Қазақстан Республикасындағы Шағын кәсіпкерліктің экономикалық мәні

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2013 в 07:17, дипломная работа

Краткое описание

Елімізде кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауға жан-жақты шаралар қабылдануда. Еліміз кәсіпкерлердің арқасында көркейсе, кәсіпкерлер мемлекеттің қолдауымен көтерілуде. Шағын кәсіпкерлік халық шаруашылықтың дамуына, әлеуметтік мәселелердің шешілуіне, жұмысбасты халық санының артуына әсер етеді. Кәсіпкерліктің дамуы өндіріс пен нарықтың дамуына қозғаушы күш болып табылады.

Оглавление

КІРІСПЕ.....................................................................................................................3

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ.........................................................................................................................6
1.1 Шағын кәсіпкерліктің экономикалық мәні.......................................................6
1.2 Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жалпы түсінік.........................................13
1.3 Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамыту жағдайы............19

2 ҚАЗАҚСТАНДА ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ЖОЛДАРЫН ЖЕТІЛДІРУ.....................................................................................48
2.1 Қазақстанда шағын кәсiпкерлiктi ұйымдастырудың шетелдік тәжiрибесi..63
2.2 Шағын кәсіпкерліктің дамуын мемлекеттік қолдау.......................................48
2.3 Шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін арнайы салық режимі және оларды қаржыландыру бағдарламалары.............................................................................54

3 АЙМАҚТА ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ҚАРҚЫНЫН ТАЛДАУ...............25
3.1 Қарағанды облысында шағын кәсіпкерліктің салыстырмалы талдамасы....25
3.2 Қарағанды облысында шағын кәсіпкерлікті дамытуды қолдау шаралары..35
3.3 Индустриалды-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыру барысында шағын кәсіпкерлік субъектілерінің бәсекеқабілеттілігін талдау........................42

Қорытынды.........................................................................................................68

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.............................................................72

ҚОСЫМШАЛАР.....................................................................................................75

Файлы: 1 файл

ДИПЛОМ!!! оригинал.doc

— 645.50 Кб (Скачать)

Қазақстан Республикасындағы  шағын кәсіпкелік кәсіпорындарын несиелендіруде бірқатар мәселелер бар.

Біріншіден, берілетін  кредиттердің сыйақы ставкасының жоғары;

Екіншіден, кепілдік беру мәселесі өте қатаң;

Үшіншіден, шағын және орта кәсіпкелік кәсіпорындарының қызметінде бірқатар мәселелердің болуы (кәсіпкеліктің  шынайы болмауы);

Төртіншіден, несие алу  ісінде көптеген құжаттардың талап  етіліп, уақыттың көп кетуі.

Сонымен қатар, Үкіметтің шағын және орта кәсіпкелікті қолдауды іске асыру бағдарламасы, шағын және орта кәсіпкелік кәсіпорындарын дамыту, қаржылық қызмет көрсету нарығындағы бәсекелестіктің өсуі, шағын және орта кәсіпкелік кәсіпорындарын несиелендірудің болашағына оптимистік көзбен қарауға мүмкіндік береді. 

 Бір жағынан, шағын және орта кәсіпкеліктің дамуына мемлекет тарапынан қолдау көрсету олардың қызметінің айқындылығына, активтерінің көбеюіне әкеліп соғады. Екінші жағынан, банктік қызмет көрсету нарығындағы бәсекелестік банктердің клиенттермен қарым-қатынастарын қайта қарауына әкеліп соғады. Банктер  несие беруді ғана емес, оның қайтарылуын қамтамасыз етеді, олар зайымшылармен жұмыстарын ұзақ мерзімге жүргізуді жоспарлауға тырысады. Банктер зайымшылар бизнесінің өсуіне, кредиттеу бойынша тұрақты да сенімді әріптестердің болуын қалайды, яғни шағын кәсіпкерлік кәсіпорындарының кредиттері неғұрлым өскен сайын кредиттерінің сыйақы  ставкалары төмеңдейтін болады және шағын кәсіпкелік кәсіпорындары үшін құжат дайындау немесе уақыт жоғалту мәселелері болмайтын болады.

