Зейін теориялары

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 12:25, реферат

Краткое описание

Қазіргі кезеңде психологияның алдыңғы міндеттері қоғам дамуының бағдарламаларымен сәйкес болуға тиіс. Еңбек іс-әрекетінің нәтижелігі, білім беру, өнімінің дамуы, денсаулық сақтау және қарым-қатынас жүйесін жақсарту сияқтылардың барлығы адамға қатысты мәселелерді ғылыми зерттеуді талап етеді, Тұлғаның даралық ерекшелігі бағдарламаның білім беру жүйесіндегі бір бағыты.
Өмір сүру барысында дамитын тұлғаның ерекшеліктерін меңгеретін білімнің келемі мен сипаты, қызығушылығы, кез келген ортада қарым-қатынасқа түсе білуі, зейін қасиеттерінің жоғарғы деңгейде болуы, адамгершілік қасиеттері» осылардың барлығы адамның белгілі бір жағдайға еркін жауап қайтаруына белсенді және мақсатты түрде әсер етеді.

Файлы: 1 файл

зей3н теориялары.doc

— 481.00 Кб (Скачать)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жасөспірімдердің зейіннің    шоғырлану    деңгейінің

көрссткіштері

Кесте 12

 

Сыналушылар

Жаттығуға дей. көрсеткіш

Жаттыгудан  кей. көрсеткіш

1

И.Р.

3

3

2

К.Н.

3

4

3

М.А.

0

2

4

У.А.

0

1

5

А.Д.

2

5

6

К.И.

5

5

7

К.Ә

4

5

8

Ж.А.

5

6

9

Е.Ж.

3

5

10

А.А.

2

4

11

Н.Д.

1

2

12

А.Б.

2

3

13

К.Ж.

3

5

14

Е.Д.

1

4

15

Т.С.

4

4

16

Е.Н.

5

5

17

К.А.

4

5

18

А.А.

3

4

19

Ә.И.

3

 

20

Н.М

0

2

21

Ж.А.

1

2

22

О.А.

2

4

23

Ә.А.

3

3

24

А.М.

1

2

25

Н.М.

2

4

26

К.Ә.

4

6

27

Ж.В.

0

3

28

А.Л.

3

4

29

Қ.Б.

1

3

30

Б.Н.

1      

3

  31

А.А

 

 

2


 

 

 

Қорытынды:    Зейін    шоғырлануының   нәтижелері    жаттығуға   дейінгі көрсеткіш пен жаттығудан кейінгі көрсеткіш бойынша айырмашылық  ақиқат болатынын дәлелдеу үшін статистикалық  әдіс қолданылды. Стюдент критериі болжамның дұрыстығын көрсетті.

tЭМП=-5;

 

tЭМП={2,000(P<0.05)/2.600(P<0.01)}

Біздің алып отырған эмпирикалық мәніміз  критикалық мәннен кіші болды, оны мына құрылған өстен көруге болады.

 

tЭМП≈-5         tкрит=2.000                   tкрит=2.600

                                      tкрит≥tЭМ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жасөспірімдердің  қарым-қатынаста зейін қасиеттерін  дамытатын

тәсілдері

Психологиялық жаттығулар, ойындар (тренинг) адамдар  арасындағы қарым-қатынасты, таным  процестерін, қасиеттерді корреляциялауда  пайдаланылады.

Тренинг жеке адамға басқаларды, қоршаған ортаны тануға көмектеседі, оны түсінуге, ойдағыны айтуға, бөлісуге жағдай жасайды, әркімнің өзіне сенімділігін туғызады, ашық болуға, өз-өзін түсінуге, комплекстерден құтылуға, өзінің бойындағы қасиеттерді көруге мүмкіндік береді. Тренинг өз-өзіңді бақылауға байқағыштықты дамытуға жол ашады, Треннингтің қандай модификациясы ұйымдастырылса да топтық жұмыстың бір қатар нақты принциптерін сақтау, топтағы қарым-қатынас негізінде оның әрбір мүшесінің дамып, кез келген іс-әрекеттерін игеруіне өзіндік белсенділік таныту топтың тұрақты болуы, топ мүшелерінің бір-біріне тиімді ықпалына арқа сүйеу, еркіндік пен субъективті эмоциялыққа жағдай жасау талаптары басты шарт болады. Мұнда ең алдымен өткізудің тәртіптері жасалады.

1. Әрбір    жаттығудың    жағымды    эмоциялық    фонда    жүргізілуін 
қамтамасыз ету керек.

