Халыкты элеуметтик коргау

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2012 в 17:37, дипломная работа

Краткое описание

Сақтандыру қызметінің мақсаты әртүрлі апаттардың, күтпеген жағымсыз құбылыстардың нәтижесінде сақтанушыға тиген зияндар мен залалдарды өтеу жеке және заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау болып табылады. Сақтандыру нарығы осы сақтандыру қызметінің тауар ретінде айналатын орны болады, мұнда сақтандыру қорының қалыптасу және қолдану қатынастары еркін бәсекелестік пен дербес таңдау бастамалары негізінде өрлейді.

Оглавление

КІРІСПЕ ...........................................................................................................
1 ҚАРЖЫЛЫҚ МЕХАНИЗМДЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК САҚТАНДЫРУДЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ…...........................................................................
1.1 Әлеуметтік сақтандыру түсінігі, қызметі, рөлі мен міндеттері.............
1.2 Әлеуметтік сақтандыру механизмінің негіздері, формалары................
1.3 Қазақстан Республикасындағы міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі................................................................................................................
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК САҚТАНДЫРУДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ.............................
2.1 Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік сақтандырудың нормативтік-құқықтық негіздері.....................................................................
2.2 Қазақстан Республикасында әлеуметтік сақтандырудың ағымдық жағдайын талдау...............................................................................................
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК САҚТАНДЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАСЫ.........................................................................................
3.1 Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясат үлгісінің ерекшеліктері....................................................................................................
3.2 Әлеуметтік сақтандыру жүйесінің даму бағыттары..............................
ҚОРЫТЫНДЫ ................................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ...............................................

Файлы: 1 файл

диплом.doc

— 797.50 Кб (Скачать)

- пайдаға ие болушы – Заңға сәйкес сақтандыру төлеміне ие болатын тұлға.

Жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру келісім-шартын жасау сақтандырушының (жұмыс берушінің) міндеті болып табылады.

Жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру келісім-шарты міндетті сақтандырудың аталмыш түрін сақтандыруды жүзеге асыруға лицензиясы бар сақтандырушы мен жұмыс берушінің арасында жасалуы тиіс.

Келісім-шарт он екі айға жасалады, егер жұмыс берушінің қызметі он екі айдан кем уақытта жүзеге асырылса, келісім-шарт сол қызметтің жүзеге асырылу мерзіміне сай жасалады.

Жұмыс берушінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру келісім-шартын бекіту негізі сақтандырушының өтініші болып табылады. Келісім-шарт сақтандырушының жұмыс берушіге сақтандыру полисін беру жолымен жазбаша түрде жасалады.

Сақтандыру келісім-шартын жасай отырып, жұмыс беруші сақтандырушы ұйымға жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру келісім-шартында бекітілген мөлшерде, тәртіппен және мерзімде сақтандыру сыйақысын төлеуі және оның барлық құжаттарының сақталуын қамтамасыз етуі тиіс.

Жұмыс берушінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру келісім-шарты бойынша берілетін сақтандыру сыйақысының мөлшері жұмыс берушінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру келісім-шарты бойынша анықталған сақтандыру сомасына сақтандыру тарифіне көбейтілген негізде екі жақтың келісімімен анықталады.

Сақтандыру тарифінің ең төменгі және максималды мөлшері кәсіби қауіп пен тұлға санатының 22 класы бойынша дифференцияланған. Кәсіби қауіп класына экономикалық қызмет түрлерін қатыстыру тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметімен анықталады.

Жүктілік пен бала тууға байланысты төленетін әлеуметтік төлем.

