Бейімделу процессіндегі әлеуметтік жұмыстың рөлі мен маңызы

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2012 в 13:22, реферат

Краткое описание

Бейімделу (лат. adapto) техникалық жүйенің сыртқы орта жағдайларының өзгеруіне байланысты ол туралы ақпарат жинау және оны пайдалану арқылы өз қалып-күйлерін (жұмыс істеу алгоритмін, параметрін, құрылымын) өзгертуі; ағзалардың тарихи даму кезеңіндегі тіршілік ортасына бейімделуі.

Файлы: 1 файл

Бейімделу процессіндегі әлеуметтік жұмыстың рөлі мен маңызы.doc

— 72.00 Кб (Скачать)

Бейімделу процессіндегі әлеуметтік жұмыстың рөлі мен  маңызы 

      Бейімделу (лат. adapto) техникалық жүйенің сыртқы орта жағдайларының өзгеруіне байланысты ол туралы ақпарат жинау және оны пайдалану арқылы өз қалып-күйлерін (жұмыс істеу алгоритмін, параметрін, құрылымын) өзгертуі; ағзалардың тарихи даму кезеңіндегі тіршілік ортасына бейімделуі.

      Бейімделу — организмдердің әрбір түрге тән белгілі шектері бар ортаның жағдайына бейімделу процесі.Түз жануарларының ашық әрі қүрғақ кеңістікті ортадағы тіршілікке эволюциялық бейімделуі тез жүгіруге, құрғақ шылық жағдайына, т.б. бейімделуі; Қиыр Солтүстікке және баска да экстремалды аймақтарға тұрақты қоныстану үшін көшіп барған адамның физиологиялық немесе онтогенетикалык бейімделуі ("әдеттенуі"). Бір ұрпақтың жеке физиологиялық бейімделуі фенотиптік бейімделу деп аталады да, бұл ұрпақтан урпаққа көше отырып генотиптік бейімделуге өтеді, ал сұрыпталу барысында — эволюциялық бейімделуге ауысады. Генотиптік және эволюциялық бейімделумен салыстырғанда физиологиялық бейімделу толық жетілмеген. Организмнің бастапқы жағдайға оралуы қайта бейімделу , деп аталады; ортаның өзгерістегі жағдайына ыңғайлануды дизадаптация дейді. Сонымен бірге жаңа әлеуметтік ортаға, мысалы, ауылдан қалаға келген мигранттардың бейімделуі — адамның әлеуметтік бейімделуі жеке қарастырылады.

Бейімделу

  1. кез-келген әлеуметтік жүйелердің (мысалы, отбасы тобы, іскерлік фирмасы, ұлттық мемлекет) өзінің тіршілік ету ортасына жауап беруі немесе, оны «басқаруы»;
  2. тұлғаның немесе әлеуметтік топтың қоғамдық ортаға икемделуі үрдісі, мұның нәтижесінде осы үрдіске қатысушы субъектілердің талаптары мен күтулері сәйкестендіріледі.

      Жылдан жылға оқушылардың бастауыш сыныптан орта буынға  бейімделу кезеңі өзекті мәселе болып туындайды.Оқушылар мектепке, мұғалім талабына, сыныптастарына үйренсе де, бейімделу проблемасы бар. Олар қайтадан жаңа әлеуметтік жағдайға үйренеді, жаңа сынып жетекшісі, пән мұғалімдері, жаңа пән. Әр мұғалім өз талабын қояды. Бұл кез бастапқы жеткіншек шақ, бала ағзасында физиологиялық өзгерістер өтіп, ол да із қалтырады.

      Сондықтан бейімделуге дайындық жұмысты төртіншіде бастап, бесінші сыныпта жалғастыру қажет.

Мақсаты: Оқушыларға бейімделу кезеңінде психологиялық  сүйемелдеу арқылы көмек жасау.

Міндеттері:

1.            Танымдық процестерін, қарым-қатынасын, өзіне деген көзқарасын, тәртібін 4-ші сыныпта бақылау.

2.             Орта буындағы сыныпта оқушыға қажет қасиеттермен таныстыру.

3.             Орта буынға ауысуға дайын екендіктеріне сенімділіктерін арттыру.

4.            Жұмыс жасауға жақсы көңіл-күй орнату.

5.            Мұғалімдерге, ата-аналарына бесінші сыныпқа бейімделу ерекшіліктері, үлкендер қандай көмек бере алатыны туралы кеңес беру.

6.            Оқушыларға сабақ арқылы бейімделуге көмек беру.

