Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2012 в 17:37, дипломная работа
Сақтандыру қызметінің мақсаты әртүрлі апаттардың, күтпеген жағымсыз құбылыстардың нәтижесінде сақтанушыға тиген зияндар мен залалдарды өтеу жеке және заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау болып табылады. Сақтандыру нарығы осы сақтандыру қызметінің тауар ретінде айналатын орны болады, мұнда сақтандыру қорының қалыптасу және қолдану қатынастары еркін бәсекелестік пен дербес таңдау бастамалары негізінде өрлейді.
КІРІСПЕ ...........................................................................................................
1 ҚАРЖЫЛЫҚ МЕХАНИЗМДЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК САҚТАНДЫРУДЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ…...........................................................................
1.1 Әлеуметтік сақтандыру түсінігі, қызметі, рөлі мен міндеттері.............
1.2 Әлеуметтік сақтандыру механизмінің негіздері, формалары................
1.3 Қазақстан Республикасындағы міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі................................................................................................................
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК САҚТАНДЫРУДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ.............................
2.1 Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік сақтандырудың нормативтік-құқықтық негіздері.....................................................................
2.2 Қазақстан Республикасында әлеуметтік сақтандырудың ағымдық жағдайын талдау...............................................................................................
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК САҚТАНДЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАСЫ.........................................................................................
3.1 Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясат үлгісінің ерекшеліктері....................................................................................................
3.2 Әлеуметтік сақтандыру жүйесінің даму бағыттары..............................
ҚОРЫТЫНДЫ ................................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ...............................................
Жерорта теңізі елдерінің әлеуметтік саясат жүргізудің өзіндік үлгісі бар. Ол мемлекеттерге Испания, Португалия, Греция, Италия, Ирландия елдері жатады. Бұл елдерде әлеуметтік қорғау жүйесінің негізгі мазмұны мемлекет немесе Үкіметтік емес ұйымдардың ұсынған әлеуметтік сақтандырумен түсіндіріледі. Жерорта теңізі елдері үлгісінде әлеуметтік салаға көп қаражат бөлінгенімен, ол халықтың басым бөлігін қамти алмайды.
Демек, әр мемлекеттің әлеуметтік саясат жүргізу ерекшелігі елдің экономикалық потенциалымен санасады. Осыған сәйкес әлеуметтік мәселелерді шешуге арналған әдістер жүйесі бар. Бірнеше елдердің топтамасында немесе жекелей мемлекеттердің өздеріне тән әлеуметтік жүйесін кездестіруге болады. Бір елдің белгілі бір топқа жіктелуін қарастырғанда өзіндік ерекшеліктер мен талаптарды ескерген дұрыс:
- әлеуметтік саясаттың көздеп отырған түпкі мақсаты: берілген жүйе минималды ауқаттылық пен кепілдендіруді ұсынумен шектелуі, мемлекетте жалпы табыстың қоғам мүшелеріне қайта бөлінуі;
- әлеуметтік саясаттың экономикалық саясатпен байланыстылығы;
- әлеуметтік қорғау жүйесінің басымдылық типі: белсенді, конструктивті.
Жалпы алғанда әр үлгінің мемлекетте әлеуметтік саясат жүргізу мен халықтың әлжуаз бөлігін қорғап отыруда өзіндік артықшылығы мен кемшіліктері бар. Бірақ әлем мемлекеттер қоғам түрленіп, дамыған сайын әлеуметтік саясат жүргізу әдістерін жетілдіріп отырады, бір-бірімен тәжірбие алмасу үрдісі тоқтамайды.
ХХ ғасыр кез келген мемлекеттің ішкі саясатының негізгі бағыттарының бірі әлеуметтік саясат болуы керек екенін дәлелдеді. Әлеуметтік саясаттың басым міндеттері қоғамдық өмірде белгілі бір деңгейде теңдікті қамтамасыз етуді көздейді.
Халықты әлеуметтік қорғау – мемлекеттің әлеуметтік саясатының ең негізгі басым бағыты. Экономикалық нарықтық қатынастар кезеңіне өткенде мемлекеттің әлеуметтік саясатын жетілдіру қажеттілігі туындады. Әлеуметтік саясат аясында халықты, оның ішінде көмекке аса мұқтаж адамдар, асыраушысынан айрылған, мүгедек жандар, жетім балалар әлеуметтік қорғалады.
