Баға және кәсіпорынның баға саясаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Февраля 2013 в 09:14, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыс міндеттері. Осы курстық жұмыстың мақсатына байланысты мынадай міндеттер белгіленді:
Нарық жағдайында фирманың тауарына баға тағайындау әдістерін талдау;
Фирмадағы баға саясатының атқаратын қызметтерін талдау;
Баға саясатын белгілеуді қарастыру;
Бағаның тауар құнын қалыптастыруды зерттеу т.б.

Файлы: 1 файл

Копия КІРІСПЕ самая последняя (Автосохраненный).docx

— 152.25 Кб (Скачать)

2 «ҚАЗАҚМЫС КОРПОРАЦИЯСЫ» ЖШС КӘСІПОРЫННЫҢ      ТҰРАҚТЫ ДАМУЫНДАҒЫ ҚАРЖЫ-ШАРУАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ БАҒА САЯСАТЫН ТАЛДАУ

      2.1«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-ң қаржы-шаруашылық        қызметінің нәтижелерін талдау

 

  «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-гі көпсалалы, кен өндіруден тұтынуға дайын өнім шығаруға маманданған, біткен циклды өндірісті  меңгерген тау-кен металлургиялық кәсіпорыны. Компанияның негізгі қызметі: пайдалы қазбаларды өндіру және оларды байыту, катодтық мыс өнімін шығару, түсті металдар өндіру және сату.

   Нарықтық қатынастардың тереңдетілуі және кәсіпкерлік өрісінің кеңеюі жағдайында еңбек төлемін реттеудің маңызы ерекше. Өйткені еңбекақы ғана жұмсалған еңбек күшіне пара-пар келеді және өндірістің дамуына ынталандырудың әсерін  күшейте түседі.

   Корпорация, әлемдік деңгейде дамып келе жатқан құрылым. Оның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері мына төмендегі кестеде көрсетілген (кесте 1).

 

Кесте 1.«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-нің қаржы-шаруашылық    қызметінің нәтижелері

 

Көрсеткіштер

Жылдар

2005

2006

2007

2008

2009

2010

2011

Сатудан түскен табыс,

мың теңге 

112699401

116625405

125221331

124219953

170492574

228817260

411176304

Өткізілген өнімнің өзіндік құны,

мың теңге

47093088

54165092

57217269

55782536

58737406

83691000

118303824

Жалпы табыс,

мың теңге

65606313

62460313

68004062

68437417

111755168

145126260

292872480

Осы кезеңдегі шығын,

мың теңге

19135686

19675843

17818541

26396187

44666565

23660417

30079588

Негізгі қызмет табысы,

мың теңге

46470627

42784470

50185521

42041230

67088609

121465843

262792892

Негізгі емес қызмет нәтижесі, мың теңге

3685266

3286309

4350080

832402

6833626

1629564

11979561


 

  1-кестеден көрініп тұрғандай, 2005-2011 жылдар аралығында корпорацияның өнім өткізуден тапқан табысы 3,7 есе, таза табыстың көлемі 6,0 есе арттырылды. ЖШС-і кәсіпорындарының жиынтық тиімділік деңгейі 2010 жылы 79,3%-ды құрады, бұл 2005 жылмен салыстырғанда 30,2 пайыздық пунктке жоғары.

 Корпорация кәсіпорындарында 2005-2011 жылдар аралығында жалақының 1 теңгесіне келетін тауарлы өнім көлемінде айтарлықтай өзгеріс бола қойған жоқ. Мұның кем дегенде екі себебі бар: бірінші, еңбек ақы мөлшерінің өндірістің өнім көлеміне сәйкес өсіп отыруы, екінші жалақы төлеуге бөлінген қаржының орынды жұмсалуы. Сонымен қатар, 2011 жылы жалақы төлеудің мөлшері 2010 жылмен салыстырғанда 26,6%-ға көтерілді. Бұл тауарлық өнімдер өндірудің жалақы қорына қарағанда жоғары өсу қарқындылығының әсері (кесте 2).

