Қазақстан Республикасындағы Шағын кәсіпкерліктің экономикалық мәні

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2013 в 07:17, дипломная работа

Краткое описание

Елімізде кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауға жан-жақты шаралар қабылдануда. Еліміз кәсіпкерлердің арқасында көркейсе, кәсіпкерлер мемлекеттің қолдауымен көтерілуде. Шағын кәсіпкерлік халық шаруашылықтың дамуына, әлеуметтік мәселелердің шешілуіне, жұмысбасты халық санының артуына әсер етеді. Кәсіпкерліктің дамуы өндіріс пен нарықтың дамуына қозғаушы күш болып табылады.

Оглавление

КІРІСПЕ.....................................................................................................................3

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ.........................................................................................................................6
1.1 Шағын кәсіпкерліктің экономикалық мәні.......................................................6
1.2 Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жалпы түсінік.........................................13
1.3 Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамыту жағдайы............19

2 ҚАЗАҚСТАНДА ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ЖОЛДАРЫН ЖЕТІЛДІРУ.....................................................................................48
2.1 Қазақстанда шағын кәсiпкерлiктi ұйымдастырудың шетелдік тәжiрибесi..63
2.2 Шағын кәсіпкерліктің дамуын мемлекеттік қолдау.......................................48
2.3 Шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін арнайы салық режимі және оларды қаржыландыру бағдарламалары.............................................................................54

3 АЙМАҚТА ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ҚАРҚЫНЫН ТАЛДАУ...............25
3.1 Қарағанды облысында шағын кәсіпкерліктің салыстырмалы талдамасы....25
3.2 Қарағанды облысында шағын кәсіпкерлікті дамытуды қолдау шаралары..35
3.3 Индустриалды-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыру барысында шағын кәсіпкерлік субъектілерінің бәсекеқабілеттілігін талдау........................42

Қорытынды.........................................................................................................68

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.............................................................72

ҚОСЫМШАЛАР.....................................................................................................75

Файлы: 1 файл

ДИПЛОМ!!! оригинал.doc

— 645.50 Кб (Скачать)

- үшіншіден, шағын  кәсіпкерліктің дамуы қазіргі  кезеңде Қазақстан Республикасында  өте өзекті мәселе болып табылатын  халықтың ауылдан қалаға мигациясын төмендету және халықтың көп бөлігінің өмір сүру деңгейін  жақсартуға және жұмыссыздық деңгейін төмендететін негізгі фактор болып табылады.

Қазақстанда жүргізіліп жатқан бухгалтерлік есеп жүйесін реформалау процессінің негізгі мақсаты – түбегейлі экономикалық өзгерістердің талаптарына  сай  бухгалтерлік есептің  жаңа  жүйесін  жасау.

Елімізде меншіктің  әр түрлі нысандарына негізделген  экономикалық қалыптасуын және кез-келген мемлекетте экономиканы көтеру меншіктің  құралуына байланысты екендігін, сондай-ақ субъектілердің әлемдік нарыққа шығу мүмкіндігін ескере отырып, Қазақстан Республикасының Президенті жеке  кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі міндеттерді қойды. Осы міндеттерді жүзеге асыру мақсатында Республикада 1997 жылдың 19 маусымындағы «Шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсету туралы» және «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңдар қабылданды. Бұл құжаттарда шағын кәсіпкерлік субъектілері қызметінің салық салу  жүйесін  ықшамдауға мүмкіндік беретін жеңілдетілген нысан бойынша есеп берудің және қаржылық қорытынды есеп дайындаудың көптеген аспектілері айқындалған. Алайда шағын кәсіпкерлік субъектілерінің бухгалтерлік есебін ұйымдастыру әдістемесін жасау жаңадан қолға алына бастағандықтан, оны жүзеге асыру тәжірбиесі әлі де болса толық қалыптаса бастаған жоқ.

Қазақстан Республикасының 1999-2000 жылдарға шағын кәсіпкерлікті  дамыту мен қолдау туралы мемлекеттік  бағдарламаны 1998 жылғы 31 желтоқсандағы  Қазақстан Республикасы Президентінің  жарлығымен бекітілді. Бағдарламаның  мақсаты – кәсіпкерліктің дамытуындағы тұрақтылықты экономикалық маңызды салаларындағы олардың үлесін ұлғайту, жұмыс орындарын қалыптастыру, бәсекелік ортаны дамыту, меншік иелерінің қоғамдағы орнының жоғарғы дәрежеде болуын  қамтамасыз ету.

