Халыкты элеуметтик коргау

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2012 в 17:37, дипломная работа

Краткое описание

Сақтандыру қызметінің мақсаты әртүрлі апаттардың, күтпеген жағымсыз құбылыстардың нәтижесінде сақтанушыға тиген зияндар мен залалдарды өтеу жеке және заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау болып табылады. Сақтандыру нарығы осы сақтандыру қызметінің тауар ретінде айналатын орны болады, мұнда сақтандыру қорының қалыптасу және қолдану қатынастары еркін бәсекелестік пен дербес таңдау бастамалары негізінде өрлейді.

Оглавление

КІРІСПЕ ...........................................................................................................
1 ҚАРЖЫЛЫҚ МЕХАНИЗМДЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК САҚТАНДЫРУДЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ…...........................................................................
1.1 Әлеуметтік сақтандыру түсінігі, қызметі, рөлі мен міндеттері.............
1.2 Әлеуметтік сақтандыру механизмінің негіздері, формалары................
1.3 Қазақстан Республикасындағы міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі................................................................................................................
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК САҚТАНДЫРУДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ.............................
2.1 Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік сақтандырудың нормативтік-құқықтық негіздері.....................................................................
2.2 Қазақстан Республикасында әлеуметтік сақтандырудың ағымдық жағдайын талдау...............................................................................................
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК САҚТАНДЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАСЫ.........................................................................................
3.1 Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясат үлгісінің ерекшеліктері....................................................................................................
3.2 Әлеуметтік сақтандыру жүйесінің даму бағыттары..............................
ҚОРЫТЫНДЫ ................................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ...............................................

Файлы: 1 файл

диплом.doc

— 797.50 Кб (Скачать)

Әлеуметтік сақтандыру тәуекелінің келесі түрлері бар:

медициналық көмекті алу қажеттілігі;

уақытша еңбекке қабілетсіздік;

еңбектік жарақаттар мен кәсіби аурулар:

ана болу;

мүгедектік;

қартаю;

асыраушыдан айырылу;

жұмыссыздық;

сақтандырылған тұлғаның өмірден кетуі немесе оның қарауындағы жанұя мүшелерінің еңбекке қабілетсіздігі.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру бойынша қатынастар келесі жағдайларда пайда болады:

-       сақтанушылар  - жұмыс берушілерде — жұмысшымен  еңбектік келісімге отырған сәттен барлық әлеуеттік сақтандырулар бойынша; сақтандырушыда тіркелген сәттен;

-       сақтандырушыда — сақтанушыны тіркеген сәттен;

-       сақтандырылған тұлғаларда — жұмыс берушымен еңбектік келісімге отырған сәттен барлық әлеуеттік сақтандырулар бойынша;

-       өзін жұмыспен қамтамасыз ететін тұлғаларда — сақтандыру жарналар төлеген кезден бастап.

Елімізде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің енгізілуіне байланысты құрылған Міндетті әлеуметтік сақтандыру қорының (бұдан әрі – Қор) құрылғанына биыл алты жыл толып отыр.

Нақты бір қызметтерді атқарған ерекше әлеуметтік сақтандыру жүйесі кеңес уақытында да болған. Алайда ол кейбір сыртқы және формальді белгілерімен ғана сақтандыру болды, мысалы ол арқылы уақытша еңбекке жарамсыздығы жөніндегі параққа төленді, өндірістегі бақытсыз жағдайларға, кәсіби ауруларға немесе басқа да бір жағдайларға байланысты жәрдемақылар ресімделді. Өзіндік мәні жағынан бұл жүйе әлеуметтік сақтандыру емес әлеуметтік қамсыздандыру болды. Сақтандыру ол әлеуметтік немесе коммерциялық болғанына қарамастан маңызды принципке негізделуі қажет, яғни төленген жарналарға сәйкес болуы керек [5].

Біздің мемлекетіміздің әлеуметтік саясаты елімізде әлеуметтік қорғаудың мықты жүйесін құруға бағытталған. 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты 2005 жылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында үшдеңгейлі әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік реформаның тереңдетілген үш жылдық бағдарламасы жүзеге асыру басталғанын атап өткен болатын.