Қазақстан Республикасы Ата Заңында «өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы адам және адам өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп көрсеткен. Әрине, әлеуметтік мемлекеттің негізгі принципі де әлеуметтік саясатты жүргізіп, негізгі функцисы әлеуметтік қорғау болып табылады. «Әлеуметтік қорғау – бұл мұндай қатынастар, яғни оның қамқорлығында индивидтер қоғамдағы өз позицияларын сақтауға мүмкіндіктері болады. Әлеуметтік қорғау – саяси немесе әлеуметтік одақты сақтау функциясы».
Әлеуметтік саясатты жүргізудің негізгі мынадай принциптері бар: баға көтерілгенде компенсацияның түрлі формаларын енгізіп және индексация жүргізу арқылы халықтың өмір деңгейін қорғау; ең кедей отбасыларға көмектесу; жұмыссыздық жағдайында көмек беру; әлеуметтік сақтандыру саясатын жүзеге асыру; мемлекет есебінен білім беру, денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғауды дамыту, мамандандыру бағытында белсенді саясат жүргізу. Жалпы әлеуметтік саясатты жүзеге асыру үш кезеңнен тұрады: саясатты қалыптастыру, оны халыққа тарату және оны әр адамның қабылдауы. Әлеуметтік саясатты қалыптастыру процесіне түрлі үкіметтің жасаған бағдарлама, жобалары және парламент, президенттің бекіткен заң, жарлықтарын тікелей жатқызуымызға болады. Ал енді әр адамның әлеуметтік саясатты қабылдауы, ол тікелей екінші кезеңнің жүзеге асуына байланысты өз нәтижесін береді [14].
Халықты әлеуметтік қорғау мәселесін әр мелекет өзінің әлеуметтік-экономикалық мүмкіндігінің шеңберінде шешеді. Әр аймақтық бөлініске сай әр мемлекеттің әлеуметтік саясатты жүргізудің өзіндік үлгілері болады. Мәселен, Ұлыбритания, Жапония, Канада, Жерорта теңізі және т.б. елдерінің әлеуметтік қорғау үлгілері сияқты Қазақстанның да өз үлгісі бар. Қазақстанда әлеуметтік саясатты жүргізіп, әлеуметтік қорғауды ұйымдастырумен 1996 жылы Президент жарлығымен құрылған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі айналысады. Тәуелсіз Қазақстанның халықты әлеуметтік қорғаудың өзіндік құрылымы 1999 жылдардан қалыптасты. 2001 жылы 27 маусымды «Халықты әлеуметтік қорғаудың концепциясы» қабылданды. Бұл маңызды құжат мемлекетте әлеуметтік сақтандыру жүйесінің енгізілуімен ерекшеленеді. Сонымен бірге құжат бойынша халықты әлеуметтік қорғау үш деңгейде жүзеге асады. Олар:
базалық, мемлекеттік бюджет есебінен төлемдер: зейнетақы төлемдері, мүгедектік бойынша төлемдер, асыраушысынан айрылуына байланысты төлемдер, әлеуметтік қорғау мекемелері бойынша әлеуметтік көмек көрсету, мекен-жайлық әлеуметтік көмектер.
міндетті, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі бойынша төлемдер: еңбек етуге қабілетсіз болған жағдайда, асыраушысынан айрылу жағдайында, жұмысынан айрылу жағдайында.
қосымша, жұмыс беруші жауапкершілігімен сақтандыру.
Осының аясында жыл сайын үкімет пен министрлікте ауқымды бағдарламалар қабылданып, іс-шаралар жоспары бекітіледі.
Бұл бүгінгі талданған жүйелер мемлекетіміздегі әлеуметтік саясаттың негізі болған әлеуметтік қорғаудың маңызды бөліктері болып табылады. Қарқындап дамып келе жатқан Қазақстан экономикалық, саяси потенциалымен уақыт өткен сайын әлеуметтік салаға тереңінен көңіл бөлері анық.
3.2 Әлеуметтік сақтандыру жүйесінің даму бағыттары
Сақтандыру рыногы дамуының негізгі проблемалары республикада өмірді сақтандыру рыногының және жеке сақтандырудың басқа түрлерінің жеткіліксіз дамуының, сақтандыру ұйымдарын корпоративті басқару жүйесін ендіру, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметі туралы статистикалық және өзге деректер базасын қалыптастыру әрі оған қол жеткізуді қамтамасыз ету, сақтандыру компанияларының қызметін автоматтандыру мәселелері болып табылады [15].
