Зейін теориялары

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 12:25, реферат

Краткое описание

Қазіргі кезеңде психологияның алдыңғы міндеттері қоғам дамуының бағдарламаларымен сәйкес болуға тиіс. Еңбек іс-әрекетінің нәтижелігі, білім беру, өнімінің дамуы, денсаулық сақтау және қарым-қатынас жүйесін жақсарту сияқтылардың барлығы адамға қатысты мәселелерді ғылыми зерттеуді талап етеді, Тұлғаның даралық ерекшелігі бағдарламаның білім беру жүйесіндегі бір бағыты.
Өмір сүру барысында дамитын тұлғаның ерекшеліктерін меңгеретін білімнің келемі мен сипаты, қызығушылығы, кез келген ортада қарым-қатынасқа түсе білуі, зейін қасиеттерінің жоғарғы деңгейде болуы, адамгершілік қасиеттері» осылардың барлығы адамның белгілі бір жағдайға еркін жауап қайтаруына белсенді және мақсатты түрде әсер етеді.

Файлы: 1 файл

зей3н теориялары.doc

— 481.00 Кб (Скачать)

Күнделікті  қарым-қатынастың негізінде студенттік орта маңызды дәрежеде тұлғаның әлеуметтік, психологиялық және моральдік қасиеттерін қалыптастырады.

Батыс әлеуметтік психологиясын тұлғаның қарым-қатынастағы  сипатын білдіретін әртүрлі теориялық  бағыттар ұстанатын негізгі екі  ұғым қолданылады: «өзін-өзі ашу» - гуманистік психологияда және «өзін-өзі көрсету» - интеракционизмде.

Өзін-өзі ашу, американдық психолог С.Джурардтың ойына сәйкес, - бұл басқа адамдарға  өзің жайлы мәлімет, ақпарат беру, айту. Ол адамдардың осы өзін-өзі  ашудың көмегімен өздерін тануға мүмкіндік беретініне тоқталған.

Өзін-өзі көрсету - бұл өзіңді басқаларға таныту актісі десе де болады.

Педагогтер, психологтер үшін жасөспірімдік  кезеңдерде адамның өзіндік сана сезімі қалыптасатын кезде, өзіңді түсінетін, ашық сөйлесіп, мұңыңды шерте алатын дос құрбыны қажет ететіні белгілі, Сонымен бірге беделді ересек адамдармен де сенімді қатынастар құнды болып табылады. Басқа адамдардың қарым-қатьшастағы ашықтығы, шынайылығы оларды дұрыс түсініп, тануға, оған адекватты қатынасуға мүмкіндік береді, Жоғарыда аталғандай, келесі ұғым - «өзін-өзі көрсету». Бұған адамның қоршағандарға белгілі бір әсер қалтыру үшін қолданылатын тактикалар, стратегиялар жатады. Жалпы қарым-қатьшаста тұлғаның өзін-өзі ашу мен өзін-өзі көрсетуін зерттегенде, тұдға ең алдымен коммуникация арқылы қарастырыдады. Адамның коммуникативті қасиеті де тұлғалық бейімделу потенциялын құрайтын негізгілердің бірі болып табылады. Адам үнемі әлеуметтік ортада болады, оның іс-әрекеті басқа адамдармен қарым-қатынасқа жетуіне және тәжірибесінен, сондай-ақ қақтығыс деңгейінің болуымен анықталады. бейімделу процесінің маңыздылығы кем емес қыры больш индивид үшін ұсынылған нақты әлеуметтік ортаны оның дәлме-дәл қабылдай алу қабілетін қамтамасыз ететін мінез-құлықтың адамгершілік ережесін сақтау болып табылады. Әлеуметтік бейімделу процесінің негізі -әлеуметтік ортаның оған ұсьнатын талаптарына тұлғаның мінез-құлық, жүріс-тұрысы және іс-әрекетінің сәйкестеуі, яғни әлеуметтік күтілімдер жүйесіне мінез-құлықтың сай болуы. Түлғаның әлеуметтік бейімделуі ортаға әлеуметтік - психологиялық бейімделуіне негіз болады. Егер әдеуметтену процесінде индивид ең алдымен қоғамның әсер ету объектісі болса, тұлғаның әлеуметтік бейімделу барысында қарым-қатынас және іс-әрекеттің субъектісі болып табылады».