Жүктілік пен бала тууға байланысты және баланың бір жасқа дейінгі кезеңіндегі демалыстағы қызмет ететін әйелдер үшін 2008 жылдан бастап әлеуметтік сақтандырудың Мемлекеттік қорынан бөлінетін қаржы есебінен жүзеге асырылатын жүктілікті, бала туу мен аналарды міндетті сақтандыру енгізілген. Барлық жұмыс істейтін әйелдерге – жүктілік пен бала тууға байланысты барлық демалыс күндеріне орташа айлық жалақы мөлшерінде жүктілік пен бала туу бойына әлеуметтік төлем төленеді; Әлеуметтік төлем бір рет төленеді және ол әйелдің соңғы он екі айда тапқан табысының орташа мөлшерінде тағайындалады. Қалыпты босанған жағдайда орташа айлық табыс 4,2 коэффициентке көбейтіледі, ал ауыр босанған жағдайда және екі немесе одан да көп бала туған жағдайда орташа айлық табыс 4,7 коэффициентке көбейтіледі. Ядролық сынақтар өткізілген өңірлерде тұратын әйелдер үшін 5,7 және 6,2 коэффициенттер қолданылады. Жаңа туған баланы асырап алған жағдайдағы коэффициент 1,9 құрайды.

Нәресте күтімі үшін төленетін әлеуметтік төлем.Бала күтіміне төленетін әлеуметтік төлем ай сайын төленеді және әйелдің соңғы 24 айдағы орташа табысының қырық пайызы мөлшерінде тағайындалады. Бұл ретте әлеуметтік төлемнің ең жоғарғы мөлшері ең төменгі еңбек ақының он еселенген мөлшерінің қырық пайызынан аспау керек, ал әлеуметтік төлемнің ең кіші ері бала күтіміне төленетін мемлекеттік жәрдемақы мөлшерінен кем емес мөлшерде тағайындалады.

Қорытындылай келе, әлеуметтік сақтандырудың негізделген жүйесі – бұл әлеуметтік әділеттілікті қатамасыз ету мен саяси тұрақтылықты қалыптастырудағы алғышарттардың бірі болып табылады. Оның мәні мен мазмұны міндеттерімен, принциптерімен, мақсаты және рөлімен,  сонымен қатар механизмі мен формаларымен анықталады.

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ  ӘЛЕУМЕТТІК САҚТАНДЫРУДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ

 

2.1 Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік сақтандырудың нормативтік-құқықтық негіздері

 

 

Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы әлемдік қоғамдастықта танылған негізгі адам құқықтарының бірі. Ол біздің әрқайсымызды дүниеге келген сәттен бастап өміріміздің соңына дейін жетелейді.

Қазақстандық азаматтардың ең төменгі мөлшердегі еңбек-ақыға және зейнетақыға, жасы келгенде әлеуметтік қамсыздандырылуына, ауырған, мүгедектікке ұшыраған, асыраушысынан айырылған және басқа да заңдық негіздерде мұқтаж болған жағдайда оған Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепілдік қамтамасыз етіледі, онда Қазақстанда:

1) неке және отбасы, аналық, әкелік және балалық мемлекеттің қорғауында болады;

2) балаларға және оларды тәрбиелеуге қамқорлық ата-ананың табиғи құқығы және міндеті болып табылады;

3) еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата-аналарына қамқорлық жасауға міндетті;

4) ерікті әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік қамсыздандырудың қосымша нысандарын жасау және қайырымдылық көтермеленіп отырады, деп жазылған.