Сақтандыру секторының проблемалары арасында өмірді ұзақ мерзімге және жинақтаушы сақтандыруды, сақтандыру өнімдерінің салыстырмалы қымбатшылығын (құн талаптары заңдарда айқындалған сақтандырудың міндетті түрлерін қоспағанда) және олардың қажетсіздігін, рынокта жекелеген сақтандыру ұйымдарының жеткіліксіз белсендігі мен сақтандыруға деген төмен қызығушылықты, әсіресе өз ақшасын көбірек банктерге сеніп тапсыратын нақты сақтанушылардың өмірді сақтандыруға деген төмен қызығушылығы, сақтандыру ұйымдарының өз тәуекелдерін (анықтау, бағалау, есеп бepу) басқаруының төмен сапасын, сақтандыру ұйымдарының өмірді жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша сақтанушыларға заемдар беру жүйесінің дамымағандығын, халықтың сақтандыру рыногына деген сенімінің жеткіліксіздігін, сақтандыру ұйымдарындағы қызметтің және қызмет көрсетудің төмен сапасын, сақтандыру бизнесі саласындағы алаяқтықты қоса алғанда, ерікті сақтандыру бойынша ұсынылып отырған қызметтердің шектелуін атап өткен жөн.
Төменде әр түрлі елдердің сақтандыру рыноктарының негізгі көрсеткіштеріне салыстырмалы талдау көрсетілген.
Дамыған нарықтық экономикасы бар елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай міндетті сақтандыру механизмі мемлекеттік әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз ету және экономикасының дамуын жеделдету мақсатында кеңінен қолданылады.
Бұл тәжірибе Қазақстанда да қолданыс табуда. Соңғы жылдары мұнда азаматтардың заңды тұлғалардың және мемлекеттің мүліктік мүдделерін табиғи, техногендік, экономикалық және өзге де тәуекелдерден қорғау жөніндегі міндеттерді шешу үшін міндетті сақтандыруды пайдалану аясы біршама кеңейді.
Сонымен қатар міндетті сақтандырудың отандық жүйесінде әлі де шешімі табылмаған мәселелер бар, олардың көбіcі осы салада бірыңғай мемлекеттік саясаттың болмауымен байланысты.
Атап айтқанда, әр түрлі мемлекеттік органдар міндетті сақтандырудың қандай да бір түрін енгізу туралы шешімді қабылдау барысында әдетте, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттарын, ұлттық сақтандыру рыногының және әлуетті сақтандырушылардың қаржы мүмкіндіктерінің шынайы жай-күйін ескермей-ақ ведомство ауқымындағы мүдделерді басшылыққа алады.
Міндетті сақтандырудың осы және басқа да мәселелерін шешу мақсатында мынадай негізгі міндеттерді шешу қажет:
1. Мынадай мәселелерден тұратын міндетті сақтандыру саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру.
1) Міндетті сақтандыру түрін енгізудің құқықтық, экономикалық және өзге де негіздері
Азаматтар, шаруашылық жүргізуші субъектілер және мемлекет үшін әлеуметтік-экономикалық маңызы сақтандырудың қандай да бір түрін міндетті сақтандыруға жатқызудың басты критерийі болуы қажет.
Заң актісінде міндетті сақтандыру түрін көздейтін норманы көрсету немесе ол бойынша тиісті заң қабылдау үшін енгізілетін міндетті сақтандыру түрі қажеттілігінің, тиімділігінің және экономикалық мақсаттылығының әлеуметтік-экономикалық негіздемесі әзірленуі қажет.
"Міндетті сақтандыру" ұғымын, принциптері мен оның қолданылу аясын нақтылау мақсатында Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселені қарау қажет. Мұндайда жекелеген заң актісіне немесе шартқа орай - міндетті сақтандыруды жүргізудің құқықтық негіздемелері нақты шектеуі тиіс.
Мемлекет мүддесін қорғау тұрғысынан алып қарағанда, міндетті сақтандыру түрін енгізу мүмкіндігінше, халықтың және шаруашылық жүргізуші субъектілердің әлеуметтік, техногендік, экологиялық, табиғи, кәсіпкерлік және өзге де тәуекелдерден болған зияндарын өтеу көзі ретіндегі республикалық бюджетке түсетін ауырлықты азайту мақсатын көздеуі қажет.
