Қазақстан Республикасындағы Шағын кәсіпкерліктің экономикалық мәні

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2013 в 07:17, дипломная работа

Краткое описание

Елімізде кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауға жан-жақты шаралар қабылдануда. Еліміз кәсіпкерлердің арқасында көркейсе, кәсіпкерлер мемлекеттің қолдауымен көтерілуде. Шағын кәсіпкерлік халық шаруашылықтың дамуына, әлеуметтік мәселелердің шешілуіне, жұмысбасты халық санының артуына әсер етеді. Кәсіпкерліктің дамуы өндіріс пен нарықтың дамуына қозғаушы күш болып табылады.

Оглавление

КІРІСПЕ.....................................................................................................................3

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ.........................................................................................................................6
1.1 Шағын кәсіпкерліктің экономикалық мәні.......................................................6
1.2 Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жалпы түсінік.........................................13
1.3 Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамыту жағдайы............19

2 ҚАЗАҚСТАНДА ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ЖОЛДАРЫН ЖЕТІЛДІРУ.....................................................................................48
2.1 Қазақстанда шағын кәсiпкерлiктi ұйымдастырудың шетелдік тәжiрибесi..63
2.2 Шағын кәсіпкерліктің дамуын мемлекеттік қолдау.......................................48
2.3 Шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін арнайы салық режимі және оларды қаржыландыру бағдарламалары.............................................................................54

3 АЙМАҚТА ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ҚАРҚЫНЫН ТАЛДАУ...............25
3.1 Қарағанды облысында шағын кәсіпкерліктің салыстырмалы талдамасы....25
3.2 Қарағанды облысында шағын кәсіпкерлікті дамытуды қолдау шаралары..35
3.3 Индустриалды-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыру барысында шағын кәсіпкерлік субъектілерінің бәсекеқабілеттілігін талдау........................42

Қорытынды.........................................................................................................68

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.............................................................72

ҚОСЫМШАЛАР.....................................................................................................75

Файлы: 1 файл

ДИПЛОМ!!! оригинал.doc

— 645.50 Кб (Скачать)

 

МАЗМҰНЫ

 

 

КІРІСПЕ.....................................................................................................................3                                                                                                              

 

1  ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ.........................................................................................................................6

1.1 Шағын кәсіпкерліктің  экономикалық мәні.......................................................6                                               

1.2 Шағын кәсіпкерлік  субъектілеріне жалпы түсінік.........................................13                                 

1.3 Қазақстан Республикасында  шағын кәсіпкерлікті дамыту жағдайы............19      

 

2  ҚАЗАҚСТАНДА ШАҒЫН  КӘСІПКЕРЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ  ЖОЛДАРЫН ЖЕТІЛДІРУ.....................................................................................48

2.1 Қазақстанда шағын  кәсiпкерлiктi ұйымдастырудың шетелдік тәжiрибесi..63

2.2 Шағын кәсіпкерліктің  дамуын мемлекеттік қолдау.......................................48                            

2.3 Шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін арнайы салық режимі және оларды қаржыландыру бағдарламалары.............................................................................54

 

3  АЙМАҚТА ШАҒЫН  КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ҚАРҚЫНЫН ТАЛДАУ...............25                                  

3.1 Қарағанды облысында  шағын кәсіпкерліктің салыстырмалы  талдамасы....25              

3.2 Қарағанды облысында  шағын кәсіпкерлікті дамытуды  қолдау шаралары..35                                                                                                          

3.3 Индустриалды-инновациялық  даму стратегиясын жүзеге асыру  барысында шағын кәсіпкерлік субъектілерінің бәсекеқабілеттілігін талдау........................42

 

Қорытынды.........................................................................................................68                                                                                                 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.............................................................72

 

ҚОСЫМШАЛАР.....................................................................................................75

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Қазақстан өз дамуының жаңа белестеріне көтерілді. Еліміздің бәсекеге қабілетті 50 елдер қатарына кірудегі кәсіпкерлікті одан әрі дамыту алдымызда тұрған ең үлкен мақсаттарымыздың бірі болып саналады.

Шағын кәсіпкерлікті  дамыту – ел экономикасының тірегі әрі халық дәулетін еселейтін тіршілік көзі деп айтуымызға толық негіз бар. Жаңа негізде шаруашылықты дамыту үшін бәсекелестікті жандандыруда шағын кәсіпкерліктің едәуір әлеуетінің елеулі мәні бар. Біз Қазақстанды жоғары өмір стандарттары бар әлемдегі ең ырғақты дамып келе жатқан мемлекеттердің біріне айналдыру керек. Бүгінгі әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50 мемлекеттің қатарына кіру міндетін орындауға бүкіл еліміз жұмылып отырғанда, бұл тұрғыда тиімді бағдарламалар жасалып, іс-қимыл жоспарлары түзілген. Оның шешілуі экономиканың барлық саласы мен қызметтеріне қатысты болады.  

