Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2012 в 17:37, дипломная работа
Сақтандыру қызметінің мақсаты әртүрлі апаттардың, күтпеген жағымсыз құбылыстардың нәтижесінде сақтанушыға тиген зияндар мен залалдарды өтеу жеке және заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау болып табылады. Сақтандыру нарығы осы сақтандыру қызметінің тауар ретінде айналатын орны болады, мұнда сақтандыру қорының қалыптасу және қолдану қатынастары еркін бәсекелестік пен дербес таңдау бастамалары негізінде өрлейді.
КІРІСПЕ ...........................................................................................................
1 ҚАРЖЫЛЫҚ МЕХАНИЗМДЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК САҚТАНДЫРУДЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ…...........................................................................
1.1 Әлеуметтік сақтандыру түсінігі, қызметі, рөлі мен міндеттері.............
1.2 Әлеуметтік сақтандыру механизмінің негіздері, формалары................
1.3 Қазақстан Республикасындағы міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі................................................................................................................
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК САҚТАНДЫРУДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ.............................
2.1 Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік сақтандырудың нормативтік-құқықтық негіздері.....................................................................
2.2 Қазақстан Республикасында әлеуметтік сақтандырудың ағымдық жағдайын талдау...............................................................................................
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК САҚТАНДЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАСЫ.........................................................................................
3.1 Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясат үлгісінің ерекшеліктері....................................................................................................
3.2 Әлеуметтік сақтандыру жүйесінің даму бағыттары..............................
ҚОРЫТЫНДЫ ................................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ...............................................
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ..............................
1 ҚАРЖЫЛЫҚ МЕХАНИЗМДЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК САҚТАНДЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ….................... 1.1 Әлеуметтік сақтандыру түсінігі, қызметі, рөлі мен міндеттері............. 1.2 Әлеуметтік сақтандыру механизмінің негіздері, формалары................ 1.3 Қазақстан Республикасындағы міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі........................
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК САҚТАНДЫРУДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ........................ 2.1 Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік сақтандырудың нормативтік-құқықтық негіздері..................... 2.2 Қазақстан Республикасында әлеуметтік сақтандырудың ағымдық жағдайын талдау........................
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК САҚТАНДЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАСЫ................. | 4
7 7 15
23
30
30
37
48
48 55 60
63
|
КІРІСПЕ
Сақтандыру қызметінің мақсаты әртүрлі апаттардың, күтпеген жағымсыз құбылыстардың нәтижесінде сақтанушыға тиген зияндар мен залалдарды өтеу жеке және заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау болып табылады. Сақтандыру нарығы осы сақтандыру қызметінің тауар ретінде айналатын орны болады, мұнда сақтандыру қорының қалыптасу және қолдану қатынастары еркін бәсекелестік пен дербес таңдау бастамалары негізінде өрлейді.
