Халыкты элеуметтик коргау

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2012 в 17:37, дипломная работа

Краткое описание

Сақтандыру қызметінің мақсаты әртүрлі апаттардың, күтпеген жағымсыз құбылыстардың нәтижесінде сақтанушыға тиген зияндар мен залалдарды өтеу жеке және заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау болып табылады. Сақтандыру нарығы осы сақтандыру қызметінің тауар ретінде айналатын орны болады, мұнда сақтандыру қорының қалыптасу және қолдану қатынастары еркін бәсекелестік пен дербес таңдау бастамалары негізінде өрлейді.

Оглавление

КІРІСПЕ ...........................................................................................................
1 ҚАРЖЫЛЫҚ МЕХАНИЗМДЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК САҚТАНДЫРУДЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ…...........................................................................
1.1 Әлеуметтік сақтандыру түсінігі, қызметі, рөлі мен міндеттері.............
1.2 Әлеуметтік сақтандыру механизмінің негіздері, формалары................
1.3 Қазақстан Республикасындағы міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі................................................................................................................
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК САҚТАНДЫРУДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ.............................
2.1 Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік сақтандырудың нормативтік-құқықтық негіздері.....................................................................
2.2 Қазақстан Республикасында әлеуметтік сақтандырудың ағымдық жағдайын талдау...............................................................................................
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК САҚТАНДЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАСЫ.........................................................................................
3.1 Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясат үлгісінің ерекшеліктері....................................................................................................
3.2 Әлеуметтік сақтандыру жүйесінің даму бағыттары..............................
ҚОРЫТЫНДЫ ................................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ...............................................

Файлы: 1 файл

диплом.doc

— 797.50 Кб (Скачать)
table cellspacing="0" cellpadding="0" style="border-collapse:collapse;margin-left:0pt;width:494.45pt">

Активтердің атауы

Сомасы, соның ішінде

2010 жыл

2007 жыл

2008 жыл

2009 жыл

1. Активтердің түсуі:

13 886 289,3

26 108 696,1

52 701 443,6

92 696 429,0

1.1 әлеуметтік аударымдар

13 722 456,1

25 183 275,2

49 571 941,0

88 477 672,3

1.2. әлеуметтік аударымдарды төлеу мерзімін өткізіп алғаны үшін алынған өсімақы

52 300,5

151 999,2

291 084,4

495 384,1

1.3. инвестициялық табыс

111 532,7

773 421,7

2 838 418,2

3 723 372,6

2. Активтердің шығуы:

185 211,8

431 821,9

902 607,0

1 519 640,7

2.1. Әлеуметтік төлемдер
сонын ішінде:

10 213,7

166 651,8

571 473,7

748 339,2

- еңбек ету

қабілетінен айрылуы бойынша

6 380,6

110 351,8

380 647,3

497 379,7

- асыраушысынан айрылуы

бойынша

3 775,8

54 321,9

182 547,8

240 645,5

- жұмысынан

айрылуы

бойынша

57,3

1 978,1

8 278,6

10 314,0

  2.2. Комиссиялық сыйақы

155 919,9

245 104,30

302 367,1

703 391,3

  2.3. Қате есептелген сомаларды қайтару

19 078,2

20 065,8

28 766,2

67 910,2

3. Барлық активтер

13 701 077,5

25 676 874,2

51 798 836,6

91 176 788,3

Е с к е р т у - «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ сайты

 

2011 жылдың 1 қаңтарына активтердің өсу динамикасы 1-суретте көрсетілген.

2009 жыл бойына активтердің үнемі өсуі байқалды, ал 2010 жылдың қаңтарындағы активтердің түсуі 2009 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда төмендеді. 2010 жылдың ақпанынан бастап активтердің түсуі ай сайын өсіп отырды.

Сурет 4. 2008-2010 жылдары активтердің өсу динамикасы

 

Активтердің аса көп түсуі 2010 жылдың желтоқсанында байқалды, яғни 9 828 241,2 мың теңге, бұл қараша айына қарағанда 17 % және былтырғы жылдың осындай кезеңінен 53% көп. 2010 жылы активтердің ай сайынғы түсуі былтырғы жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда екі есеге көп.

