Зейін теориялары

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 12:25, реферат

Краткое описание

Қазіргі кезеңде психологияның алдыңғы міндеттері қоғам дамуының бағдарламаларымен сәйкес болуға тиіс. Еңбек іс-әрекетінің нәтижелігі, білім беру, өнімінің дамуы, денсаулық сақтау және қарым-қатынас жүйесін жақсарту сияқтылардың барлығы адамға қатысты мәселелерді ғылыми зерттеуді талап етеді, Тұлғаның даралық ерекшелігі бағдарламаның білім беру жүйесіндегі бір бағыты.
Өмір сүру барысында дамитын тұлғаның ерекшеліктерін меңгеретін білімнің келемі мен сипаты, қызығушылығы, кез келген ортада қарым-қатынасқа түсе білуі, зейін қасиеттерінің жоғарғы деңгейде болуы, адамгершілік қасиеттері» осылардың барлығы адамның белгілі бір жағдайға еркін жауап қайтаруына белсенді және мақсатты түрде әсер етеді.

Файлы: 1 файл

зей3н теориялары.doc

— 481.00 Кб (Скачать)

Зейінге ақпараттық тәсіл (Информационный подход к внимания).

Қазіргі    кездегі   зейінді    зерттеудің   өте   маңызды   бағыттарына  тоқталамыз.

Зейінді қазіргі  шетелдік және советтік психологияның  ақпараттық тәсіл контекстінде зерттеу  жайлы айтылып тұр. Ақпараттық тәсіл аймағында зейін селективтілікнен, ақпаратты іріктеумен байланысады.

Зейінге ақпараттық тәсіл аймағында қолданылатын маңызды  ұғымдарға «мәнді» және «мәнсіз» ақпараттар жатады. Ақпаратты мәнді  және мәнсіз деп бөлу ақпараттық тұжырымдама  аумағында зейін актісінің маңызды функциясы болып табылады.

Ауыстырып цосцыш пен оны күрделендіру нұсқауларыныц  моделі. Осыдан зейін актісіне қатысты. Көптеген әр түрлі схематикалық көріністерді ұсынады. Зейіннің бірінші сызбасы «ауыспалық үлгісі» деп аталады. Осы сызбаға байланысты субъектінің танымдық белсенділігі келесі жағдай бойынша ұйымдастырылған. Адам үшін ақпаратты бір уақытта түсіретін екі канал бар. Мысалы сіздің жаныңызда түрған екі адамның бір уақытга сөйлегенде, солардың әңгімесін қабылдауы болуы мұмкін. Бұл жүйенің бірінші звеносы. Сол немесе басқа ақпарат ОЖЖ белгілі бір бөліктерінде бір уақытта әрекет етеді.

Сондай-ақ «ауыспалық»  деп аталатын кейбір гипотетикалық  қондырғыларда бар. Бұл қондырғы ақпарат келін түскенде осы екі  каналдың сол уақытта қайсысы  негізгі болатынын анықтауға арналған. Басқаша айтқанда сол сәтте кімді сіз тыңдасаңыз сол «ауыспалық» жұмысын қамтамасыз етеді.

 

Сонымен зейінді  зерттеуде ақпараттық тәсіл жайлы  айтқанда біз осы тәсілдің келесі өте маңызды ерекшеліктеріне  тоқталамыз.

Біріншіден,  ақпараттық тәсілдің теоретиктеріне ыңғайлы болатын зейіннің кейбір феномендеріне іріктеу жасалады.

Екіншіден, зейінді  ерікті және еріксіз дәстүрлі түрде  бөлу жойылған, яғни ерікті және еріксіз  зейін ерекшеліктерінен абстракцияға әмбебап сызбаны ұсынуға талпыныс жасалады.

Үшіншіден, ақпаратық  тәсілді жақтаушылар психологиялық  теория принциптерінің техникалық жүйесіне, принциптеріне сәйкес қатаң талаптарды ілгері дамытады. Мұндай талаптар адамның  психикасына және оның зейінін техникалық жағдайлармен салыстырғандагы спецификалыққа тән болатынның барлығыя жояды.

Басқа танымдық процестермен салыстырғанда зейін  материалдық әлемнің қандай да бір  спецификадық формасы болып табылмайды, керісінше адамның маңызды психикалық іс-әрекетінің шарты, оның мақсатқа бағыттылығы мен артықтығы ретінде алға басып, адам іс-әрекетінің өнімділігі мен жемісті агымына себепші болады.