Сақтандыру нарықтық экономикананың үздіксіздігін, тоқтаусыздығын және теңгерлігін қамтамасыз етудің қаржылық механизмі ретінде қоғамдық ұдайы өндірісінің макроэкономикалық пропорцияларының оңтайлауына жағдай жасайды. Кәсіпорындар мен халықты тәуекелдерден қорғануын қамтитын, ірі табиғатты немесе техногенді апаттар кезінде одан жақсы таптырмас қаражат көзіне айналар сақтандыру жүйесі өз қатысушыларына көптеген жағымды әсер көрсетуде. Сақтандыру секторы (әсіресе өмірді ұзақ мерзімді сақтандыру) «ұзын» ақша көзі ретінде тұрақты инвестициялық сипаты арқылы ұлттық экономикаға циклдік тербелістерде бір қалыпты, жоғары экономикалық өсу қарқынын ұстауға мүмкіндік береді. Сондықтан дамыған елдерде сақтандыру әжептеуір даму деңгейімен, әсіресе өмірді жинақтаушы сақтандырудың маңыздылығының көтеріңкі деңгеймен сипатталады
Әлемдік даму аренасына қадам басқан кез келген мемлекет өз қоғамының мүшелерінің барлық қажеттіліктерін қанағаттандырып, жаңа биік белестерге қадам басуға әрекет жасайды. Бүгінгі таңда әлеуметтік мемлекет болып табылатын көптеген әлем мемлекеттері үшін әлеуметтік саясаттың айқын басым бағыттарын анықтап, салиқалы әлеуметтік саясат жүргізу, халықты әлеуметтік қорғаудың өзіндік моделін қалыптастыру стратегиялық маңызы бар мәселе болып отыр. Әлеуметтік саясаттың басым бағыттарын анықтау арқылы мемлекет ең алдымен негізгі халықтың қажеттіліктерін анықтап, саясатты сол арнаға бағыттайды. Демек, тиімді тетіктерін табу арқылы қоғамның әр түрлі топтарына, таптарына, әсіресе әлжуаз әлеуметтік қорғауды қажет ететін топтарын әлеуметтік қорғаумен қамтамасыз етеді. «Әлеуметтік саясат» ұғымын теориялық-методологиялық талдау бұл саланың ғылыми негіздемесін орнықтырады. Ал әлеуметтік саясаттың негізі әлеуметтік қорғаудан бастау алса, әлемнің көптеген мемлекеттерінде халықты әлеуметтік қорғаудың модельдері қалыптасып үлгерді. Осы тұста Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау жүйесінің әлем елдерінің озық тәжірбиесі негізінде өзіндік моделін жасап келеді. Десек те, қоғам түрленіп, нарық құбылып өзгерген сайын Қазақстанның да басқа мемлекеттер сияқты әлеуметтік саясатын жетілдіріп отыруы заңды құбылыс болып табылады. Әлеуметтік мемлекеттің қалыптасуы мен дамуы азаматтық қоғам, демократия, гумманизм, құқықтық мелекет, еркіндік пен теңдік мәселелерімен тығыз байланысты.
Қазақтан Республикасындағы қазіргі жағдайдағы сақтандыру нарығын динамикалық түрде жаңа қалыптасып келе жатқан, енді ғана қомақты қор жинауға бет алған жүйе ретінде сипаттауға болады. Сақтандыру қызметтері екі жақты түп негізіне ие, яғни олар бір уақытта тұтынушылық та, қаржылықта қызметтері болып келеді. Ұсынылатын сақтандыру қызметінің мақсаты клиенттің талаптарын қанағаттандыруға бағытталған. Сақтандыру қажеттілігінің оң қабылдауының қоғамдағы болмауы, ықтимал тұтынушылардың негізгі көпшілігінің төмен төлем қабілеттілігі, сақтандыру қорғанысының әлі де буынының бекімеуі, жеткілікті сақтандыру қорының қалыптаспауы нарықтағы жұмыс істейтін сақтандыру компаниялары алдында өз жұмысының нәтижелілігін тұрақты жоғарылату, компания қызметінің барлық жақтарын жетілдіру мақсатын қатаң жағдайларға қояды. Сақтандыру компанияларынының жұмысының нәтижелілігін жоғарылатудың негізгі бағыттары болып табылатындар: клиенттің талаптарын барынша жоғары дәрежеде ескеру, жаңа сақтандыру өнімдерін өңдеу және нарыққа шығару, сақтандыру өнімдердің сату жүйесін жетілдіру, сақтандыру маркетингі жүйесін жетілдіру.
Олар экономика жағдайына, еңбек нарығына, қоғамның демографиялық даму шарттарына т.б. факторларға байланысты болады. Мысалы, экономиканың құрылымдық қайта құрылуы, халықтың табысындағы дифференциацияның өсуі, ұзақ мерзімді демографиялық өзгерістер, халықтың өмір сүру ұзақтығының өсуі – осы және басқа да бірқатар мәселелер әлеуметтік сақтандыру институттарының экономикалық, құқықтық және ұйымдастыру тетіктерін одан әрі жаңартуды қажет етуі мүмкін.
Осының бәрі әлеуметтік қорғау мемлекеттің монополиясы болуды тоқтатып және көпсубьектілі сипат ала бастағанын көрсетіп отыр. Оның субьектілері мемлекеттен басқа (Үкімет және жергілікті атқарушы органдар) жұмыс берушілер, қызметкерлердің өздері, қоғамдық ұйымдар, бюджеттен тыс мекемелер мен бірлестіктер, қайырымдылық қорлары, коммерциялық ұйымдар – демеушілер, жекелеген меценаттар.
