Баға және кәсіпорынның баға саясаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Февраля 2013 в 09:14, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыс міндеттері. Осы курстық жұмыстың мақсатына байланысты мынадай міндеттер белгіленді:
Нарық жағдайында фирманың тауарына баға тағайындау әдістерін талдау;
Фирмадағы баға саясатының атқаратын қызметтерін талдау;
Баға саясатын белгілеуді қарастыру;
Бағаның тауар құнын қалыптастыруды зерттеу т.б.

Файлы: 1 файл

Копия КІРІСПЕ самая последняя (Автосохраненный).docx

— 152.25 Кб (Скачать)

 Бірлескен  кәсіпорындардың  қаржысының бақылау функциясы кәсіпорын экономикасында маңызды рөл атқарады: есепсіз және бақылаусыз шаруашылық жүргізуге болмайды. Қаржы басқа экономикалық тұтқалармен бірге экономиканы басқару, өңдірістің өсуін ынталандыру және еңбек, материал, табиғи және еңбек ресурстарын ұтымды пайдалануға қажетті бақылауды қамтамасыз ету процесінде маңызды рөл атқарады. Ақшамен бақылау тек шаруашылық жүргізуші субъектілердің ішінде ғана емес, сонымен бірге оның басқа субъектілерімен, жоғарғы ұйымдармен және қаржы-кредит мекемелерімен өзара қарым-қатынастарында да жүзеге асырылады. Шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы өзара қатынастарда бақылау жеткізілім тауарларға, көрсетілген қызметтерге және орындалған жұмыстарға ақы төлеу кезінде болады. Қаржы-кредит органдарымен өзара іс-әрекет кезінде бақылау бюджет алдындағы міндеттемелердің орындалуы кезінде, банк несиелерін алған және қайтарған кезде жүзеге асырылады. [18]

 Бірлескен  кәсіпорындардың  экономикалық қызмет сферасындағы өндірістік қатынастардың айырықша ерекшеліктері, таза қаржы қатынастарының басқа ақша қатынастарымен тоқайласуы, олардың өндірістік капиталдардың ауыспалы айналымымен өте тығыз байланысы, бірқатар ғалымдардың пікірі бойынша кәсіпорындар мен салалар қаржысы қаржы жүйесінің жалпы мемлекеттік қаржылардан олардың ортақ белгілерінен гөрі көбірек айырмашылығы бар буыны болып табылады дегенге жеткізеді. Олардың пікірінше, егер бұл буынға кәсіпорындардың ақша қатынастарының бүкіл жиынтығын қосса, онда дербес экономикалық категорияның — кәсіпорындар мен ұйымдардың ақша шаруашылығының бар екендігі (бар болуы) жөніндегі мәселені қоюға болады.

 Бірлескен  кәсіпорындардың  қаржысы сферасындағы сан алуан қатынастар олардың шаруашылық қызметі процесінде басқа шаруашылық жүргізуші субъектілермен болатын мынадай топтарға ірілендірілген ақша қатынастарына саяды:

  • басқа әр турлі кәсіпорындармен және ұйымдармен (олар: өнім өткізуден түсім-ақша алу, өткізуден тыс табыстар түсіру, материалдық шығындарды төлеу, шарт міндеттерін бұзған кезде айыппұл төлеу және алу, бағалы қағаздарды өткізу, басқа кәсіпорындардың акциялары мен облигацияларына қаражаттарды инвестициялау, олар бойынша дивидендтер мен пайыздар төлеу және алу процесінде, коммерциялық несиелеу кезінде қалыптасады);
  • өзінің еңбек ұжымымен (бұл қатынастар еңбекке ақы төлеуді, сыйлық қорын жасауды, табысты (пайданы) бөлу және тұтыну қорынан қызметкерлерге жәрдемақылар төлеуді, сонымен бірге қызметкерлердің қаражаттарын тартуды (бағалы қағаздар сату, кәсіпорынның қаржы ресурстарын қалыптастыру үшін үлестік жарналарды) ортақтастырады;
  • өз ішіндегі білімдермен (олардың арасында қаржы ресурстарын бөлу кезінде);
  • мемлекетпен — бюджетке салықтар төлеу, бюджеттен қаржыландыру кезінде, мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алған кезде, сондай-ақ олар бойынша төлемдер алғанда, валюта қорлары мен ресурстарды қалыптастырғанда;
  • банктермен (қаржы қатынастарының бұл тобы банк кредиттерін алу, оларды қайтару, кредиттер бойынша пайыздар төлеу, банктерге уақытша пайдалануға белгілі бір төлеммен бос ақшаны беру, банк өткізетін бағалы қағаздармен жасалатын операциялар нысаны түрінде іске асады);
  • сақтық органдармен — мүлікті, қызметкерлерді, коммерциялық және коммерциялық емес тәуекелді сақтандыру жөнінде;
  • жоғары ұйымдармен — ішкі салалық қайта бөлу шегінде (пайданы, табыстарды, капиталды қайта бөлу кезінде, жалгерлік телемдер бойынша және басқалары);     
  • құрылтайшылармен (бұл қатынастар құрылтайшылардың жарғылық капиталды қалыптасты) қаржы жарналарын (салымдарын) төлеу кезінде, сондай-ақ кәсіпорынның пайдасын бөлгенде жөне оның бір бөлігін шартқа сәйкес құрылтайшыға аударған кезде қалыптасады. [19]