7.            Бейімделу деңгейін казан айында және оқу жылдың аяғында зерттеу.

8.            Өткізген жұмыстарға анализ жасау.  

 Іс-шаралардың жоспары.

1.     Танысу.-1 сабақ. (наурыздың 1-ші аптасы. )

4 сыныппен танысу, сабақта не істелінеді, мақсатын, кездесіп отыру. 

2.     Диагностикалық минимум.-1 сабақ. (наурыздың 2-ші аптасы.)

Өзіне деген  көзқарасы. Өз-өзін бағалау Лонг әдістемесі.Зейін  деңгейі. Ақыл-ойының жұмыс істеу  қабілеті. Ақыл-ойының даму деңгейі.Замбицявичене  тесті. Мотивация ерекшелігі.Лусканова  әдістемесі. 

3.     Дамыту сабақтар. –Аптасына 1 рет.

4.     Ата-аналар жиналысы. Кеңес беру.

5.     Психолого-педагогикалық ойын. Алда 5-інші сынып.

6.     Психолого-педагогикалық ойын. Ақ жол. (кыркүйекте)

7.     Пән мұғалімдерімен таныстыру, кабинеттердің орналасуы, топта бірігіп жұмыс істеу.

8.     Семинар мұғалімдермен. 2-3-ші аптада.

Оқушылардың бейімделуі, жас ерекшелігі туралы кеңес беру.

9.     Ата-аналар жиналысы. Кеңес беру.

10.                       Бейімдеу сабақтары.-Аптасына 1 рет.

11.                       Диагностикалық минимум.- Мектепте мазасыздану. Филлипс тесті.

12.                       Бақылау диагностикасы. – Сәуірде.

Өзін-өзі бағалау. Мазасыздану, мотивациясы.  

 Мұғалімдерге дәріс.    

 Тақырыбы: Бесінші сыныпқа бейімделуге көмек.

Мақсаты: 5-ші сыныпқа  орта буынға бейімделуге мұғалімдердің көмек беру мотивациясын дамыту, кездесетін қиындықтарды талдау, дезадаптацияның алдын алу.  

 Сабақ жабдықтары:

1 .           Сұрақтар оқушыларға қойылатын бірыңғай  талаптар бойынша.

2.           Жадынама. «Бағалау қауіпсіздік техникасының ережесі».

3.           Қасиеттер жазылған үлестірме кағаз.

4.           Люшер тесті. 8 түсті үлестірме кағаз.

5.           Оқушылардың мұғалімдерді эмоционалдық қабылдау кестесі.  

 Сабақ барысы.  

I.                   Кіріспе сөз.

-Бүгін біз  семинар-тренинг «Бесінші сыныпқа бейімделуге көмек» өткізуге

жиналдық. Осы  семинарда өздеріңізге кажетті, күнделікті жұмыста қолданатын кеңес  аласыздар деп  сенеміз.  

II.                Қатысушыларды сергіту.

Біз шеңбер жасап  отырдық. Күнделікті отырыстан айырмашылығы бар екенін білеміз. Осындай отырыстын жақсы, жаман жағын атап шығайық шеңбер бойымен.  

III.             Еске түсіру.

-         Өздеріңіздің бастауыш сыныптан орта буынға ауысу кезеңді еске түсіріңіздерші. Қандай қиыншылықтар еске түседі?

Мұғалімдер атап шығады: кабинеттерді табу, мұғалімдердің әр түрлі талаптары, мұғалімдердің әр турлі эмоционалдқ қабылдауы.  

IV.            Бірыңғай талаптар.

Мұғалімдерге  сұрақтар.

-Дәптерді толтыру,  орындалған жұмыстарды жазу талаптары.  Неше тор, нешежол қалтыру қажет?

- Қазақ тілін  бермейтін мұғалімдерге дәптердегі  қателіктерін түзеп, оған сол  үшін бағасын төмендеткен дұрыс  па?

- Сынып кезекшісі  нені орындауы міндетті?

- Сонымен мұғалімдердің  қойятын талаптары әр түрлі.  Қалай ойлайсыздар әр түрлі талаптар алған оқушы  осындай сәтте нені сезінеді?  Мазасызданған, қобалжыған оқушыға кандай көмек беру болады? Осыған біз не істей аламыз?  

V. Ассоциация.

өзіне сенімді                      өзіне сенімсіз      шындық

көнушілік                          ашулы                қайсарлық  

 біреуге тәуелді                  белсенді              мінезі ашық

Түсті төртбұрыштар осы қасиеттердің жанына ілінеді.

