Халыкты элеуметтик коргау

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2012 в 17:37, дипломная работа

Краткое описание

Сақтандыру қызметінің мақсаты әртүрлі апаттардың, күтпеген жағымсыз құбылыстардың нәтижесінде сақтанушыға тиген зияндар мен залалдарды өтеу жеке және заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау болып табылады. Сақтандыру нарығы осы сақтандыру қызметінің тауар ретінде айналатын орны болады, мұнда сақтандыру қорының қалыптасу және қолдану қатынастары еркін бәсекелестік пен дербес таңдау бастамалары негізінде өрлейді.

Оглавление

КІРІСПЕ ...........................................................................................................
1 ҚАРЖЫЛЫҚ МЕХАНИЗМДЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК САҚТАНДЫРУДЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ…...........................................................................
1.1 Әлеуметтік сақтандыру түсінігі, қызметі, рөлі мен міндеттері.............
1.2 Әлеуметтік сақтандыру механизмінің негіздері, формалары................
1.3 Қазақстан Республикасындағы міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі................................................................................................................
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК САҚТАНДЫРУДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ.............................
2.1 Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік сақтандырудың нормативтік-құқықтық негіздері.....................................................................
2.2 Қазақстан Республикасында әлеуметтік сақтандырудың ағымдық жағдайын талдау...............................................................................................
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК САҚТАНДЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАСЫ.........................................................................................
3.1 Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясат үлгісінің ерекшеліктері....................................................................................................
3.2 Әлеуметтік сақтандыру жүйесінің даму бағыттары..............................
ҚОРЫТЫНДЫ ................................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ...............................................

Файлы: 1 файл

диплом.doc

— 797.50 Кб (Скачать)

-       мемлекеттiк бюджет және гранттар қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын қоғамдық жұмыстарды орындауға және кәсiби оқуларға байланысты төлемдер;

-       мемлекеттік бюджет есебінен төленетін біржолғы төлемдер

-       стипендия

-       қайырымдылық,демеушілік түрінде алынған мүліктердің құнынан

-       сақтандыру төлемдерінің сомаларынан,

-       мемлекеттен, үкіметтен гранттар қаражаты есебiнен төленетiн төлемдер;

-       мемлекет және халықаралық ұйымдардан

-       Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейтiн мемлекеттiк сыйлықақылар, стипендиялар;

-       спорт жарыстарында, байқауларда, конкурстарда жүлделi орындар үшiн белгiленетiн ақшалай наградалар; еңбекақы түрiндегi төлемдерден басқа);

Әлеуметтiк аударымдар Қорға Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталық (бұдан әрi - Орталық) арқылы есептi айдан кейiнгi айдың 15 күнiнен кешіктiрмей, олар үшiн аударымдар жүргiзiлетiн, мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылардың тiзiмдерiн қосып, өздерiнiң банктік шоттарынан қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жолымен төлейдi. Банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүргізетін банктен немесе ұйымнан әлеуметтік аударым сомасының төлем тапсырмасының акцептін алған күн қолма-қол ақшасыз түрде жүргізілген әлеуметтік аударымдарды банкке төлеушінің әлеуметтік аударым төлеген күні деп есептеледі.
Төлеушiлердiң әлеуметтiк аударымдарды банкке қолма-қол ақша нысанында енгiзуi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен жүзеге асырылады.

Әлеуметтiк аударымдарды аударуды төлеушілер әр ай үшiн бөлек жүзеге асырады.

Әлеуметтiк аударымдар жүргiзілетiн әлеуметтік сақтандыру жүйесiне қатысушылардың тiзiмi әрбiр жеке адам бойынша: әлеуметтік жеке кодын (бұдан әрi - ӘЖК), тегiн, атын, әкесiнiң атын; туған жылын; әлеуметтік аударым сомасын; әлеуметтiк аударымдар төленетiн айы мен жылын қамтуы тиiс.

Салық органы төлеушiлерден міндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылардың тiзiмдерiн алған кезде әлеуметтік төлемдер бойынша қалыптасқан берешектi кейiннен Қорға аудару үшін көрсетiлген тiзiмдердi қоса бере отырып, төлеушiлердiң банктiк шоттарына инкассалық өкiмдер бередi.
Төлеушiнiң банктік шотында теңгемен ақша болмаған жағдайда, әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті өндiріп алу салық органдары теңгемен берген инкассалық өкімдер негізiнде төлеушінiң банктiк шоттарынан шетелдiк валютада жүргізіледі.