Халықты әлеуметтік қорғаудың екінші деңгейі болып табылатын міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі біздің елімізде 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілді және әлеуметтік бағыттағы мемлекеттік шығындардың елеулі кеңейгенін дәлелдеді. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін қаржыландыру жұмыс берушілер мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғалардың Қорға төлеген әлеуметтік аударымдарынан тұрады және оларға салық жүктемесінің көбеюін болдырмау үшін төленетін әлеуметтік аударымдар сомасына әлеуметтік салық мөлшері төмендетілген.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін енгізу мақсатында құрылған Қор бірден бір құрылтайшысы және қатысушысы мемлекет болып табылатын акционерлік қоғам нысанындағы коммерциялық емес ұйым. Қор әлеуметтік аударымдарды шоғырландырып, әлеуметтік тәуекел туған жағдайға қатысты міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға әлеуметтік төлем төлеуді жүргізеді.

Қазіргі уақытта Қор әлеуметтік тәуекелдің үш түрі бойынша – еңбек ету қабілетінен айрылу, асыраушысынан айрылу және жұмысынан айрылу бойынша төлем жүргізеді. Осылайша, жұмыс істейтін зейнеткерлерден басқа, кәсіпорындарда және меншіктің барлық түрлеріндегі ұйымдарда, сонымен қатар жеке еңбек қызметімен шұғылданатын өзін-өзі жұмыспен қамтыған барлық тұлғалар, егер олар үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілсе олар еңбек ету қабілетінен айрылған, асыраушысынан айрылған және жұмысынан айрылған жағдайда Қордан әлеуметтік төлемдер алуға құқылы.
Сақтандырудың негізгі принципін сақтау мақсатында – төлемдер жарнаға байланысты болатындықтан әлеуметтік аударымдарды есепке алу жеке әлеуметтік код негізінде дербес жүргізіледі. Әлеуметтік төлемдер мөлшері міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының қатысу өтіліне және орташа айлық табысына байланысты болады. Сонымен бірге төлеушілердің әлеуметтік аударымдарды уақытында және тұрақты төлеуі әлеуметтік төлемдердің мөлшеріне әсер етеді. Яғни жұмыс беруші заңды қаншалықты орындаса нақты адамға тағайындалған әлеуметтік төлемнің мөлшері соған байланысты болады.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қолданысқа енген кезінен бастап 2010 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жүргізілген әлеуметтік төлемдердің сомасы 44 849 000 мың теңгені құрады.

-  2009 жыл бойынша Қордан 756 533 алушыға әлеуметтік төлемдер жүргізілді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауында қазақстандықтардың өмір сапасын арттыруға ерекше көңіл аударылды. Осылайша Жолдауда айтылған Президенттің тапсырмасына сәйкес Қордан әйелдердің жүктілігіне, босануына және бір жасқа дейінгі бала күтіміне әлеуметтік төлемдер жүргізіледі. Мұндай төлемдерді алуға ол үшін жұмыс беруші әлеуметтік аударымдар жүргізген, сонымен қатар өзін-өзі жұмыспен қамтыған өзі үшін әлеуметтік аударымдар төлеген жұмыс істейтін әйелдер құқылы.

Әлеуметтік төлемдердің маңызды бөлігінің Қорға берілуіне байланысты әйелдердің жүктілігі, босануы және бала туғаннан кейінгі бірінші жылы барлық қаржылық міндеттемелер «Міндетті әлеуметтік сақтандыру» Заңымен кепілдендіріледі, және бұл кейбір жұмыс берушілердің жүкті әйелдерге деген кемсіту, тежеу сияқты қатынастарынан қорғайды.

Әйелдердің жүктілігі, босануы және аналық кезеңін міндетті әлеуметтік сақтандыруға енгізуге байланысты бізге Қордың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету және алушылар алдындағы өз міндеттерімізді орындау мақсатында әлеуметтік қамсыздандыру бойынша бірқатар заңнамалық және нормативті құқықтық актілерге өзгерістер енгізу мәселелерін шешу қажет.

Сонымен қатар қосымша қызметттердің жүктелуіне байланысты Қордың бұдан әрі қарқынды дамуы үшін бізде жаңа мүмкіндіктер ашылатын болады. Мемлекеттің ана мен баланы қорғауға бағытталған әлеуметтік саясаты қоғамның жағдайы мен оның қарқынды дамуының болашағын айқындайды. Бүгін ана мен бала құқығын қорғай отырып, біз өз болашағымызды қорғаймыз.
 