 

Кесте 2.«Қазақмыс  корпорациясы» ЖШС-нің шығындар мен тауар өнімдерінің жалпы сомасындағы жалақының үлес салмағы

 

 

Көрсеткіштер

Жылдар

2005

2006

2007

2008

2009

 

2010

 

2011

Тауар өнімі,

мың теңге

70932717

70140555

73052511

74573932

168879478

230084292

437830139

Жалақы қоры,

мың теңге

8522051,5

9176852,4

9412695,1

9651465,2

19775114,5

23495989

29744199,1

Өндірістік өзіндік құны, мың теңге

44708784,2

49259064

36532212

37031530

38257349

51557817

208890514

Шығындардың жалпы сомасындағы жалақы үлесі, % 

19,06

18,63

25,77

26,06

51,7

45,6

14,25

Тауар өнімі мөлшеріндегі жалақы үлесі, %

12,01

13,1

12,88

12,94

11,7

10,2

6,79


 

 2005-2011 жылдары, яғни 2011 жылға дейінгі кезеңде «Қазақмыс» корпорациясы кәсіпорындарында жалақының өндірістік шығындардың жалпы көлеміндегі үлесі үнемі өсіп отырды.Яғни,бұл көрсеткіштер 2005 жылы – 19,1%, 2010 жылы 25,4% құрады.

Ал, оның тауарлы өнім мөлшеріндегі үлес салмағы  керісінше, біршама төмендеді. Мұндай жағдай мына төмендегілермен түсіндіріледі:

- салыстырылып  отырған  кезеңде өндірістік  өзіндік құнның мөлшері 15,3%-ға  өссе, жалақы қоры 2,7 есе, ал тауарлы  өнім көлемі 3,2 есе арттырылды;

- жалақы  төлемдерінің салыстырмалы көтеріңкі  өсімі осы мақсатта жұмсалған  қаржының тиімділік деңгейінің  төмен екенін көрсетеді.

 «Қазақмыс корпорациясы» құрамына енетін кәсіпорындарындағы жалақының үнемі өсіп отыруы өзін-өзі қаншалықты ақтап отыр, басқаша айтқанда, оның ынталандырғыш рөлі қандай? Мұны жұмысшылардың орташа жалақы мөлшерін, олардың еңбек өнімділігімен салыстыру әдісімен, яғни басып озу коэффициентін анықтау жолымен анықтауға болады (кесте 3).

  3-кесте деректерінен көрініп тұрғандай, корпорация жұмысшыларының еңбек өнімділігі мен олардың орташа айлық жалақысының арасындағы байланыс тым әлсіз. Бұл «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-і қызмет көлемінің өсуінде жалақының ынталандырушы рөлінің төмен екендігін көрсетеді.

 

Кесте 3. «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-і жұмысшыларының орташа жалақылары мен еңбек өнімділігінің динамикасы

 

Көрсеткіштер

2006 ж.

 

    2005 ж.

2007ж. 

 

   2006ж.

2008 ж. 

 

    2007ж.

2009 ж. 

 

   2008 ж.

2010 ж.

 

  2009ж.

2011 ж.

 

  2010ж.

Орташа жалақының өзгеру динамикасы, %

103,4

101,9

107,6

108,4

111,2

125,8

Еңбек өнімділігінің өзгеру динамикасы, %

95,5

 105,75

 104,52

 132,86

 143,37

  189,16

Басып озу коэффициенті, %

108,3

96,4

102,9

81,6

77,6

66,5


 

 Жалақының жалпы көлемінің өсуі, оның өндірістік шығындардағы үлесінің  өзгеріссіздігі, еңбек өнімділігінің жұмысшылардың орташа жалақыларының мөлшеріне, тиімділіктің табыс әкелуші ретіндегі маңызына кері әсерін тигізіп отыр (кесте 3).

