Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2012 в 17:37, дипломная работа
Сақтандыру қызметінің мақсаты әртүрлі апаттардың, күтпеген жағымсыз құбылыстардың нәтижесінде сақтанушыға тиген зияндар мен залалдарды өтеу жеке және заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау болып табылады. Сақтандыру нарығы осы сақтандыру қызметінің тауар ретінде айналатын орны болады, мұнда сақтандыру қорының қалыптасу және қолдану қатынастары еркін бәсекелестік пен дербес таңдау бастамалары негізінде өрлейді.
КІРІСПЕ ...........................................................................................................
1 ҚАРЖЫЛЫҚ МЕХАНИЗМДЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК САҚТАНДЫРУДЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ…...........................................................................
1.1 Әлеуметтік сақтандыру түсінігі, қызметі, рөлі мен міндеттері.............
1.2 Әлеуметтік сақтандыру механизмінің негіздері, формалары................
1.3 Қазақстан Республикасындағы міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі................................................................................................................
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК САҚТАНДЫРУДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ.............................
2.1 Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік сақтандырудың нормативтік-құқықтық негіздері.....................................................................
2.2 Қазақстан Республикасында әлеуметтік сақтандырудың ағымдық жағдайын талдау...............................................................................................
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК САҚТАНДЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАСЫ.........................................................................................
3.1 Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясат үлгісінің ерекшеліктері....................................................................................................
3.2 Әлеуметтік сақтандыру жүйесінің даму бағыттары..............................
ҚОРЫТЫНДЫ ................................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ...............................................
Перспективада сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының капиталдандырылуының өсуіне орай, міндетті сақтандырудың басқа түрлеріне де Қордың кепілдік төлемдерін және жүзеге асыру негіздемелері кеңейтілуі мүмкін.
Сақтандыру қызметін негізгі тұтынушылардың сатып алу қабілетінің төмендігі, отандық сақтандыру ұйымдарының сақтандыру мңмілелерін жасау бойынша шектеулі мүмкіндіктері және Қазақстанның сақтандыру рыногына және жалпы оның экономикасына тән басқа да объективті себептер міндетті сақтандыру, оның ішінде апатты тәуекелдермен қоса жүретін сақтандыру аясын бұдан әрі кеңейтуге мүмкіндік бермей отыр.
Бұл жағдайлар тәуекел факторларының деңгейін төмендету жөніндегі, осы мәселелер бойынша шаралар кешенін орындау жөніндегі іс-шаралардың жеделдігі мен маңыздылығын алдын ала айқындайды.
Атап айтқанда, Қазақстан халқының қаржыны айырықша ауыр, ал көп жағдайда орны толмастай жоғалтуы табиғат апаты салдарынан, олардың тұрғын үйлерінің бүлінуі немесе жойылуына байланысты болуы мүмкін екендігін ескере келіп, республикада осы тәуекелдерді қорғауды қамтамасыз ететін жүйе құру қажет болып отыр.
Сондықтан Қазақстан Республикасында тұрғын үй иелеріне табиғи апаттардан болған зиянды өтеу жүйесін құруды қарау орынды болмақ.
2. Міндетті сақтандыру туралы заңнамаларды жетілдіру
"Сақтандыру міндеттілігі" туралы формальды заң нормаларын қайта қарауды қосқанда, міндетті сақтандырудың кейбір қолданыста бар түрлерін сақтаудың мәнділігін анықтау қажет болып отыр.
Міндетті сақтандыру саласының объектілері бойынша және оларды өткізудің басқа талаптары бойынша мейлінше әртүрлі сақтандыру түрлері қосылғанын (қосылуы мүмкін екендігін) назарда ұстай отырып, сақтандыру сыйлықақылары мен сақтандыру сомаларының мөлшерін (заң, нормативтік құқықтық кесімі не сақтандыру шарты арқылы) белгілеудің мүмкін болып отырған негіздемелерін кеңейткен орынды.