 

2.3 Шағын кәсіпкерліктің дамуын мемлекеттік қолдау

 

Шағын кәсіпкерлік бірқатар экономикалық және әлеуметтік мәселелерді  шешуде маңызды рөлді атқарады. Шағын  кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуы  барысында мемлекеттік қолдауды талап етеді. Себебі, ірі кәсіпорындардың монополиялық әрекетінен, экономикалық өзгерістер кезінде шағын кәсіпкерлік қиын жағдайда болады. Мемлекет кәсіпкерліктің алдында тұрған кедергілерді жоюға, құқықтық жағынан көмек көрсетуге, өркениетті нарықтық қатынастарды орнатуға ықпал етуге тиіс.

Қазақстан Республикасында  қабылданған «Шағын кәсіпкерлікті  мемлекеттік қолдау туралы» Заңға  сәйкес ел экономикасының маңызды салаларының  бірі – ауыл шаруышылығында кәсіпкерлікті  дамытуды орындалуына тиіс шараларды атап өткен қажет.

Қазіргі уақытта шағын  кәсіпкерлік – әлеуметтік проблемаларды  шешуде негізгі тұтқалардың біріне айналып отыр. Қазіргі Қазақстан  экономикасы дағдарыстан шығып  тұрақты дами бастады деп айта аламыз. Республикалық бюджеттің  кіріс бөлігін толтыруда кейінгі жылдары тұрақты өсу байқалады. Бюджетке салық төлеу жағынан шағын және орта кәсіпкерлік өкілдерінің үлесі артып келеді. Сондықтан Үкіметіміздің индустрияны дамыту бағдарламасында негізгі бағыт инвеститциалық ахуалды жақсарту, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға арналған, соның ішінде жаңа иновациялық бизнесті дамытуға, қолда бар кәсіпорындардың негізгі қорларын жаңартуға көңіл бөлінуде. Ал халықтың әл-ауқатын көтеру, кедейшілікті жеңуде кәсіпкерліктің ролі зор. Жаңа жұмыс орындарын ашуға шағын кәсіпкерліктің тез қимылдайтыны белгілі. Бүгінде Қазақстанда 145087 шағын кәсіпкерлік кәсіпорындары  тіркелген, оның ішінде жұмыс істейтіндері 103291 (71,2%) құрады. Жалпы ішкі өнімдегі шағын кәсіпкерліктің үлесі 17%-дан жоғары. Мұны ТМД елдерімен салыстырғанда, біздер көрші елдерден сан және сапа жағынан алда екенімізді айтуға болады. Ал дамыған елдермен салыстырғанда едәуір төмен келеміз. Ұлыбританияда жалпы ішкі өнімнің 51%-ы шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қолымен жасалады.

Шағын және орта кәсіпкерлікке басшылық жасайтын біздің Министрліктің алдағы мақсаты жалпы ішкі өнімнің 30% деңгейіне жету. Бұл қол жеткізуге болатын көрсеткіш. Әрине шағын кәсіпкерліктің біз белгілеген межеге жетуіне кедергі болып отырған мәселелер де бар. Ол жоғарыда аталған шағын кәсіпорындарының 30% жуығының жұмыс істемеуі. Бүгінгі мәселе – нақты табыс әкеле алатын, Республикалық еңбек бөлінісіне қатыса алатын, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жаңдануына жағдай жасау. Республикамыздың белсенді жұмыс істеп тұрған шағын бизнес кәсіпорындарының 30%-ы Алматы, Астана және Қарағанды аймақтарында шоғырланған. Басқа аймақтарда онша дамымай келеді. Өкінішке орай, бүгін шағын кәсіпкерлік сауда мен қызмет көрсету саласында көбірек дамыған. Сол сияқты өкімет тарапынан шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға жағдай жасау үшін көп істер қолға алынды, әсіресе салық ауыртпалығын жеңілдетуге қадамдар жасалды. Тағы бір мәселе – шағын кәсіпкерлікті қаржыландыру жайы. Осыған орай республикада 23 млрд. теңге көлемінде инвеститциялық қор құрылды. Сонымен бірге экспорт-импорт тауарларын сақтандыратын корпорациялар құрылады.           