Төлеушiнiң банктiк шоты болмаған жағдайда салық органы өндiрiп алуды қолма-қол ақшаға айналдырады.

Әлеуметтік аударымдар бойынша берешек сомасын қолма-қол ақша есебінен өндiрiп алу салық органының төлеушiден бухгалтерлiк (кассалық) құжаттары бойынша көрсетілген қолма-қол ақшаны (оның iшiнде шетелдiк валютада) алуы танылады.

Қолма-қол ақшаны алу мемлекет алдындағы салықтық мiндеттемелерiн орындау үшiн салықтық бақылауды қамтамасыз ететiн уәкілеттi орган бекiткен нысан бойынша алу туралы актiмен ресiмделедi. Салық Комитеті Төрағасының 2005 жылғы 29 маусымдағы № 289 бұйрығымен әлеуметтiк аударымдар бойынша қарызды төлеу есебінен қолма-қол ақша алу туралы актінің нысаны белгіленді.

Осы алу актісіне салық органы алған қолма-қол ақша сомасының шегінде олардың пайдасына әлеуметтік аударымдар бойынша берешек алынатын міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тізімі қоса беріледі.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық қызметі органдары лауазымды тұлғаларының әрекетіне (әрекетсіздігіне) жоғары тұрған салық қызметі органына немесе сотқа шағым бере аласыз.

Бұл ретте төлеушi салық органына, салық органы алған қолма-қол ақша сомасының шегiнде мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылардың тiзiмдерiн ұсынады.

Төлеушiден алынған қолма-қол ақша, оларды алған күннен бастап бiр жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей, кейiннен Қорға аудару үшiн банкке немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға тапсырылуға тиiс. Төлеушi әлеуметтік аударымдарды Қорға уақтылы төлемегенi үшiн өсiмақы сомасын төлеу үшiн "төлем нысанасы" жолында - "ай, жыл үшiн әлеуметтiк аударымдарды уақтылы төлемегенi үшін өсiмақыны" көрсете отырып, банкке төлем тапсырмасын ұсынады. Төлеушілер уақтылы төлемеген өсімақы әрбiр ай үшiн MT-102 форматындағы электрондық төлем тапсырмаларымен бөлек төленедi. Орталық өсiмақы сомасы түскен күннен бастап үш банктiк күн iшiнде ақшаны Қордың шотына MT-100 форматындағы төлем тапсырмасымен аударады.

Төлеушiнің Қорға артық төлеген әлеуметтiк аударымдардың сомасын қайтаруды Қор төлеушiнің өтiнiшi негiзiнде жүргiзедi, егер сома төлеушi банкiнің кiнәсiнен артық (шоттан екi немесе одан да көп рет алынған) аударылған болса, онда қайтару төлеушi банкiнiң өтiнiшi негiзiнде жүргiзіледi.

Қордың шотына артық аударылған: төлеушi немесе төлеушiнiң банкi бiр немесе бiрнеше төлем тапсырмасы негiзiнде екi немесе одан да көп рет төлеген әлеуметтік аударымдар; MT-102 төлем тапсырмасы форматында, оның тiзiм бөлiгiндегi қатысушылардың сомасында қателер жiберiлген:
жұмыстан босатылған қызметкерлер аванспен алған кiрiске артық есептелген, алушылар қайтаруға жататын; мiндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар тізiмiндегi есептiк және механикалық қателер; жұмыс iстеп жүрген зейнеткерлер үшiн артық төленген әлеуметтік аударымдар қайтаруға жатады.

Қатысушының кiрiсiне салық салуға жатпайтын төлемдердiң жекелеген түрлерінiң қосылуына байланысты, артық төленген әлеуметтік аударымдардың сомасын төлеушi кейiнгi төлемдердi реттеу жолымен дербес түзейдi.
Әлеуметтік төлемдердi тағайындау кезiнде қатысу стажына есепке алынған кезеңге есептелген, артық төленген әлеуметтік аударымдардың сомасы қайтарылуға жатпайды.