Конституция нормаларын және «Барлық қазақстандықтардың гүлденуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатын жақсарту» Стратегия-2030 міндеттерін жүзеге асыруға сәйкес еліміздегі мемлекеттік саясаттың басты басымдықтары адам капиталын дамыту және халықтың өмір сапасы мен оның деңгейін арттыру болып табылады. Осы мақсаттарды жүзеге асыратын әлеуметтік бағдарламалар, ең алдымен, жұмыспен қамтуды сақтауға, табыстар деңгейін арттыруға, халықтың әлжуаз жіктерін барынша әлеуметтік қорғауға бағытталған.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері нарықтық қоғамдық қатынастарға жауап бере алатын халықты әлеуметтік қорғаудың өз жүйесі құрылуда. Нарықтық экономииканың айырмашылығы әр адамның өз өмірі жағдайын қалыптастыруға жауапкершіліктің жоғары дәрежесі болып табылады. Әр адамның өмірінде оның өмір сүруіне қауіп туғызатын жағдайлар пайда болуы мүмкін, оны әркім өзі жеңе алмайды. Осыған байланысты нарықтық экономика жағдайындағы әлеуметтік қорғаудың белгілі бір нысаны жұмыс жасайтын халықтың әлеуметтік тәуекелдерін әлеуметтік сақтандыру болмақ.
2005 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда міндетті әлеуметтік сақтандыру енгізілді, онда әлеуметтік тәуекелдер пайда болғанда жұмыс жасайтын азаматтарды әлеуметтік қорғаудың қосымша деңгейі қамтамасыз етілген.
Міндетті әлеуметтік сақтандыруды қаржыландырудың көзі төлеушілер (жұмыс берушілер және (немесе) дербес жұмыс істейтін тұлғалар) өздері жалға алған қызметкерлері үшін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына (Қор) есептелген әлеуметтік аударымның 5 пайызы мөлшерінде төлейтін ай сайынғы әлеуметтік аударымдары болып табылады. Бұл жағдайда төлеушілер үшін мемлекеттік бюджетке төленетін әлеуметтік салық сомасы жұмыскерлер үшін төленген әлеуметтік аударымдар сомасына азайтылады. Егер ай сайынғы міндетті зейнетақы жарналары нақты жұмыскердің еңбекақысынан ұсталып, ол Жинақтаушы зейнетақы қорына аударылатын болса, онда ай сайынғы әлеуметтік аударымдар нақты жұмыскердің еңбекақысынан ұсталмайды, Қорға жұмыс берушінің қаражаттарынан төленеді.

Қазақстанның міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі алғашқы кезеңде әлеуметтік тәуекелдердің үш түрін қамтыды, атап айтқанда, бұлар – еңбекке қабілетін жоғалтуы, асыраушысынан айырылу және жұмысынан айырылуы. 2008 жылдан бастап Мемлекет басшысының 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» халыққа Жолдауы ауқымында бала мен ананы қорғау үшін жүкітілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне орай кірісін жоғалтуына байланысты әлеуметтік төлемдер алу енгізілді. Көрсетілген әлеуметтік тәуекелдер пайда бол-ғанда міндетті әлеуметтік сақтандыруға қатысушылар соңғы 24 күнтізбелік айда төлеушілер әлеуметтік аударымдар жасаған болса (бұл кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзіліс бол-ғанына қарамастан) әлеуметтік тәуекелдер басталған күннен Қордан әлеуметтік төлемдер алуға құқылы.

Тұтастай алғанда материалдық қамтамасыз етілмеуі тәуекелін өндірістік жарақат немесе кәсіби ауруы оқиғасы басталуының ықтималдығы ретінде анықтауға болады. Бұл тәуекелдер жалпы сипатта болады. Бірақ та олардың ерекшелігі, олар барлық сақтандырушылар үшін, барлық халық үшін бір мезетте басталмайды. Сонымен қатар әлеуметтік-экономикалық жағдайларға байланысты тәуекелдер болады, олар мысалға инфляция, дефолт, және т.б. барлық халық үшін бір мезгілде басталуы мүмкін. Мұндай тәуекелдер әлеуметтік сақтандырумен қамтылмайды.

