Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 12:25, реферат
Қазіргі кезеңде психологияның алдыңғы міндеттері қоғам дамуының бағдарламаларымен сәйкес болуға тиіс. Еңбек іс-әрекетінің нәтижелігі, білім беру, өнімінің дамуы, денсаулық сақтау және қарым-қатынас жүйесін жақсарту сияқтылардың барлығы адамға қатысты мәселелерді ғылыми зерттеуді талап етеді, Тұлғаның даралық ерекшелігі бағдарламаның білім беру жүйесіндегі бір бағыты.
Өмір сүру барысында дамитын тұлғаның ерекшеліктерін меңгеретін білімнің келемі мен сипаты, қызығушылығы, кез келген ортада қарым-қатынасқа түсе білуі, зейін қасиеттерінің жоғарғы деңгейде болуы, адамгершілік қасиеттері» осылардың барлығы адамның белгілі бір жағдайға еркін жауап қайтаруына белсенді және мақсатты түрде әсер етеді.
Зейін - бұл арнайы психикалық процесс. Ол танымдық та, еріктік те болып табылмайды, өйткені біздің санамыздың объектіге бағытталған формасының және онда ұзақ сақталуының жағдайы болып табылады.
ЗейІн - бұл психикалық іс-әрекеттің қандай да бір белгілі нәрсеге бағытталып, шоғырдануы.
Зейін өзіндік процесс немесе адамдардың іс-әрекетін ұйымдастыру тәсілі болып табылады деген сүрақ кейінгі он жылда, әсіресе советтік әдебиеттерде күрделене түсті. Егер 1920-1930-шы тіпті, 1940-шы жылдардағы мақалаларда жоғарыдағыдай айтылса, қазіргі кезде зейінді қалай түсіну жайлы сұрақтар талдануда. Советтік психологияда зейін адамның психикалық іс-әрекетке бағыттылығы немесе шоғырлануы сияқты анықталмайды.
Өздерінің көптеген жұмыстарыңда зейінді өзіндік көрініс ретінде емес танымдық психикалық іс-әрекеттің бір жағы сияқты қарастыру советтік әдебиетте әсіресе С.Л. Рубинштейн мен Н.Ф, Добрынинның еңбектерінен көрінді, Добрынинның еңбегінде зейін психикалық іс-әрекеттің белгілі бір объектіге бағыттылығы, шоғырлануы сияқты анықталады. Ол зейін түжырымдамасына келесідей анықтама береді: зейін - тұлғаның психикалық іс-әрекетінің өзара бағыттылығы мен шоғырлануы болып табылады. Бағыттылықтьт ол іс-әрекеттің тавдамалы сипаты немесе осы таңдамалы іс-әрекеттің сақталуы сияқты түсіндірсе, шоғырлануды - іс-әрекетке терең ену және басқаларына көңіл бөлмеу деп түсіндіреді. Осыдан зейін бірден-бір кез келген психикалық іс-әрекет сипатының қасиеті екені белгілі, Рубинштейн зейінге танымдық процестердің бір жағы деген анықтама береді.
Зейінді пайда
болуы жағынан зерттеу
Өз уақытында әйгілі психолог Н.Н. Ланге сол уақыттағы философиялық және психологиялық әдебиеттерден орын алған зейіннің негізгі теорияларының жүйелілігін тексеріп, негізгі сегіз теорияны бөлді:
Зейіннің осы теориясын қысқаша қарастырудың өзінде зерттеу көрінісінің сипатында көп жоспарлықтың жатқандығын көрсетеді.
У. Джемс зейінді толықтай физиологаялық шартқа тәуелді психикалық процесс ретінде қарастырады. Және ол зейін объектілерінің солай анықталатынына сенімдг.
Зейінді
психофизиологиялық зерттеу және оларды
талдау.