Сондай-ақ зейін - адамның әртүрлі сенсорлық ақпаратты  пайдалану мен қайта өңдеудің, қабылдаудың танымдылығымен қамтамасыз ететін. адамдардың басқа адамдармен қарьш-қатынасындағы іс-әрекеттің мақсатқа бағытталған және ұйымдастырылған танымдық психологиялық процесі.

Өзінің құрылымында  зейін біржақты психологиялық көрініс  болып табылмайды, ол психологияда қасиет немесе осы сана функциясының жағы деп аталатын әртүрлі көріністермен сипатталады.

Енді     зейіннің  қасиеттеріне  келсек  әдетте,  оның  тұрақтылығын, зейіннің бөлінуін және оның белгілі бір нәрсеге  аударылуын, зейіннің көлемін, зейіннің шоғырлануын және т.б. ерекшеліктерін айтады. Зейіннін тұрақтылығы дед адамның белгілі бір іске назарын салып, оған ұзақ уақыт берілуін айтады,

Зейіннің  орталық феномені ретінде С.Л. Рубинштейн (1946) психикалық іс-әрекетгің таңдамалылығын, мақсатқа бағытьшығьш, шоғырлануын  бөледі.

 

 

Психикалық  іс-әрекет ретінде зейіннің шоғырлануы зейіннің басқа қасиеттерімен бірлікте болады, және де бірінші кезекте зейіннің көлемі мен шоғырлануын, екінші зейіннің көлемі мен ауыспалыгы.

Сонымен зейіннің шоғырлануы дегеніміз адамның сол сәтте меңгерген немесе қабылдаған, басқаның барлығынан бас тартқан, қандай да бір нәрсеге шоғырлану процесі. Ал психологаяда зейіннің келемі адамның бір уақытта оларды қабылдауының зейініне бағытталған объектісінің саны сияқты анықталады.

Көлем мен  шоғырланудың функционалдық өзара  қатынасының сипаты ете күрделі больш келеді. Зейін полясының объектілері бір-бірімен өзара мәні бойынша байланысқанда зейіннің көлемі ұлғаяды да, өнімділігі сол деңгейде тұра беруі немесе жоғарлауы мүмкін. Зейіннің тұрақтылығы адам зейінінің шоғырлануын бір әрекет объектісінде ұзақ уақыт сақтаудан тұрады, бірақ зейін процесінің үзілісі болып табылмайды.

Әрекет объектісі  мен әрекеттің өзі езгеруі  мүмкін, ал іс - әрекеттің 
жалпы бағыты сақталады. Зейін тұрақтылығының басқа ерекшелігі зейін 
тұрақтылығы мен шоғырлануының өзара байланысы болып табылады. 
«Зейіннің тұрақтылығы зейіннің шоғырлануы сақталатын, яғни оның 
уақытша экстенсивтілігінің ұзақтығымен анықталады».

Зейіннің  түрақтылығы дегеніміз жеткілікті мөлшерде ұзақ уақыт немесе 
үнемі бір деңгейде көрінетін сақталу ағымы. Егер адамның зейіні тұрақты 
болса, онда олар ұзақ уақыт бойы өзінің жұмысқа деген қабілетін сақтап, 
қате жібермес еді. Зейіннің ауыспалылығы мен тұрақтылығы, орналасуы 
белгілі бір деңгейде зейіннің көлемін анықтайды.

Сондықтан да зейіннің қасиеттері психикалық іс - әрекет процесінде бір - бірімен байланысып, белгілі бір функционалдық бірлікте болады. Зейін қасиеттерін олардың даму деңгейі әр түрлі болған жағдайда ғана тәуелсіз қарастыру маңызды. Адамның зейіні басқа да барлық психикалық функциялар сияқты, сананың туа біткен функциясы болып саналмайды, ол адамның

индивидуалды  дамуының процесінде дамып, қалыптасады.

 

 

Психологаидық зерттеулер көрсеткендей зейіннің қалыптасуы адамның өнімді психикалық іс - әрекетінің реакциясы сияқты адамның онтогенезіндегі  жастық кезеңдерімен өзара байланысатын бірнеше қатарлармен сипатталатын күрделі де, ұзақ даму жолынан өтеді. Студенттер зейінінің ерекшеліктерін зерттеуге арналган мәселелерді А.П.Кашина (1977), В.А.Маликованың (1979) зерттеулерінен байқауға болады.