Осыдан келіп, мыналарды алдын ала қарау қажет:
сақтандырудың тәуекелдерді басқарудың басқа да құралдарымен салыстырғандағы экономикалық пайдасы (мақсатты резервтер және қорлар, шығынды тікелей бюджеттен өтеу, өзін-өзі сақтандыру және басқалары);
статистикалық деректердің толыққанды базасын қалыптастыру және экономикалық бағалауға қажетті қолданыстағы деректердің болу мәселелері;
сақтандыруға тәуекелдерді қабылдаудың нақты мүмкіндігі, ол бірінші кезекте ұлттық сақтандыру нарығының көлемімен (сақтандырушыларды капиталдандырумен), тәуекелдердің табиғатымен және олардың болуынан туындайтын салдардың мөлшерімен, өндірістің қауіпсіздік және жұмыс істеу кезеңінің деңгеймен және басқа да факторлармен айқындалады;
енгізілетін міндетті сақтандыру принциптерінің сақтандырудың негізгі ережелеріне (онысы экономикалық мңнінің сақтандыру қатынастарының осы түрін ұйымдастырудың ерекше шарттарына) сәйкес келуі;
әлеуетке сақтандырушылардың сақтандыруды қаржылай қамтамасыз ету үшін қаражатының (сақтандыру қызметтерін пайдаланушы тұтынушылардың жеткілікті сатып алу деңгейінің) болуы;
міндетті сақтандыруды жүргізуді қамтамасыз ететін тиісті салалық инфрақұрылымның болуы;
енгізілетін міндетті сақтандыру шарттарының сақтандырудың халықаралық тәжірибеге сәйкес келуі.
2) Міндетті сақтандырудың қағидаттары
Міндетті сақтандыру түрін қолданудың аясы және оны жүргізудің құқықтық негіздері мынадай негізгі принциптерге сәйкес келуі тиіс:
сақтандырудың шарттары мен жүргізу тәртібін заң белгілейді (немесе онда жекелеген мәселелердің басқалай реттелу мүмкіндігі);
сақандыруға жататын объектілерді түгелімен қамту;
сақтандыру қызметін жүргізудің жеткілікті түрдегі ұзақтығы (тәртіп бойынша шарт жасау міндеті сақтандыру объектісі жойылған жағдайда ғана тоқтатылады);
міндетті сақтандыруды жүзеге асырудың негізгі талаптары туралы ақпараттың ашықтығы;
сақтандырушылардың және басқа тұлғалардың шарт бойынша өз міндеттерін орындауының нақты мүмкіндігі;
сақтандыру шарты тараптарының және өзге де тұлғалардың, оның ішінде мемлекеттің жауапкершілік талаптары.
3) Мемлекеттің міндетті сақтандыру саласына қатысуы
Мемлекеттің міндетті сақтандыру саласына қатысуының негізгі мақсаты оны өткізуге бақылауды қамтамасыз ету болуы тиіс.
Осы міндеттерді іске асыру міндетті сақтандырудың сенімді жүйесін жасауды көздейді, оның негізгі буындарының бірі сақтандыру қызметін тұтынушыларға мемлекеттік кепілдік ұсыну болуы тиіс. Бұл үшін мемлекеттің осы жүйеге жанама әрі тікелей қатысуын көздейтін механизмдер пайдаланылуы тиіс.
Жанама қатысу мемлекеттің сақтандыру ұйымдарының қызметіне, оның ішінде олардың қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабілеттілігіне қойылатын талаптар деңгейін көтеру, олардың міндетті сақтандыру рыногына кіруіне қосымша талаптарды белгілеуді қосқанда әр түрлі механизмдерді пайдалануын көздейді.
Мемлекеттің сақтандыру қызметін тұтынушылардың мүдделерін қорғау саласына тікелей қатысуына айырықша тиімді механизмі сақтандыру ұйымдары мұны жүзеге асыра алмаған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беретін жүйені құруы болып табылады.
Бұл мақсатты "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 3 маусымдағы N 423-ІІ Заңына сәйкес құрылған Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының көмегімен кезеңді түрде іске асыру жобаланатын болады. Дәл осы уақытта сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне сақтандыру жағдайлары тууының жоғары мүмкіндігімен және оған қатысты олардың тууынан болатын аз мөлшерлі зиянмен сипатталатын міндетті сақтандырудың неғұрлым көп түрі енгізілген.