Әлеуметтік қорғау – бұл мемлекеттің қамқорлығы деп ойлау, бүгінгі шындыққа жауап бермейді. Сонымен қатар ол тек қана жұмысшылар мен жұмыс берушілердің және мемлекеттің бірігіп күш салуының арқасында ғана тиімді болуы мүмкін.
Қазақстандағы әлеуметтік қорғаудың жаңа жүйесінің негізгі мақсат-міндеттері экономикалық өсуді қолдаудың элементтерін: әлеуметтік қатер туған жағдайда қосымша қорғауды ұсынады.
Қазақстанның тәуелсіздік алуымен тарихи қысқа мерзім ішінде нарықтық қоғамдық қатынастарға тең болатын өз өмірінің жағдайын қалыптастыруға деген әр бір адамның жауапкершілік деңгейінің артуына септігін тигізетін халықты әлеуметтік қорғаудың өзіндік жүйесі қалыптасуда.
Қазақстан ТМД елдері ішінде құрамына жаңа туған баладан бастап жасы ұлғайға адамға дейін қамтитын еліміздегі халықты әлеуметтік қорғаудың көп деңгейлі жүйесіне жоспарлы түрде көшуді бірінші болып бастады. Халықты әлеуметтік қорғау жүйесі жұмыс істейтін халықтың, қарттардың, аз қамтылған отбасылардың, мүгедектердің алдында жауаптылықты сезінетін ынтымақтастық жүйесінің элементтерін құрайды. Еліміздегі жұмыспен қамтылған халық өздеріне лайықты кәрілікті қамтамасыз ететін жинақтаушы зейнетақы жүйесіне де қатысады. Еңбек ету қабілетінен айрылу, асыраушысынан айрылу, жұмысынан айрылу қатерлерінен, бала тууына байланысты және ол бір жасқа толғанша уақытша табысынан айрылу жағдайын сақтандыру «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ (бұдан әрі – Қор) қаржысынан жүргізіледі.
Қоғамдағы әлеуметтік топтар мен барлық қазақстандықтардың әлеуметтік жағдайын үнемі жақсартып отыру мемлекеттік саясаттың алға қойған мақсаттарының бірі және ол ел Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына арнайтын Жолдауында да ерекше атап көрсетіледі. Дипломдық жұмыстың өзектілігі осымен айқындалады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты халықты әлеуметтік қорғаудағы сақтандырудын маңыздылығын анықтау болып табылады.
Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттер шешілуі тиіс:
- әлеуметтік сақтандырудың теориялық аспектілерін қарастыру;
- Қазақстан Республикасы сақтандыру әлеуметтік сақтандыру жүйесін зерттеу;
- Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік сақтандырудың жағдайын талдау;
- әлеуметтік сақтандыру бойынша қызметті реттейтін заңнаманы қарастыру;
- Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік сақтандыру қызметін болашақта жетілдіру жолдарын анықтау.
Зерттеу объектісі болып Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік сақтандырудың жағдайы табылады.
Зерттеу пәні - Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік сақтандырумен байланысты әлеуметтік-экономикалық қатынастардың жиынтығы.
Дипломдық жұмыстың теориялық негізі ретінде қарастырылатын мәселелер бойынша шетел және басты қазақстандық ғалым-экономисттердің ғылыми еңбектері пайдаланылды, тәжірибелік аспектілерін ашып көрсету үшін ҚР заңнамалық және нормативті актілері, Қаржылық нарықты және қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау бойынша Агенттігінің, ҚР Ұлттық Банкінің статистикалық мәліметтері қолданылды.
