тамақтану) болуы тиіс. Мұның бәрі келісім шартта турфирма туралы (лицензия,нақты атауы,мекеме жайы, телефоны,банктік реквизиттер, тураператорлар туралы және т.б ақпарат) толық ақпарат болуы тиіс. Барлық мәліметтер қатесіз жазылуы керек. Келісім шартта, сонымен бірге турфирма клиенттің төлқұжаттық мәліметтері мен координаторы көрсетілуі тиіс, қандайда бір жағдай бола қалған жағдайда турагент сізбен еш қиындықсыз байланыса алады.
«ALTIN KARTAL TOUR» Турфирмасына бірінші барған күні фирма директоры мекемедегі техника қауіпсіздіктермен таныстырды.Онда компьютерді қалай қосып-өшіру керектігін көрсетті. Және де электр сымдарына абай болу керек екенін айтып отырды. Компьютерді жұмыс істеп болғаннан кейін міндетті түрде сөндіріп қою қажеттігін, компьтердің алдында міндетті түде кактус гүлін қойып қою көзге қауіпсіз екенін ескертті. Бөлмеден шығарда бөлменің терезелерін жауып, бөлмедегі электр жарығын сөндіріп кету керектігін айтты. Мен өзіме тиесілі жұмыстарды техника қауіпсіздігін сақтай отырып жұмыс істедім.
Техника қауіпсіздік шараларымен танысу. Сонымен жалпы алғанда мына техника қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет:
- Есептеуіш техника бөлмесінде әрбір қызметкер қауіпсіздік техникасының ережесін қатаң тәртіпте орындау керек.
- Электр тогымен зақымдалған қызметкерге алғашқы көмек көрсете білу керек.
- Электр тогымен зақымдалған кезде тезірек тоқты өшіріп, зақымдалған адамды сымнан босату керек.
- Егер демалысы тоқтап қалған болса, онда дәрігер шақырып жасанды тыныс алу жәрдемін көрсету керек. Ол минутына 16-18 рет бірқалыптыөту
Бұл мекемеде мен көбінесе Microsoft Word – пен, Microsoft Excel жұмыс жасадым. Мекемнің бухгалтерлік бөлімінде жұмыс жасап, Төлемдік ақы не екендігін, онымен қалай жұмыс жасау қажет екендігінен, мекемесінің қандай банктермен жұмыс жасайтындығынан толыққанды мәлімет алдым. Жалпы Төлем ақыға келер болсақ, бұл көрсетілген соманы бенефициар пайдасына ақшалар жіберушінің оған қызмет көрсететін қабылдаушы-банкке ақшаны берерде бірнеше банктермен жұмыс жасайды екен, яғни олар: «БТА Банкі», «КазкоммерцБанк», тағы сол секілді бірнеше банктер тізімі.
Информация о работе Отчет по практике на примере «ALTIN KARTAL TOUR»