 Бірлескен кәсіпорындардың  қаржысына, бір жағынан, жалпы қаржылардың экономикалық табиғатын сипаттайтын белгілер, басқа жағынан, қоғамдық өндірістің түрлі сферасындағы қаржылардың қызмет етуіне байланысты ерекшеліктер тән. Сонымен бірге бұл қаржыға тән мынадай негізгі белгілерді атауға болады:

1) қаржы қатынастарының көп қырлылығы, олардың нысандары мен мақсатты арналымының сан алуандығы;

2) өндірістік құралдардың (капиталдардың) міндетті болуы және оларды қалыптастырумен, көбейтумен және қайта бөлумен байланысты қатынастардың пайда болуы. Өндірістік капиталдар — бұл өндірістің серпінді элементі, олар өндірістің өзі сияқты үздіксіз қозғалыста болады; сонымен қатар құн нысандарының тұрақты ауысымы болып отырады. Кәсіпорын қызметінің кез келген мезетінде өндірістік құралдар материалдық-заттық және ақша нысанында болуы мүмкін;

3) жоғары белсенділік, кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің барлық жағына әсер ету мүмкіндігі;

4) шаруашылық  жүргізуші субъектілердің қаржысы  бүкіл қаржы жүйесінің айқындаушы негізі болып табылады.

  Сөйтіп, бірлескен кәсіпорындардың  қаржысы деп өнім (жұмыс, қызмет көрсету) өндіріп, сатумен және ақша қорларын жасаумен, бөлумен және пайдаланумен байланысты экономикалық қатынастарды атайды.

         Шаруашылық жүргізуші субъектілер — кәсіпорындар мен ұйымдар (фирмалар, компаниялар, фермер шаруашылығы, шаруашылық серіктестіктері, ассоциациялар (бірлестіктер), ұлттық компаниялар және басқалары), мекемелер әр түрлі белгілері бойынша сыныпталады және оларды не ол, не бұл түрі бойынша айырудың негіздемелері қаржыны ұйымдастырудың сипатына елеулі әсер етуі мүмкін.

          Айырудың ең жалпы белгісі кәсіпорындар мен ұйымдарды қызмет сфераларының біріне — материалдық немесе материалдық емес (өндірістік емес) сфераға жатқызу болып табылады. Қызметтің материалдық сферасының кәсіпорындары бүкіл қоғамның тіршілік әрекетінің негізі болып табылатын материалдық өнімдер мен игіліктерді жасайды. Бұл сферада жасалған өнімнің бір бөлігі оның салалары ішінде (өндірістік тұтынудың өнімдері) тұтынылады, басқа бөлігі түпкілікті тұтынуға, соның ішінде өндірістік емес сфераға да бағытталады. Өндірістік емес сфера қызметінің нәтижелері қызметтердің нысанын қабылдайды, қызметтерді жасаудың процесі, әдеттегідей, оларды тұтыну процесімен тоқайласады, яғни олар қордалауға, сақтауға жатпайды.