-Енді біз  бесінші сынытың ассоциациясын  ілеміз.Балалар сіздерді қалай  қабылдайды екенін көріңіздер.

Егер сіздер жақсы немесе жаман  эмоционалдық қарым-қатынас деңғейінде болсаңыздар нені сезінесіздер.

Балалар қара түспен мұғалімді көрсетпес үшін не істеу  керек?  

               VI. Басқаға ауысу.

–Енді сіздердің  қажу деңгейлеріңізді анықтайық.Егер жоғары болса-отырып иықтарыңызды түсіріңіз, орташа болса-тұрып қолды төмен түсіріңіз, аз ғана болса тұрып қол көтеріңіз. Сәл ғана болса қалай көрсетесіз? Рахмет, орындарыңызға отыруға болады.  

VII. Жұмыс орындау  динамикасы.

Сергіту сәті оқушының қажығаның азайтады бірақ орта буында оны орындауға уақыт шектеулі деп назар онша аударылмайды.

Жұмыс орындау  механизмінің циклі.

3-5 минут –  дайындық 

15-20 минут –  оптимум

20-шы минуттан  кейін қажу 

Табиғи биоритммен қажуды сабақта қалай реттеп отырасыз?    

 

VIII.      Баға қою қауыпсыздық ережесі.

Екі немесе үш баға жеткілікті жазалау. Ата-анасынан жазалауды  талап етпеңіз, бала үде өзің жақсы  сезіну керек.

Орындаушыны мақтаңыз, сын беріңіз орындалғанына, өзіне  емес.

Мақтауға аянбаңыз. Балаға шамасы жететін талаптар біртіндеп қойыңыз.  

IX. Қорытынды  жасау. 

«Мен және біз»  

 Бесінші сынып  оқушыларының әлеуметтік дағдыларын  дамыту тренинг-сабақтар.  

 Ата-аналарға жадынама

·        Балаңызға өзіңіз мектепте оқығаныңыз туралы әңімелеп көңілін көтеріңіз.

·        Сабақ үлгерімі, тәртібі, басқалармен қарым-қатынасы туралы үнемі мұғалімдермен әңгімелесіп отырыңыз.

·        Сабақ үлгерімінің бағасын өзіңіздің жазалау немесе мақтаумен байланыстырмаңыз.

·        Өз балаңыз оқитын мектептің еркшілігін, бағдарламасын біліңіз.

·        Үй жұмысын орындауға көмектесіңіз, бірақ өзіңіз орындамаңыз.

·        Мектепте нені оқытатынына баланың  қызғушылығын арттыруға көмектесіңіз.

·        Мектеп өмірінде өзгеріс болып жатқанда, үйде бірқалыпты, жайбарақат атмосфера орнатуға тырысыңыз.         

 Сабақ 1 Танысу

Мақсаты: Тренинг  ережесімен танысу, бір-бірімен қарым-қатынас  жасау әдістерін талдау.

Сабақ барысы

Кіріспе

Жаттығу. Аты  және қасиеті. Допты кезекпен бір-біріне лақтырып өзің де айтып шығады.

Бізге ереже қажет. Талдау.

Оқушылар сабаққа  неге келеді?

Сабақта тәртіп ережесі бар ма?    

                    Негізгі бөлім.

Ойын менің  мекен жайым. Барлығы бір уақытта  өз адресін айтады, әр біреуі оны  естісе екен деп қатты айтады. Жүргізуші  біреудің адресін сұрайды. Бірінші ереже бір- бірін тыңдау.

Екінші-басқаға  кедергі жасамау.

Дұрыс немесе қате жауап жоқ. Бір-бірін ренжітпеу.

Сен өзіне сенімді  боласың егер саған кедергі жасамаса.

Басқаға кедергі  жасамайтындай қылып барлығын істеуге  болады Сенімді болуға болады, сені ешкім ренжітпесе.

Қорытынды.

Менің көңіл-күйімнің түсі.

Қоштасу ритуалын келісіпорындау.  

 

Сабақ 2. 5-інші сынып деген не?  

 

Мақсаты: Бейімделу  себептерін алдын-ылу.

Сабақ барысы

Кіріспе

Жаттығу Ұжыммен  санау. Бір-біріммен келіспей санау.

Жаттығу Кім ...

Тәттіні жақсы  көреді

Кімде мысық  бар 

Кім футбол жақсы  көреді т.б.

Информация о работе Бейімделу процессіндегі әлеуметтік жұмыстың рөлі мен маңызы