Баға және кәсіпорынның баға саясаты
Курсовая работа, 01 Февраля 2013, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
Курстық жұмыс міндеттері. Осы курстық жұмыстың мақсатына байланысты мынадай міндеттер белгіленді:
Нарық жағдайында фирманың тауарына баға тағайындау әдістерін талдау;
Фирмадағы баға саясатының атқаратын қызметтерін талдау;
Баға саясатын белгілеуді қарастыру;
Бағаның тауар құнын қалыптастыруды зерттеу т.б.
Файлы: 1 файл
Копия КІРІСПЕ самая последняя (Автосохраненный).docx
— 152.25 Кб (Скачать)3. Бағаны құрау тәсілдерін таңдау
Бұл кезеңде ұйым(кәсіпорын) тауарға баға белгілеу тәсілін таңдау арқылы баға саясатын қалыптастыру мәселесін шешеді. Бәсекелестік ортада қолданылатын кең тараған тәсілдердің арасынан - өнімнің өзіндік құнына үстеме бағаны, шығынсыздық қағидатын, төлем қабілеттілігі сұранысына бейімделуді, нарықтық баға қарқынын және бәсекелестердің бағалық ұсыныстарын атап өтуге болады.
- Өзіндік құнға үстеме баға тәсілі есептеудің қарапайымдылығы арқасында нарықтық экономикада мейілінше жиі қолданылады. Үстеме баға өлшемдері кең ауқымды қамтиды, бұл тауардың түрлеріне, нарықтың аумақтық ерекшеліктеріне, мемлекеттік реттеу органдарының қатынастарына және т.б. байланысты. Бағаны құраудың бұл тәсілінің бірқатар артықшылықтары бар:
- өндіруші-сатушыларға сұраныс пен оған әсер ететін факторларды талдау жөнінен маркетингтік шаралар кешенін орындаудан гөрі, өндіріс шығындары деңгейін талдау, шығарылатын өнімнің өзіндік құнын анықтау жеңілірек;
- нарықтағы бәсекелестердің көбі баға белгілеудің дәл сондай саясатын ұстанған жағдайда, іс жүзінде бағалық бәсекелестік пен шығын мүмкіндігі жойылады, соның нәтижесінде пайданың айтарлықтай үлесі де;
- өзіндік құнға үстеме баға, әдетте, ақылға сыйымды өлшемде (50%-дан көп емес) болады, бұл өндіруші-сатушыға тұтынушылардың мүддесіне зиян келтірмей, олардың артық қаражатын тартуға мүмкіндік береді.
- Шығынсыздық қағидаты дегеніміз – бағаны өнімді сатудан түсетін пайда өндірістің жалпы шығындарын жабатын деңгейде белгілеу.Бұл тәсілді қолдана отырып, кәсіпорын тұтыну көлеміне байланысты, бағаны диверсификациялайды, бұл сұрынысқа дем беріп, сатудан түсетін пайданы арттырды.
- Сұраныстың төлем қабілеттілігіне бейімделу тәсілін өз құрамында маркетинг бөлімдері бар немесе шығарылатын өнімге сұранысты талдау үшін қаражаты жеткілікті кәсіпорындар қолданады. Бұл орайда сапаға, тауарды безендіруге, қызмет көрсетуге және т.б. сол сәтте қойылатын талаптарды ғана емес, сонымен қатар, тұтынушылар тілектерін (әлеуеттік сұраныс) де бағалау қажет. Бұл тәсілді пайдалану барысында кәсіпорын бағаны тұтынушылардың әлеуметтік топтарына байланысты, тауарлардың сапасына, жаңалығына, тауарлық санатына байланысты диверсификациялайды. Бұл тұтынушылардың түрлі топтарының артық қаражатын тартуға мүмкіндік берумен қатар, маркетингтік шараларды жүзеге асыруға айтарлықтай кыржы бөлуді талап етеді.
4. Баға саясатын таңдау, соңғы бағаны белгілеу.
Кәсіпорын бұл кезеңде бағаны құрау тәсілін таңдап, баға белгілеу туралы шешімін жүзеге асыруға кіріседі. Бұл орайда бағаны құраудың бірқатар нарықтық факторларын ескеру қажет: психологиялық сипаттағы факторлар (тұтынушыларға қатысты), тілекке сәйкес баға образы, бағаларды диверсификациялау мүмкіндігі. Бұл факторлардың қай-қайсының да маңыздылығы өз кезегінде кәсіпорынның өмірлік кезеңдеріне айтарлықтай әсерін тигізетін таңдалған баға стратегиясына байланысты. [21]
Осылайша, баға саясатын қалыптастырудың барлық кезеңдерінен өткен кәсіпорын шығарылатын өнімге баға бекіту туралы соңғы шешімді көптеген факторларды ескеріп қабылдайды: өнім сатылатын нарықтың типі, кәсіпорынның мақсаттары мен міндеттері; маркетингтік шаралар жүргізу мүмкіндіктері, нарықтағы бәсекелестік күрес деңгейі және т.б. Дұрыс қалыптасқан баға саясаты өнімнің және кәсіпорынның нарықтағы бәсекелестікке қабілеттілік деңгейін көтеруге бағытталған қарқынды процесс болып табылады.