Зейіннің физиологиялық механизмі
өте күрделі. Оның негізі - жүйке
жүйесінің әртүрлі деңгейде тұрған сезгіштік
қызметі. Сезгіштік дегеніміз -
ми қабығының төменгі қатарында орналасқан
ретикулярлық формациялар
деп аталатын анатомиялық және функцияналдық
ерекшелік. Ретикулярлық
формацияның өрлеуші, төмендеуші дейтін
екі түрі бар. Ол бір
импульстерді сиретіп, тежеп, екіншілерін
күшейтіп, ми қабығына талғап
жеткізіп отырады. Осының нәтижесінде
сананың айқындығы реттеледі.
Ми алаптары жұмысының реттеліп (қозын,
тежеліп) тұруының
нәтижесінде әр қилы психикалық әрекет
жүзеге асады. Әр түрлі импульстер
жоғарыдан (ми қабығынан) төменгі ми алаптарына
(ми бағанасы т.б.)
келіп, оларды өзіне бағындырады. Бұл төмендеуші
ретикулярлық
формация деп аталады. 1958-1960 жж. АҚШ ғалым
Г.Мэгун, италия ғалымы Моруций импульстардьщ
төменнен жоғары ми алаптарына жетіп,
олардың жұмысыка әсерін тигізе алатынын
дәлелдеп береді. Мұны өрлеуші ретикулярлық
формация деп атайды.
Ағзаның белсенді ұйымдасуының таңдамалы бағытының көрінудегі еріксіз зейіннің формасын зерттеу басты жағдайда психофизиологиялық зерттеудің контекстінде жүзеге асырылады. Осы зерттеумен олардың теориялық көріністері мен түсініктеріне тән негізгі бағыттарды қарастырамыз.
Шеррингтон воронкасы. Зейіннің физиологиялық табиғатын түсінуде танымал физиолог Чарльз Шеррингтон еңбегінің маңызы зор болды. Координация қозғалысын зерттей отырып, ол «Шеррингтон воронкасы» деген атқа ие болған жуйке жүйесі жұмысының бірден-бір принциптерін анықтады. Шеррингтонның теориясы бойынша, адамға әсер етуші көп қоздырғыштардың арасында күрес болады. Егер бір-біріне ұқсас қоздырғыштар болса, олар бір-бірін толықтырып, немесе бір-біріне жол беріп отырады. Егер әсер ететін қоздырғыштар қарама-қарсы болса, олардың арасында күрес пайда болып әлсіздері жеңіліп күштілері жеңеді. Күшті қоздырғыштарға сезгіш жолдар арқылы қимыл таратушы психикаға барған соң, оларға тиісті жауап қайтарылады. Міне, осы қайтарылатын жауаптар - зейін.
Шеррингтонның теориясы бойынша, зейінді белсенді, ерікті әрекет деп түсінуге болмайды. Өйткені ол зейінді әсер етуші күшті қоздырғыштарға ғана қайтарылатын жауап ретінде түсіндіреді.
Зейін мәселесіне
қатысты физиологиялық
Зейіннің физиологиялық негізін академик А.А. Ухтомский доминант теориясымен түсіндіреді, Доминант - мида пайда болатын өте күшті үстем етуші қоздырғыштардың ошағы. Доминанта принципі зейіннің бір затқа ғана ерекше бағытталып, басқа тітіркеңдіргіштерді елемей қалатьш жағдайын түсінуге мүмкіндік береді. Зейіннің шоғырлануын адамның белгілі бір іске ықылас-ынтасымен берілгендігінен көруге болады. Зейінділік, адамның сырт пішінінен де байқалады. Мысалы, адам бір нәрсеге зейін салғанда, қимыл-қозғалысы тежеліп, сезім мүшелерінің бәрі сол нәрсеге қарай бағытталады. Бұл теория бойьшша, мида бірнеше қоздырғыштар пайда болып, бұл қоздырғыштардың қайсысы күшті болса, әлсіз қоздырғыштарды өзіне тартып, оларға үстемдік жасап, өзі ғана әрекет етіп отырады. Ми сол күштің қозу әсерінде болады. Мұндай құбылысты субдоминант деп атайды.