Әлеуметтену түлғаны қогамдық қарым-қатынас  жүйесіне енгізу, онымен бірге қоғамдық қалыптасқан іс-әрекет тәсілдерін меңгеру. Әлеуметтенудің негізгі функциясы  индивидтің қоғамда қалыпты функциялануын  қамтамасыз етеді. Сәйкесінше әлеуметтік - психологиялық бейімделу процесіне темперамент ерекшелігімен, қүндылық бағдарымен, қызығушылығымен, түлғаның ішкі құрылымдық іс-әрекетімен және қоғамдық белгіленген мінез-құлықпен жетеді.

Біз студенттердің  қарьм-қатынастағы бағыттығымен бірге  олардың өзін-өзі ашу деңгейімен өзін-өзі көрсетуін қарастырып, қарым-қатынастағы ерекшеліктерін ашудың бір жолы деп ойлаймыз. Біздің ойымызша жаңа мекемеге, әлеуметтік ортаға, бейімделудегі студенттердің қарым-қатынас ерекшеліктері осылармен анықталады деуге болады. Сондықтанда қарым-қатынастың студенттер өмірінің барлық сферасында, олардың кәсіби қалыптасуы, тұлғалық қасиеттерінің дамуы, топта және студенттік ұжымның қалыптасуындағы тұлғааралық қатынастың қалыптылығы, әлеуметтік-психологиялық бейімділігі жағынан алатын орны өте үлкен.

«Қарым-қатынас» үғымының мәні түсінікті және ерекше бір анықтауды талап етпейтін сияқты көрінуі мүмкін. Дегенмен, күнделікті болмыста және ғылыми қолданыстарда сәйкес келе бермейтін мағыналар мен түсініктер де аз емес. Сондай-ақ ғылымның өзінде де әр түрлі мағынада қолданылатын терминдер болады. Бұл да «қарым-қатынас» ұғымына қатысты.

Қарым-қатынас адамдардың өзара әрекеттестік және өзара қатынас жасауының ерекше формасы. Қазіргі кезең қатынас мәселесін психология, философия, әлеуметтану, сияқты әр саладағы ғалымдар жан-жақты зерттейді. Ал, 60 жылдары Б.Д. Парыгин қарым-қатынасты әлеуметтік психологияны зерттейтін бірден-бір пән ретінде бөліп қарастырады. Сондықтанда қарым-қатынас таза психологиялық құбылыс, күрделі және көп жақты процесс сияқты талданады.

Леонтьев  А.А. «қарым-қатынас» ұғымын әмбебап коммуникативті іс-әрекетке, яғни қарым-қатынасқа белгілі бір іс-әрекет түріне сияқты қарау керек деп есептейді.

Қарым-қатынасқа  ең жалпы анықтаманы Б.Ф.Ломов берді; «....қарым-қатынас адам тұрмысының индивидуалды формасының маңызды жағы болып табыдады». Ол қарым-қатынас іс-әрекетінің әр түрлі формалары, деңгейлері, түрлері, оның құрамдас бөлімдері сан алуан ақпарат алмасу процесі, коммуниканттардың өзара әрекеттесуі - жайлы сөз қозғайды, Б.Ф Ломов қарым-қатынас деңгейлерін анықтайды:

  1. макродеңгей
  2. мезодеңгей

3 ) микродеңгей

Макродеңгей - индивидтердің қоғамдық қатынастарға, дәстүрге, салтқа сәйкес қарым-қатынас жасауының контактілі байланысы.