3.1 Кәсіпорында баға саясатын жетілдіру жолдары
Кәсіпорын шығарған өнімнің
- біріншіден, сұранысты ынталандырудағы көптеген әдістерден өзгешелігі, бағаны пайдалану қосымша қаражатты қажет етпейді, жарнама шараларын жүргізуде орын алатын, өнімді дараландыру, жылжыту және т.б.;
- екіншіден, тұтынушылар белгіленген бағаны, жарнама негізінде қарағанда оңай, ондай дараландыру сияқты өздеріне тауарлардың тартымдылығын табады;
- үшіншіден соңында тіпті, басқа да ынталандыру әдісі, атап айтқанда, дербес сату және жарнаманы ұйымдастыру ең бастысы болады, баға оларды қолдауда ең қуатты құралы болып табылады.
Бағаның тұтынушыға ықпалы қандай болмақ? Ол деңгейге сай өзінің белгілерін табады. Сөз болып отырған мәселе, белгіленетін бағаның деңгейі сатып алушылардың артықшылығын, оларды сол немесе басқа да өнімді сатудан алатын болжалды пайданы көрсетеді.
Шынында, егер де тауарға тым жоғары белгіленсе, онда мұндай тауарлар сатып алынбайды, ал сатып алынған күнде ол аз мөлшерде өтеді. Практикада баға стратегиясының тұтас сериясы болады:
- жоғары баға стратегиясы әуелі өндіріс шығындарынан әлдеқайда жоғары сатады, ал содан соң бағаны төмендетеді;
- төменгі баға стратегиясы. Бұл сұраныс ынталандыру мақсатында жасалады, не өткізудің көп мөлшерінің нарықтағы тиімділігі және сұраныстың жоғары икемділігі, сатып алушылар бағаның төмендеуін қашан шұғыл сезінеді және сұраныс та сол уақытта көбейеді. Кәсіпорын жаппай өндірудің есебінен бағаның төмен деңгейін ұстап тұрады;
- сараланған баға стратегиясы бағаны белгілеуде түрлі рыноктар, олардың саралымдары және сатып алушылар үшін түрлі-түрлі шегерім және үстемелерді бағаның орташа деңгейіне ұштастыруды көрсетеді;
- жеңілдікті баға стратегиясы сатып алушылармен жұмыс істеуге бағытталады. Мұнда оларға тауарларды жеңілдетілген баға ретінде ұсынуға құштар;
- икемді, икемділік баға стратегиясы. Баға сатып алушылардың мүмкіншілігіне, олардың сатып алу күштеріне байланысты белгіленеді;
- тұрақты, стандартты, өзгермес баға стратегиясы;
- жинақталмаған баға стратегиясы;
- жаппай сатып алу баға стратегиясы;
- баға деңгейінің тауар сапасына тығыз үйлестіру баға стратегиясы.
Баға саясатын дұрыс таңдау өзінше қарапайым жұмыс емес. Ең алдымен оны және басқа да баға саясатын өндіріске енгізу үшін бағаның қазіргі жағдайдағы деңгейін күнделікті қадағалау қажет.
Нарықтық
экономикада кәсіпорын
Бәсекелі нарықтағы бағалық бәсекенің өзі де кәсіпорындардың төмен бағада өнім өткізу қабілеттерімен тартысқа түсу арқылы, өз мүмкіндіктерін жақсартуға бағытталған қадамдарын сипаттайды.
Бағалық бәсекеге түсуге талпынған әрбір кәсіпорын нарыққа ену мүмкіндіктері мен шығынмен жұмыс істеу қауіптерін, бәсекелестерінің ар-тықшылықтары мен тұтынушыны қызықтырар әдістерін, бәсекелестер тарапынан болатын қыспақтар мен олардың алдын-алу шараларын ойластыра отырып, баға саясатына қатысты шешімдерін айқындағаны дұрыс. Өндірістік кәсіпорындардың баға белгілеуге қатысты ұстанатын саясаттарын зерттеулер нәтижесі баға саясатының келесі қағидаларын ашып көрсетуге мүмкіндік береді:
• баға белгілеу зиялылығы: тұтынушылардың өмір сүру деңгейлеріне сай өнім алуға мүмкіндік жасау;
• кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігі немесе төлем қабілеттілігі: өнімді сату арқылы кәсіпорынның дамуына және осының есебінен, ондағы қызметкерлердің материалдық қамсыздануына жағдайдың болуы;
• өнім бағасының икемділігі: нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың және басқа да факторлардың әсеріне байланысты кәсіпорынның бағаны өзгертуге дайындығы;
• тұтынушыға
психологиялық әсері: өнімнің тұтынушыға
бәсекелік қабілет қорын
• ынталандырушы бағалар: өнімнің тиімді өткізілуін қамтамасыз етуде бонустар, маусымдық жеңілдіктер, "нарықты игеру бағаларын" белгілеу.
