Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2012 в 17:37, дипломная работа
Сақтандыру қызметінің мақсаты әртүрлі апаттардың, күтпеген жағымсыз құбылыстардың нәтижесінде сақтанушыға тиген зияндар мен залалдарды өтеу жеке және заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау болып табылады. Сақтандыру нарығы осы сақтандыру қызметінің тауар ретінде айналатын орны болады, мұнда сақтандыру қорының қалыптасу және қолдану қатынастары еркін бәсекелестік пен дербес таңдау бастамалары негізінде өрлейді.
КІРІСПЕ ...........................................................................................................
1 ҚАРЖЫЛЫҚ МЕХАНИЗМДЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК САҚТАНДЫРУДЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ…...........................................................................
1.1 Әлеуметтік сақтандыру түсінігі, қызметі, рөлі мен міндеттері.............
1.2 Әлеуметтік сақтандыру механизмінің негіздері, формалары................
1.3 Қазақстан Республикасындағы міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі................................................................................................................
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК САҚТАНДЫРУДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ.............................
2.1 Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік сақтандырудың нормативтік-құқықтық негіздері.....................................................................
2.2 Қазақстан Республикасында әлеуметтік сақтандырудың ағымдық жағдайын талдау...............................................................................................
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК САҚТАНДЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАСЫ.........................................................................................
3.1 Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясат үлгісінің ерекшеліктері....................................................................................................
3.2 Әлеуметтік сақтандыру жүйесінің даму бағыттары..............................
ҚОРЫТЫНДЫ ................................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ...............................................
Сурет 1. Әлеуметтік қорғаудың үш деңгейлі жүйесі
Бірінші деңгей – Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепілдендірілген әлеуметтік төлемдер, яғни қоғамның дамуына азаматтың қосқан жеке үлесін есепке алмай бірдей деңгейде барлық азаматтарға беретін төлемдер (базалық зейнетақы төлемі, мемлекеттік жәрдемақы, бала тууына/бала күтіміне берілетін бір реттік төлемдер);
Екінші деңгей – міндетті зейнетақы жарналары есебінен төленетін зейнетақы төлемдері мен «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ төленетін әлеуметтік төлемдер, яғни азаматтардың қоғамның дамуына қосқан жеке үлестерін ескере отырып қосымша әлеуметтік қамсыздандыру.
Үшінші деңгей – ерікті сақтандыру есебінен әлеуметтік төлемдер.
Бүгінгі күні әлеуметтік сақтандыру жүйесі Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық қатынастардың маңызды және қажетті элементтерінің бірі болып отырғанын атап өткен жөн. Республикадағы міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің негізін айқындайтын заңнамалық база жасалған. Сақтандырудың басқа түрлерінен (мүлікті, көлікті және т.б. сақтандыру) оның принципті айырмашылығы, ол еңбек қызметіне араласа алмауы себепті материалдық қамтамасыз етілмеуден азаматтарды қорғауды қамтамасыз етеді. Сондықтан, әлеуметтік сақтандырумен ең бірінші өмір сүрудің негізгі көзі еңбек ақысы немесе табысы болып табылатын өз еңбегі арқасында өмір сүріп жүрген жалдамалы жұмысшылар қамтылған.
Осылайша міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі деп мемлекет белгілейтін және кепілдік беретін міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар арасындағы қатынастарды реттейтін нормалар мен ережелер жиынтығын айтамыз.
Міндетті әлеуметтік сақтандырудың негізгі принциптері:
1) міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтаудың және орындаудың жалпылығы;
2) әлеуметтік төлемдермен қамтамасыз ету үшін қолданылатын мемлекет кепілдік берген шаралар;
3) әлеуметтік сақтандыру жүйесіне міндетті қатысу;
4) әлеуметтік қатер туған жағдайда әлеуметтік төлемдер төлеу үшін әлеуметтік аударымдарды пайдалану;
5) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға әлеуметтік қатер туған жағдайда әлеуметтік төлем төлеу міндеттілігі;
6) міндетті әлеуметтік сақтандыруды қамтамасыз етуші мемлекеттік органдар қызметінің жариялылығы.