Республиканың міндетті сақтандыру жүйесіне (жоспарланатын міндетті сақтандырудың жаңа түрлерін енгізуді ескере отырып) сақтандырудың 10-ға жуық түрі енгізіледі, сондықтан заңдарды жүйелеу іс-шаралары аясында елде өткізілетін жекелеген заң актілерін міндетті сақтандыру түрлері бойынша біртұтас нормативтік құқықтық актіге шоғырландырудың орындылығы туралы мәселені қарау қажет.
3. Қазақстан Республикасының халықаралық сақтандыру жүйесіне кіру және міндетті сақтандыру аясында халықаралық кесімдер жасау талаптары мен перспективаларын айқындау
Осы міндетті шешу - Қазақстанда жұмыс істеп отырған халықаралық сақтандыру схемасына интеграциялауға қажетті бірқатар шараларды жүзеге асыруды көздейді.
ҚОРЫТЫНДЫ
Міндетті әлеуметтік сақтандыру — азаматтарды еңбек ету қабілетін жоғалтуына немесе жұмысынан айрылуына, сондай-ақ асыраушысынан айрылуына байланысты кірістің бір бөлігін өтеу үшін мемлекет ұйымдастыратын, бақылайтын және кепілдік беретін шаралардың жиынтығы, азаматтарды әлеуметтік қорғаудың мемлекет жүзеге асыратын нысандарының бірі. Алайда бұл екі жүйенің арасындағы айырмашылық азаматтардың еңбек қызметіне қатысты және еңбекке жарамсыздар үшін қорларды қалыптастыру әдістерімен қаланған.
Мыналар міндетті әлеуметтік сақтандырудың негізгі қағидаттары болып табылады:
- Қазақстан Рсспубликасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасын сақтау мен орындаудың жалпыға бірдейлігі;
- әлеуметтік төлемдерді қамтамасыз ету үшін қолданылатын шараларға мемлекеттің кепілдік беруі;
- міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысудың міндеттілігі;
- заңға сәйксс әлеуметтік аударымдарды әлеуметтік төлемдерге пайдалану;
- әлеуметтік төлемнің көзделген шарттар бойынша міндеттілігі;
- әлеуметтік төлемдердің мөлшерін саралау;
- міндетті әлеуметтік сақтандыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік органдардың қызметіндегі жариялылық.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру субъектілері болып келесілер табылады:
- Cақтанушылар - жұмыс берушілер, сақтандырушылар, сақтандырылған тұлғалар.
- Сақтанушылар – міндетті төлем болып табылатын сақтандыру жарналарын төлеуге тиісті кез - келген ұйымдық – құқықтық формасында құрылған ұйымдар және заңда көрсетілген басқа да тұлғалар. Сонымен қатар, сақтандыру жарнасын төлеуге міндетті атқарушы және жергілікті билік органдары сақтанушы болуы мүмкін.
- Сақтандырушылар – міндетті әлеуметтік сақтандыру бойынша сақтандыру жағдайы туындағанда сақтандырылған тұлғалардың құқығын қамтамасыз ету үшін құрылған коммерциялық емес ұйымдар.
- Сақтандырылған тұлғалар — Қазақстан Республикасының азаматтары, сонымен қатар өзін жұмыспен қамтамаcыз ететін және еңбек келісімі арқылы жұмыс істейтін шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар немесе міндетті әлеуметтік сақтандыру бойынша қатынастары туындайтын тұрғындардың басқа категориялары.
Халықаралық еңбек ұйымы - әлеуметтік қорғау ұғымын халықтың экономикалық белсенді бола алмау және өзін жоғары жалақылы еңбекпен айналыса алмауы жағдайында (кәрілік, денсаулық, асыраушысынан немесе жұмысынан айрылуы) оларға өмір сүруге қажетті жағдай жасап азаматтардың тұрмыс жағдайының деңгейін көтеру деп түсіндіреді.