Қорыта келгенде зейіннің зерттеуімен байланысты теориялық сұрақтарды көптеген щетелдік және советтік авторлар өзінше қарастырды. Ендеше, осы теориялардан психодогияның көптеген салаларында зейін маңызының өте зор, әрі адамның күрделі жүйесіндегі функционалдық іс-әрекетпен байланысының да зор екенін байқауға болады.

1.3. Жасөспірім жасындағылардың қарьш-қатынаста  зейін

қаеиеттерінің ерекшеліктері.

  Біздің  тақырыбымыз   адамзат   психикасындағы   зейін   көрінісімен, сондай-ақ,   адамдардың  бір-бірімен   қарым-қатынасьшдағы   оның  рөлін зерттеумен байланысты.

Зейін өздігінен  жеке-дара пеихикалық үрдіс те, жеке адамның қасиеті де болып саналмайды. Өздігінен және сыртқы бақылаулар бойынша зейін кез келген психикалық іс-әрекетке бағыттылық, шоғырлану, сондай-ақ осы іс-әрекеттің тек бір жағы немесе қасиеті сияқты ашылады. Зейін әрқашан адамның өмір тәжірибесіндегі іс-әрекетіне, таным үрдістеріне тікелей қатысты болып, оның қызығуын бағытын көрсетеді. Зейіннің өзіндік жеке продуктісі болмайды. Кез келген іс-әрекеттің жақсаруы зейіннің бірігуінің нәтижесі болып табылады. Осы продуктінің сипаты сәйкес келетін функцияның басты дәлелі ретінде қызмет атқарады. Зейінде осындай өнімнің болмауы зейіннің психикалық іс-әрекеттің жеке формасына қарсы екендігі жайлы айтылады.

Іс-әрекеттің  барысында қарым-қатынас іске асырылады. Қарым-қатынас бұл адамның өзара  әрекеттесіп, әр түрлі коммуникациялық құралдардың көмегімен бір-бірімен пікір алысуы.

 

 

 

Зейіннің  негізгі қызметі таным процестерінің  таңдамалығымен, адам іс-әрекетінің мақсатқа бағыттылығымен және оның белсенділігімен  қортындыланады. Таным процестері таңдамалығының нәтижесінде адам өзіне пайдалы ақпараттар мен айналыспай, тек сол сәтте өзінің өмірінде маңызды рөл атқаратын нәрселерді қабылдайды. Адам өз зейінін қандай да бір нәрсеге шоғырландырып және сол нәрсеге ұзақ уақыт сақтап тұрып, оны бір әрекеттен басқа әрекетке аудара отырып, адам өз іс-әрекетіндегі мақсатқа бағыттылықты қолдайды, әрі сақтайды. Біз зейінімізді шоғырландырғанда немесе керісінше, өз зейініміз бөлінгенде, біз бірнеше әрекеттерді орындаймыз, бірақ олар ішкі әрекет болады.

П.Я. Гальпериннің дәлелдеуінше адамның зейіні өз кезегінде ішкі іс-әрекетті білдіреді, ол оны бағыттылы (ориентировочной) іс-әрекет деп атайды. Сондай-ақ адамдағы осындай іс-әрекетті, кез келген іс-әрекет сияқты қалыптастыруға және жүзеге асыруға болатынын көрсетті. Зейін сыртқы орта құбылыстарына да, адамның өзінің ішкі психикалық күйлеріне де бағытталуы мүмкін.

Бір  қарағанда  іс-әрекет ұғымын  зейін  сияқты  спецификалық үрдіске қолдану қиын. Бірақ шындап келсе ол олай емес.

Біріншіден  адамдарда сыртқы қарым-қатынасты  қалыптастыратын ерікті зейіннің жоғаргы формасы қалыптасады. Сондай-ақ осы кезде адам зейің актілерін реттеп отыратын белгілі нормаларды меңгереді. Өзінің жеке зейінін реттеу, жайлы белгілі көріністері болады. Айталық көптеген бірлестіктерде қарсыласқа ұзақ уақыт кез аламай қарау әдепсіздік болып саналады. Бұл зейін, үнемі еріксіз болады. Мысалы, сіз метрода кетіп бара жатырсыз, және ұзақ уақыт біреуден кез алмай қарап тұрсыз. Басқа адамның реакциясы немесе сіздің зейініңіздің объектісі - не ашулану, не түсінбеушідік болады. Неге? Өйткені адамньщ басқа адаммен қатынасқа түсуіне байланысты зейін салу не салмауы жоспарына қатысты саналы қалыптасатын, тұрмыстық практикада жинақталатын нормалар бар. Зейін аудару адамдар арасындағы қарым-қатынастың бірінші алғы шарты болып табылады. Дегенмен қарым-қатынасты ауқымдырақ қарастырсақ, онда зейінді қарым-қатынас процесіндегі маңызды компоненттердің бірі деп айтуға болады.