Қазақстандағы міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі жүйеге қатысушыларды, яғни республикадағы жұмыспен қамтылған халықты әлеуметтік қорғаудың қосымша түрі болып табылады. 2005 жылдан бастап міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға әлеуметтік қатер туған жағдайда әлеуметтік төлем төлеу жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыз қатысуымен құрылған «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қор немесе МӘСҚ) қаржы ресурстары есебінен жүргізілуде.
Бұл ретте МӘСҚ қаржылық ресурстары «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен белгіленген мынадай ставкалар бойынша төлеушілер төлейтін, Қорға аударылған әлеуметтік аударымдарды шоғырландыру және әлеуметтік салықты қайта бөлу жолымен қалыптастырылады:
2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап - әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсiнен 1,5 пайыз;
2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап - әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсiнен 2 пайыз;
2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап - әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсiнен 3 пайыз;
2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап - әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінен 4 пайыз;
2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап - әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінен 5 пайыз.
Әлеуметтік аударымдар жүргізілген және әлеуметтік қатер туған жағдайда әлеуметтік төлемдер алуға құқы бар заңды тұлғалар міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар болып табылады.
Әлеуметтік аударымдарды есептеуді және төлеуді жүзеге асыратын жұмыс берушілер немесе өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғалар (өзін өзі жұмыспен қамтыған оларға табыс әкелетін жеке кәсіпкер, жеке нотариус, адвокат) әлеуметтік аударымдарды төлеушілер болып табылады.
Қор негізгі қызметін өз міндеттері бойынша өз активтерімен жауап беретін сақтандыру ұйымдары сияқты сақтандыру принциптері арқылы жүзеге асырады.
МӘСҚ мемлекеттің бюджет жүйесіне кірмейді және бюджеттен тыс ұйым ретінде құрылған. Қор қызметінің айқындаушы сәті коммерциялық емес, әлеуметтік мақсат болып табылады: міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне (бұдан әрі - МӘСЖ) қатысушыларға әлеуметтік қатер туған жағдайда әлеуметтік төлем төлеуді жүргізу. Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі № 405-ІІ Қазақстан Республикасының Заңына (13.12.04ж. және 20.12.2004 ҚР Заңдарымен енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен) сәйкес міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне жұмыс iстейтiн зейнеткерлердi қоспағанда, қызметкерлер, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын және Қазақстан Республикасының аумағында табыс келтiретiн қызметтi жүзеге асыратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қоса алғанда, өзін-өзi жұмыспен қамтыған адамдар жатады. Зейнеткерлік жасқа жеткен, не «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы Қазақстан Республикасы Заңының 9 және 60-баптарында көрсетілген әскери қызметте еңбек еткен Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан зейнетақы алатын тұлғалар зейнеткерлер болып табылады. Жоғарыда айтылғандар бойынша зейнеткерлік жасқа жетпеген жұмыс істейтін мүгедектер немесе әскери қызметте еңбек етпеген тұлғалар ай сайын Қорға әлеуметтік аударымдарды есептеп төлеп тұруы қажет.
Осы Заңда белгiленген тәртiппен әлеуметтiк аударымдарды есептеудi және Қорға төлеудi жүзеге асырушы жұмыс берушi немесе өзiн-өзi жұмыспен қамтыған адам;
1. Арнайы салық режимін қолданушылардан басқа, төлеушi Қорға әлеуметтiк аударымдарды Орталықтың банк шоты арқылы жүзеге асыру жолымен есептi айдан кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрмей төлейдi.
2. Арнайы салық режимін қолданатын төлеуші әлеуметтік аударымдарды Қазақстан Республикасы Салық кодексімен белгіленген мерзімде жүргізеді.