Қорға аударылған қате төлемдердi қайтару мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

1) нысан бойынша артық төленген әлеуметтiк аударымдарды қайтаруға өтінiштi төлеушi (төлеушінің банкi) Орталықтың құрылымдық (аудандық /қалалық) бөлiмшесiне бередi;

2) әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылардың тiзiмдерiнде қате кеткен жағдайда өтiнiшке анықтама-растама қоса беріледi;

3) Орталық үш банктік күн iшiнде әлеуметтiк аударымдардың есептелу фактісiн тексередi, осы төлем жөнiндегi барлық деректемелердiң растамасын қоса отырып, Қорға өтiнiш жiберіледi;
Қор өтiнiшті өңдегеннен кейiн, MT-100 форматындағы төлем тапсырмасын қалыптастырады және кейiннен оларды төлеушiге аудару үшiн, ақшаны үш банктік күн iшiнде Орталықтың шотына аударуды жүзеге асырады. Қор төлеушiнiң банктiк деректемелерiн, қатысушылардың тегiн, атын, әкесiнiң атын көрсете отырып, төлеушілердiң тiзілiмi мен олар бойынша қайтару сомаларын сол күнi Орталыққа жiбередi. Қор себебiн көрсете отырып, қайтаруға жатпайтын сома бойынша бас тарту туралы шешiмдi Орталыққа жiбередi;
Орталық Қор тiзiлiмiнiң негiзiнде MT-102 форматындағы төлем тапсырмасын қалыптастырады және артық есептелген әлеуметтік аударымдар сомасын үш банктiк күн iшiнде төлеушiге аударады; төлеушi әлеуметтік аударымдар сомасын қайтарудан бас тарту себебi туралы ақпаратты Орталықтың бөлiмшелерi арқылы алады; Орталық қатысушылардың жеке шоттарынан қайтарылған соманы есептен шығарады; Орталық артық есептелген соманы қайтарғаннан кейiн шешiмнiң орындалғаны туралы Қорды хабардар етедi; Орталық пен Қор арасында айына бiр рет әлеуметтік аударымдарды және өсiмақыны, сондай-ақ Қордан қайтарымдарды аударуға салыстырып тексеру жүргiзіледi; Орталық күн сайын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiне салық төлеушілердің тiркеу нөмiрлерi тұрғысынан өткен күн iшiнде келiп түскен тiзілiмдердi және қайтарылған қате есептелген әлеуметтік аударымдардың тiзiлiмдерiн, сондай-ақ электрондық растауды ұсынады. Төлеушiге қызмет көрсететiн банк электрондық төлем тапсырмаларын ресiмдеу кезінде қате жiберген жағдайда, банк "Төлемдер және ақша аударымдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жiберілген қателердi түзету жөнiнде шаралар қабылдайды. Қор келіп түскен және қайтарылған артық аударылған әлеуметтік аударымдардың есебiн жүргiзедi.
Төлеушi тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-күнiнен кешiктiрмей, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, орналасқан (тұратын) жерi бойынша тiркеуiн ескере отырып, салық органына мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнiң қатысушылары үшiн есептелген және аударылған әлеуметтiк аударымдар бойынша есептердi ұсынады. Орталық күн сайын, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне Салық кодексiнде белгіленген тәртiппен тiркелген төлеушілер бойынша, өткен күн үшiн келіп түскен және қайтарылған әлеуметтік аударымдардың тiзiлiмдерiн ұсынады.
Әлеуметтік аударымдарды төлеушілер есептелген және төленген әлеуметтiк аударымдар туралы, оның iшiнде электронды немесе қағаз жеткізгіштегі қате төлемдердi қайтару туралы мәлiметтердiң сақталуын заңнамада белгіленген тәртiппен қамтамасыз етедi.
Мәдениет, ақпарат және спорт Министрінің 2005 жылғы 18 маусымдағы №205 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік ұйымдар қызметіндегі қалыптасқан типтік құжаттардың Тізіміне сәйкес әлеуметтік аударымдар бойынша алғашқы құжаттардың сақталу мерзімі 75 жыл болып анықталған. Төлеушінің қызметі тоқтатылған жағдайда Қорға әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу туралы құжаттар Мемлекеттік мұрағатқа беріледi. Заңның 13-бабына сәйкес төлеуші аударылған сомалар туралы қажеттi ақпаратты Орталықтан сұратуға және тегiн алуға құқылы.Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің 2004 жылғы 30 шілдедегі № 169-ө бұйрығымен әлеуметтік аударымдар төлеушінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан әлеуметтік аударымдардың Қорға аударылған сомалары туралы ақпаратты сұрау және алу ережесін бекітілді. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеуді жүзеге асыратын әлеуметтік аударымдар төлеушінің (бұдан әрі - төлеуші) Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан (бұдан әрі - Орталық) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударылған әлеуметтік аударымдардың сомалары туралы қажетті ақпаратты сұратуға және тегін алуға құқығы бар.
Төлеуші Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударылған әлеуметтік аударымдардың сомалары туралы қажетті ақпаратты алу үшін аударылған әлеуметтік аударымдардың сомалары туралы қажетті ақпаратты алуға арналған тапсырысты толтырады және оны Орталықтың құрылымдық бөлімшелері арқылы ұсынады.
Төлеуші өтініш берген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде Орталық аударылған әлеуметтік аударымдардың сомалары туралы ақпаратты дайындайды және оны Орталықтың құрылымдық бөлімшелері арқылы төлеушіге жібереді.