Неміс - американдық  психологы К. Левин адамдарды  жекелей өзгерткенде тәні арқылы әсер етудің дұрыс болмайтындығын психологиялық әсер етудің тәжірибелерімен дәлелдеген. Алайда бұл жайдың тиімділігі ертеден халыққа белгілі болған, Бақсылық көріністер науқасқа әсер етудің ритуалдық жолдары көпшілік топ ішінде эмоциялардың қозуды күшейтіп, оның бір адамнан екіншіге, одан басқаларға берілу, таралу өрісін кеңейту арқылы психологиялық әсер етуі басты мақсат болды. Иландыру, сендіру әрекетінің топ арасында еселеніп, күшейетіндігін бақсылар жақсы игерген. Соның арқасында бақсылардың әрекеттері топта санасыз қабылданып, түсінікті қылықтарға иландырылып пихологиялық әсердің нәтижелі болуын қамтамасыз етеді. Сонымен бірге, тренингтік топтардың жетіліп, дамуы Левиннің есімімен байланысты. Ол АҚШ-та 1933 жылы топтық динамика, әлеуметтік әрекет және басқа да топтық феномендер мәселесін шешумен айналысқан. Осыған байланысты Левин өзінің өрістер теориясын индивидтің мінез-құлқын анықтайтын бірлескен және байланысқан факторлар жиынтығьш құрайды. Бұл факторлар жиынтығы жеке адамдарды, оның ортасын қамтып, бір психологиялық өріс болды.

Топтық динамика ұғымын да алғаш қолданған осы  ғалым болған. Г.М, Андреева өзінің «әлеуметтік  психология» еңбегінде қарым-қатынас  мәселесіне қатысты әлеуметтік психологиялық  тұрғыларды интеграциялауға тырысты. Г.М. Андреева әр түрлі көзқарастарды біріктіре, әрі жалпылай отырып, қарым - қатынастың кез келген формалары адамдардың біріккен іс - әрекеттерінің спецификалық формасы болып табылатынын, яғни, адамдар әр түрлі қоғамдық қызметтерді орындау процесінде тек қарым - қатынас қана жасап қоймайды, олар әрқашан да сол жайында іс әрекеттерімен де қарым -қатынаста болады дейді.

Сондай-ақ     қарым-қатынасты     зерттеуде     оның     құрылымдық компоненттерін анықтау керек. Осыған байланысты зеретеу  барысында М.   Андрееваның  қарым  -  қатынас   құрылымын  талдау  нәтижесіне жүгіндік. Ол қарым-қатынасты бір-бірімен өзара байланысты үш жағынан қарастырды: коммуникативтік, интерактивтік және перцептивтік. Қарым-қатынастың коммуникативтік немесе тар мағынадағы коммуникация мәлімет беру - алмасу мәселесімен анықталады; интерактивтілік қарым-қатынас жасаушы индивидтердің өзара әрекеттестігініңұ йымдасуымен қорытындыланады;

Перцептивтілік  адамдардың бірін-бірі қарым-қатынас  арқылы қабылдап, тануы және осы  өзара танымның негізінде қалыптасуы. Ғалым бұлай жіктеп, бөлудің шартты екендігін, қарым-қатынас үрдісінде оның үш жағы да көрінетіндігін дәлелдеді.

Р.С. Немов  та қарым-қатынас құрылымын жіктеуге аса назар аударды. Яғни, ол мазмұны  бойынша. Қарым-қатьшастың келесі түрлерін бөледі: материалдық (зат пен іс әрекет өнімдерін алмастыру), когнитивтік (білімдерін алмастыру), кондициондық (психикалық және физиологиялық жағдайларды алмастыру), мотивациялық (мақсатпен, қызығушылықпен, мотивпен, қажеттілікпен алмасу), іс-әрекеттік (әрекетпен, операциялармен, іскерлікпен, дағдымен алмасу).