Жұмыс iстейтiн зейнеткерлердi қоспағанда, қызметкерлер, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын және Қазақстан Республикасының аумағында табыс келтiретiн қызметтi жүзеге асыратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қоса алғанда, өзін-өзi жұмыспен қамтыған адамдар міндетті әлеуметтiк сақтандырылуға тиiс.
Өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушыға, ал асыраушысынан айрылған жағдайда оның асырауында болған отбасы мүшелерiне осы Заңға сәйкес әлеуметтiк төлемдер алу құқығын беретiн, Қорға төленетiн осы Заңда белгіленген мiндеттi төлемдер;
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар:
- төлеуші;
- өзі үшін әлеуметтік аударымдар аударылған міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы;
- алушы;
- Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РМҚК;
(ЗТМО);
- "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" АҚ (МӘСҚ);
- Қазақстан Республикасының Үкіметі;
- Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі;
- басқа да уәкілетті органдар.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру – жұмыс істейтін (жұмыс істеген) халықты міндетті әлеуметтік сақтандыру есебінен әлеуметтік төлемдер жүргізілетін халықты әлеуметтік қорғаудың екінші деңгейі.
Әлеуметтік сақтандыру төлемдері жұмыс берушінің міндетті әлеуметтік аударымдарынан жүргізіледі. Бұл жағдайда әлеуметтік қамсыздандыру әр бір адамның сақтандыру жүйесіне қатысуының ұзақтығына және мөлшеріне байланысты болады.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру келесі жағдайларда төленеді.
- Еңбек ету қабілетінен айрылуы;
- Асыраушысынан айрылуы;
- Жұмысынан айрылуына байланысты шыққан табыс бөлігін қайтару үшін ұйымдастырылатын, бақыланатын және мемлекет кепілдік беретін шаралар жиынтығы;
- Жүктілігі және босануы;
- Нәресте күтімі үшін;
Заңға сәйкес, Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне кіретін жеке тұлғаларға 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорына бөлінген төлем иелері жатады. Егер жұмысшы заңды тәртіппен әлеуметтік бөлінуге жататын болса, онда әлеуметтік қауіп төнген кезде оған әлеуметтік төлем төленеді.
Әлеуметтік төлемге тағайындалу үшін өтініш жазу арқылы мекен-жай бойынша зейнетақы төлейтін Мемлекеттік орталықтың территориялық бөлімшелеріне баруы керек.
Еңбек ету қабілетінен айрылукезінде төленетін әлеуметтік төлем.
Егер медициналық-әлеуметтік сараптама еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесін белгілесе, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыдан басқа Сіз еңбек ету қабілетінен айрылуы бойынша әлеуметтік төлемақы алуға құқылысыз. Еңбек ету қабілетінен айрылуы бойыншаәлеуметтік төлемақы мөлшері орташа еңбек ақы мөлшеріне, еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесіне және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне байланысты болады. Еңбекке жарамсыздығы үшін берілетін әлеуметтік төлем міндетті әлеуметтік сақтандыруға жататындарға, олардың жұмысының тоқталып, жалғасуына қарамастан беріледі.
Еңбекке жарамсыздығы үшін берілетін әлеуметтік төлемге тағайындалу үшін өтінішке қосымша мынадай құжаттар керек:
Жеке басының куәлігі;
Мекен-жайы туралы анықтама;
Еңбекке жарамсыздығының куәланғаны туралы мәлімет.
Әлеуметтік төлемдерді тағайындау
Асыраушысынан айрылу кезінде төленетін әлеуметтік төлем.
Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыдан басқа қайтыс (сот хабар-ошарсыз кетті деп таныған) болған адамның асырауында болған отбасы мүшелеріне асыраушысынан айрылуына байланысты әлеуметтік төлемдер тағайындалуы мүмкін. Асыраушысынан айрылуына байланысты әлеуметтік төлемдер орташа еңбек ақысына, асырауында болған адамдар санына және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне байланысты болады. Асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемге тағайындалу құқығы қаза болған тұлғаның немесе асыраушының отбасының мүшелеріне жүреді:
Асыранды балалар, 18 жасқа жетпеген немесе ересек балалар егер олар мүгедек болса, егер олардың еңбекке жарамды ата-анасы болмаса және олар ата-анасынан алимент алмаса, бұл жағдайда әлеуметтік төлемге жатады. Сонымен қатар, осы аталған тұлғалар орта жалпы, алғашқы кәсіби және жоғары білім беретін оқу орындарында білім алатын болса, оларға оқуы аяқталғанға дейін әлеуметтік төлем төленеді.
Бір жарым жасқа жетпеген баланы бағумен айналысатын ағасы, әпкесі атасы немесе әжесі олардың еңбекке жарамды, жарамсыздығына қарамастан әлеуметтік төлемге жатады.
Асыраушысынан айырылған жағдайда берілетін әлеуметтік төлемге тағайындалу үшін берілетін өтінішке мынадай құжаттар қосымша ұсынылады:
- Отбасы құрамы туралы мәлімет, жеке куәлік;
- Асыраушысынан айырылғандығы туралы, қаза болғаны немесе сотпен хабарсыз кетті деп танылғандығы туралы куәлік көшермесі;
- Қаза болған адаммен туыстық қатынасты анықтайтын құжат көшірмесі (неке туралы, қазақ болғанның баласының куәлігі т.б);
- Отбасы мүшесінің бірінің оқу орнында білім алатындығы туралы оқу орнынан анықтама қағаз;
- Мүгедектік тобының анықталғаны туралы мәлімет (асырап алынған баланың жасы 18 жетпеген немесе одан ересек, І,ІІ топ мүгедегі деп танылғандар);
- Ата-анасының қарауынсыз қалған балаға төленетін төлем.
Ата-ананың қарауынсыз қалған балаларға, міндетті әлеуметтік сақтандыруға жататындарға Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес әр айырылған ата-ана үшін асырап алушыға әлеуметтік төлем беріледі.
І,ІІ топтағы бала шағындағы мүгедектер
І,ІІ топтағы бала шағындағы мүгедектерге мүгедектік бекітілген мерзімнен бастап әлеуметтік төлем төленеді.
Жұмысынан айрылу кезінде төленетін әлеуметтік төлем.
Жұмысқа орналастыруға көмектесу, кәсіптік дайындау, жергілікті бюджет есебінен қоғамдық жұмыс беруден басқа егер сіз үшін 6 айдан кем емес уақыт әлеуметтік аударымдар жүргізілсе және Сіз жұмыссыз ретінде ресми тіркелсеңіз, Сіз жұмысынан айрылуы бойынша әлеуметтік төлемақы алуға құқылысыз. Жұмысшыларға келтірген зардап үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру
Сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру жолымен еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде денсаулығы мен өміріне зиян келген жұмысшылардың мүліктік көзқарастарын қорғау Қазақстан Республикасының «Еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде жұмысшының денсаулығы мен өміріне келген зиян үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Заңымен реттеледі.
Жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру нысаны Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде қарастырылған көлемде жұмысшылардың еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезіндегі оның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу сияқты өзге міндеттерімен байланысты жұмыс берушінің мүліктік мүддесі болып табылады.
Сақтандыру жағдайлары мыналар:
- Жұмысшының өлуі және/немесе
- Жұмыс істеу қабілетінен толығымен айырылу (мүгедектік) және/немесе
- Жұмыс істеу қабілетінен айырылу.
Жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруға мыналар қатысады:
- сақтанушы – жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру келісім-шартын жасаған жұмыс беруші;
- сақтандырушы – сақтандыру сол түрі бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқына лицензиясы бар заңды тұлға;