Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Февраля 2013 в 09:14, курсовая работа
Курстық жұмыс міндеттері. Осы курстық жұмыстың мақсатына байланысты мынадай міндеттер белгіленді:
Нарық жағдайында фирманың тауарына баға тағайындау әдістерін талдау;
Фирмадағы баға саясатының атқаратын қызметтерін талдау;
Баға саясатын белгілеуді қарастыру;
Бағаның тауар құнын қалыптастыруды зерттеу т.б.
3. Тағайындау және бекіту әдісі бойынша бұл бағалар шарттарда, келісім-шарттарда анықталады. Олардың арасынан мыналарды бөліп көрсетуге болады:
Тұрақты баға келесі мәмілелерде қолданылады;
4. Уақыт факторын есепке алу бойынша келесі баға түрлері анықталады:
Баға деңгейі туралы ақпарат алу тәсілі бойынша:
- анықтамалық
бағалар - каталогтарда, прейскуранттарда,
экономикалық журналдарда,
- прейскуранттық
баға - сатушы фирмалардың
- есеп
айырысу бағасы - жеке тапсырыс
бойынша өндірілетін
Нарық түріне байланысты:
- аукциондық баға - тауарлар партиясын сатып алушы алдын ала қарау арқылы ашық сауда кезінде ұсынылған ең жоғарғы баға деңгейі;
- биржалық
баға белгіленімі - биржа арқылы
сатылатын біртекті
- сауда-саттық бағасы - алдын-ала ерекше құжатта (теңдерде) жарияланған шарттар бойынша белгілі бір жұмысты орындауға мердігерлікті жеңіп алу немесе тауарларды жеткізуге тапсырыс беруге негізделген арнаулы сауданың ерекше нысанының бағасы.
Ішкі фирма немесе трансферттік бағалар - кәсіпорын (фирма) бөлімшелерінің немесе бір ассоциацияға ұйымдастыру нысанына кіретін түрлі кәсіпорындардың арасында өнімді өткізу кезінде кәсіпорын (фирма) ішінде қолданылатын баға. Трансферттік бағалар дайын өнімдерге, жартылай дайын өнімдерге, шикізатқа сонымен қатар қызметтерге, оның ішінде, басқару қызметтеріне тағайындалады. [4]
Әлемдік бағалар - бұл нақты тауарларды сататын халықаралық сауданы жеткілікті түрде сипаттайтын ірі экспорттық және импорттық операциялар жургізілетін бағалар. Практикада әлемдік бағалар тауарлардың түрлі топтарында келесідей болып аныкталады:
- шикізат
тауарлары бойынша олар
- өндірістік-техникалық бағыттағы бұйымдар бойынша - жетекші әлемдік өндірушілер бағалары.
- тұтыну
тауарлары бойынша - көш басындағы
ірі сауда үйлерінің
1.2 Баға саясатының мақсаттары, стратегиялары, әдістері
Фирма ең алдымен нақтылы тауардың көмегімен қандай мақсатқа жету керектігін шешуі керек. Егер мақсатты нарықты таңдау және нарықты позициялау ұқыпты қолданылған болса, онда маркетинг кешенін құрастыру және баға проблемасы анықталған жағдайда деуге болады. Өйткені баға белгілеу стратегиясы негізінде нарықты позициялау туралы қабылданған шешімдермен анықталады . Сонымен қатар фирма алдына басқа да мақсаттар қоюы мүмкін. Бұл мақсаттар неғұрым анық болса, соғұрлым баға белгілеу жеңіл болады. Тәжірибеде жиі кездесетін мұндай мақсаттарға күнделікті табысты максималдандыру, нарық бөліктерін игеру, не тауар сапасы көрсеткіштері бойынша лидерлікке жету мақсаттары жатады.