А.А. Ухтомский өзіне дейінгі ашылған жүйке орталықтарының жұмыс принциптері рефлекторлық реакция орталықтары арақатынасының үйлестік маңыздылығын түсіндіре алмайтындығын айтты, себебі олардың мазмұнында реакцияның таңбалық бағасы, яғни таңбалы үрдісті бейнелейтін жүйе тарихының жоқтығы, Ағзаның жұмыс қаблетін нақ сол таңбалы реакциялар жоғары және тұрақты қамтиды: жаттығулар, белсенді демалыс, ойлау, шығармашылық әрекет содан көрінеді. Осы айтылған доминанта ілімінің аумағы ешқандай авторлардың назарында болмаған, ал, А.А. Ухтомский құрған еңбек физиологаясы лабораториясында осы мәселе тәжірибе жүзінде және теориялық тұрғыда дамытылып келеді. А.А, Ухтомский доминант психологиясы мен физиологиясының арақатынасын төмендегіше түсінеді: бір жағынан сана өз әрекетін кортикалық доминанта негізінде орындайды, ал басқа жағынан сананың жемісті жұмысын қамтитын рецепциялардың, әсерлердің бағыттылығын, сипатын өңдейтін доминантадарды тәрбиелейді. Доминанта орталықтар арасындағы теңдіктің бұзылуын көрсетеді. Ол өзінің бағыттылығымен ағзаны жаңа мүмкіндіктермен толықтырады.
Қазіргі кезеңде А.А. Ухтомскийдің доминанта принципін және И.П. Павловтың шартты рефлексін теориялық-эксперименталдық жоспармен жақындатып зерттеуші А.С. Батуев доминанттық принциптің маңыздылығына ерекше назар аударып, жетекші мотивация дейді, ал, П.К. Анохиннің пікірі бойынша доминанттық принцип іс-әрекетті анықтайды.
1926 жылы Л.С. Выготский психологтар
үшін доминанта принципінің
бағалығын, психологияның негізгі сұрағына
жауап беретінін «қылықтың
бірлігін және тұтастығын білдіреді, реакциялар
жиынтығын қылыққа
айналдырады, жаңа химиялық дене сияқты
бірқатар жаңа қасиеттер, оның
құрамдас бөліктерінде берілмеген және
оның құрамдас бөліктерінде
болған бірқатар қасиеттерін жоғалтады»,-деп
тусіндіреді.
Қазіргі кезде А.А. Ухтомскийдің доминантасын
жеке психикалық
күйлермен ұштастырмай, бірқатар психология
тұжырымдамаларымен,
әсіресе Д. Узнадзенің бағдар теориясымен
және В.Н. Мясищевтің
қатынас теориясын байланыстырған дұрыс.
Доминантаны
белгілі бір биіктікте
қолдау үшін қоздыру имлульстерін және
функционалдық күйде біртіндеп
нәзік күшпен көтермелеу қажет. «Олай болмаса доминантта
бір жақты әсер
ретінде өзін жояды». Бірақ мұндай өзін-өзі
тежеуі - жаңа күйдің
туылуымен ауысады, оның экзальтациясымен
таңбалы үрдісте көрінеді
және жасырын күйде сакталады, ол өзекті
жағдай болғанда үдемелі түрде
көрінеді, немесе онсыз да ездігінше, тысқары
тітіркендіргіштермен
сүйемелденеді.
Э.Б.Титченер бойынша зейін адам рухының өз дамуында үш кезеңнен тұрады: бірінші зейін жүйке жүйесіне күшті әсер ететін әр түрлі әсерлермен анықталуы сана орталықтарымен шектеледі; екінші зейін сана орталықтарының жалғасы белгілі қабылдау немесе елес басқалардың уайымының қарама-қайшылығына қарамастан шектеледі. Зейіннің рухани процесі басында қарапайым; одан кейін ол күрделенеді, шоғырлану мен ойластыру жағдайында өте жоғары дәрежедегі күрделілікті иемденеді. Титченер өмірді толықтай қарастыра отырып былай дейді — оқыту мен тәрбиелеу кезеңі зейіннің екінші кезеңі, ал ересектік пен өзіндік іс-әрекеті бірінші зейіндік кезең болып табылады.