Егер тегi, аты, әкесiнің аты өзгерген болса, онда жеке тұлғаның ӘЖК алу үшiн тiркеу карточкасына толтырған бұрынғы тегi, аты, әкесiнiң аты қатар көрсетіледi. Орталық әлеуметтiк аударымдардың есебiн олар үшiн аударымдар жүргiзілетiн мiндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылардың ӘЖК базасында жүзеге асырады.

Банктердiң Орталыққа ақшаны аударуы олар үшін әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тiзiмiн қосып, MT-102 форматындағы электронды төлем тапсырмаларымен жүзеге асырылады.

Төлеушiнiң банкi әлеуметтiк төлемдердi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң филиалдары арқылы аударған жағдайда төлеушi банкке қағаз жеткiзгiштегi төлем тапсырмасының төртiншi данасын қосымша ұсынады, оны төлеушiнiң банкi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң облыстық (аумақтық) филиалдарына жібередi. Төлеушілер берешектердi аударуды олар үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзілетiн әлеуметтік сақтандыру жүйесiне қатысушылардың тiзiмiн қосып, MT-102 форматындағы электронды төлем тапсырмаларымен әрбiр ай үшін бөлек жүргізедi. Банктер мен банктік операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар әлеуметтік аударымдар сомасын Орталықтың шотына осы сома төлеушiнiң банктік шотынан есептен шығарылған күнi аударады.

Әлеуметтiк аударымдар бойынша берешек қалыптасқан кезде салық органдары төлеушiге мiндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылардың тiзiмдерiн салық органына ұсыну туралы хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде жолдайды.

Хабарламаның нысанын мемлекет алдындағы салықтық мiндеттемелерiн орындауға салықтық бақылауды қамтамасыз ететiн уәкiлетті орган белгілейдi. Салық Комитеті Төрағасының 2005 жылғы 29 маусымдағы №289 бұйрығымен салық комитетіне міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың беретін тізімінің нысаны бекітілді.

 

 

1.3 Қазақстан Республикасындағы міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі

 

 

Халықаралық еңбек ұйымы -  әлеуметтік қорғау ұғымын халықтың экономикалық белсенді бола алмау және өзін жоғары жалақылы еңбекпен айналыса алмауы жағдайында (кәрілік, денсаулық, асыраушысынан немесе жұмысынан айрылуы) оларға өмір сүруге қажетті жағдай жасап азаматтардың тұрмыс жағдайының деңгейін көтеру деп түсіндіреді.

Осыған сәйкес Қазақстандағы реформа жылдары  әлеуметтік қорғаудың үш деңгейлі жүйесі құрылды (Сурет 1).

 

 

 

 

 

 

 


 

 

Информация о работе Халыкты элеуметтик коргау