 Қаржы қатынастарының мазмұны мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық жұмысын ұйымдастыруға олардың салалық тиістілігі, ұлттық шаруашылықтың техникалық-экономикалық ерекшеліктері айтарлықтай ықпал жасайды.

 Материалдық өндіріс сферасының кәсіпорындары қаржысының өзгешелігі едәуір дәрежеде кәсіпорынның іс-әрекет ететін саласына да байланысты болып келеді.

 Коммерциялық және коммерциялық емес қызмет болып межелену Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінде бекітіліп берілген, онда заңды тұлға ұғымы анықталады. Заңды тұлға деп меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар жене сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін ұйымды айтады. Өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтық міңдеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алады, сотта талапкер және жауапкер бола алады.

 Өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде пайда келтіруді квздейтін (коммерциялық ұйым) не мұндай мақсат ретінде пайда келтіре алмайтын жөне алынған пайдасын қатысушыларына үлестірмейтін (коммерциялық емес ұйым) ұйым заңды тұлға бола алады.

 Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға мемлекеттік кәсіпорын шаруашылық серіктестігі, өңдірістік кооператив нысандарында құрылуы мүмкін.

 Коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлға мекеме, қоғамдық бірлестік, тұтыну кооперативі, қоғамдық қор, діни бірлестік нысанында және заң құжаттарында көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкін.

  Шаруашылық жүргізуші субъектілерді сыныптаудың маңызды белгісі меншіктің белгілі бір нысанына тиістілігі (қатыстылығы) болып табылады. Заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасында меншіктің екі нысаны қабылданған: жеке меншік және мемлекеттік меншік. Жеке меншік азаматтардың және (немесе) мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктері ретінде болады, жеке меншіктің айырықша түрі ретінде қоғамдық ұйымдардың меншігі болады. [19]

   Мемлекеттік меншік республикалық және коммуналдық меншік болып ажыратылады.

   Меншіктің аталған нысандарының ішінде шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысандарының көптеген түрлерін (санын) туғызатын әр түрлі шаруашылық құрылымдары қалыптасуы мүмкін:

1.Мемлекеттік меншікке негізделген мемлекеттік кәсіпорындар, соның ішінде:

республикалық — Қазақстан Республикасының  экономикалық және әлеуметтік дамуының жалпы мемлекеттік міндеттерін шешу үшін;

коммуналдық меншіктегі кәсіпорындар — тиісті аумақтың халқының әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерін қанағаттандыру жөніндегі  міндеттерді шешу үшін, жергілікті бағынышта болады.

2.Заңды тұлғалардың жеке меншігіне негізделген кәсіпорындар: әр түрлі тұрпаттағы шаруашылық серіктестіктері, соның ішінде акционерлік қоғамдар, кооперативтік кәсіпорындар мен ұйымдар.

3.Қоғамдық бірлестіктердің меншігіне негізделген кәсіпорындар.

4.Құрылтайшылардың, соның ішінде шетелдік заңды тұлғалар мен азаматтардың мүлкін біріктіру негізіндегі бірлескен кәсіпорындар.

5.Азаматтардың меншігіне негізделген жеке меншікті кәсіпорындар.

6.Меншіктің жоғарыда келтірілген әр түрлі нысандарының қатысуындағы аралас кәсіпорындар.

 

 

3 КӘСІПОРЫНДА БАҒА САЯСАТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МЕХАНИЗМДЕРІН РЕТТЕУ МЕН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

3.1 Кәсіпорында баға саясатын қалыптастыру механизмдерін реттеу

 

         Кәсіпорын баға саясатының барлық кезеңдерін қалыптастыра отырып, шығарылатын өнімнің бағасын белгілеуде соңғы шешім қабылдау үшін бірнеше факторларды ескереді: нарықтың типін, кәсіпорын қызметінің  мақсаттары мен міндеттерін, маркетингтік шаралар  жүргізу мүмкіндіктерін, нарықтағы бәсекелестік күрес  деңгейін және т.б.

        Дұрыс қалыптасқан баға саясаты -  нарықта өнім мен кәсіпорынның  бәсекелестікке қабілеттілік  деңгейін артыруға бағытталған қарқынды процесс.

       Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның баға саясатын қалыптастыру  бәсекелестікке қабілеттілік механизмінің маңызды элементтерінің бірі болып табылады. Осыған байланысты кәсіпорын басшылары баға саясатын қолдануға және оны жасау процесіне көбірек көңіл аударуға тырысады.Олай болмаған жағдайда  нарықтағы өндірушілер арасындағы катаң бәсекелестік сату көлімінің төмендеуіне, табыс деңгейінің, рентабельдіктің азаюына, нәтижесінде, тауардың бәсекелестікке қабілеттілігі мен жалпы кәсіпорынның әлсіреуіне әкеп   соқтыруы мүмкін.

        Кәсіпорынның баға саясатының кезеңдері:

         1.Баға саясатының мақсаттарын анықтау.

         Кәсіпорын мақсаттарының бірнеше деңгейде жүзеге асырылатын құрамдас бөліктері:

         Стратегиялық мақсаттар —ғаламдық  мәселе қоюға бағытталады және ұзақ мерзімге бейімделеді;

         Тактикалық мақсаттар — орта мерзімдік  нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді, шешімдер көлемі стратегиялық мақсаттарға сәйкес шектеулі болады;

         Операциялық мақсаттар — жергілікті сипатқа ие, қысқа мерзімді шешімдерді жүзеге асыруға бағытталған (тактикалық және  стратегиялық мақсаттарға сай болуы тиіс).

         Мәселен, кәсіпорын баға саясаты аясында – нарықта жаңалықтар енгізуден көшбасшы болу туралы стратегиялық мақсаттар қойса, бұл мақсат тактикалық мақсатпен алмастырылады: нарыққа барынша жаңа бұйымдар келіп түседі, тауардың жаңа болуына байланысты баға диверсификацияға ұшырайды (жаңа бұйымдар қымбатқа, ескілері арзанға сатылады). Бұл мақсаттар өз кезегінде шұғыл мақсаттар туғызады: мысалы, жаңа бұйымдар сатып алушылардың жеке тапсырысы бойынша, нарықта  ең жоғары X бағасымен,  сериялық өндіріспен шыққан жаңа тауарлар — мейілінше  төмен  Y бағасымен,  ал нарықта  бірнеше жылдан бері келе жатқан тауарлар, ең төменгі жеңілдетілген Z бағасымен сатылады.  

    • Нарықта аман қалу стратегиясы тауарлар шамадан тыс көбейіп кеткенде, яғни шығарылатын өнімге сұраныстан ұсыныс артып кеткен жағдайларға бейімделген. Бұл жағдайларда тауарға деген сұранысты арттыруға байланысты кәсіпорын тұтынушының көзқарасына себепші болу үшін, төмен бағалар белгілеуге мәжбүр болады. Көбіне, сатып алу көлеміне байланысты, жеңілдетілген баға жүйесі қолданылады (көлем неғұрлым көп болса, баға соғұрлым төмен).
    • Табысты  максимизациялау шарттарының орындалуы коммерциялық ұйымның (кәсіпорынның) нарықтағы «генетикалық» ерекшеліктеріне негізделген, яғни  өнімді сатудан барынша көп табыс алуға. Бұл жағдайда кәсіпорын төлем қабілеттілігін, әлеуеттік сұранысты, нарықтық бағалардың түрлі құрылымына байланысты шығындар деңгейін талдайды. Одан кейін ол   өнімді шығаруға немесе қызметтерге кететін шығындардың көп бөлігін жабатын ағымдағы табыстың оңтайлы нұсқасын таңдайды.
    • Нарықтағы үлес көрсеткіштері бойынша көшбасшылықты жеңіп алу немесе нарық үлесін арттыру мақсаттары кәсіпорынның нарықтағы бәсекелестікке қабілеттілік деңгейімен байланысты. Сол жағынан күшті кәсіпорындар, әдетте, шығарылатын өнім нарығының айтарлықтай үлесіне ие (яғни бәсекелестермен салыстырғанда сату көлемі едәуір үлкен).Бұл ауқымдылық әсері есебінен тауар өндірісі шығындарын азайтуға және алыс болашақта тұрақты табыс алуға  мүмкіндік береді.Кәсіпорын нарықтағы үлесін арттыруды мақсат етіп қойса,  шығаратын өнім бағасын мүмкіндігінше төмендетуге саналы түрде барады.
    • Нарыққа жаңалықтар енгізу көшбасшылығы ең жаңа жоғары сапалы тауарларға ҒЗТКЖ-ын жүргізу шығындарын жабу үшін ең жоғары баға белгілеуді қарастырады. Мұндай кәсіпорындар тұтынушылар сұраныстарын мейілінше қанағаттандыру үшін және тұтынушылардың артық қаражатын тарту үшін жаңа тауарлар жасаумен және қолданыстағы үлгілерді модернизациялаумен тұрақты түрде айналысады. [20]

        2.Бағаны құрайтын  факторларды талдау.       