2. Қатысушылардың өз еріктерімен қатысуына мүмкіндік беру керек 
Зейінді дамытудың дұрыс жолы - ол өзіңді түрлі жағдайларда жұмыс

істей білуге үйрету. Жалпы зейінді аудару үш жолмен жүреді.

  • Объектіден объектіге зейінді тез аудару қаблеті
  • Маңызды объектіні бөліп қабылдау
  • Оптималды маршрутты қабылдауды таңдау қабілеті

Сондықтанда біз қарым-қатынаста зейіннің қасиеттерін  дамыту мақсатында әр түрлі психотехникалық жаттығулар жүргіземіз.

 

 

 

 

«Шыбын» жаттығуы.

«Шыбын» жаттьтғуы  топ бойынша орыңдалады. 3x3 мөлшерлі у торды ойша. Сызу керек. Шыбын ортаңғы торда орналасқан, Ойынға қатысушылар кезек - кезек шыбьшға «Жоғары!» «Төмен!» «Онға!» Солға!» деп бұйрық беріп, көрші торға қозғалтады, Ойынға қатысушылар «шыбынның ойын алаңьшан шығьш кетпеуін бақылап отыруы керек, Егер біреу «шыбынның» ойын алаңынан шығып кеткенін білсе, «Тоқта» деп. бұйрық беріп шыбынды ортаңғы торға әкеліп, ойынды қайтадан бастайды. Ойын алаңына басқа конфигурация беріп, ойынды күрделендірсе болады. Тіпті екі шыбынды алма кезек қозғалуға болады.

«Адасқан әңгімеші» жаттығуы.

«Адасқан әңгімсші» жаттығуында ойыншылар дөңгелене отырады, Бастаушы әңгімс тақырыбын белгілейді. Бір ойыншы сол тақырыпта әңгіме айта бастайды да, тақыртыпты ауыстырып жібереді. Ол бір тақырыптан екінші тақырыпқа ауысып отырып, өзінің әңгімесін мейлінше матастыруға тырысады. Одан кейін әңгімеші қимылмен сөзді келесі ойыншыға береді. Әңгімені кез келген ойыншы өрбіте алатындықтан ойынның барысын барлығы бақылап отырады. Таңдау кімге түсті сол әңгімені шиеленстіруі керек. Сонымен бірге айтылған әңгіме бойынша ассоциативтік шытырман оқиғаларға аяғынан, басына қарай қысқаша шолу жасап өтуі керек. Ол бастаушының бастапқы сөзіне қайта оралады. Содан кейін өзі әңгімені «шиеленістіреді», Бұл ассоциативтік қатар ұзара беретіндіктен зейіннің жұмысы күрделене береді, психикалық жаттығуда эффективті.

«Артық  зейін» жаттығуы.

Қатысушылар   екі   топқа   бөлінеді;   «кедергі   жасаушылар»   және «зейінділер»  тобы.  «Зейінділерді»  жүргізуші  зал  периметрімен  ортаға

бетімсн қаратып  және ерекше белгілер алады (қол таңба, галстук т.б.).

Әрқайсысына нұсқау беріледі: сіздің міндетіңіз - қандайда бір ішкі жұмысқа шоғырланған  және қоршағандарды ескермейтін (жүргізуші бейне көрсетеді, ештеңеге назар аудармайтын адамның кейпінде) актердің рөліне енетін адам болып көрсету керек. Сол рөлде толық еніп, көзің ашық күйде және құлақты жаппай: басқалардың не істеп жатқандарын ескермейді.

Сіздерге  жеңілдету үшін қызық кино немесе өте қауіпті саяхатта жүргендей сезініңіздер. Өз рөліңізде бір ізді болыңыз. Жаттығу аяқталғаннан кейін («тоқта» деген команда берілгеннен) және сізді сұрастырса, басқаларды сендіретіндей, шынында да өз ойыңызға беріліп ештеңені көргенде, естігенде жоқсыз. Түсінікті ме? «Кедергі жасайтындар жаттығу кезінде тапсырма, алады. Дайынсыз ба? Бастадық! Жаттығу 5-15 мин, Созылады. Осы уақыт аралығында жүргізуші «кедергі жасаушылармен бірге бірнеше провокациялық әрекеттер ұйымдастырады. Олар лозунгілер айтады, ұрандар, сценалар ойнайды, анегдоттар айтып, залдан кетуді» немесе жануарларды көрсетеді, «зейінділерден» қайыр сұрайды және т.с.с, Дегенмен жүргізуші «кедергі жасаушылардың» әрекеттері. эффективті болын кетпеуін қадағалайды. Ол «зейінділерге» тигізбеуге жәнс өте қиын жағдайда өз ролдерінде қалуға көмектеседі. Содан кейін «тоқта» деген команда беріледі, талқылау басталады. Жаттығуды қалыптасқан топта, творчествалық әуестенушілік жағдайында ғана пайдаланады.