Бұл жағдай еліміздегі кәсіпорындарға ішкі нарықтағы өз үлестерін «тұтынушыға тиімді баға» саясатын ұстану арқылы ұлғайтуды қажет етеді. Алайда, баға белгілеу саясатының өзі көптеген нарықтық факторларға тәуелді екенін ескере кеткен жөн. Ол факторларды әсер ету аясына байланысты үш топқа бөліп қарастыруға болады.
1. Ұсынысқа
байланысты факторлар:
2. Сұранысқа
байланысты факторлар:
3. Нақты
тауарлы нарыққа байланысты
Өнім өндіруші кәсіпорындардың шығаратын өнімдеріне тиімді баға белгілеу саясатын жүргізу, нарықтық факторлармен қатар, бағаны қалып-тастыру ерекшеліктерін де ескеруді міндеттейді.
Мысалы нан өнімдерін алатын болсақ, онда оның бағасы, ең алдымен, ауыл шаруашылығында өндірілетін дәнді дақылдардың өнімділігіне, жиналу көлеміне, көлемдік өзгерістерге тәуелді. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы ұйымдарының өнімді егуге, жинауға, өндеуге кеткен шығындарының көлемі де дәнді дақылдардың бағасын анықтауға әсер етеді. .
Бәсекеге қабілетті өнімді шығару үшін қомақты қаржы керек, яғни, са-палы өнім шығаруға қажетті құрал-жабдықтар алуға, жоғары білімді және білікті мамандаржалдауға, озық технологияларды игеруге, өнімді кең көлемде жарнамалауға және т.б. Бұл жағдайда, тек тиімділігі жоғары, өз қаржылары жеткілікті кәсіпорындар ғана нәтижелі қадамдар жасауға дайын болады. Сондықтан да, өндірістің тиімділігін өнімнің бәсекелік қабілетінің бастаушысы деуге болады.
Біз ұсынып отырған кәсіпорынның баға саясатын жетілдіру тетігі де, осы өндіріс орындарының тиімділігі нәтижесінде ғана жүзеге асуы мүмкін. Оның себебі де бар, өйткені нарықтық баға бәсекесі кезінде қандай да бір өнімнің құнын төмендету (ең төмен мөлшерде табыс таба отырып) үшін кәсіпорын өзі шығаратын басқа да өнім түрлерінен немесе қызметтерден тұрақты табыс алуы қажет. Онсыз баға бәсекесінде нәтижелі күресу мүмкін емес.
Кәсіпорынның шығындылықты төмендету немесе басқа да нарықтық тетіктер бойынша ұстанған баға саясаты, өз кезегінде, бағаны қалыптастыру әдісін анықтауға негіз болады.
Бағаны қалыптастыру әдісі нарықтық ортаның кез-келген жағдайында үздіксіз жұмыс жасауы тиіс және нарық талабына сай икемді болғаны жөн. Жалпы алғанда, бағаны қалыптастырудың бірнеше бағытын ажыратып көрсетуге болады:
1. Шығынсыздыққа
бағытталған мақсатты табыс -
табысты белгілеу әдісі
2. Өнімнің
құндылығын сездіру -өнімнің
3. Өндіріс шығындары - шығындылық әдістер бойынша;
4. Нарықтың сипаты - нарықтық әдістер бойынша;
5.Өнімнің
техника-экономикалық
Өз кезегінде, нарықтық әдістер екі топқа бөлінеді:
- тұтынушының тауарға көзқарасы бойынша - тұтынушыға бағытталған әдіс;
- нарықтағы нақты жағдайға байланысты - бәсекелестерге бағытталған әдіс.
Бұл әдістің құрамына тауардың құндылығын қабылдау негізіндегі және сұранысқа бағытталған әдістер кіреді. Тұтынушыларға өз өнімдерінің құндылықтарын бағалау арқылы қолданатын бұл әдістер нарықтық жағдайға икемді болып табылады.
Бәсекелестерге бағытталған әдісті кәсіпорын нарықтағы өз орнын ұстау үшін, қажетті жағдайларда өнімнің бағасын төмендетіп, тұтынушыларды өзіне тарту үшін қолданады. Бұл әдіс нарықтағы жағдай мен бәсекелестердің іс-қимылдарына сай тағы да бірнеше әдіске бөлінеді.
Бағаны
қалыптастырудың параметрлік
Кәсіпорындағы бағаны қалыптастыру әдісінің қайқайсысы болсын, ол сол кәсіпорынның ішкі жағдайына, нарықтағы орнына және алдағы даму стратегиясының қай бағытта жүргізілетініне тікелей байланысты.