Бағдарламада мемлекеттік  саясат пен шағын кәсіпкерліктің арасындағы тығыз байланысты экономикадағы «Қазақстан-2030» даму стратегиясын жүзеге асыру мақсатында қарастырады. Бағдарламадағы негізгі шараларды іске асыру мақсатында шағын кәсіпкерлік субъектілерінің еліміздің жиынтық ішкі өніміндегі үлесінің артуын айқындайды. Қарастырылып отырған бағдарламада нарықтық инфрақұрылымды қалыптастыру, шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту аясында нормативті құқықтық актілердің іске асуы «Шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау туралы» Заңының баптарына сәйкес осы салада кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру, кәсіпкерлікті кең көлемдегі ақпарат көздерімен қамтамасыз ету қажет. Қазақстандағы нарықтық экономика негізі көптеген ұсақ фирмаларды қалыптастырумен анықталады. Экономиканы реформалау жолында жаңа шаруашылық жүйесін қалыптастыруда кіші кәсіпорындар өздеріне ең басты ролді алып отыр.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің  қаржы-несиелік ресурстармен қамтамасыз етуді жүзеге асыру үшін несилік  серіктестіктердің қызметін реттейтін нормативтік базаны қалыптастыру қажет, сондай-ақ шағын кәсіпкерлік аясында несилендіру қоғамың дамуы үшін нормативті құқықтық негізін қалыптастыру керек. Қаржы-несиелік ресурстардың жетіспеушілігі кәсіпкерлердің басым бөлігінің ғылыми жаңалықтарды төмеңгі деңгейдегі секторларында қызмет етуіне әсер етеді. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің көпшілігі сауда және қызмет көрсетуімен айналысады.

Шағын кәсіпкерліктің дамуына  қатысы бар тағы бір құжат – 2001 жылғы 17 шілдеде қабылданған «Тоқтап тұрған кәсіпорындарды және тиімділігі шамалы өндірістерді саралаудың, кейіннен оларды белгіленген тәртіппен шағын кәсіпкерлік субъектілеріне берудің 2001-2005 жылдарға арналған салалық» бағдарламасы еді.

Бұл бағдарламаның алға қойған мақсаттары мен шешілуге тиіс міндеттері алдыңғы бағдарламаларда айқындалған мақсаттар мен міндеттерге ұқсас.

Жоғарыда аталған бағдарламалар  мен тұжырымдамадан басқа да шағын  кәсіпкерлікті дамыту жөнінде қабылданған  құжаттар баршылық. Солардың ішінен Қазақстан  Республикасының «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» Заңын, Қазақстан Республикасы Президентінің «Шағын кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттік қолдауды күшейту және оны жандандыру жөніндегі шаралар туралы» 1997 жылғы 6 наурыздағы және «Азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне құқығын қорғау туралы» 1998 жылғы 27 сәуірдегі Жарлықтарын атап өтуге болады.

Сондай-ақ, Қазақстан  Президентінің қатысуымен өткізілген шағын кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі бірнеше республикалық  кеңестерде де көптеген мәселелер қаралып, оларды шешу жөнінде тиісті іс-шаралар жоспарлары белгіленгені көпке мәлім.

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері  бойынша 2005 жылдың 1 қаңтарына 145 087 шағын  кәсіпкерлік кәсіпорындары тіркелген, оның іс-әрекет ететіндері 103 291 немесе 71,2%. 2000 жылы іс-әрекет етуші кәсіпорындар үлесі 80,5% (тіркелгені 76 743, іс-әрекет ететіндері 63422). Өсу жағдайында 2000-2005 жылдары тіркелген кәсіпорындар саны 68 344 немесе 89% болып, жұмыс істейтін кәсіпорын субъектілерінің саны 39 869  немесе 62% көбейген. Шағын кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылған азаматтардың саны 524,6 мың адамға жетті, өсу 2003 жылғы тиiстi күнiне 8,7% құрады.

Шағын кәсіпкерлікпен айналысатындар саны жыл сайын төмендеуде, егер 2002 жылы 88 мың жаңа жұмыс орындары құрылса, 2003 жылы 27,8 мың, 2004 жылы 74,6 мың болған және 01.02.2005 жылы шағын кәсіпкерлік  кәсіпорындағылар саны 62,8 мыңға қысқартылған. 01.01.05ж. шағын кәсіпкерлік кәсіпорындардың үлесі тіркелген кәсіпорындардың жалпы санының  91,4%  құраған.