 2006 жылы орташа жалақы деңгейі 2005 жылмен салыстырғанда 3,4%-ға артқан,ал еңбек өнімділігі 4,5%-ға кеміген.Әрбір жылды салыстырып анықтағанда,яғни 2007 жылы орташа жалақы деңгейі алдыңғы жылмен салыстырғанда 1,9%-ға, еңбек өнімділігі 5,75%-ға өскен.2008 жылы орташа жалақы деңгейі 7,6%, еңбек өнімділігі 4,52%,2009 жылы орташа жалақы деңгейі 8,4%, еңбек өнімділігі 32,86%,2010 жылы орташа жалақы деңгейі 11,2%, еңбек өнімділігі 43,37%,2011 жылы орташа жалақы деңгейі 25,8%-ға,ал еңбек өнімділігі 89,16%-ға өскен.Бұл көрсеткіштерден корпорация жұмысшыларының еңбек өнімділігі мен олардың орташа айлық жалақысының арасындағы байланыс тым әлсіз екенін көрсетеді.

 Демек, еліміздің табысы мол, іріленген өнеркәсіптік құрылымдарының алдында, олардың әлеуметтік жауапкершіліктерін арттыру бүгінгі таңда дұрыс қойылған мәселе. [11]

Тиімділік – әлеуметтік-экономикалық процестер мен құбылыстардың  жиынтығын сипаттайтын, нәтижеге қол  жеткізу мен ресурстарды пайдаланумен байланысты категория. Экономикалық тиімділіктің өсуі, өнім бірлігіне шаққандағы шығынның қысқаруымен немесе бұрынғы шығын  көлемін сақтай отырып, тиімділіктің артуымен тікелей байланысты. Еңбекақының  тиімділігіне сәйкес оның ынталандырғыш  рөлін де айқындауға болады.

 

 

Кесте 4 - «Қазақмыс корпорациясы»  жалақы пайдалылығының динамикасы

 

Көрсеткіштер

Жылдар

2005

2006

2007

2008

2009

2010

2011

Негізгі қызметтен түскен таза табыс,

мың теңге

32528451

31016011

36880320

25600012

46996197

85168008

194646965

Жалақы қоры,

мың теңге

8522051,5

9176852,4

9412695,1

9651465,2

19775114,5

23495989

29744199,1

Жалақының 1 теңгесіне келетін табыс  мөлшері,

теңге/теңге

3,82

3,38

3,92

2,65

2,38

3,62

6,54


 

 Осы берілген мәліметтер негізінде талдау жасасақ,2006 жылы жалақы пайдалылығының динамикасы алдыңғы жылмен салыстырғанда 11,5%-ға кеміген,2007 жылы 15,9%-ға артқан,ал 2008 жылы 32,3%-ға ,2009 жылы 10,1%-ға кеміп,2010 жылы 52,1% -ға және 2011 жылы 80,6%-ға артқан.

 4-кесте материалдарынан көріп отырғанымыздай, корпорация кәсіпорындарында жалақы үлесінің өндірістің жалпы шығындарындағы тұрақтылығынан, еңбек ақыға бөлінген қаржының әрбір өлшеміне келетін табыс мөлшері 2005-2011 жылдар аралығында үнемі төмендеп отырған (2007 және 2010 жж. басқасы). Мұндағы басты себептер, біріншіден, еңбек өнімділігінің пропорционалды өспей отырғандығы, екіншіден, корпорация жұмысшыларының  орташа жалақыларының төмен деңгейі. Бұл өз кезегінде, еңбекке ақы төлеу жүйесін жетілдірудің, өнеркәсіп кәсіпорындарының қаржылық қызметін жақсартудың кезек күттірмейтін, бірінші қатардағы мәселелер екендігін дәлелдейді.

 Еліміздің экономикасы мен әлеуметтік әлеуетінің қазіргі даму барысында жұмысшылар мен қызметкерлерді өнімді еңбекке ынталандыру жүйесін күшейтуге бағытталған кешенді шешімдер қабылдануы қажет.   Мұндай тұжырымның объективтік себептерінің қатарына мыналарды жатқызуға болады:

  • ең аз және орташа жалақы мөлшері мен тұтынудағы сұраныстың өскендігіне байланысты еңбекке ақы рөлінің жоғарылауы;
  • өнеркәсіптік ұжымдарда «шаруашылық серіктестігін» дамытудың қажеттілігі, яғни жұмысшының әлеуметтік маңызды мәселелер бойынша да тиісті шешім қабылдай алатындығын қамтамасыз ету.