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК САҚТАНДЫРУДЫҢ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ
1.1 Әлеуметтік сақтандыру түсінігі, қызметі, рөлі мен міндеттері
Қоғамның дамуының объективті факторларының бірі, бұл өздерінің белгілі себеппен қоғамдық жұмысқа қатыспайтын, және өз күнін еңбекақы арқылы көре алмайтын тұлғаларды материалды қамтамасыз ету қажеттілігі болып табылады. Еңбекке қабілетсіз немесе түрлі себептермен оны іске асыра алмайтын қоғам мүшелерін асырауға құрылған валдық өнімнің қоғам, арнайы мұндай мақсаттарға бағытталған бөлігі қолданылады. Тауарлы-ақшалы қатынастарды жүйелеу шартында, бұл қоғамдық өнімнің бөлігі белгілі ақша қорларының құрылуы мен қолдануы арқылы қолданылады.
Берілген тұлғаларды материалдық қамтамасыз етуге арналған ақша қаражаттары қоры қатынастар жүйесі арқылы құрылып шығындалады, және бұл әлеуметтік сақтандыру болып табылады.
Әлеуметтік сақтандыру жүйе секілді мемлекет арқылы реттеледі, капитализм кезінде құрылып, оның дамуының объективті талаптары мен қажеттіліктерін көрсетеді. Кейіндегі әлеуметтік сақтандырудың орны мен рөлі мәнді түрде өседі, бұл деген талап етілетін қызмет көрсетулердің саны мен сапасының көбеюін және олардың құнының өсуімен байланысты мемлекеттің әлеуметтік қызмет шегінің кеңеюін білдіреді.
Әлеуметтік-саясаттық аспектіде әлеуметтік сақтандыру қартайған кездегі, ауырған жағдайда, толық немесе бөлшекті еңбек қабілеттілігін жоғалтқан жағдайда немесе туғаннан болмауы, асыраушыдан айырылып қалған жағдайда, жұмыссыздық кезіндегі материалдық қамтамасыздығына азаматтардың конституциялық құқығын іске асыру тәсілін ұсынады. Алынатын қаражаттар мөлшері еңбек стажының көптігіне, еңбек төлеміне, еңбек қабілеттілігін жоғалту дәрежесі мен мүгедеттілігіне байланысты болады және әрекет ететін заңдылықпен реттеледі.
Әлеуметтік сақтандыру ұйымы келесі негізгі қағидаларға сүйенеді. Әлеуметтік сақтандыру бойынша азаматтарды бүкіл жалпы қамтамасыз ету, сонымен қатар, бөлігінің көбі кәсіпорын, ұйымдар мен мемлекеттің қаражаттарынан болып, жалпы тұлғалардың, еңбек коллективтерінің және жалпы қоғамның талаптары әлеуметтік сақтандыру қаражаттарын қолдану кезіндегі келісулері, ақырғыларды еңбекшілер ұйымы арқылы бақылау. Әлеуметтік сақтандыру өзін өзі басқарудың баствмасынан құрылады, басқа қоғамдық ұйымдардың сәйкес мақсаттық қорларын құру мен қолдануындағы професионалдық одағының белсенді рөлін болжайды.
Әлеуметтік сақтандырудың маңызды мақсаты еңбек ресурстарын өндіру үшін қажетті жағдайларды құру болып табылады.
Біріншіден, әлеуметтік сақтандыру қорынан ұсынылған материалдың қамтамасыздығы, медициналық қызмет көрсету қоғамның еңбекке қабілетсіз мүшелеріне еңбек қабілеттілігін қайта құруына көмектеседі және оларды түрлі саладағы және халықтық шаруашылығындағы сферасындағы белсенді қызметіне оралуына көмектеседі. Мүгедекті тіркеу, оларға қоғамды пайдалы жұмыспен айналысуға мүмкіндік туғызуы сол сияқты жұмыспен қамтылуды қамтамасыз етеді, мемлекеттің сәйкес әлеуметтік бағдарламаларын қаржыландыру көздеріне деген жүктемесін жеңілдетеді. Зейнеттік қамтамассыздандыру келесі түрде құрылады, бұл деген, зейнеттік жастағы тұлғалар арқылы қатысты түрде еңбек ресурстарының кеңейтіліне қол жеткізу, кңбекке қабілетті азаматтардың ұрпақтарының ауысымға келуі, оны нақты салалар бойынша территориялар, экономика сферасы бойынша орналастыру.