Қазақстан Үкіметінің нарықтық реформаларды жүзеге асыруға байланысты көптеген шаралар қолданды. Атап айтқанда: мемлекеттік меншікті жекешелендіру, қаржылық несие саясат жүргізу, құнды  қағаз нарығын қалыптастыру, жалпы  нарықтық инфрақұрылымдар құру. Мұнда ең басты шаралардың бірі ретінде шағын және орта бизнесті дамыту мен кәсіпкерлік қызметті қолдау туралы мәселенің орны бөлек. Осыған сәйкес кәсіпкерліктің  дамуына әсер ететін факторларды ішкі және сыртқы деп бөлуге болады.

Ішкі – бұл кәсіпорын  шеңберіндегі оның барлық жүргізілетін тікелей байланысты факторлар. Кәсіпкерлікке әсер ететін сыртқы факторларды макродеңгейде қарастыра отырып бірнеше салаға бөліп қарастырады:

1. Экономикалық факторлар  экономикалық цикл кезеңі, монетарлық  саясат, жалпы ұлттық өнімнің өсу тенденциясы, инфляция деңгейі, жұмыссыздық деңгейі, фискалдық саясат, еңбек ақымен бағаға бақылау қою деңгейі;

2. Мемлекеттік деңгейі:  кәсіпкерлікті қаржылық қолдау, менеджментте көмек көрсету, кәсіпкерлікті  ақпаратпен қамтамасыз ету, шағын  және орта бизнесті қолдау, салық салу жүйесі арқылы ынталандыру, қоғамда кәсіпкерлікті қалыптастыру;

3. Әлеуметтік факторлар:  өмір сүрудің ең төменгі деңгейі,  тұтынушы белсенділігі, туу деңгейі,  демографиялық өзгерістер;

4. Ресурстық факторлар:  қоршаған ортаны қорғау, энергиямен қамтамасыз ету, табиғи ресурстарды қолдану;

5. Технологиялық факторлар:  ғылыми зерттеуге жұмсалған шығын  деңгейі, технологиялық жаңалықтар, патентті қорғау, автоматизация.

Шағын кәсіпкерлік ұлттық экономиканың тұтас объективті секторы  ретінде дамиды, уақыт өте келе қызметіндегі жетістіктерге байланысты нақты кәсіпорын түрінде экономикадағы микрожүйені құрайды. Шағын кәсіпорынның субъектілерін анықтау үшін сандық сипаттағы көрсеткіштердің көлеміне қарай, олардың әр түрлі жолдары бар, олар: жұмысшылар саны, қаражаттардың жылдық айналым көлемі, жарғылық капитал мөлшері және тағы басқалар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 ҚАЗАҚСТАНДА ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ЖОЛДАРЫН ЖЕТІЛДІРУ

 

2.1 Қазақстанда шағын кәсiпкерлiктi ұйымдастырудың шетелдік тәжiрибесi

 

Қазақстанда қазіргі  таңда жүргізіліп отырған экономикалық реформаларының басым бағыттарының бірі – шағын кәсіпкерлікті жетілдіріп, дамыту. Еліміздің Ата Заңында  әрбір адамның өзі қалаған  қызмет түрімен айналысуға берілген құқық пен еркіндік Қазақстан Республикасы Президентінің шағын және орта кәсіпкерлікке кең жол ашуға деген бастамасымен қолдау тапты. Қоғамның өзі де уақыт өткен сайын шағын кәсіпкерлік әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуде қолданылатын негізгі көздердің бірі екенін мойындауда. Шағын кәсіпкерлік кеңінен құлақ жайып дамуы ғылыми-техникалық прогрестің, әр түрлі меншік субъектілері арасында бәсекенің дамуына ықпал ететін экономикалық, әлеуметтік-саяси ортаның қалыптасуына қажетті шарт болып табылады. Сондай-ақ ол жаңа жұмыс орындарының құрылуына, нарықтық инфрақұрылымның оңтайлы қалыптасуына, тұрғындар табыстары арысындағы теңсіздіктің азаюына, экономиканың нашар дамыған салаларының дамуына зор ықпал етеді.