 

1.2                  Әлеуметтік сақтандыру механизмінің негіздері, формалары

 

 

Қазақстанның тәуелсіздік алуымен нарықтық қоғамдық қатынастарға тең болатын халықты әлеуметтік қорғаудың өзіндік жүйесі қалыптасуда. Өз өмірінің  жағдайын қалыптастыруға деген әрбір адамның жауапкершілік деңгейінің артуы еліміздегі нарықтық экономиканың ерекшелігі болып табылады. Қоғамдағы әрбір адамның өзінің өміріне қауіп төндіретін және ол ондай жағдайды жалғыз өзі түзете алмайтын жағдайлар да болатынын атап өткен жөн. Осыған байланысты әлеуметтік сақтандыру нарықтық экономика жағдайында жұмыс істейтін халықты әлеуметтік қатерден  әлеуметтік қорғау нысандарын айқындайды.

Әдетте әлеуметтік қатерлердің  мынадай белгілері болады:

Біріншіден, экономикалық. Оған:

- экономикалық дағдарыс, қайта құрылу өндірісті оңтайландыру, экономикалық қайта құрылу нәтижесінде жұмыс күшін ұсыну мен сұраныстың сәйкес келмеуі себебінен еңбек ету қабілетінен айрылу қауіпі;

-  жұмыс берушілердің қолайлы еңбек жағдайын жасап қауіпсіздік техникасын қамтамасыз етуге қаражат жұмсауға ынтасыздығының салдарынан кәсіптік ауру, өндірістік жарақат алуға байланысты еңбек ету қабілетінен айрылу. Мұндай жағдайларда қатердің себебі қызметкердің өзіне байланысты болмайды.

Екіншіден, кейбір қатерлер уақытша еңбек ету қабілетінен айрылу және зейнеттік жасқа жетуіне байланысты жағдайлардың туындауына да тікелей байланысты.

Материалдық қамтамасыз етілмеу қатерін   кәсіптік ауру, өндірістік жарақат алу мүмкіндігінің туындауы деп те қарастыруға болады.  Мұндай қатерлер жалпы сипат алады. Бірақ оның ерекшелігі бұл қатердің сақтандырылған барлық халыққа бір мезгілде туындамайтындығы.барлық халыққа бір мезгілде туындайтын қатерлер де бар, мысалы: инфляция, дефолт және т.б. Мұндай қатерлер әлеуметтік сақтандырылуға жатпайды. Сонымен қатар әлеуметтік – экономикалық жағдайлармен тығыз байланысты [6].

Халықты әлеуметтік қорғауда сақтандырудың  қажетті және маңызды жүйесін құру сақтандырылғандарды материалдық қамтамасыз ету мақсатында сақтандыру төлемдерінің нақты қызметін анықтау болып табылады.

Өз кезегінде бұл олардың көлемін, нысанын және сақтандыру төлемдерін төлеудің тәртібін белгілеудің әдістемелік негізін құрайды.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар үшiн төленетін әлеуметтік аударымдарды есептеу ай сайын жүргiзiледi.
Бұл ретте, әлеуметтік аударымдарды есептеу үшiн ай сайынғы табыс тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленетiн ең төмен жалақының он еселенген мөлшерiнен аспайтын мөлшерде алынады.

Жұмыс берушінің қызметкерге кiрiстер түрiнде төленетiн шығыстарын есептеу, әскери қызметшілердiң, iшкi iстер органдары, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi, қаржы полициясы және өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң ақшалай үлестерiн жұмыс берушiнiң қызметкерлерге кiрiс түрiнде төлейтiн шығыстарына қоса отырып, Қазақстан Республикасының Салық кодексінде (бұдан әрi - Салық кодексi) көзделген тәртiппен жүргiзіледi.

Жалдамалы қызметкерлердiң еңбегін пайдаланатын заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке кәсіпкерлердiң, жеке меншiк нотариустар мен адвокаттардың шығыстарына қызметкерге ақшалай немесе заттай нысанда төленетін кiрiстер, оның iшiнде материалдық, әлеуметтiк игіліктер немесе өзге де материалдық пайда түрiнде алынған кiрiсті қоса алғанда, сондай-ақ бiр жолғы төлемдерден (еңбекақы төлеу бөлiгiнде) алынған кiрiсi жатады.

Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес арнайы салық режимiн қолданатындарды қоспағанда, жеке кәсiпкерлер, сондай-ақ жеке меншік нотариустар мен адвокаттар үшiн олардың алатын кiрiсi әлеуметтік аударымдарды есептеу объектiсi болып табылады. Бұл ретте әлеуметтiк аударымдар есептеу үшiн ай сайынғы кiрiс ең төмен жалақының он еселенген мөлшерiнен аспайтын мөлшерде алынады.