Осыған сәйкес Қазақстандағы реформа жылдары әлеуметтік қорғаудың үш деңгейлі жүйесі құрылды
Қазақстандағы міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі жүйеге қатысушыларды, яғни республикадағы жұмыспен қамтылған халықты әлеуметтік қорғаудың қосымша түрі болып табылады. 2005 жылдан бастап міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға әлеуметтік қатер туған жағдайда әлеуметтік төлем төлеу жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыз қатысуымен құрылған «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қор немесе МӘСҚ) қаржы ресурстары есебінен жүргізілуде.
Бұл ретте МӘСҚ қаржылық ресурстары «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен белгіленген мынадай ставкалар бойынша төлеушілер төлейтін, Қорға аударылған әлеуметтік аударымдарды шоғырландыру және әлеуметтік салықты қайта бөлу жолымен қалыптастырылады:
- 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап - әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсiнен 1,5 пайыз;
- 2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап - әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсiнен 2 пайыз;
- 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап - әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсiнен 3 пайыз;
- 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап - әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінен 4 пайыз;
- 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап - әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінен 5 пайыз.
2011 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының (бұдан әрі – Қор) активтері 92 696 429,0 мың теңге активтер түсті, оның ішінде:
- әлеуметтік аударымдар – 88 477 672,3 мың теңге;
- әлеуметтік аударымдарды төлеу мерзімін өткізіп алғаны үшін алынған өсімақы – 495 384,1 мың теңге;
- инвестициялық табыс – 89 415 521,5 мың теңге.
Қордың негізгі инвестициялық міндеті тұрақты табыс деңгейі мен қордың алдына қойған міндеттерін орындауды қамтамасыз ету үшін жоғары сапалы инвестицияны сақтау және тұрақты табыстылық деңгейін қамтамасыз ететін сенімді, ұзақ мерзімді инвестиция портфелін құру болып табылады.
ХХ ғасыр кез келген мемлекеттің ішкі саясатының негізгі бағыттарының бірі әлеуметтік саясат болуы керек екенін дәлелдеді. Әлеуметтік саясаттың басым міндеттері қоғамдық өмірде белгілі бір деңгейде теңдікті қамтамасыз етуді көздейді.
Халықты әлеуметтік қорғау – мемлекеттің әлеуметтік саясатының ең негізгі басым бағыты. Экономикалық нарықтық қатынастар кезеңіне өткенде мемлекеттің әлеуметтік саясатын жетілдіру қажеттілігі туындады. Әлеуметтік саясат аясында халықты, оның ішінде көмекке аса мұқтаж адамдар, асыраушысынан айрылған, мүгедек жандар, жетім балалар әлеуметтік қорғалады.
Қазақстан Республикасы Ата Заңында «өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы адам және адам өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп көрсеткен. Әрине, әлеуметтік мемлекеттің негізгі принципі де әлеуметтік саясатты жүргізіп, негізгі функцисы әлеуметтік қорғау болып табылады. «Әлеуметтік қорғау – бұл мұндай қатынастар, яғни оның қамқорлығында индивидтер қоғамдағы өз позицияларын сақтауға мүмкіндіктері болады. Әлеуметтік қорғау – саяси немесе әлеуметтік одақты сақтау функциясы».
Әлеуметтік саясатты жүргізудің негізгі мынадай принциптері бар: баға көтерілгенде компенсацияның түрлі формаларын енгізіп және индексация жүргізу арқылы халықтың өмір деңгейін қорғау; ең кедей отбасыларға көмектесу; жұмыссыздық жағдайында көмек беру; әлеуметтік сақтандыру саясатын жүзеге асыру; мемлекет есебінен білім беру, денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғауды дамыту, мамандандыру бағытында белсенді саясат жүргізу. Жалпы әлеуметтік саясатты жүзеге асыру үш кезеңнен тұрады: саясатты қалыптастыру, оны халыққа тарату және оны әр адамның қабылдауы. Әлеуметтік саясатты қалыптастыру процесіне түрлі үкіметтің жасаған бағдарлама, жобалары және парламент, президенттің бекіткен заң, жарлықтарын тікелей жатқызуымызға болады.