Есепті кезеңде активтердің түсуінің артуына:

- 2010 жылғы 4 % орнына 5 % әлеуметтік аударымдар ставкасының мөлшері;

- ауқымды түрде жүргізілген ақпараттық-түсіндіру жұмыстары;

- Қор қызметінің бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жұмыс істеуі, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің мүшелерімен кездесулер өткізуі;

- ақпараттарды үнемі жаңарту арқылы Қордың веб-сайтын жетілдіруді жүргізу әсер етті.

Қор қызметінің 2006 жылдан бастап бастап 185 392 858 мың теңге активтер түсті, оның ішінде:

- әлеуметтік аударымдар – 176 955 344,6 мың теңге;

- әлеуметтік аударымдарды төлеу мерзімін өткізіп алғаны үшін алынған өсімақы – 990 768,2 мың теңге;

2010 жыл үшін 92 696 429,0 мың теңге активтер түсті, оның ішінде:

- әлеуметтік аударымдар – 88 477 672,3 мың теңге;

- әлеуметтік аударымдарды төлеу мерзімін өткізіп алғаны үшін алынған өсімақы – 495 384,1 мың теңге;

- инвестициялық табыс – 89 415 521,5 мың теңге.

Әлеуметтік төлемдерді алатын тұлғалар санына келсек, ол жеті жүз мың адам шамасында ауытқитын көреміз (Кесте 2).

Кесте 2

2003-2010 жылдары мемлекеттік әлеуметтік төлемдердің айлық орташа мөлшері және оны алатын адамдар санының динамикасы

 

Көрсеткіштер

2003

2004

2005

2006

2007

2008

2009

2010

Мемлекеттік әлеуметтік төлемдер ді алатын тұлғалар саны, адам

792 325

791 823

786 426

790 359

773 770

764 553

748 378

756 533

Мемлекеттік әлеуметтік төлемдердің орташа айлық мөлшері, тенге

3 630

3 391

3 647

3 823

5 562

6 360

8 365

11 319

 

Екінші кестеден, әлеуметтік төлемдердің орташа айлық мөлшерінің өсуінің айқын динамикасын көреміз. Әсіресе, 2004 жылдан бастап жоғары қарқынмен өскен ( Сурет 5).

 

Сурет 5. 2001-2010 жылдар арасында мемлекеттік  әлеуметтік төлемдердің орташа айлық мөлшерінің динамикасы

 

5 суретте көрсетілгендей 2010 жылы 2009 жылдың мәліметтерімен салыстырғанда мемлекеттік әлеуметтік төлемдердің айлық орташа мөлшері 35 пайызға, сәкесінше 2008 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда  77 пайызға өскен.

Кез келген қызметті талдау барысында, төлемдердің түсуі мен шығындалуының ара қатынасы әрқашан қызықтырады. Сондықтан Мемлекеттік әлеуметтік қор бойынша әлеуметтік жарналарды түсуімен төленуін Қазақстан Республикасының облыстары шеңберінде 6 суретте көрсетілген.

 

Сурет 6. 2010 жылы Қазақстан Республикасының облыстары бойынша әлеуметтік сақтандыру жарналары мен төлемдерінің ара-қатынасы

 

Суреттен көргендей әлеуметтік төлемдерді ең көп Алматы тұрғындары алады, одан кейін Астана қаласы тұрғындары мен Қарағанды облысы тұр. Бұл жалпы адам санымен шартталған.

Қазіргі уақыттағы әлеуметтік саясаттың стратегиялық мақсаты – бұл азаматтардың, мемлекеттің және жеке бизнестің өз ара жауапкершілігі арқылы өмірдің алдыңғы қатарлы әлеуметтік  стандарттарына өту. Қоғам мүшелерінің жеке жауапкершілігі мен ынтымақтастығына негізделген мемлекеттің ғана емес сонымен бірге бизнестің әлеуметтік сақтандыру жүйесінің тұрақтылығы үшін мемлекет Басшысының алға қойған міндеттерін жүзеге асыру тек мемлекет, қоғам және халық біріккенде ғана жүзеге асады. Бүгінгі күні әлеуметтік сақтандыру әлемдегі әлеуметтік қорғаудың маңызды түрлерінің бірі болып табылады.