Салық кодексінiң 144-бабының 1), 3), 10), 11), 15-17), 23), 25), 26), 27), 29), 31-1), 34) тармақшаларымен және 316-бабы 1-тармағының 4-6) тармақшаларымен белгіленген кiрiстерден Қорға әлеуметтiк аударымдар төленбейдi.

Осылайша жеке тұлғалардың мынадай табыстарынан әлеуметтік аударымдар төленбейді:

-       мемлекеттік бюджет қаржысынан төленетін жәрдемақылар мен өтемақылар, атаулы әлеуметтік көмек;

-       жеке тұлғаның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды қайтару;

-       ұрақты жұмысы жолда өтетiн немесе жүрiп-тұру сипатында болатын не қызмет көрсететiн учаскелер шегiнде қызмет бабындағы сапарлармен байланысты жағдайларда;

-       экологиялық апат немесе ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғауға төленетiн төлемдер;

-       көрсетілген медициналық қызметке, бала туған кезде, жерлеу үшін берілетін төлемдер;

-       қызметтік іссапарлар кезінде төленетін өтемақылар;

-       қызметкер ұйымымен бiрге басқа жерге жұмысқа ауысқан не көшкен кездегi жол жүруi, мүлкiн көшiруi, үй-жай жалдауы бойынша құжатпен расталған шығындардың өтемдерi;

-       дала жағдайында геологиялық-барлау, топографиялық-геодезиялық және iздестiру жұмыстарымен шұғылданатын қызметкерлердiң далалық жабдықталым ақшасы;

-       жұмыс берушiнiң қызметкерлердi өздерiнің өндiрiстiк қызметiне байланысты мамандық бойынша оқытуға және бiлiктiлiгiн арттыруға бағытталған шығыстары;

-       жұмыс берушінің вахталық әдiспен жұмыс iстейтiн адамдарға өндiрiс объектiсiнде болу кезеңiнде жұмыстарды орындауы мен ауысымаралық демалысы үшiн жағдай жасай отырып, олардың тұрмыс-тiршiлiгiн қамтамасыз ету үшiн тұрғын үй жалдауына және белгiленген тәулiкақы шегiнде тамақтануға арналған шығыстары; қызметкерлердi жұмыс орнына дейiн және керi қарай жеткiзуге байланысты шығыстар;

-       жүктi болғанда және босанғанда берiлетiн әлеуметтiк жәрдемақылар, сондай-ақ ұл бала немесе қыз бала асырап алған әйелдерге (еркектерге) берiлетiн әлеуметтiк жәрдемақылар;

-       берiлген арнаулы киiмнiң, арнаулы аяқкиiмнiң, басқа да жеке қорғану және алғашқы медициналық көмек құралдарының, сабынның, зарарсыздандыру құралдарының, сүт немесе құндылығы соған тең басқа да емдеу-профилактикаға арналған азық-түлiк өнiмдерiнiң құны;

-       он алты жасқа толмаған балалар үшін балалар лагеріне жолдамалардың құны;

-       өз қызметкерлерiн мiндеттi және (немесе) жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша жұмыс берушi төлейтiн сақтандыру сыйлықақыларының сомалары;

-       жұмыс берушінің қызметін тоқтатқан немесе таратылған жағдайда жеке еңбек шарты бұзылған жағдайда, штат санының қысқаруында немесе әскери қызметке шақырылғанда берілетін өтемақылар;

-       пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін жұмыс берушінің қызметкерге беретін өтемақысы;

-       жинақтаушы зейнетақы қорларына қызметкерлердің міндетті зейнетақы жарналары Кейбір төлем түрлерінен басқа әлеуметтік салықты есептеу обьектісі мен әлеуметтік аударымдар обьектісінің арасында айырмашылық барына назар аударған жөн.

Осылайша әлеуметтік аударымдар табыстың мына түрлерінен ұсталады:

-       әскери қызмет міндеттерін атқарған кезде әскери қызметшілерге, белгіленген тәртіппен арнайы атақ берілген, оны қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты алған ішкі істер органдарының, қаржы полициясының қылмыстық-атқару жүйесi органдары мен мекемелерiн және мемлекеттік өртке қарсы қызметтің қызметкерлеріне берілетін төлемдердің барлық түрі;

Информация о работе Халыкты элеуметтик коргау