Шағын кәсіпкерлік қызметі  қазіргі кезде елбасы Н.Ә.Назарбаевтың мемлекеттік саясатының бір саласы болып табылады. Ол: «Кәсіпкерлік –  кемел келешек кепілі» демекші, біздің кәсіпкерлер Отанымызды осы замаңғы өркениетті елдер қатарына кіруде өз үлестерін көптеп қосуда.  

Қазақстан Республикасының  Президенті мемлекетіміздің ішкі және сыртқы саясатындағы аса маңызды 30 бағыттарының ішінен шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі дәйекті іс-қимылды өзекті мәселелер қатарына қосады.

Біріншіден, Үкімет іскерлік бастамашылық жолында заңнамалық, әкімшілік  және бюрократиялық кедергілердің  қашан және қалай пайда болатынын  анықтап алуға, оларды барынша қысқартуға, сондай-ақ шағын және орта кәсіпкерлік құрылымдарының мемлекет алдында қандай да бір негізсіз есепті болуына жол бермеуге тиіс. Сонымен қатар, салық заңнамасының кәсіпкерліктің дамуын толығымен ынталандыратындай, сондай-ақ кәсіпкерліктің «көлеңкеден» шығуына жәремдесетіндей етіп одан әрі жетілдіре түсу қажет.

Екіншіден, біз әділ бәсекелестік орта қалыптастыру мен экономикалық ойыншылардың бәріне бірдей жағдай туғызу жөніндегі жұмысты тиянақтауға  тиістіміз. Үкіметке антимонополиялық заңнамаға кешенді тексеріс жүргізіп, бәсекені шектеу мен нарыққа қатысушылардың ымыраластығы фактілерін анықтаудың, экономикамыздың іргелі салаларын «жасырын» монополияландыруға жол бермеудің айқын тетіктерін жасауды, сондай-ақ айыппұл санкцияларын қолдану туралы тиісті ұсыныстарды әзірлеуді тапсырылды.

Үшіншіден, біз табиғи монополиялар аясын барынша қысқартуға тиіспіз, біздің тиісті салалардағы  бәсекелестік қатынастарды қайта құрылымдау мен дамытудың жаңа бағдарламаларын  жасап, қолданылып жүргендерін жаңалауымыз  керек.

Төртіншіден, жаңа кәсіпорындар мен компаниялар құру үдерісін жетілдіру қажет. Мәселен, «жалғыз терезе» жүйесі шеңберінде кәсіпкерге фирманы екі-үш күннің ішінде тіркете алатындай жағдай туғызу керек.

Бесіншіден, тұрлаулы және серпінді экономикалық өсу үшін біздің Қазақстанның шағын кәсіпкерліктің жоғары сапалы өнімдері мен қызметіне сұраныс туғызушы катализатор ретінде мемлекет пен мемлекеттік компаниялардың ресурстарын жариялы әрі конкурстық негізде белсендірек пайдалануымыз қажет.

Алтыншыдан, жаңа өндірістерді ашық және жариялы конкурстық негізде дамыту үшін арнаулы бағдарламалар әзірлеу тиімді, онда үздік бизнес-идеялар жаңа кәсіпкерлікті қалыптастыру, айталық, заңгерлік және консультациялық шығындарды жабу үшін қаржылық және техникалық қолдау алар еді. Бұл міндет «Самұрык-Қазына» қорына қатысты деп ойлайды елбасымыз.

«Самұрық-Қазына» өзінің құрамына кіретін барлық институттар  мен ұйымдар қызметінің ортақ  стратегиясын тұжырымдап, іске асыруы керек. Бәрінің мақсаты бірыңғай болуға тиіс, ол – Қазақстанның шағын, орта және ірі кәсіпкерліктің бәсекеге қабілеттілігі мен экспорттық мүмкіндіктерін арттыру үшін көмек көрсетілуі мен ынталандырылуын, халықаралық серпінді жобаларды қамтамасыз ету және экспорттық тауашаларды қалыптастыру үшін қолайлы жағдай туғызу, инфрақұрылымдарды дамыту жөніндегі мемлекеттің операторы болып табылады. 

Елімізде кәсіпкерлікті  мемлекеттік қолдауға жан-жақты  шаралар қабылдануда. Еліміз кәсіпкерлердің арқасында көркейсе, кәсіпкерлер  мемлекеттің қолдауымен көтерілуде. Шағын кәсіпкерлік халық шаруашылықтың дамуына, әлеуметтік мәселелердің шешілуіне, жұмысбасты халық санының артуына әсер етеді. Кәсіпкерліктің дамуы өндіріс пен нарықтың дамуына қозғаушы күш болып табылады.