Фирманың өмір-тіршілігін
қамтамасыз ету.Нарықта
Күнделікті табысты
Нарық бөлігі көрсеткіші бойынша лидерлікті жеңіп алу.Басқа фирмалар нарық бөлігі көрсеткіші бойынша лидер болғысы келеді. Олардың сенімі бойынша, нарықтың ең үлкен бөлігіне ие болған компания ең ұзақ уақытқа созылатын табысқа ие болумен қатар, ең төмен шығында болуы керек. Нарық бөлігі бойынша лидерлікке жету жолында олар бағаны мүмкіншілігінше максималды түрде төмендетеді. Бұл мақсаттың тағы бір нұсқасы нарық бөлігін нақтылы өсіру . Бір жыл аралығында фирма өзінің нарықтағы үлес бөлігін 10%-дан 15 %-ға жеткізгісі келеді деп айталық. Осы мақсатқа сәйкес ол бағаны да , маркетинг кешенін де құрастыруға тиіс.
Тауар сапасы көрсеткіші бойынша лидерлікті жеңіп алу.Фирма нарықта ұсынылатын барлық тауарлар арасында өз тауарының ең жоғары сапалы болуын мақсат етуі мүмкін. Әдетті жағдайда, бұл жоғарғы сапаға жету және қымбат бағалы ҒЗТКЖ-ні ұйымдастыру шығындарын өтеу үшін тауарға жоғары баға тағайындауды талап етеді. Тауар сапасы бойынша жетекшілік рөлді жеңіп алу үшін күресетін мекемелердің көрнекті өкіліне «Мишлен» шина компаниясы жатады. Ол шиналарына ылғи жаңа қасиеттер беру арқылы олардың қызмет атқару уақытын ұзартып, олар үшін жоғарылатылған баға алады. [5]
Өмірде баға белгілеудің мынандай мақсаттары қойылады:
Көтерме саудамен айналысатын ірі саудагерлерді, фирманың өндірістік мүмкіндіктерін пайдалану,тауар имиджін жасауда баға белгілеудің мақсаттары болуы мүмкін.
Қазақстанның нарықтық қатынастарға өткен бастапқы кезеңінде көптеген фирмалардың баға белгілеудегі басты мақсаты - нарықта сақталып қалуды қамтамасыз ету болса, қазіргі жағдайда күнделікті ағымдағы пайданы мейлінше молайту мен нарық үлесін жаулап алу алға шықты.
Кәсіпорындардың экономикалық жағдайы жақсарса, баға белгілеудің де мақсаттары өзгереді, ағымдағы пайданы молайту жаңа, беделді, стандартты емес тауарлар өткізілген кезде ғана баға белгілеудің мақсаты бола алады.
Егер нарықта бәсеке деңгейі едәуір жоғары болса, көбінесе баға белгілеудің мақсаты — нарық үлесін жаулап алу деп қабылданады. Мұндай жағдайда бәсекелестік бағаларға ерекше көңіл бөлінеді. Бірақ, нарық жағдайларына үнемі бейімделіп отыру баға дифференциациясының болмауына әкеледі.
Фирма белгілі бір көрсеткіштері бойынша нарық лидері болғысы келеді, бұл оның шығындарын азайтып, пайда алуға көмектеседі. Өнім сапасын жоғарылату көптеген шығындарды талап етеді, әйтсе де бұл шығынның орны тұтынушы сапалы, озық тауарды жоғары бағамен сатып алуға әзір болғандықтан, тез толады.
Фирма басшылары бағаны есептеудің әдістерін таңдап, ең жоғарғы және төмен бағаның ықтималды деңгейін бекітеді. Бағалық стратегия шығынға, сұранысқа, бәсекеге, тауардың өмірлік цикл кезеңіне негізделіп,айқындалуы мүмкін. [6]
Нарық түрін бағалау фирма стратегиясын жасаудағы нақты бір әдісті таңдауының маңызды шарты болып табылады. Нағыз бәсеке нарығы белгілі бір өнімді сатып алатын және сататын көптеген сатып алушылар мен сатушылардан тұрады. Мұндай нарықта ешбір сатушы, не болмаса сатып алушы күнделікті ағымдағы бағалар деңгейіне көп әсер ете алмайды. Сатушы нарықтық бағадан жоғары баға қоя алмайды, өйткені сатып алушы бұл тауарды төменгі бағамен басқа бір сатушыдан сатып алуы мүмкін. Мұндай нарықта бәсекелестік баға белгілеу стратегиясын қолданған дұрыс болады.