Қазақстанның тәуелсіздік алуымен тарихи қысқа мерзім ішінде нарықтық қоғамдық қатынастарға тең болатын өз өмірінің  жағдайын қалыптастыруға деген әр бір адамның жауапкершілік деңгейінің артуына септігін тигізетін  халықты әлеуметтік қорғаудың өзіндік жүйесі қалыптасуда.  

Баланы әлеуметтік қорғауға айрықша мән бере отырып Ел Президенті «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан»  атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында, 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істейтін әйелдердің жүктілігі, босануы мен аналық кезін міндетті әлеуметтік сақтандыруды Қор қаржысы есебінен жүргізуді тапсырды.          

Осылайша,    2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап   жүктілігі және  босануына, сонымен қатар бір жасқа дейінгі нәресте күтімі жағдайына Қордан әлеуметтік төлемдер төлеу жүргізіледі. Мұндай төлемдерді алуға ол үшін жұмыс беруші ай сайын әлеуметтік аударымдар жүргізген, сонымен қатар өзін-өзі жұмыспен қамтыған, өзі үшін әлеуметтік аударымдар төлеген (жеке кәсіпкерлер) жұмыс істейтін әйелдер құқылы.

Жүктілігі және босануы жағдайына әлеуметтік төлем Қордан әлеуметтік төлем алу құқығы бар міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысына, 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап белгіленген тәртіп бойынша жүктілігі және босануы бойынша демалысқа шыққан күннен еңбекке жарамсыздығы парағында көрсетілген жүктілігі және босануы бойынша демалыстың барлық күнтізбелік күніне тағайындалады. Осылайша 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүктілігі және босануы бойынша жұмыс беруші төлейтін демалыстың орнына Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлем тағайындалады.

Жүктілігі және босануы жағдайына төленетін әлеуметтік төлем жұмыс істейтін әйелдің ай сайын әлеуметтік аударымдар жүргізген соңғы 12 күнтізбелік айдағы орташа айлық еңбек ақысы мөлшерінде тағайындалады.

2010 жылды жүктілігі және босануы жағдайына Қордан 11 896,3 млн.теңге мөлшерінде әлеуметтік төлем төленді (Cурет 7).

 

Cурет 7. 2010 жылы жүктілік және бала туу бойынша төленген әлеуметтік төлемдер

Ағымдағы жылдың 10 айы үшін жүктілігі және босануы жағдайына әлеуметтік төлемдердің аса көп мөлшері Алматы қаласына (21 %) және Астана қаласына (11%) тиесілі (сурет 8).

 

Cурет 8. Әлеуметтік төлемдер сомасының өңірлердегі үлесі

 

Бір жасқа толғанға дейінгі бала күтімі үшін төленетін әлеуметтік төлем міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысына 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап тағайындалады.

Осылайша жұмыс істейтін әйел бала күтімі үшін берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының  орнына Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлем алады.  Бір жасқа толғанға дейінгі бала күтімі үшін төленетін әлеуметтік төлем әлеуметтік қатер туғанға дейінгі әлеуметтік аударымдар жүргізілген соңғы 24 айдағы табыстың 40 пайызы мөлшерінде тағайындалады.

Бұл ретте бір жасқа толғанға дейінгі бала күтімі үшін төленетін әлеуметтік төлемнің ең жоғарғы мөлшері республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржылық жылға  белгіленген ең төменгі еңбек ақының он еселенген мөлшерінің 40 % аспау керек, ал әлеуметтік төлемнің ең кіші мөлшері бір жасқа толғанға дейінгі бала күтімі үшін төленетін мемлекеттік жәрдемақының ай сайынғы мөлшерінен төмен болмауы қажет.