Шағын кәсіпкерлік –  нарықтық экономиканың маңызды элементі, онсыз мемлекет жан-жақты дами алмайды. Ол көп жағдайда экономикалық өсу қарқындарын, жалпы ұлттық өнімінің құрылымы мен сапасын анықтайды. Бұл сектор өзінің мәні бойынша нарықтық инфрақұрылымның шешуші элементі болып табылады. 

Шағын кәсіпкерлікті  экономикалық-статистикалық талдау оны мейлінше Қазақстан Республикасында дамыту мәселелерін шешуге көмектеседі. Бұл мәселелердің маңыздылығын ескере отырып дипломдық жұмыстың мақсаты кәсіпкерліктің мәнін, оның жетістігін мен кемшілігін, қазіргі жағдайын, тенденциясын және даму жолдарын, аймақта шағын кәсіпкерлікті зерттеудің қазіргі тәртібін қарастыру, шағын  кәсіпкерлік субъектілерінде есеп жүргізуді  ұйымдастыру ерекшеліктерін  қарастыру.

Бұл жұмыста  мақсатпен тығыз байланыста болып  келесі міндеттер қойылған:

  • шағын кәсіпкерліктің теоретикалық-экономикалық аспектерін ашу;
  • оның нарық шаруашылығы үшін маңыздылығын анықтау;
  • Қазақстанның қазіргі даму кезеңінде шағын кәсіпкерліктің қалыптасуы мен реттеу үрдісінің ерекшіліктерін қарастыру;
  • шағын кәсіпкерлік субъектілерін зерттеу;
  • кәсіпкерлік секторының одан әрі нығайуы үшін қажетті шарттарды анықтау;
  • аймақта шағын кәсіпкерлікке талдау жүргізу;
  • аймақта шағын кәсіпкерліктің даму барысына қолдау жасау шараларын қарастыру;
  • салық режимін және несиелеуді қарастыру;
  • шағын кәсіпкерліктің дамуын жетілдіру жолдарын іздеу.

Жоғарыда қойылған міндеттерге сәйкес жұмыстың бірінші  бөлімі теориялық зерттеулердің  тарихын оқу, сонымен қатар шағын  кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық маңызын және оның дамуындағы объективтік  қажеттіліктерді анықтау арқылы кәсіпкерліктің экономикалық мәнін анықтауға арналды.

Екінші бөлімде  қазақстандық кәсіпкерліктің қалыптасу  кезеңдері қарастырылып, Қазақстан  Республикасы мен Қарағанды облысындағы  шағын және орта кәсіпкерліктің қазіргі  жағдайы талданды.

Республикамызда кәсіпкерліктің сәтті дамуын қамтамасыз ететін жағдайлар мен жағымсыз факторларды жеңуге бағытталған шаралар және де оны ұйымдастырудың шетелдік тәжiрибесi осы жұмыстың үшінші бөлімінде көрсетілді.

Осы жұмысты  жазу барысында келесі материалдар: Қазақстан Республикасының «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» 1999 жылдың 19 маусымындағы Заңы, сонымен қатар отандық, рессейлік және шетелдік экономистердің ғылыми еңбектері қолданылды.

Қозғалып отырылған  мәселелерді толығырақ қамту  үшін материалдарды баяндауда нормативтік құжаттар, ғылыми әдебиеттері және кезеңдік басылымдар мен статистикалық жинақтың мәліметтері, графиктер, кестелер, суреттермен қосақтала беріледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1   ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ  ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ  ТАЛДАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ

 

1.1  Қазақстан Республикасындағы  Шағын кәсіпкерліктің экономикалық  мәні

Кәсіпкерлік феномені ерте кезден бері әлеуметтік-экономикалық ғылымның назарын аударуда. Кәсіпкерлік  әр түрлі елдерде әр түрлі адамдармен 800 жылдың көлемінде әрқалай түсіндірілді. Ғылыми әдебиеттерде кәсіпкерлік мәнінің бірдей түсінігінің болмауы, оны экономистер, философтар, социологтар және құқықтанушылар әртүрлі талқылайды.