Облыстардағы шағын  кәсіпкерлікті одан әрі дамытып, өркендету үшін көңіл бөлетін  мәселелер жаңа инновациялық өндіріс  орындарын ашу, жаңа өндірісті дамытуға жағдай жасау. Ішкі және сыртқы нарықта бәсекеге төтеп беретін тауарларды шығаруға бет бұрмасақ, тек мұнай өндіруге тәуелділік – экономика үшін тиімді болмайды. Сол себепті Президент пен Үкіметтің алға қойған міндеттерін іске асыру үшін 2009 жылға қарай шағын кәсіпкерлік өнімдері еліміздің жалпы ішкі өнімінің 40%-ға жетеді деп сенетін.

Мемлекеттік агробизнес жүйесіне араласуының қажеттілігі  бақылау мен реттеуге жататын  негізгі параметрлері, дамыған нарық  жағдайында да орын алатын объективті факторлармен анықталады.

Кез келген экономикалық жүйеде нарыққа бағынбайтын, мемлекеттің  араласуын қажет ететін: бюджеттік, несиелік, салықтық, инвеститциалық сфераларында мемлекеттік реттеу мәселелері бар.

Жалпы экономикалық белсенділігі мен әлеуметтік бағдар ұстануының кепілі оның өзіндігінен қоғамның орташа топтарына жататындығы емес, оның дәулеті мен тұрмысының нақты шынайы меншікке негізделуі болып табылады. Қазіргі уақытта шағын кәсіпорындар жұмыс істеп тұрған барлық шаруашылық жүргізуші субьектілердің 80% құрайды. Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікпен бір миллионнан астам адам айналысады.

Шағын кәсіпкерліктің дамуын жетілдіру жолында келесі факторлық  жағдайларды ескеру  керек:

  • кәсіпкерлік құқығын қорғайтын жүие жасау;
  • тексеруші органдардың санын  азайту;
  • рұқсат беруші құжаттардын санын азайту;

Шағын кәсіпкерліктің күрделі  мәселелінің бірі несиелік ресурстарды  алу қиындығы болып табылады.

Кәсіпкерлер банктен  несие алудан бес түрлі себептен  бас тартады:

  • пайыздық  өсімнің жоғары болуы;
  • кепілдік талаптың тым қатал болуы;
  • ақпараттың жетіспеушілігі;
  • банктердің кәсіпкерлерден  аймақтық алашақтығы.

Шағын кәсіпкерліктің дамуын жетілдіру үшін келесідей шараларды  жүзеге асыруға болады: салық салу саясатын жетілдіру, яғни шағын кәсіпкерлік  субъектлеріне салық салудың  әділ жүйесін құрудың негізгі принципі жалпы экономикалық фискалдық мүдделерден басым болуы керек. Шағын кәсіпкерлік субъектлеріне салық салудың әділ механизмі кәсіпкерлердің табысын анықтаудың байыпты тәртібінің болуын көздеу керек. Кәсіпкерлердің табысына бірыңғай жеңілдікті мөлшерлеме енгізу немесе патенттік төлем кәсіпкерлердің жұмысын жеңілдетеді. Өндірісті дамытуға, бәсекеге түсе алатын экспортқа бағдарланған немесе импортты ауыстыратын өнімдер шығаруға қаржы жұмсайтын шағын кәсіпкерлер үшін табыс салығын есептеген кезде салық салынатын табысты осы қаржыға кеміту қажет.

Шағын  кәсіпкерлікке  байланысты  бұрынғы жүргізілген  салық саясаты шағын  кәсіпорындардың  көлеңкелі экономикаға қарай  бет бұруына себепші болғаны  жасырын емес. Ал, қазіргі кезде  сарапшылардың бағалауы бойынша ресми емес секторда 20%-дан 40%-ға дейінгі шағын кәсіпорындар бар. Кәсіпкерлердің өздерінің айтуы бойынша, әрбір кәсіпорын өз табысының  50%-дан астамын, ал кәсіпорындардың 40-60%-дан астамын салық түрінде аударады. Әлемдік тәжірибеде таза табыстан 33-35% салық ғана оңтайлы деп есептеледі.

Шағын кәсіпкерліктің салық  салуын жетілдіру жөнінде келесідей  ұсыныс жасауға болады:

1. Шағын кәсіпкерлік  субъектілері үшін салық ставкаларының  дифференцияциясын қарап, олар  өндіретін өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің, қосымша құнының деңгейін немесе оның тиімділігін негізге ала отырып, қызмет түрлері бойынша жүргізу.