Мақсаты бойынша, (яғни адамда белсенділік неден пайда  болады деген) биологиялық және әлеуметтік қарым-қатынас деп беледі, Тәсілі   бойынша   (кодпен   хабарлау,   жіберу   мәліметтің   шифрді   ашу амалымен) қарым-қатынас тура және жанама болады.

Түрлері бойынша - іскерлік (әдетте адамдардың қандай да бір біріккен өнімінің іс - әрекеті  сияқты болады), тұлғалық (көбінесе адамның  ішкі сипатының психологиялық мәселесінің  аймағына шоғырланған), құралдық (яғни өзіндік мақсат болын табылмайтын қарым—қатынас өз беттілік қажеттілікпен стимулданбайды), мақсаттық (спецификалық қажеттілікті қанағаттандыру тәсілі бойынша өзіне-өзі қызмет ету қарым-қатынасы) болып бөлінеді.

Қарым-қатынас  жайлы адамдардың бір-біріне өзара  ықпалы В.М. Бехтеревтің әлеуметтік психологиялық және ұжымдық экспериментінде басты орын алады.

В.М. Бехтерев (1907, 1921) әдеуметтік - психологиялық  теориясына қарым - қатынас процесін, және социадизацияның механизімін  адамдардың бір-біріне өзара психикалық ықпалын, дамуын енгізді, В.М. Бехтерев қарым-қатынас адамдарды топқа біріктіру механизімі, тұлға социялизациясының шарты сияқты қарастырады. В.М, Бехтерев былай дейді, неғүрлым адамдардың айналадағы қарым-қатынасы жан-жақты болса, соғұрлым тұлғаның дамуы нәтижелі түрде іске асырылады,

«....Әр түрлі  ортада, белсенді қарым-қатынаста өскен  адамдар жан-жақты дамыған болады».

В.М. Бехтерев қарым-қатынасты «тікелей» және «орташа» деп ажыратады. Қарым-қатынастың тікелей түрінде ол еліктеу мен  көндіруді қарастырады, еліктеуге адамның өзара индукциялық және зерттеулік механизмі арқылы тұлғалық өсуге тән факторлық рөлді жатқызды, ал кендіруді психикалық жағдайды бір адамнан басқа адамға еріктің қатысуынсыз санасыз түрде берілу процесі сиякты қарастырады, Ол көндіру рөліндегі лидерлердің жалпы қозғалыста және біріккен адамдардың қоғамдық ойларының механизімдегі өзара әрекетінің мәніне көңіл аударды. Оның ойынша, «адамдардың белгілі бір эмоцияналдық жағдайларды жұқтыруы, оларды логикалық ақылға көндіруден әлдеқайда жылдам, әрі эффективті болады».

В.М, Бехтеревтің  идеяларының дамуы өзінің шәкірті  В.Н, Мясищевтің одан кейін А.А. Бодалев, Б.Г. Ананьев сияқты ізбасарларынан жалғасын тапты.

Қарым-қатынасты  философиялық тұрғыда талдаған көпке  танымал ғадымдардың бірі - М.С. Каган. Ол қарым - қатынасты субъект арқылы өзара әрекеттесу деп түсінеді. Оның көзқарасына сәйкес, өзара әрекеттесу қарым-қатынас болып келмейді, себебі мұнда біз субъектінің объектіге сияқты  адамга деген қатынасты қарастырып  отырмыз.  Ал  бұл оның пікірінше қарым-қатынасқа жатпайды.