Нарықтық экономиканың белсенді өкілдерінің бірі – кәсіпкерлер. «Кәсіпкер» ұғымын алғаш рет XVIII ғасырдың басында ағылшын экономисті Ричард Кантильон енгізді және келесідей анықтама берді: «кәсіпкер – тәуекел шартында қызмет ететін адам». Кәсіпкер заңмен тиым салынбаған кез келген шаруашылықтық қызметпен айналысады, сату-сатып алушылық, кеңестік, коммерциялық делдалдықты енгізе отырып, құнды қағаздармен операциялар жүргізеді. Кәсіпкер өз қызметінде пайда алу мақсатында қоғамдық игі істерді атқара отырып, жеке даралық табыстылықты қамтамасыз ету комбинациясын іске асырады. Бұдан кейінірек француздың белгілі экономисті Ж. Б. Сэй «Саяси экономиканың трактаты» атты еңбегінде кәсіпкерлік қызметінің анықтамасын: өндірістің үш факторының – жер, капитал мен еңбектің қосындысы деп берді.

Кәсіпкерлік нарықтық экономикада  шаруашылық қызметінің маңызды түрі. Оның рөлін А. Смит былай деп бағалаған болатын: «Кәсіпкер өзі үшін ұтымдылық жағдайды көздегенмен, ол қоғам мүддесіне де қызмет етеді». Қазіргі экономика кәсіпкерлікті шаруашылықта ұйымдастырудың түрі ретінде анықтайды. Кәсіпкерлердің экономиканы өрлетуге қосар үлесі өте зор.

Батыс елдерінде қазіргі  кәсіпкерлік негізінде жаңа мүмкіндіктерді әрдайым іздестіру, инновацияларға бейімделу, қойылған міндеттерді шешу үшін әр түрлі көздерден ресурстарды  қатыстыру және қолдана білу іскерлігі  жатқан шаруашылық жүргізудің ерекше, жаңашыл стилі. Американдық ғалым Р.С. Ронстадтың пікірі бойынша, кәсіпкерлік – бұл байлықты өсірудің өсіңкілік процессі. Байлық өз ақшасын, мүлкін, карьерасын ең көп тәуекел ететін, өз ісін құруға уақытты аямайтын, сатып алушыларға жаңа тауар немесе қызмет көрсетуді ұсынатындармен құралады.

Экономиканың тұрақты  болуы және бәсекелес сипатының  қалыптастырудың басты күштерінің бірі кәсіпкерлікті жетілдіру болып  табылады. Жалпы кәсіпкерлікті дамыту үшін бірнеше белгілі шарттар  орындалуы қажет:

  • кәсіпкелік субъектінің белгілі бір дәрежеде еркіндігі мен құқықтығы болуы қажет. Ол – шаруашылық қызметінің бағытын таңдау, өндірістік, сауда бағдарламаларын анықтау, қаржы көзін таңдау, өнімдерді тасымалдау, өнімге баға белгілеу, табысты өз мұқтажына жұмсау;
  • кәсіпкерлік қабылданатын шешімдерге, одан туындайтын нәтижелерге тәуекелдікті қажет етеді. Қабылданған шешімдерге деген жауапкершілік болмайтын болса, онда кәсіпкерліктің де болмағаны;
  • кәсіпкерлік қызметтің белгілі коммерциалық табысқа жету бағдарын ұстануы, экономикада қажетті нарықтық құрлым орнатумен байланысты. Яғни кәсіпкерліктің дамуы үшін оның құқықтық базасы, әлеуметтік-экономикалық шарттары қолдануы қажет.

Төртінші шарт жоғарыда аталған шарттардан туындайды. Еркін  кәсіпкерлік меншіктің әртүрлі  формада, түрде, типте болуын қалайды.

Кәсіпкерлік – қызметтің  ерекше бір түрі ғана емес. Бұл тағы да бір белгілі стиль және тәртіптің  типі, жинақтап айтсақ: үлкен бастама, дәстүрден тыс шешімдерді іздестіру, тәуекелге бару, іскерлік қызметтің  орын алар жері ең алдымен кәсіпорын болып табылады.

Сонымен, кәсіпкерлік  – жаңа мүмкіндектері іздеу, жаңа технологияны пайдалану, капиталды жұмсаудың тиімді салаларын іздеу, ескі ойлау шеңберінен шығу. Басқаша айтқанда, өндірістің жаңа түрін ашып, дамыту, тауарлар мен қызметтердің жаңа түрлерін шығару мақсатында ұйымдастыру құрылымдарын өзгерту, сонымен қатар оларлы жаңарту және өркендету. Мұндай өзгерістердің түрлері әр-алуан жаңа кәсіпорындар ашу немесе ескі кәсіпорынды қайта құру, байланыстардың жаңа түрлерін ұйымдастыру немесе ескілерін жою, модификациялау әрекеттерімен байланысты. Демек, нақты өмірде кәсіпкерліктің объектісі – новаторлык, жаңашылдық мағынадағы ерекше өндіріс және айырбас пен бөлудің түрлі факторларын жүйелеу болып табылады.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы Шағын кәсіпкерліктің экономикалық мәні