Қазіргі экономикалық теорияда қарастырылатын бағаның формуласы жетілген бәсеке жағдайында бір жағынан шекті пайдалылық, екінші жағынан шекті шығындарға сәйкес келіп, сұраныс пен ұсыныс қисықтарының қиылысу нүктесіне орналасады.
Олигополиялық нарық бір-біріне өте сезімтал бірнеше сатушылардан тұрады. Тауарлар ұқсас болуы мүмкін. Мұндай нарыққа жаңа сатушылардың енуі қиын. Олигополист өз бағасын түсірсе де, оны осы деңгейде ұстап қалатынына сенімсіз болады. Алайда бағаның өсуі бәсекелестерге әсер етпеуі мүмкін, тек мұндай жағдайда фирма тұтынушылары бәсекелестерге кетіп қалуы мүмкін. Мұндай нарықта көбіне бағалық жетекшіге қарап, баға белгілейтін бейімделу стратегиясы қолданылады.
Монополистік бәсеке нарығы тауардың әр түрлі нұсқаларын ұсынуға байланысты кең диапазонды бағалар туралы мәмілелер жасайтын көптеген сатушылар мен сатып алушылардан тұрады. Мұнда дифференциялды және бәсекелестік баға белгілеу стратегиясын қолдануға болады.
Нағыз монополия жағдайында нарықта тек бір сатушы ғана болады. Ол өз саясатын нарықты кеңірек жаулап алу мақсатымен жүзеге асырады. Мұндай нарықтағы баға монополист бағасына байланысты болады. Егер монополист әлеуметтік және қайырымдылық мәселелерін шешіп жатса, баға шығындар деңгейінен төмен де болуы мүмкін. Егер ол пайданың өсуін көздесе, баға шығындардан артып, көп жоғарылайды. Әрине, монополистер пайданы ең көп шамаға ұлғайтуға ұмтылады, бірақ оған бағаны монополияға қарсы реттеу тосқауыл бола алады.
Қазақстанда тұтыну тауарлары мен қызметтері нарықтарының көбі монополистік бәсеке нарығына жатады, өйткені олар сапа, тұтыну қасиеттері, буып-түю, орауы және т.б. сипаттамалары бойынша ерекшеліктері бар бір-біріне ұқсамайтын әр тауардың бірнеше модификацияларынан тұрады. Сондықтан, баға тағайындау әр түрлі тәсілдерді қолдануды талап етеді. [7]
Баға стратегиясын жасаған кезде микро және макро ортаны талдап, ондағы факторлар өзгерістерінің тенденциясын анықтау керек.
Жалпы баға үш тәсіл арқылы анықталады:
Сөйтіп, баға жайында шешім қабылдау шығындарға, тұтынушылар сұранысы мен ұсынысына, бәсекелестердің мінез-құлқына байланысты. Соған қарай, шығындарға сұраныс пен бәсекеге негізделген стратегияларды бөліп көрсетуге болады.
Сұранысқа негізделген баға тағайындау әдістерін кең қолдану кәсіпорынға бағаларды үнемі өзгертіп отыру және қажетті пайда алу мүмкіндігін береді. Тәжірибеде сұранысқа негізделген баға тағайындау стратегияларының мынандай түрлері қолданылады:
«Қаймақ қалқып алу» стратегиясының артықшылықтары:
- бұл стратегия бағаны
- жаңа тауарды өндіру шығындары
әрқашан жоғары болады, ал бұл
стратегия оларды жабуға
- тауардың жоғары бағасы оның
сапалылығына байланысты деп
есептелінеді. Сондықтан, бұл стратегия
фирманың және оның тауарының
беделін көтеруге мүмкіндік