2. Жалдамалы қызметшілердің  еңбек ақысы қорының деңгейіндегі  бастапқы мәнін арттыра отырып, табыс салығының сомасын азайту  болйынша есептесуге қабылдайтын әрбір жалданбалы қызметшіге 2,5-тен 4 дейінгі ең төмеңгі еңбекақы мөлшері бойынша еңбек ақыны жою жолымен алмастыру.

3. Әрбір жалдамалы  қызметшіден 1,5-тен 0,7-0,5%-ға дейін  есептелген табыс салығын азайта  отырып, жеңілдік нормасын төмендету.

4. Индустриалдық-инновациалық  стратегияны жүзеге асыру аясында  жаңа жоғары технологиялық өнім  түрлерін құруға бағытталған  ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық  жұмыстарды жүргізуге байланысты  шығындар бойынша жеңілдік салықтар  бекіту.

Осындай ұсыныстарға сүйене отырып, қазіргі кезеңде жағдайға қарай салық саясатын дұрыс жүргізе білу ел экономикасының одан әрі қалыптаса беруіне жол аша береді. Мұның бәрі де айналып келгенде шағын кәсіпкерлікті одан әрі дамыта түсуге мол мүмкіндік бермек.

Салалық бағдарламаларды жетілдіру. Шағын кәсіпкерлікті дамытудың маңызды жағы салалық министірліктер мен ведомствалар, сондай-ақ ірі отандық кәсіпорындар тарапынан қолдау жасау болып табылады. Бүгінгі таңда шағын кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасы көлік және коммуникация салаларында, сондай-ақ жекеленген кәсіпорындарда жасалған. Сонымен қатар жергілкті жерлерде шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бойынша бөлімдер ашып, кәсіпкерліктің жергілікті жерлерде дамуына ықпал жасау.

Нарықтық инфрақұрлымын  дамыту шағын кәсіпкерлікті дамытудың маңызды бөлігі болып табылады. Шағын кәсіпкерліктің тиімді қызмет етуін қамтамасыз ететін нарықтық инфрақұрлымға мыңадай элементтер жатады: аудиторлық, консалтингтік, бухгалтерлік  және басқа да қызмет түрлері, қаржы-несие институттары, сақтандыру компаниялары, әртүрлі оқу орындары жатады.Сонымен қатар бұл нарық инфрақұрлым субьектілерінің мәселелерін шешу керек. Қазақстанда кәсіпкерлер мүддесін қорғайтын жетілген ұйымдар бар. Сол ұйымдар жұмысының жан жақты болуы және аймақтарды қамтуын ескеру қажет. Аймақтарда, жергілікті жерлерде кәсіпкерлік орталықтарын ашу, бизнес-парктер құру және осы орталықтарда шағын кәсіпкерлік субьектілері үшін кеңестік қызметтер, құқықтық қорғауды қамтамасыз ету керек. Ол үшін мемлекет тарапынан бюджеттен шағын кәсіпкерлікті дамытуға ақша бөлу кезінде осы мәселелерді де қамтуын қадағалау керек.

Лизинг және франчайзингтің шағын кәсіпкерлікте дамуын жетілдіруіне көз жеткізетін болсақ, бүгінгі таңда  шағын кәсіпкерлікті жетілдіру  саласында жедел қаржы-лизингтік  даму үстінде. Сонда да лизингтің заңдық және нормативтік базасын жетілдіруді қажет етеді. Лизингтік қатынастарды жетілдіру мақсатында олардың дамуын қолдау жөніндегі бірқатар шараларды қабылдау қажет. Шағын кәсіпкерліктің тиімді дамуының әдісі болып лизинг табылуы қажет. Лизингтің негізгі ерешелігі ең төмеңгі капитал салымдары мен техниканы кәсіпкердің қолдануына мүмкіндік беруі, яғни лизинг болып белгіленген ақыға жалға берушіден жалға берушіге дейін  активтерді қолдануға байланысты тәуекелдікті беру процесі жүргізілетін жалға беру деп саналады. Лизингтің артықшылығы өндіріс құралының құның төлеу сол құралды пайдалану нәтижесінде ал


Информация о работе Қазақстан Республикасындағы Шағын кәсіпкерліктің экономикалық мәні