М..С. Каган  қарым-қатынастың төрт функционалды жағдайын бөліп қарастырады: - қарым-қатынас  мақсаты субъектінің өзара әрекеттесуінен тыс; - қарым-қатынас мақсаты өзара  әрекеттің өзінде; - қарым-қатынас  мақсаты партнерді қарым-қатынас инициаторының тәжірибесіне, құндыдықтарына ортақтастыру; - қарым-қатынас мақсаты инициатордың өзін партнер құндылықтарына ортақтастыру. Функционалды жағдайларға сәйкес қарым-қатынас түрлері қарастырылады; қарым-қатынасқа бола, басқаны өз құндылықтарына және өзгенің құндылықтарын өзіне ортақтастыру ретінде заттық іс-әрекетке қызмет ету. Бірінші түрге мысал ретінде қарым-қатынастың іс-әрекет, мақсаттарын іске асыратын дәстурлердегі, ойындардағы қарым-қатынасты алуға болады; екінші мысал - достық қарым-қатынас; үшіншісі – тәрбие; төртінші - өзін-өзі тәрбиелеу. Берілген жіктеуден қарым-қатынас мақсаттары мен құралдары арасындағы байланысты аңғаруға болады.

В.А. Мясищевтің еңбегінде қарым-қатынас белгілі  бір жағдайда бір-біріне қатысты  немесе бір-біріне әсер ететін нақты тұлғалардың өзара әрекеттерінің процесі сияқты түсіндіріледі.

А.А. Бодалев  қарым-қатынасты іс-әрекетің ерекше түрі, іс-әрекет субъектісі және жеке қасиеттері ретінде дамуының негізгі факторы  болатынын атап етеді. Қарым-қатынастың тәрбиедік мәнін ол тек дүниетанымды кеңейтуде ғана емес, тұлға интеллектісінің дамуына тоқталған. А.А. Бодалев топ ішіндегі және өзара қарым-қатынастың механизмдерін көрсетіп, оларға эмпатия, идентификация, децентрация, рефлексия, стереотипизация, каузальды атрибуция, ореол эффектісін жатқызды. Қарым-қатынас компоненттері өзгерісінің нәтижесінде интегралды, тұтас құрылым. пайда болады. Ол коммуникативті іс-әрекеттің даму деңғейін анықтайды.

 

ІІ. Бөлімі. Жасөспірімдердің қарым-қатынас  үрдісінде зейін қасиеттерінің деңгейін эксперименталды зерттеу

2.1.  Жасөспірімдердің қарым-қатынаста  зейін қасиеттерін зерттеуәдістері  мсн процедуралары.

Эксперименталды зерттеу жұмысыньщ мақсаты:

Қарым-қатынаста  зейін қасиеттерін (көлемін, тұрақтылығын, шоғырлануын) эксперименталды зерттеу.

Эксперименталды зерттеу жұмысының міндеттері:

1. Қарым-қатынас  үрдісінде зейін қасиеттерін  (көлемін, тұрақтылығын, шоғырлануын)  эксперименталды зерттеуге әдістемелерді  таңдап алу.

2. Қарым-қатынас  үрдісінде зейін  қасиеттерін  (көлемін, тұрақтылығын, шоғырлануьш) анықтайтын әдістемелерді жүргізетін студенттер тобымен танысу.

3. Зейіннің  қасиеттерін (көлемін, тұрақтылығын, шоғырлануын) анықтайтын әдістемелерді  таңдалған топтарға жүргізу.

4. Таңдалған    әдістемелердің    көмегімен    алынған   эксперименттің нәтижелерін талдау, өңдеу.

Эксперименталды зерттеу жұмысының объектісі:

Қарым-қатынаста  зейін қасиеттерін зерттеу. (І-ші курс студенттері).          Эксперименталды зерттеу жұмысьшың болжамы:

Қарым-қатынаста  зейін қасиеттері (көлемі, тұрақтылығы, шоғырлануы) эффективті түрде орын алғанда қатынас нәтижелі болады.

Қарым-қатынастың коммуникативті функциясында зейін қасиеттері (көлемі, тұрақтылығы, шоғырлануы) эффективті түрде орын алғанда қатынас нәтижелі болады.

Зерттеу жұмысының әдістемелері:

1. Зейіннің көлемін зерттеу.

         2. Зейіннің тұрақтылығын анықтау.(Бурдон  кестесі)

         3. Мюнстерберг әдістемесі.

Информация о работе Зейін теориялары