Зейіннің шоғырлануына арналған ойындар

Жаттықтырушы  белгілі бір математикалық амалды айтады: алу. қосу, көбейту, бөлу, дәрсжелеу немесе түбірден шығару. Қатысушылар саусақтарымен жауап беру керек. Мысалы, жаттықтырушы былай деп айтады: «Он екінің көбейтіндісі». Қатысушылардың әр біреуі сол қолдарының 3 саусақтарын және оң қолдарының 4 саусақтарын көрсетеді (сондай-ақ, бұл жағдайда керісінше де болады), 3 пен 4 көбейтіндісі деседе болады, яғни жаттықтырушының айтқан саны. Солайша жаттықтырушы ойынды ары қарай жалғастыра береді. Ол былай дейді 625-тің дәрежесін табу. Қатысушылар сол қолдарының 5 саусақтарын және оң қолдарының 4 саусақтарын керсетеді. 5-тің төрі дәрежесі бізге 625-ті береді. Егер жаттықтырушының айтқан санын саусақпен көрсету мүмкін болмаса (мысалы, жаттықтырушы айтады: «17, алу»), онда топ хормсн «қате» деп жауап береді. Содан кейін тапсырма меңгеріліп, көпшілік қатысушылар да жақсы орындала бастағанда ережені күрделендіруге болады. Енді жаттықтырушы амалды айтпай тек жай санды ғана айтады. Егер саусақтармен көрсеткен сандардың арасында «+» таңбасы болу керек болса, онда қолдарын төмен түсіреді, егер «2», онда жоғары, егер кебейтсе, қолдары алдыға, ал бөлсе, онда орнынан тұрып, қолдарын алдыға ұстайды, егер дәрежелесе, тұрып, қолдарын төмен түсіреді, ал, түбірден шығарса, онда тұрып, қолдарын жоғары көтереді. Барлық жаттығулар 5-6 минутқа созылады.

Қатысушылар шеңбер құра отырып орналасады. олардың  біреуі санап, айта бастайды: «Бір», оның қасыкдағы алфавиттің бірінші әріпін айтады: «А». Одан кейін отырған: «Екі»  десе, ал, келесі қатысушы - «Б» деп және т.б. барлық тақ ойыншылар сандарды рет-ретімен айтады, ал барлық жұптағы қатысушылар - әріптерді алфавит бойынша айтады. Ойыншыларға жылдам әрекеттенуді, одан да жылдамдатуды ұсыныңыз. Ойынды күрделендіріңіз. Бірінші ойыншы 1 десе, екінші А десін, үшінші 100 десс, төртінші Я десін, бесінші 2, алтыншы Б, жетінші 99, ал, сегізінші сіз ойлағандай Ю деп айтсын.

Толқындарды әр түрлі жаққа жіберу арқылы ойыңды одан да күрделендіруге болады. Ойында бастаушы барлық сандарды және алфавиттегі  әріптерді өсу ретіне қарай айтып шықсын, ал, келесі қатысушы әріптерді 100-ден бастап және алфавитгегі әріптерді Я-дан бастап керісінше айтып шықсын. Ойынды қатысушыларда барлығы жақсы орындала бастаған сәттен бастап тоқтатыңыз.

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Біздің зерттеу жұмысымыз адамзат психикасыңдағы зейін көрінісімен, адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасындағы сол  зейін  қасиеттерінің

рөлін зерттеуге  арналған.

Әлеуметтік  психология мен жалпы психология аумағында қарым-қатынас

және зейін мәселелері жан-жақты қаралады.

А.А. Леонтьев «Қарым-қатынас» ұғымын әмбебап коммуникативті іс-әрекетке теңейді. В.А. Кан-Калик  қарым-қатынасты адамгершілік құндылықтармен байланыстырады. Әйгілі психодог И.Н. Ланге  зейінді объективтілік актісімен  байланыстырды. Т.А. Рибо өзінің ерікті зейін мен қиялдың қозғалыс теориясында зейіннің түрлерін зерттейді.