Халықты әлеуметтік қамтудың шынайы сақтандыру жүйесін құру үшін маңызды және қажетті шарт сақтандырылушыларды материалдық қамтамасыз етуге сақтандыру төлемдерінің нақты функцияларын анықтау болмақ.
Өз кезегінде бұл олардың шамасын, шарттарын, нысандарын және сақтандыру төлемдерін төлеу тәртібін белгілеудің әдістемесінің негізін құрайды.
Халықаралық еңбек ұйымы түрлі жағдайларға (кәрілік, денсаулық жағдайы, асыраушысынан немесе жұмысынан айырылу) байланысты экономикалық белсенді бола алмайтын және лайықты ақы төленетін еңбекке қатысу арқылы өзін кіріспен қамти алмайтын азаматтардың белгілі бір әл-ауқаты деңгейі мен қажетті игіліктерге қолжетімділіктің белгілі бір деңгейін қамтамасыз ету мәселелерінің әлеуметтік қорғау жүйесінде маңыздылығын айқындайды.
Қордан төленетін әлеуметтік төлемдердердің мөлшері міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының кірісі шамасына және сақтандыру өтіліне тікелей байланысты. Осыған байланысты төлеу-шілердің (жұмыс берушілер және өздерін еңбекпен қамтушылар) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына жұмыскерлер үшін төленетін ай сайынғы міндетті әлеуметтік аударымдарды дер кезінде және толық көлемінде төлеп отыруы әлеуметтік тәуекелдер туындаған кезде жұмыскерлердің лайықты мөлшерде әлеуметтік төлемдер алуға мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді.

Қазақстанның міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің көрсеткіштеріне талдау нәтижесі міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар саны мен Қордан әлеуметтік төлемдер алушылар саны өсіп отырғанын көрсетеді.

2008-2009 жылдардағы әлеуметтік төлемдер сомасының өсуі 2005 жылы жұмыс жасайтын әйелдер үшін жүктілігі, бала тууы және аналық міндетті әлеуметтік сақтандыруды енгізумен байланысты. Отбасын әлеуметтік қорғау демографияға ықпал ететін факторлардың бірі. Егер бұрын әйел жүктілігі мен бала тууы, баланы 1 жасқа толғанға дейінгі күтуі бойынша демалыста болған кезде жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатыспаған болса, енді оның зейнетақы жинақтауы жалғасады, өйткені Қордан тағайындалған әлеуметтік төлемдерден 10 пайыз міндетті зейнетақы жарналары ұсталып әлеуметтік төлем алушының жинақтаушы зейнетақы қорына аударылады.

Сөйтіп, жұмыс істейтін әйел жүктілігі мен бала тууы бойынша (туғанға дейін және одан кейінгі) еңбекке уақытша жарамсыздық қағазын алғаннан кейін Қордан жүктілігі мен бала тууы бойынша әлеуметтік төлем тағайындауға өтініш береді. Көрсетілген әлеуметтік төлем мөлшері әлеуметтік аударымдар нысаны ретінде есептелген соңғы 12 күнтізбелік айдағы орташа табысына байланысты болады. Бала туғаннан кейін әйел Қордан баланың бір жасқа толғанға дейінгі күтімі үшін әлеуметтік төлем тағайындалуы үшін өтініш береді, оның мөлшері бала туған күнге дейінгі соңғы 24 күнтізбелік айдағы әлеуметтік аударымдары жасалған орташа айлық табысының 40 па-йызын құрайды. Сонымен қатар көрсетілген әлеуметтік төлемнің мөлшері жұмыс істемейтін әйелдер үшін тағайындалатын осындай мемлекеттік жәрдемнің мөлшерінен кем болмауы тиіс.

Қазақстан әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыспен байланысты пайда болған елеу-лі қауіптерге қарамастан әлеуметтік көмек пен балалы отбасыларды қолдаудың тиімділігі мен атаулы болуын күшейту бойынша шаралар қабылдағанын атап өту қажет. Осындай шаралардың бірі 2010 жылғы қаңтардан бастап төртінші және және одан көп бала үшін біржолғы жәрдемнің мөлшерін 30-дан 50-ге дейінгі ең төменгі айлық есептік көрсеткішке дейін (АЕК) көбейтілуін атауға болады. Жәрдем мөлшері 70 650 теңгені құрайды. Бұдан басқа, баланы бір жасқа дейінгі күтіміне ай сайынғы жәрдем мөлшері алғашқы балаға – 5-тен 5,5 АЕК-ке (7 773 теңге); екінші балаға – 5,5-тен 6,5 АЕК-ке (9 185 теңге); үшінші балаға – 6-дан 7,5 АЕК-ке (10 598 теңге); төртінші және одан көп балаға – 6,5-тен 8,5 АЕК-ке (12 011 теңге) өсті.