Мелекеттік әлеуметтік сақтандыруды жетілдіруде келесідей ұсыныстар жасалынады:
1. Міндетті сақтандыру саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру.
2. Міндетті сақтандыру туралы заңнамаларды жетілдіру.
3. Қазақстан Республикасының халықаралық сақтандыру жүйесіне кіру және міндетті сақтандыру аясында халықаралық кесімдер жасау талаптары мен перспективаларын айқындау.
Осы міндетті шешу - Қазақстанда жұмыс істеп отырған халықаралық сақтандыру схемасына интеграциялауға қажетті бірқатар шараларды жүзеге асыруды көздейді.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Архангельский В.Д., Кузнецова Н.П. Страховой рынок России и малое предпринимательство. - СПб., 1995 г.
2 Дегтярев Г.П. Страхование в переходный период: основные принципы // Общество и экономика. - 1992 г. - №2
3 Левант Н.А. Долгосрочное страхование жизни в условиях нестабильной экономики // Финансы. - 1996 г. - №6 - 42-44б.
4 Воробьева СМ. Страховой рынок Республики Казахстан. -Караганда, 2000.-116 б.
5 Ефимов С.Л.Деловая практика страхового агента и брокера: Учебное пособие. -М.: Страховой полис, ЮНИТИ,1996.- 516 б
6 Семенов Д.В. Социальное страхование в современной России: каким ему быть // Охрана труда и социальное страхование. - 1997 г. - №6.
7 Страховое дело. Учебник / Под ред. Л.И. Рейтмана. - М.: Рост, 1992 г.
8 Сухов В.А. Страховой рынок России. - М.: Анкил, 1992 г.
9 Финансы/Под ред. В.М. Родионовой. - М.:Финансы и статистика, 1995г.
10 Шахов В.В. Введение в страхование: экономический аспект. - М.: Финансы и статистика, 1992 г.
11 Шахов В.В. Некоторые итоги и перспективы развития страхового рынка России // Финансы. - 1997г. - №3 - 41-43б.
12 Шахов В.В. Страхование как самостоятельная экономическая категория // Финансы. - 1995 г. - №2 -38-41б.
13 Шахов В.В. Страхование: Учебник для ВУЗов. - М.: Страховой полис, ЮНИТИ, 1997 г.
14 Мейірбеков А. Қ. Әлеуметтік сақтандырудың маңызы мен міндеттері.-Алматы.-2006 жыл, 251-284б.
15 Зейнелғабин З. Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік қоғау жүйесі.-Алматы.-2005жыл, 25-43б.
16 С. Жолдасбаев. Финансирование системы социального страхования: мировая и казахстанская практика.- Қаржы-қаражат, №2, 2006жыл, 25-29б.
17 Әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік қамсыздандыру.-Оқу құралы,-2007жыл, 89-97б.
18 Сущность и значение социального страхования.- Алматы.-«Бико»2005жыл.-41-47б.
19 Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуірдегі №405-ІІ Заңы
20 Сақтандырудың әлеуметтік-экономикалық мәні, оның іс-әрекет сфералары.- Алматы: Оқу құралы- 2006 жыл, 12-16б.
21 Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің әлеуметтік-экономикалық тиімділігі және оны реформалау бағыттары.- АльПари, №1, 2006жыл
22 Павлов А. Әлеуметтік қорғау жүйесіндегі әлеуметтік сақтандыру,- Қаржы –қаражат, №2 2006жыл, 35-39б.
23 Мероприятия по совершенствованию и этапы системы социальной защиты населения в РҚ.- Банки Казахстана, №3 2007 жыл, 33-38б.
24 Қазақстан Республикасының әлеуметтік сақтандыру жүйесі.-Алматы: «Бико» 2005.-58-59б.
25 Елеуов А. Әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік қамсыздандыру.- Қаржы-қаражат- 2005жыл, 25-29б.
26 Қаженбаев Б. Әлеуметтік сақтандыру жүйесін қаржыландыру.- Банки Казахстана, № 5, 2006жыл, 241-257б.