В, Вундт сана мен зейінді байланыстырады. Осы  және тағы басқа ғалымдар мәселелерді  қарастырғанымен әлі де жеткіліксіз  жақтары көп. Әсіресе қарым-қатынас  пен зейін қасиеттерінің байланыстары қаралмаған. Зейін өзіндік психикалық процесс болып саналмайды, ол тек адамның психикалық іс-әрекетінің компоненті ретінде болады. Осы көптеген ғалымдардың теорияларына талдау жасай отырып қарым -қатынас  механизмдерін, қарым - қатынастың тиімділігін  анықтайтын, өзара   түсінікті   сипаттайтын    күрделі    психологиялық   құрылым   деп түсінеміз, сондай-ақ, зейіннің де психологияның көптеген салаларында маңызы өте зор, әрі адамның күрделі жүйесіндегі функционалдық іс-әрекетпен байланысының зор екенін байқауға болады. Зейін   қарым-қатынас   процесін   сипаттайтын   өте  маңызды  жақ  болып табылады.

Зейін адамдардың барлық іс - әрекет түріндегі қарым - қатынасының және күнделікті қарым-қатынасының  маңызды психологиялық факторы  болып табылады. Зейіннің қасиеттері қарым-қатынас пен адамдардың өзара қатынасының қажетті психологиялық компоненті бола отырып, айналадағы адамдармен байланысының тереңдей түсуіне мүмкіндік туғызады.

Қарым—қатынас процесінде өз ойын жеткізу мен басқа  адамның ойын жсткізуде де зейіннің маңызы өте зор екендігі анықталды. Сондай-ақ зерттеу жұмысымызда жасөспірімдердің қарым-қатынаста зейін қасиеттерін дамытуға тәсілдер қолданылып, эксперименталдық зерттеу жұмыстары жүргізілді. 2006-шы оқу жылындағы және 2007-ші оқу жылының басындағы эксперименттің барысында әр түрлі мамандықтағы 1 -ші курс студенттерінің қарым-қатынаста зейін қасиеттерінің деңгейлерін анықтадық, 2006-шы оқу жылында зерттелген шет тілдері мамандығы мен 2007-ші оқу жылының басында зерттелген тарих мамандығындағы сыналушыларының зейін қасиеттерін зерттеудің нәтижесіне көз жеткізу арқылы дамытушылық жаттығуларды ұсынуға мүмкіндік алдық. 2007 жылдың басында және аяғында жүргізілген зерттеулердің нәтижелері салыстырылып, көрнекі түрде гистограммаға салынды. Эксперименталды зерттеу жұмысында зейіннің қасиеттеріне құрастырылған әдістемелердің нәтижелері Стьюденттің корреляциондық коэффицентінің көмегімен өңделіп, аралық зонаға орналастырылды. Осылай нақты статистикалық математикалық есептеулермен дәлелденіп, кестелер, гистограммалармен көрнекті бейнеленді. Қарым-қатынаста зейін қасиеттерін арнайы тиімді жаттығулармен жаттықтырғанда және арнайы психологиялық коррекция тәсілдерін қолдану барысындағы көрсеткіштермен салыстырғанда айырмашылықтары көрінді. Сонымен қарым-қатынаста зейін қасиеттерін эксперименталды зерттеудің нәтижесінде ғылыми-теориялық негізделген жұмыстың құндылығы дәлелденді.

Зерттеу     жұмысымыздың     барысында     алдымызға     қойған     мақсат-міндеттсріміз орындалып, болжамдарымыз  дәлелденді.

 

Әдебиеттер  тізімі:

  1. Леонтьев А.А. Психология общения М.: 2005. с. 46-67, 159-199,
  2. Бодалев А.А. Личность и общение М.: Педагогика1983. с. 21-54.
  3. Возчиков В.А, Общение и коммуникация НИЦ БиГПИ 2000. с.18-31.
  4. Станкин М.И, Психология общения Воронеж: 2000. с. 304-310.
  5. Андреева Г.М. Социальная психология   М.: Аспект Пресс 2004. с. 71-84.
  6. Отв. Ред. Ломов Б.Ф. Психологическое исследования общения М,:Наука1988.с. 10-13.
  7. Бодалев А.А. Проблемы общения в психологии // Психол. журн. 1983. Т4.№1.сЛ60-165.
  8. Буева П.П. Человек: деятельность и общение М.: 1978. с. 276-281.
  9. Ерастов НЛХ Психология общения Ярославль: 1979. с,5-8,
  10. Борисова   А.А.    Проницальность    как    проблема   психологии общения// Вопросы психологии 1990, №4. с.117-122-
  11. Кагап М.С. Мир общевия М.: 1988. с. 141 -156.
  12. Елеусізова С, Қарым-қатынас психологиясы. Алматы: 1995.
  13. Хрестоматия     по     вниманию     /     Под.ред.     А.Н.Леонтьева, А.АЛузырея и др.) МГУ.: 1976, е.7-60.

Информация о работе Зейін теориялары