2010 жыл үшін бір жасқа толғанға дейінгі бала күтімі үшін Қордан 10 411,0 млн.теңге сомада әлеуметтік төлемдер төленді (Сурет 9).

 

 

Сурет 9. 2010 жылы бала күтімі бойынша төленген әлеуметтік төлемдер

 

Аймақтар бойынша алсақ төленген әлеуметтік төлемдердің ең жоғарғы үлесі Алматы қаласына (13 %) және Оңтүстік Қазақстан облысына (12 %) тиесілі (сурет 10).

 

Cурет 10. 2010 жылы бала күтіміне берілген әлеуметтік төлемдер сомасының өңірлердегі үлесі

 

Сонымен қатар, егер бұрын декреттік демалыста жүрген әйелдерге зейнетақы аударымдары жүргізілмесе, енді  жүктілігін,  босануын және аналық кезін міндетті сақтандырудың енгізілуіне байланысты әйелдің бір жасқа толғанға  дейінгі нәресте күтімі үшін демалыста болған кезінде зейнетақылық жарналары жүргізіле береді. Төлеушілердің әлеуметтік аударымдарды уақытында және тұрақты төлеуі әлеуметтік төлемдердің мөлшеріне  маңызды әсер етеді.

Осыған байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры әлеуметтік аударымдар төлеуге міндетті әрбір қызметкер төлеушіден және Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекетік орталықтан өзі үшін  төленген әлеуметтік аударымдардың  уақытылы төленуі және толықтығы  туралы ақпаратты сұрауға және тегін алуға құқылы екендігін хабарлайды.

Әйелдердің жүктілігі, босануы мен аналық кезін міндетті әлеуметтік сақтандыруды енгізу жұмыс берушінің қаржысынан емес, міндетті әлеуметтік сақтандыру органдары қаржысынан аналық кезінде демалыста болған әйелдерге қаржылай жәрдемақы беруді ұсынатын ана мен баланы қорғауға қатысты № 103 Еңбекті Ұйымдастырудың Халықаралық Конвенциясына сәйкес келеді.

Сондай-ақ «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес барлық әйелдерге (жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін) мемлекеттік бюджет есебінен 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бала тууына жәрдемақы төленеді.  Мемлекеттің ана мен баланы қорғауға бағытталған әлеуметтік саясаты халықтың өмір сүру сапасын, мәдениетін, білімін, экономикалық жағдайының қарқынды дамуының  болашағын айқындайды. Сондықтан  жүктілікті, босануы  және аналық кезін міндетті әлеуметтік сақтандыруды енгізу ана мен бала өмірі маңызды орын алатын қоғам құру болып табылады.

Қазақстанның тәуелсiздiк алуымен нарықтық қоғамдық қатынастарға тең болатын халықты әлеуметтiк қорғаудың өзiндiк жүйесi қалыптасуда. Өз өмiрiнiң жағдайын қалыптастыруға деген әрбiр адамның жауапкершiлiк деңгейiнiң артуы елiмiздегi нарықтық экономиканың ерекшелiгi болып табылады. Қоғамдағы әрбiр адамның өзiнiң өмiрiне қауiп төндiретiн және ол ондай жағдайды жалғыз өзi түзете алмайтын жағдайлар да болатынын атап өткен жөн. Осыған байланысты әлеуметтiк сақтандыру нарықтық экономика жағдайында жұмыс iстейтiн халықты әлеуметтiк қатерден әлеуметтiк қорғау нысандарын айқындайды.

Әдетте әлеуметтiк қатерлердiң мынадай белгiлерi болады:

Бiрiншiден, экономикалық. Оған:

– экономикалық дағдарыс, қайта құрылу өндiрiстi оңтайландыру, экономикалық қайта құрылу нәтижесiнде жұмыс күшiн ұсыну мен сұраныстың сәйкес келмеуi себебiнен еңбек ету қабiлетiнен айрылу қауiпi;

Информация о работе Халыкты элеуметтик коргау