 Постиндустриалды, әлемдік технологияның прогресшіл жаңа талаптарына сай дамып отырған  өндіріс жағдайында еңбеккерлердің шығармашылық мүмкіндігі толығырақ жүзеге  асырылуы қажет. Басқару ісіне нақты кірісу, ортақ құндылыққа өзінің қатысы бар екенін сезіну, жұмысшының еңбекке деген құлшынысын жоғарылатады, өндірістің резервтерін бұрынғыдан гөрі толығырақ пайдалануға ынталандырады. Ұжым мүшелерінің жеке меншіктік, яғни иелену құқы, басқаруға тікелей араласу сәті (өндіріс қаражатын жұмсау өкілеттілігі, өндірістік процесті ұйымдастыру және оның нәтижесін әділ бөлу) сайып келгенде ең төменгі деңгейдегі әлеуметтік келісімге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

 Елбасы өзінің Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауында (6 ақпан 2008 ж.) «қысқа мерзімді және орта мерзімді міндеттерді шешудің бірінші бағыты - өндіруші  сектор» - деп көрсетеді. «Самұрық» холдингі мен өңірлік әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар тау-кен металлургия саласын тиімді дамыту мен оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөнінде нақты шаралар қабылдауы тиіс». Олай болса, өнеркәсіп кәсіпорындарының тиімділігін арттыруда экономикалық өсімнің факторлары мен шарттары айқындалып, ынталандыру механизмінің ең ұтымды жолдары негізделуі қажет. [12]

 Ынталандыру жүйесінің дамуында Қазақстанның өнеркәсіптік кәсіпорындары экономикалық ынталандыру жүйесінің келешегінде еңбекке ақы төлеуді жетілдірудің қажеттілігін ерекше бөліп атауға болады.

 Қазіргі кезде отандық өнеркәсіп кәсіпорындардың көпшілігі шетелдік өндірушілердің тәжірибесін ескере бермейді. Мысалы, тарифтік жүйе мерзімдік және кесімді еңбекақының үйлесімділігіне негізделген. Қазақстанның тау-кен өнеркәсібінде бұл жүйенің қолданылу аясы кең, бірақ оған қол жеткізу өндірістің технологиялық және қуаттылық деңгейіне байланысты.

 Еңбекақыны мерзімдік төлегенде еңбекті мөлшерлеу жұмысы жүргізіледі, сондай-ақ тапсырмалардың мөлшерленуі де іске асады. Қазіргі кезде, кейбір экономистер кәсіпорындардағы тарифтік жүйені мемлекеттік емес меншіктен алып тастау, немесе, жалақының бүкіл қорын әр жұмысшының жұмсаған еңбегінің түпкі нәтижесіне қарай бөлу қажет деген пікір айтады. Бірақ, біздің ойымызша, тарифтік жүйенің басты артықшылығы – ол жұмысшының біліктілігіне әсер етеді. Нарықтық ғылыми-техникалық прогресс жағдайында, сериялық өндіріс технологиясы жұмысшылардың жоғары біліктілігін қажет етеді және бұл кәсіпорынның экономикалық тұрақтылығының, еңбек ресурстарының әлемдік бәсекелестікке лайықты төтеп беруінің негізгі шарты. Тарифтік жүйенің  тағы бір артықшылығы, жұмысшы оны әлеуметтік әділдік ретінде қабылдайды, өйткені ол жұмыстың қиыншылығын, оның жауапкершілігін бағалайды. Тарифтің экономикалық ұтымдылығы – кәсіпорындар өздері өз бетінше жұмыс «бағасының» көрсеткішін анықтай алады, техникалық саясатқа сай шұғыл бақылап отыруды қажетсінеді. [13]

Информация о работе Баға және кәсіпорынның баға саясаты