 Бұны қалай  түсінуте болады? Яғни, біз күнделікті  әңгімеде адамдар арасындағы  қатынасты жиі бейнелейміз, әсіресе  зейін терминіне қатысты алғашқыны. Ол біреуге зейінін «аударады» немесе «аудармайды». Бүл қатынас формасының бірден-бір алғашқы формасы. Немесе керісінше, «езіне зейін аудару» немесе «аудармау» - бүл да белгілі бір тұлғалық позицияның сипаттамасы. Біреулер мынандай норманы ұстанады, яғни өзіне шамадан тыс зейін аудару жақсы емес, ал басқалары керісінше ойлайды, яғни айналадағы адамдардың зейінін өзіне кез келген құлдылықпен аударуға тырысу керек - киіммен, мініз-құлқымен т.б. Демек, зейін қарым-қатынас процесін сипаттайтын өте маңызды жақ болып табылады.

Адамның қасиеттерін, оның жеке ерекшеліктерін сипаттауда біз үнемі «зейінділік» терминін қолданамыз. Бұл да адамдардың басқа  адамдармен әдеттегі қарым-қатынас  тәсілінің жалпыланған сипаттамасы. Бұл жағдайға байланысты емес, сол адамның басқа адамдармен қарым-қатынас тәсілінің күнделікті сипаттамасы, демек, тұлғалық ерекшелік.

Зейін - адамның  әртүрлі сенсорлық акпаратты  пайдалану мен қайта өңдеудің, қабылдаудың танымдылығымен қамтамасыз ететін, адамдардың басқа адамдармен қарым-қатынасындағы іс-әрекеттің мақсатқа бағытталған және ұйымдастырылған танымдық психологиялық процесі.

Зейінеіздікте басқа субъект өте сирек сол  адам үшін фигура болып қалыптасады, және жиі бұл фигура сол адамыың  өзі болады, ал қалғанының бәрі ол үшін фон болып табылады.

Қорыта келгенде, зейін адамдардың барлық іс - әрекет түріндегі қарым -қатынасының және күнделікті қарым-қатынасының маңызды  психологиялық факторы бодып  табылады, Зейіннің қасиеттері қарым-қатынас  пен адамдардың өзара қатынасының  қажетті психологиялық компоненті бола отырып, айналадағы адамдармен байланысының тереңдей түсуіне мүмкіндік туғызады. Қарым-қатынас процесінде өз ойын жеткізу мен басқа адамның ойын жеткізуде зейіннің маңызы өте зор.

 

 

 

 

3.2. Зерттеудің нәтижелерін талдау.

  Зейін көлемінің деңгейін зерттеу әдістемесін талдау.

Тапсырманы  орындан болғаннан кейін нәтиже тексеру кестесі арқылы салыстырылады. Егер сіз белгілі бір уақытта 18 немесе оданда көп санды дұрыс  қойсаңыз, онда сіздің зейін келеміңіздің деңгейі нәтижелі іс-әрекетті орындауға жеткілікті, жақсы, 15-17 сан болса, сіздің зейін көлеміңіздің деңгейі қалыпты. 12-14 сан - сіздің зейін көлеміңіздің деңгейі орташа, яғни оны жаттықтырудың мәні бар, 11 немесе оданда аз - сізге міндетті түрде зейініңіздің көлемін жаттықтырумен айналысу керек.

Тексеру кестесі

 

2

7

8

13

16

18

21

29

34

35

38

40

43

46

54

56

60

65

67

77

80

84

92

98

99


Қарым-қатынасты зейін қасиеттерінің деңгейін анықтауға арналған зерттеу жұмысының нәтижесін жеке-жеке көрсетейік.

Зерттеу жұмысының көрсеткіштері бойынша зейін көлемінің деңтейі сыналушылардың 97%-де төменгі көрсеткішті көрсетсе, 40%-де орташа көрсеткішті көрсетті.

Зерттеу жұмысының көрсеткіштері бойынша зейін көлемінің деңгейі сыналушылардың 61%-де төменгі көрсеткішті көрсетсе, 16%-де орташа көрсеткішті көрсетті, 15%-де жақсы көрсеткішті, ал 8%-де жоғарғы көрсеткішті көрсетті.

Информация о работе Зейін теориялары