Қазақстан Республикасы үшін шағын кәсіпкерлік субъектілерін  құру тетігі әлдеқашан шешілген. Қажетті құқықтық база жасалып, соның ішінде ірі шаруашылық субъектілерімен де кооперация арқылы қосымша ресурстар тарту үшін франчайзинг қағидаттары қарастырылған. Сонымен бірге соңғы жылдары заңсыз салық әкімшілігін жүргізумен күрес күшейе түсті. Дегенмен, шағын кәсіпкерлік қызметтің нәтижелері әлі де жоғары деңгейге жетпей жатыр. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің Жалпы ішкі өнімдегі үлес салмағы және бюджеттің кіріс бөлігіне түсімі 20 пайыздан аспайды. Шаруашылық салаларының деңгейінде алғанда, саудадан басқа жерде щағын кәсіпкерліктің жетекші ықпалы анық байқалмайды. Сондықтан да шағын кәсіпкерлік ойдағыдай даму үшін, оның шешуші факторлары болып табылатын кәсіпкерліктің әртүрлі қырларын кең қарастырып, инновациялық тәсілдерді, дәстүрлі емес және озық технологияларды қолдану, ең жаңа өнімдер мен қызметтерді пайдалану өте тиімді болмақ. Шағын кәсіпкерліктің өзі табиғатынан экономикалық ірі субъектілерімен, оның құрамдас бөліктерін дайындау, қызметтер көрсету жолдары арқылы тығыз астасып жататыны белгілі. Міне, кәсіпкерліктің осындай алуан қырлары Қазақстанның индустриалды-инновациялық даму стратегиясында маңызды рөл атқаруы керек. Мұндай үлкен фактордың бірі қолданыстағы салық салу режимі болуы мүмкін. Бұл мәселені жан-жақты қарастыру үшін әлемдік тәжірибеге де аз-кем шолу жасамай болмайды.

Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, әрбір мемлекет жүргізіліп отырған әлеуметтік-экономикалық саясатқа сәйкес саланы мемлекеттік қолдаудың  неғұрлым тиімді түрлері мен тәсілдерін айқындайды. Олардың көбінде шағын кәсіпкерлік субъектілеріне салық салуда дифференциалдық тәсілді қолдану жетекші орын алады. Табыс көзіне қарай әр елде салым ставкасы әр алуан шекте өзгеріп тұрады. Бірқатар елдерде шағын және орта кәсіпорындар үшін ерекше салық режимі жоқ сияқты болып та көрінеді. Мәселен, Швецияда салық заңына сәйкес барлық кәсіпорындар үшін бір салықтық база, бірыңғай салық салу ставкасы және тіркеу, есеп беру, төлем кезінде бірдей міндеттемелер қолданылады. Бірақ бұл елдің заңнамасында шағын кәсіпорындар үшін салықтық көтермелеу түрінде жекелеген жеңілдіктер көзделген. Айналым қаржысы 720 кроннан (80 мың АҚШ доллар шамасында) кем кәсіпкерлер толық баланс ведомосын немесе пайда мен шығын туралы есеп құжатын өткізбей-ақ жеңілдетілген салық декларациясын тапсыра алады. Сондай-ақ жаңадан бастаған кәсіпкерге алғашқы бес жыл ішіндегі кірісінен шаруашылық қызметі барысында шеккен шығындарын өтеп алуына рұқсат беріледі. Ал АҚШ-та барлық кәсіпорындар салық салуға арналған кіріс есебі кезінде қолданылатын бухгалтерлік есепті жүргізуге міндетті. Сонымен бірге табыс салығы туралы заңнамада шағын кәсіпкерлікті ынталандыру мен инвестиция тартуды оңайлататын есепке алу және есеп рәсімдерінің шағын кәсіпорындарға арналған арнайы жеңілдетілген ережелері қарастырылған. Салық салынбайтын кіріс резерві 20 пайызға дейін жетеді және бұл салық жеңілдігі қолөнер, сауда, өнеркәсіп секторларын қамтиды. Жапония елінің тәжірибесіне көңіл аудараратын болсақ, мұнда салық жеңілдіктері нақты бағыттар мен қызмет түрлеріне беріледі. Атап айтқанда, резервтік қорлар құру мен ассоциациялық жарналарға жұмсалған қаражат салық салудан босатылған. Озық құрал-жабдықтар мен тез жүретін амортизация құнының бір бөлігіне салықтық шегерімдер қарастырылады. Жергілікті салықтар бойынша төмеңдетілген ставкалар түрінде салықтық жеңілдіктер белгіленген. Жылдық табыс 3,5 млн. иеннен кем болған жағдайда ставка 6 пайызды, 3,5-тен 7миллионға дейін – 9 пайызды, 7 миллионнан жоғары – 12 пайызды құрайды. Ресейде шағын кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлерге салық салуда үш түрлі жүйе қолданылып жүр. Жалпыға ортақ жүйе бойынша салық салынатын база үшін бухгалтерлік есеп деректері пайдаланылады. Екінші бір оңайлатылған жүйе – есеп беріліп отырған кезеңдегі шаруашылық қызмет нәтижелері бойынша бірыңғай салық төлеу болып табылады. Бұл орайда кедендік төлемдер, мемлекеттік баж салығы, лицензиялық алымдар, жеке әлеуметтік салықтарды төлеудің жалпыға ортақ тәртібі сақталады. Қаржы шаруашылық қызметтің нәтижесіне қарамастан, белгіленген салықтық төлемдер көзделген белгілі бір қызмет түрлері үшін қосылған табысқа бірыңғай салық салу тәсілі де бар. Азық-түлік, халықтың кең қолданатын тауарлары, құрылыс материалдары мен медициналық техника сияқты жекелеген қызмет түрлерімен айналысатын шағын кәсіпорындарға, аталған қызмет түрінен түскен табыс жалпы кіріс сомасының 70 пайызынан асатын болса, олар екі жылға табыс көзіне салынатын салықтан босатылады.