Мұндай талдау кәсіпорынның  баға саясатында  сатып алушылардың, жеткізушілердің, өндіріс пен бәсекелестер  факторларының  бағаның өзгеруіне қатысты пікірлерін ескеріп отыруын мүмкіндік береді.

    • Шығарылатын өнімге сұраныстың бағалық және бағалық емес  құрамдарын бағалау баға өзгерген кезде тұтыну көлемінің өзгеру заңдылықтарын: бағаны, тұтынушының табысын, бір-бірін толықтыратын және бір-бірін алмастыратын тауарлар бағасын, сатып алушылардың санын, талғамын және сұранысын, ұлттық ерекшеліктерін, тұтынушылардың күткенін анықтауға мүмкіндік береді.
    • Сұраныс икемділігін талдау кәсіпорынға маңыздылығына байланысты қандай да бір тауарға баға белгілеуге мүмкіндік береді. Сонымен, мүлде икемділіксіз сұраныс жағдайында  (мысалы,  аукциондық сауда-саттыққа қойылған тауарға) ұсынылған тауардың бірегейлігіне байланысты баға барынша жоғары дейгейде белгіленеді. Икемділіксіз  сұраныс жағдайында (бірінші қажеттілік тауарлары) өндіруші-сатушының бағаны төмендетуіне тура келеді, бірақ аз мөлшерде ғана, өйткені  нанға, тұзға, энергияға үнемі сұраныс болады. Икемділікті сұраныс (кеңінен тұтыну тауарлары) кәсіпорынды нарықта икемді баға саясатын жүргізуге мәжбүр етеді, өйткені бағаны көтеру тауарға деген сұранысты төмендетуі мүмкін. Бұл жағдайда кәсіпорын көбіне сапаға, тауардың жаңалығына және т.б. байланысты баға диверсификациясы саясатын жүргізеді. Мүлде икемділіксіз сұраныс жағдайында (мысалы, колхоз нарығы) ұйым (кәсіпорын)  бағаны артық қаражат шеңберінде белгілеуге мәжбүр. Бұл нарықта көптеген бәсекелестердің стандартталған және  бұқаралық өнімдер шығаруымен байланысты. Мұндай жағдайда бағаны көтеру сату көлемінің азаюына  және табыстың бір бөлігін жоғалтуға  әкеп соқтырады.
    • Ұсыныстың бағалық және бағалық емес құрамдарын талдау бағаның өзгеруінің өнімді сату көлеміне әсер ету дәрежесін бағалауға, кәсіпорынның ұсыныс көлемінің -  ресурстар бағасының қарқынына, ҒТП әсеріне  және өндірістік технологиялардағы өзгерістерге, салық   және субсидия  салаларындағы мемлекеттік саясатқа, бір-бірін алмастыратын тауарлар бағасына,   нарықтағы сол тауарды жеткізушінер санына, өнім өндірушілер тарапынан күтілген баға өзгерісіне  тәуелділігін  анықтауға мүмкіндік береді.
    • Өнімді сатудан түскен табыстың көмегімен өндіріс шығындарының  көп бөлігін жабуға тырысатын кезкелген кәсіпорын үшін өндіріс шығындарын бағалау маңызды. Кәсіпорын өнім өндіру, тарату және сатып орналастыру  шығындарын ескере отырып,  өнімнің нарықтағы бағасын, пайда нормасын, нарықтық тәуекелдікті сақтандыруды белгілейді.  Нәтижесінде нарықтың әр түрлі типтерінде, баға шығындардың минимизациясына және пайданың максимизациясына бейімделе отырып, сол нарыққа қатысушылар үшін белгіленген ережеге сәйкес бекітіледі.

Информация о работе Баға және кәсіпорынның баға саясаты