Зейін ол тәуелсіз психикалық процесс емес, адамға қажетті психикалық іс-әрекеттің компоненті ретінде ілгері басады, сондықтан да сананың кез келген жұмысы белгілі формада сол немесе басқа болмыстың көрінісі ретінде болады,
Мюллер зейінді сол кездегі әсермен байланысты бас ми бөлігіндегі сезімталдықтың уақытша жоғарылауынан көреді.
Эббингауз зейіннің физиологиялық теориясы жайлы айтады. Ол істі мида жүйке жүйесі тоқтарының белгілі бір нақты жолдары арқылы жаттығулардың ықпалымен жүргізілетін біліммен байланыстырады.
Зейінді бірден-бір зерттеген француз психологы Т.А. Рибоны айтуға болады. Ол әсіресе өзінің еріксіз зейін теориясын зерттеумек танымал. Т. Рибоның айтуынша зейін екі маңызды әртүрлі формадан түрады: оның біреуі еріксіз, шынайы зейін, ерікті жасанды зейін. Зейіннің екі формасында «тазарухани актіге» жатқызбайды.
Әйгілі педагог К.Д. Ушинский зейін - сыртқы дүниедегі материялардың барлығын санамызға жіберін отыратын есік дейді. Егер осы есік дұрыстап ашылған болса ғана, студенттер лектордың айтқанын ұғып білін алады, егер бұл есік жабық болса, онда лектордың айтқанын жөнді ұғып, есінде қалдыра алмайды.
П.Я. Гальперин зейін концепцияларын ұсынды. Ол зейінді іс-әрекеттің ішкі бақылауы сияқты қарастырды. Оның ойынша зейінді осы түрде қарастыру зейінді өзіндік көрініс ретінде елестетуге, зейін феномендерінің өз бетінше өмір сүру формасын табуға мүмкіндік береді. Зейін жайлы мұндай елес оның ақыл-ой әрекетінің кезеңдік қалыптасуының жалпы теориялық контекстінде дамыды.
Д.Н. Узнадзенін зейін теориясы.
Зейіннің тағы бір теориясьш Д.Н. Узнадзе және оның шәкірттері дамытты. Осы теорияға сәйкес зейін объективтілік актісімен байланысты, ол адамдардағы ерекшелікті байқай отырып мінез-құлықты екі түрге бөледі. Бір түрін ол импульсивтік деп атады. Бұл мінез-құлық қанағаттануға ешқандай мүмкіндік болмағанда субъект шартындағы қанағаттанушылық қажеттілігімен байланысы, Д.Н. Узнадзе одан басқа адамға ыңғайлысы еріктік мінез-кұлықты бөледі. Міне осы еріктік мінез-құлықты талдауда объективациялық актілердің болуы жайлы көрініс енеді. Сонымен Узнадзе бойынша субъективация актісі дәстүрлі түрде зейін деп аталады.
Философ, психолог, Юм Дэвид - болмысты білу міндетін емес, тұрмыстың өмірге басшылық ететін дәрежесін қолдады. Сенім туғызатын білімнің негізгісі - математика объектілері, қалғандары тек қана тәжірибеден туады, дәл түсінген. Тәжірибенің дәлелдейтіні - себеп пен әрекеттің ара-қатынасы.
Гештальтпсихологиядағы зейін мәселесі.
Гештальтпсихологиясындағы зейін мәселесіне келсек, олар зейін болмайды деп тұжырымдады. Шынындада бүл теория зейінді түсінуді керек етпеді және олардың шығарған қортындысы бойынша зейін өзіндік көрініс болып табылмайды. Гештальтгюихология қатынастағы фигуралар мен фондардың арасындағы қозғалыстарды зерттей отырып, зейін болмайды деген қортындыға келді. Сонымен Гешталътпсихология аймағында еріксіз зейін ғана ескерілді (мысалы, мен аудиторияға бір қарағанда бірнәрсе бірінші көрінеді, ал бірнәрсе фон ретінде қызмет атқарады). Бұл менің кейбір перцептивтік белсенділігімнің еріксіз жағы).