Жоғарыда аталып өткен шаралардың артықшылықтарына қарамастан демографиялық проблемаларды шешу әйелдердің нақты кірісін арттыруға ғана байланысты емес, оларды балабақшалармен, емханалармен қамтамасыз ету, кейіннен еңбекке орналастыру мүмкіндігін арттыру мәселелерін шешу кепілдіктерін арттыруға байланысты.

Сондықтан да Мемлекет басшысының 2010 жылғы «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында алдағы онжылдықтың маңызды міндеттерінің бірі Қазақстанның барлық азаматтарының өмір деңгейін және сапасын жақсарту, әлеуметтік тұрақтылық пен қорғалуын нығайту деп көрсетілді.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру қоғамның тұрақты дамуының маңызды әлеуметтік кепілдіктерінің бірі болып табылатынын атап өту қажет, өйткені кез келген елдің 50 пайыздан астам еңбекке қабілетті халқының мүддесін қорғайды.

Сондай-ақ әлеуметтік саясат жөніндегі шараларды жүзеге асыруда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры Зейнетақы және әлеуметтік қорлар Халықаралық қауымдастығының мүшесі бола отырып, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері жетекші әлеуметтік институттарының тануына ие болды. Қор егемен Қазақстанның көп деңгейлі әлеуметтік қорғау жүйесінің маңызды элементі бола отырып, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін насихаттауға белсене қатысуда.

Өткенге көз жүгіртсек, егемендік алған алғашқы жылдар кедейшілік пен жұмыссыздық проблемасының шиеленісуімен ерекшеленді. 1998 жылы ауыл халқының жартысына жуығы және қала халқының үштен бірінің табысы кедейлік шегінен төмен болды. Зейнетақылар мен жәрдемақылар бойынша мемлекеттің берешегі 36 млрд. теңгеге жетті. Алайда тәуелсіздіктің сол алғашқы қиын жылдарында-ақ билік халықтың өмір сүру деңгейінің төмендеуінің алдын алу және әлеуметтік қолдау шараларымен қатар, ұзақ мерзімді әлеуметтік даму басымдықтарын қалыптастырды. Мәселелер қордаланып, халықтың мазасы қашқан тұста Қазақстан Республикасының Конституциясы елімізді әлеуметтік бағдарлы мемлекет деп жариялады.

Қазақстандықтардың денсаулығын, білімі мен әл-ауқатын арттыру шаралары дер кезінде қабылданған “Қазақстан-2030” Стратегиясының ұзақ мерзімді басымдықтарының бірі болып белгіленді. Осы орайда республиканың экономикалық қалыптасуының күрделі кезеңдерінің өзінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Бізге әлеуметтік саясаттың тұтас тұжырымдамасы қажет” дегенін атап көрсе­ту орынды. Сондықтан да ел басшылығы бұрынғы жүйенің бүгінгі жағдайға сәйкес келмейтінін ескеріп, нарықтық экономика талаптарына жауап беретін әлеуметтік қорғаудың жаңа үлгісін жасауға бел буды. Міне, араға уақыттар салып, артымызға қараған сәтте өткен жылдар нәтижелерінің жаңа үлгінің өміршеңдігін дәлелдегеніне және халықаралық сарапшылар тарапынан жоғары баға алғанына куә болып отырмыз.

Мемлекет өз азаматтарына маңызды әлеуметтік игіліктерге жалпы қолжетімділік пен сапаны қамтамасыз ететін ең негізгі деген әлеуметтік стандарттарға кепілдік береді.

Информация о работе Халыкты элеуметтик коргау