Міне, көріп отырғанымыздай, әлемдік тәжірибенің де оңды жақтары  бар екен. Салық салудың өзі  фискалдық қызметімен бірге ынталандыру  құралына да айналуы тиіс. Бұл ретте салық режимінің оңайлатылған түрі салық ставкасының тұрақтылығы, жүйелілігі, біркелкілігі ынталандыру саясатының құрамдас бөлігі болғаны жөн. Сол секілді ынталандыру барысында басым секторларға, соның ішінде қайсыбір қажет етілетін шығындар, озық технологиялар мен бағдарламалық қамтамасыз ету т. б. бойынша жеңілдіктер қарастырып отыру – шағын кәсіперлікті дамыта түсуге кең мүмкіндік береді.

1. Италия. Бiрiншi рет кластерлiк-желiлiк  ұстаным Италияда 70 жылдарда қолданылған.  Шағын және орта кәсіпкерлікке кластерлiк-желiлiк ұстаным тұрғысынан, осы ұстанымның дамуы бастау алатын «үшiншi Италия» деген бірінші атқа ие болған Италияның тәжiрибесi ерекше. 70 жылдардың соңында «бiрiншi» және «екiншi» Италия экономикалық дағдарысты басынан өткiздi, елдiң солтүстiк-шығыс және орталық бөлiгi экономикалық өсудiң жоғарғы түрiн көрсеттi. Негiзiнен шағын және орта кәсiпорындар әрекет ететiн (тоқыма және былғары өндiрiсi, аяқ киiм, керамика және жиhаз өндiрiсi) бiрқатар салаларда қалыптасқан кластерлер шеңберiнде шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi тек қана жаңа жұмыс орындарын ғана құрып қоймай, экспорт нарығына да шыға алды. Сол уақытта Германия мен Ұлыбританияның iрi кәсiпорындары құлдырауды басынан өткiзiп жатты, «үшiншi Италияның» шағын және орта кәсiпкерлiк кластерлерi өндiрiс пен экспортты арттырды. Бұдан басқа, шағын және орта кәсiпкерлiк кластерлерi өндiрiстiк процеске инновацияларды енгiзуге қабiлеттi болып шықты.

2. Америка құрама штаттары. ЖҰӨ-нiң 50%-нан астамы, инновациялардың  жартысынан астамы, ұлттық жұмысшы күшiнiң 2/3 астамы шағын кәсiпкерлiкке тартылған. AҚШ-та шағын кәсiпкерлiк ел экономикасында оңды шешушi рөл атқарды. Бұл үшiн АҚШ-та аталған сектордың дамуына көмек беретiн құрылым – АҚШ шағын кәсіпкерлік әкiмшiлiгi (1953 жылы құрылған) бар. Сапалы, клиентке бағытталған кең ауқымды бағдарламалар қалыптастыру және кәсiпкерлер қоғамдастығын барлық жаңалықтар туралы уақыттылы хабардар ету қызметі зор. 
      3. Жапония. Шағын және орта кәсiпкерлiктiң үлесi барлық компаниялар санының 99,6%-ын, ЖҰӨ-нiң 55%-ын және өнеркәсіпке жұмыспен қамтылғандардың 80%-ын құрайды. Шағын кәсiпорындарға қатысты мемлекеттiк саясатты iске асыру үшiн шағын және орта кәсiпкерлiкке қатысты мемлекеттік саясатты iске асыратын мамандандырылған органдар желiсі құрылды. 
      Жапонияда шағын және орта кәсiпкерлiкті қолдаудың негiзгi шараларына: 
- шағын және орта кәсіпкерлікті жаңғырту үшiн кредиттер мен жеңiлдiктi кредиттерге кепiлдiк беру және сақтандыру жүйесі арқылы қаржыландыру қол жетiмділiктi жеңiлдету (20 жылға 1,05 %-дық ставкамен);

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы Шағын кәсіпкерліктің экономикалық мәні